Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница42 из 190
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190

Бұйрық арқылы іс жүргізу


Сот бұйрығы бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тықдау үшін шақырмайақ жəне сотта іс қарамайақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сотбұйрыгыатқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мəні жəне күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.

Сот бұйрығы АІЖКнің 140-бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:

Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердің міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сəйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе, судья арыз қабылдаудан бас тартады.

Даусыз талаптардың түпкілікті тізімі ҚР АІЖК-нің 140-бабында көрсетілген.

Сот бұйрығы судьямен жекедара шығарылады:

  • егер талап нотариатта куəландырылған мəмілеге негізделсе;

  • егер талап жазбаша мөмілеге негізделсе жəне оны жауапкер таныса;

  • егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына жəне нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

  • егер əкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кəмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса;

  • егер азаматтардан жəне заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса;

  • егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса;

  • егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мəлімдеген болса;

  • егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мəлімделген болса;

  • егер кепіл берушіборышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтық талабы мəлімделген болса, шығарылады.

Егер талап «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 20 бабының ережелеріне негізделген болса жəне борышкер оны мойындаса, сомасы 50 (елу) айлық орта көрсеткішке дейінгі мөлшердегі тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талап, сот бұйрығын шығару тəртібімен қаралуға жатады. Тауардың

(жұмыстардың, қызметтердің) тиісті емес сапасымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптар ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мəлімделген кезде (моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру, аиыппүл, іс жүргізу жөніндегі шығындарды өтеу жəне т.б.), өтініш талап қою бойынша өндірісінің тəртібімен қаралуға жатады.

Сот бұйрығының күшін жою туралы арызын бере алатын борышкер заңмен белгіленген мерзіммен шектелген. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10(он)күнмерзімде байланыстық кез келген құралдарын пайдалана отырып, мəлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы (ҚР АІЖК-тің 147 бабының 2 бөлігі).

    1. 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190


написать администратору сайта