Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница45 из 190
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190

Мұрагерлік туралы түсінік жəне оның мəні


Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады.

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) мұрагерлерге ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға əмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нəрсе ретінде жəне бір- ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тəртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұрагерліктің негізгі объектісі – мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік азаматтардың жеке меншігі. «Мұрагерлік құқық жеке тұлғаның өлімінен кейін оның жеке құқық қатынастарының жалғасын немесе тағдарын реттейтін құқық» деп анықтағандар да бар. Алайда өлген жеке тұлғаның отбасы, жеке ұйымдарға мүшелік, бала асырап алуы сияқты жеке құқық қатынастарын мұрагерлік құқығы реттемейтіндіктен, бұл анықтама мұрагерлік құқығы үшін өте кең анықтама болса керек. Сонымен мұрагерлік құқығына анықтама беретін болсақ, бір жеке тұлғаның өлімінен кейін оның мүлкінің (мүліктік құқықтары мен міндеттерінің) тағдырын белгілейтін құқық институты десек дұрысырақ болар.

Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында

«мүлекке жəне мұралыққа заң кепіл береді» делінген.

    1. Мұрагерліктің маңызы


Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға əкелер еді?

Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері əсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді.

Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың жəне т. б. күйреуіне əкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.

Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын білмейтін еді. Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға мүдделі.

    1. 1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190


написать администратору сайта