құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:Азаматтыққұқықтыңтүсінігі,пəніжəнереттеуəдістері Азаматтыққұқықтыңқайнаркөздеріжəнежүйесі Азаматтыққұқықтыққатынастардыңтүсінігіжəнетүрлері,жүйесі Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны, субъектілері жəнеобъектілері Құқыққабілеттілікжəнеəрекетқабілеттілікұғымдары Заңдытұлғалардыңтүсінігі,белгілеріжəнетүрлері Мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуыныңнысандары Мəмілетүсінігі,нысаны.Мəміленіңжарамдылығыныңжарамсыздығыныңнегіздері Азаматтыққұқықтардыжүзегеасырудыңжəнеқорғаудыңмерзімдері ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық іс жүргізудің сатылары Азаматтық іс жүргізу құқығыАзаматтық іс жүргізу принциптері Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарІс жүргізу мерзімдері Ерекше талап қою арқылы іс жүргізуЗаң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тəртібімен іс жүргізу
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабымен əркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар жəне өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға хақылы екендігі танылады. Осы баппен əркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға жəне əркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі анықталған. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық жəне ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар. Азаматтық істерді қарау мен шешу тəртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Азаматтық іс жүргізу бұл сот жəне басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар жəне процессуалдық əрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы жəне т.б.) процессуалдық əрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сəйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі |