құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Іс жүргізу мерзімдеріІс жүргізу мерзімдері. Іс жүргізу мерзімдері бұл талап (талап арыз, арыз, шағым) бойынша азаматтық істерді қозғау, қарау мен шешу (шешім шығару), оларды (апелляциялық, қадағалау жəне жаңадан анықталған мəнжайлар бойынша) қайта қарау тəртібін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген мерзімдер. Азаматтықістердіқараумерзімдері. Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5 (бес) күн мерзімде ол бойынша сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мəселені шешуге құқы бар. Азаматтық істерді сотта қарауға əзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7 (жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық іс жүргізу заңына сəйкес азаматтық істер істі сот талқылауына əзірлеу аяқталған сəттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы жəне мемлекеттік органдардың, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, əрекеттерін (əрекетсіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Ісжүргізумерзімдерінесептеу. Іс жүргізу əрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дəлмедəл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда өрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады (ҚР АІЖК- нің 124-бабы). Ісжүргізумерзімдерінұзарту. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дəлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу əрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мəселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда, олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мəселені шешу үшін кедергі болып табылмайды (ҚР АІЖК-і 128-бабының 3-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы сотұйғарымшығарады. Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу əрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге жəне т.б.) тиіс (ҚР АІЖК-і 128-бабының 4-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру немесе келтіруден бас тарту туралы сот ұйғарымшығарады. Сырттай іс жүргізу жəне сырттай шешім шығару ҚР АІЖК-і 260- бабының 1 бөлігіне сəйкес: "Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дəлелді себептерін хабарламаған жəне істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тəртібімен қаралуы мүмкін". Cырттай іс жүргізу төртібі бойынша іс қарау үшін мынадай 5 (бес) негіздеме қажет: жауапкер келмеген жағдайда; жауапкер тиісті түрде сот отырысының өтетін орнымен уақыты туралы хабарланса; іс бойынша талап қоюшы қарсы болмау; жауапкер өзінің келмей қалуының себептерін хабарламаған болса; жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған болса. Жоғарыда аталған негіздемелердің барлығы талап қоюмен істі қарауда орын алғанда сот істі сырттай іс жүргізу тəртібімен қарайды. Іс ҚР АІЖК-тің 260 бап 1) тармағында көрсетілген негіздемелер жиынтығы болған жағдайда ғана: жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе; жауапкер сот мəжілісіне дəлелді себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дəлелді себептері туралы хабарламаса; жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса; талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса; талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан, жауапкер сот мəжілісіне дəлелді себепсіз екінші рет келмей қалса, сырттай іс жүргізу тəртібі бойынша қаралуы мүмкін. Сырттай іс жүргізу тəртібі мен істі қараудың мақсаттары: жауапкерді тəртіпке салу; өзінің мінезқұлқы үшін жауапкершілікті нығайту; жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу; азаматтық істі тез қарап шешу. Сырттайшешімніңкөшірмесіжауапкергеоның шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі. Сырттайшешімніңкөшірмесісот отырысына қатыспаған талап қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі (ҚР АІЖК-нің 263-бабы). Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі. |