құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарҚұқықтыққатынасқұқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар жəне міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдың байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі жəне тоқтатылуы заңдың жағдаяттармен, заңдың маңызы бар нақтылы мəнжайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі жəне тоқтатылуын байланыстырады. Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз жəне шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жəнеқызметтік-көмеккөрсетушілік. Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы жəне жауапкер) арасында жəне ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады. Қосымшаісжүргізуқұқыққатынастарыіс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖКтің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖКтің 52, 53 баптары) туындайды. Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куəлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот жəне өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік жəне бағынушылық қатынаста болады. Оған дəлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі. Жоғарыда айтылғанның бəрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтықісжүргізуқұқыққатынасыбұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдың қатынастар. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпыжəне арнайы. Жалпыобъект-сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдыңқұқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде. Арнайыобъект-нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мəні бар фактілер туралы қорытындысы). Азаматтықісжүргізуқұқықтыққатынастыңмазмұныазаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінезқұлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы əрекеттері. Азаматтықісжүргізуқатынастарыныңсубъектілері.Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар жəне шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бəрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот,іскеқатысушыларжэнесоттөрелігінжүзегеасыруынажəрдемдесушілер. Сотазаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық жəне басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандьщтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сəйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады жəне ол бойынша заңды жəне негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мəжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық жəне шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінəлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тəртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есепшотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мəжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияньщ 77 бабында жəне ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2тарауында аталған принциптерге негізделеді. Іскеқатысушылардыазаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сəйкес: тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді); үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін жəне даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін); прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар; ҚР АІЖКнің 56, 57 баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар; арыз берушілер жəне басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖКнің 289 бабы) жатқызамыз. Сот төрелігін жүзеге асыруына жəрдемдесушілер азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куə, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл жəне т.б. жатқызылады. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) тараптар. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖКнің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кəсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар. Тараптар сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып жəне шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР азаматы, шетел азаматы жəне азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар жəне кəсіпорындар) болып табылады. Талап қаюшы сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: біріншіден, талап қоюшы өз мүдделері жəне құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; екіншіден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс ясүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды. Жауапкер талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері. Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖКнің 45бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу əрекет қабілеттігі (АІЖКнің 4ббабы) қажет. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдың құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дəрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады. Азаматтықісжургізуəрекетқабілеттігісотта құқықтарын өз ісəрекетімен жүзеге асыру жəне міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғ анық азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен əрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде жəне оны куəландыратын сəйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу əрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған атаанасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кəсіпкерлік ісəрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу əрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың, сондай-ақ əрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың атааналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кəмелетке толмағандардың немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. ҚР АІЖКі 48 бабының 5 бөлігіне сəйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады жəне бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген. Тараптардыңазаматтықісжүргізуқұқықтарын:жалпы жəне арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тəн құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға жəне көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мəлімдеуге, дəлелдеме табыс етуге жəне оларды зерттеуге қатысуға жəне т.б. (ҚР АІЖКнің 47 бабы). АрнайыҚР АІЖКнің 32, 49, 50, 156, 158 жəне т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптық негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін үлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы. Тараптардыңазаматтықісжүргізуміндеттерін:жалпы жəне арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тəртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайыол азаматтық іс жүргізудің сатыларына жəне нақты іс жүргізу əрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мəліметтер бар болу керек (ҚР АІЖКнің 150бабы); əр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының жəне қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мəнжайларды дəлелдеуі тиіс (ҚР АІЖКнің 65 бабы). Соттөрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады жəне құқықтық жауапкершілікке əкеліп соғады. Судьялардың ауыстырылмайтындығы жəне сайланбайтындығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялықзаңға сəйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген. Судьялардың тəуелсіздігі жəне олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке əкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді жəне олардың ешқайсысы да қандай да мəн-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-əрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл принцип барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куə болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді. Сот ісін жүргізу тілі. ҚазақстанРеспубликасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дəрежеде жүргізілетіндігін білуге болады. Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің жəне жасалатын барлық іс жүргізу əрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сəйкестігін білдіреді. Бəсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың əрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дəлелдеуге жəне негіздеуге міндетті. Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек жəне т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) жəне іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді. Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дəлелдемелер мен өзге де мəн-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куəгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытынды-сын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дəлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға жəне бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті. Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тəртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мəжбүрлеп орындату тəртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады. |