құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Азаматтық құқықтағы міндеттемелер: түсінігі жəне түрлері, əрекет ету мерзіміМіндеттеме – несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге құқылы жəне белгілі бір əрекет жасаудан тартынуға міндеттілігімен күрделендірілген мүлік жəне өзге еңбек нəтижелерінің орын ауыстыруымен байланысты азаматтық заңнамамен бекітілген қоғамдық қатынастар. Міндеттемеге түрлі азаматтық құқықтық қатынастар жатады. Олардың басым көпшілігін азаматтық құқықтық шарттар құрайды: сату-сатып алу, мердігерлік, комиссия, міндеттеме, сақтау, тасымалдау, экспидиция, сақтандыру жəне т.б. Өзге де азаматтық құқықтық қатынастар секілді міндеттеменің заңи мазмұны, оның субъектісінің өкілеттігін мен міндетерін туындатады. Бірақ басқа құқықтық қатынастардан ерекшілігі, бұл жерде өкілеттік - талап ету құқығы нысанына, ал міндеттеме – қарыз нысанына жатады. Міндеттеме элементтерінің қатарында ықпалшара (санкция) ерекше орын алады. Барлық міндеттемелерді қорғайтын шаралардың ерекшелігі сол, егер борышқор өз міндеттерін ерікті түрде орындамаса, несие беруші (кредитор) оның орындалуын талап етуге құқылы. Міндеттемелерді қорғау басқа да мəжбүрлеу шараларына жүгінуі мүмкін. Міндеттемелер бұзылған жағдайдағы мəжбүрлеу шаралары, міндеттеменің ықпалшарасы (санкция) деп аталады. Міндетеменің туындауы оның орындалуын талап етеді. Міндеттеменің орындалуымен борышқордың заңи маңызды нəтижеге жетуге бағытталған – затқа меншік құқығының орнауы, қарыздың қайтарылуы, əдеби туындының жасалуы, залалды өтеу жəне т.б. белсенді əрекеттер түсіндіріледі. Міндеттеменің орындалу мерзімі құқық қайнар көздерінің бірқатарымен анықталады: міндеттеме шарттары, заңнама талаптары, іскерлік айналым ғұрыптары, өзге де əдетте қойылатын талаптар, сот актілерімен. Заң міндеттемені орындаудың келесідей түрлерін бекітеді: а) айқындалған мерзім – тараптарға белгілі орындау күні. б) айқындалған мерзім – белгіленген шектік мерзімнің кез келген сəтінде орындау. в) айқындалмаған мерзім – тараптарға белгісіз жəне қалыптасқан жағдайда математикалық тұрғыдан есептеу мүмкін болмайтын уақыт аралығы. Келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында заң бір ортақ шешімге келіп əрекеттер жасау үшін деп түсіндірілетін ақылға қонымды мерзімді ұсынады (АК 277-бап 2-тармағының 1-тармақшасы). Орындау мерзімі талап ету сəтімен анықталған міндеттемені (немесе қалай алсақ та «алғашқы талап бойынша», «талаптың келіп түсуімен байланысты»), борышқор жеті күн ішінде орындауға міндетті. «Бірқалыпты» орындаумен («шұғыл атқару», «баяу емес», «қысқа мерзімде», «бірден», «кейінге қалдырусыз» жəне т.б.) əдетте борышқордың несие беруші талаптарын сол сəтте немесе сол күні алған əрекеттерінің жиынтығы түсіндіріледі. Мысалға, мекеменің гардеробына немесе сақтау камерасында сақталатын заттар, оның иесі екенін куəландыратын белгі – жетон, талон жəне т.б. көрсетілген сəтте бірден беріледі. Тағы да бір міндеттемені орындау мерзімінің түрі – жалпы жəне жеке. Жалпы мерзім ретінде міндеттемелерді орындаудың тұтастай сəті қамтылады, сондықтан да кейде оны «ақырғы», «максимальды» немесе «шекті» дейді, ал жеке – міндеттеменің жекелеген сатыларының белгілі бір уақыт аралығында аяқталуы, сол себептен де «аралық мерзім» деген синоним туындайды. Міндеттемелерді орындау пəні бойынша түрлерге саны мен пəнінің құрамына байланысты бөлінеді. Пəндерінің санына байланысты жиынтықтаған кезде бір жəне бірнеше пəнімен міндеттемелерді ажыратып алады. Бірнеше пəн ол альтернативті жəне факультативті міндеттемелерге тəн. Пəнінің құрамына қарай жиынтықтаған кезде міндеттемелер ақшалай жəне табиғи болып бөлінеді. Міндеттеменің тоқтатылуы борышқор мен несие берушінің арасында құқықтық байланыстардың тоқтағанын, құқықтық қатынастардың жəне оның құрамын құрайтын субъективті құқықтар мен міндеттердің жоғалғанын білдіреді. |