құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау сатысы.Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мəнжайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады: іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мəн жайлар; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дəлелсіз шешім шығаруға негіз болған куəнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашы-ның біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық əрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық əрекеттері; сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мəн- жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу құқығыАзаматтықісжүргізуқұқығы– мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау жəне шешу тəртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот əділдігін сондай-ақ сот қаулыларын мəжбүрлеп орындау тəртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық болып табылады, оның да дербес нысанасы жəне реттеу əдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Азаматтықісжүргізуқұқығы. Азаматтық істер жүргізу тəртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік, жер жəне т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына əрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пəрменді де жанжақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдың қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пəні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пəндерін бірбірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы жəне Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық жəне соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін жəне т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жəне т.б. жатқызуға болады. Азаматтық іс жүргізу құқығы – соттардың азаматтық істерді қарастыру жəне шешу тəртібін белгілейтін жеке құқық саласы. Ол өз реттеу аясы бойынша, яғни қоғамдық қатынастар шегі бойынша жекелік сипатқа ие. Ол қатынастардың реттелуіне сала нормалары əсер етеді. Бұл – сотпен азаматтық істерді талқылау жəне шешу тəртібі; соттар мен өзге органдар қаулыларын орындау, іс жүргізу қатынастары субъектілерінің мəртебелік сұрақтарын шешу тəртібі. Реттелетін қоғамдық қатынастарының ерекшеліктеріне, олардың субъектілік құрамы мен нақты құқықтық мүмкіндіктер кешеніне, тұлғалардың құқықтық жағдайларына сəйкес, саланыңəдісіайқындалады. Саланың əдісі ретінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің тəртібіне (заңи мəні бар – əрекеттеріне) ықпал ету тəсілі (құқықтық тұрғыдан араласу тəсілі) болып танылады. Іс жүргізушілік əдебиетте саланың келесі екі тəсілін бөліп қарастырады: императивтік жəне диспозитивтік, кейбір оқулықтарда оларға императивті– диспозитивтікдеп жалпы атау беріледі. Соттың іс жүргізу əрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады жəне мəжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу əрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында. Процессуалдыққұқықтықкепілдіктер.Азаматтықпроцессуалдыңнормалардыңжүйеленуі:реттеуші,дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше,императивтік,диспозитивтік,құқықберуші,міндеттеуші,рұқсатетпеунормалары.Азаматтықісжүргізуқұқықтықнормалардыңқұрылымы:гипотезалар(біржақты, екіжақты,белгіленген,белгіленбегенжəнет.б.),диспозициялар(жай,сипаттамалы,сілтемелі,бланкеттік),санкциялардыңтүрлері. |