Главная страница
Навигация по странице:

  • Мəміленің

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница30 из 190
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   190

    Заңды тұлғалар жəне олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары


    Азаматтық айналымда азаматтардан басқа, өзге де қатысушылар əрекет етеді. Табиғи, нақты тегіне иелік ететін жеке тұлғаларға қарағанда, бұл қатысушылар құқық туындысы жəне заңды тұлғалар деп аталады.

    АК-тің 1-бабының 1-тармағына сəйкес, заңды тұлға ретінде меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретің, өз атымен мүліктік

    жəне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым танылады. Ескеретін жайт, барлық ұйымдар заңды тұлға бола алмайды. Заңды тұлғаның негізгі белгілері: ұйымдық бірлік, өзінің мүлкінің болуы, азаматтық қатынастарда өз атынан қатыса алу қабілеті. Мақсатына қарай заңды тұлғалар коммерциялық жəне коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелер, шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер. Коммерциялық емес заңды тұлғалар кəсіпорындар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, акционерлік қоғамдар заңнамалық актілермен қарастырылған өзге формалар.

        1. Азаматтық құқықтың объектілері.


    Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері аталған құқықтық қатынастар бағытталған жəне тиісінше ықпал ететін игіліктер. Азаматтық құқықтық атынастардың объектілеріне мыналар жатады:

    Заттар, ақша мен құнды қағаздарды қоса алғанда; Өзге мүліктер, соның ішінде мүліктік құқықтар; Жұмыс жəне қызмет;

    Ақпарат;

    Интеллектуалдық қызмет жетістіктері;

    Мүліктік емес игіліктер (өмір, денсаулық, тұлғаның абыройы, ар-намысы, сыйлы есімі жəне т.б)

    Құқықтық қатынастардың келесі бір түрі абсолютті(толық) жəне салыстырмалы. Бұлайша бөлу қатысушылардың белгілерімен байланысты. Абсолютті құқықтық қатынастар деп, субъективті азаматтық құқықтарға ие тұлғаларға міндетті тұлғалардың белгісіз бір тобы қарсы тұратын қатынас түрін айтамыз.

    Салыстырмалы құқықтық қатынастар деп, өкілетті тұлғаға қатаң негізде алдын ала белгілі адамдар тобы қарсы келеді.

      1. Азаматтық құқықтағы мəміле


    Мəміле ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттерін айтамыз. Мəміле анықтамасынан біз оны əрекет деп танимыз, яғни ерікті, саналы түрдегі азаматтық құқық субъектісінің актісін айтамыз. Мəмілені жасау үш əрекеттің бірі арқылы білдіріледі: тікелей (ауызша немесе жазбаша), бағдарлы əрекеттер немесе үндемей қалу арқылы. Қазақстандық заңнама мəмілеге қатысты біраз ережелерді қамтиды. Ол яғни белгілі бланкілердің жасалуы, мөрмен бекітілуі, арнаулы органдарда рəсімделуі, хат арқылы бекітілуі, жеделхат, факс арқылы жəне т.б. жасалуы. Осы нысанның сақталуы

    талас туған жағдайда объектиівті шындықтың орнауына жəне де мəміленің заңдылығын да көрсетеді.

    Мəміленіңауызша,жазбашажəненотариалдынысаны.Нысанына қарай мəміле ауызша жəне жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша өз кезегінде жай жəне нотариалдық болып бөлінеді. Заңнама басқа да нысанның жасалуына жол береді.

    Ерік білдіруге нысанына қатысты үндемей қалуға келсек, адамдар көбіне

    «үндемей қалу – келісімнің белгісі» дейтін күнделікті тұрмыстық қатынастарға қарағанда, азаматтық құқықтық қатынастар кері бағытты ұстанады, үндемей қалу келісімнің белгісі емес жəне тек заң актілерінде көзделген реттерде ғана мəміле жасасу үшін үндемей қалуға еріктілік мағынасы беріледі.

    Мысалға, үндемей қалған тұлғаның мəмілеге түсу еркін мүлікті жалдау шартының қайта қалпына келтірілуі жөніндегі нормалар, егер жалға беруші тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы шарттың мерзімі біткен соң дамүлікті пайдалана беретін болса, шарт нақ сондай талаптармен белгісіз мерзімге қайта жаңартылған деп есептелінеді (558-бап АК) немесе бұл ретте мұрагерлік құқықты иеленген мұрагердің үндемей қалса (1072-бап АК) заң үндемей қалуға оң факті мағынасын береді.

    Бағдарлы əрекет – тұлғаның мəміле жасауға ықыласын білдіреді. Бағдарлы əрекетке мысал ретінде, мұраға қалдырылған мүлікке иелік ететін немесе басқаратын немесе оның мүлкке құқығын куəландыратын құжаттарды алуға ниеттенген мұрагердің белсене кіріскен əрекетін айтамыз. Бұл əрекеттер мұрагердің мұрадан бас тартқысы келмейтіндігін білдіреді, сондықтан ол мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады (1074-бап).

    Мəміле бірнеше негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Азаматтық құқық ғылымында оның келесідей негізгі түрлері қарастырылады.

    Біржақтыжəнеекіжақтынемесекөпжақтымəмілелер.

    Біржақты мəміленің жасалуы үшін, ерік білдіруі бағытталған сипатқа бір немесе бірнеше тұлғалардың ерік білдіруі қажет жəне жеткілікті. (мысалға, бірнеше тұлғаның атынан сенімхат беріілуі). Біржақты мəмілелерге: сенімхаттың берілуі, қарыздың кешірілуі, өсиет, марапаттың жария түрде өтуіне сендіру, конкурстың жария түрде өтуіне сендіру, кең өкілеттіліктерге ие өкілмен жасалған мəміленің өкіл атынан қолдауға ие болуы жəе т.б жатады.

    Біржақты мəміле жасаған адамға міндеттемелер жүктейді. Ол адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндет джүктей алады.

    Азаматтық құқық мəмілелерінің көбісі біржақты немесе көпжақты мəмілелерге (шарттарға) жатады. Бұндай мəмілелерде екі немесе одан да көп тұлғалардың ерік білдіруі керек. Аталмыш жағдайларда ерік білдіру бірбағытталған емес, қарама-қарсы болады.

    Көпжақты мəміле ретінде заңды тұлғаны құру туралы құрылтай шарт, қарапайым серіктестіктің шарты танылады (білесіп қызмет істеу туралы шарт) жəне т.б.

      1. 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   190


    написать администратору сайта