құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Істі сотта қарауға əзірлеу сатысы.Сотта іс қарауға дайындық барысында судья келесі міндеттерді жүзеге асырады: 1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мəн-жайларды айқындау; 2) тараптардың құқықтық қатынастарын жəне басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау; 3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мəселені шешу; 4) əрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дəлелдемелерді анықтау. ҚР АІЖК 167 бабында істі сотта қарауға əзірлеуге қатысты мерзімдер белгіленген. Азаматтық істерді сотта қарауға əзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жетікүнмерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты жəне еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дəлелді ұйғарымы бойынша бірайғадейінұзартылуы мүмкін. Кодексте жекелеген санаттағы істер бойынша заңнамалық актілер негізінде істі дайындаудың өзгедемерзімдері белгіленуі мүмкін. Істі сотта қарауға дайындық барысында судья істі сотта қарауға əзірлеу туралы ұйғарым шығарады жəне жүргізілуге тиісті əрекеттерді белгілеп көрсетеді. Бірінші кезекте судья арыздың көшірмелерін жəне оған қоса тіркелген құжаттарды жауапкерге жібереді. Судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін жəне талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады жəне өзі белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді жəне өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дəлелдемелер беруді ұсынады. Жауапкердің пікірі мен дəлелдемелерді бермеуі істегі бар дəлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді. Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға жəне үшінші тұлғаларға қажетті дəлелдемелер жинауға жəрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куəларды жəне т.б. қатыстыру мəселесін шешеді. Судья іс жеткілікті əзірленген деп тапса, оны сот мəжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотта іс қарау сатысы. Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мəні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру жəне наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс). Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дəлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттың қаулы шығарады. Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мəжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай). Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі). Сот шешімінің дəлелсіздігі немесе материалдың немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тəртібімен қараудың нəтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды: Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды жəне істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды жəне талап арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады; Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады; Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдың құқық нормаларын қолдануда жəне түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады. Істі қадағалау тəртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дəлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады. |