Главная страница
Навигация по странице:

  • Ерекше

  • Атқарушылық іс жүргізу.

  • Сотқа

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница43 из 190
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190

    Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу


    Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу істері азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды жəне мемлекеттік қызметкерлер- дің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ұқсастыгы жəне бір-біріненайырмашылыгыбар.

    Жалпыұқсастығы:

    • құқық туралы дау.

    • АІЖКде белгіленген талап арызды (арызды) қабылдаудан бас тарту туралы, талап арызды (арызды) қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз қалдыру туралы ережелер (ҚР АІЖКнің 153, 154, 155баптары).

    Жалпыбір-біріненайырмашылығы:

    -талап қою істер бойынша дау азаматтық, отбасылық, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субъектілер өзара тең құқылы, ал мемлекеттік, əкімшілік жəне қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан мемлекеттік қызметкер) үшін билік жəне бағыну қатынастары төн. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдың құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан жəне мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең құқылы.

    Талап қою бойынша іс жүргізу талапарызбен,ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шағымнемесе арызбенқозғалады.

    Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу істері ҚР АІЖК-нің 3 бөлімшесінде көрсетілген.

    Олардың қатарына мынадай істер жатқызылады:

    • Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралыарыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК-нің 25 тарауы).

    • Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 251тарауы).

    • Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уəкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК-нің 26 тарауы).

    • Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен əрекеттеріне (немесе əрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 27 тарауы).

    • Нормативтік құқықтык актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК нің 28тарауы).

    • Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен

    іс- əрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖК-нің 29 тарауы).

    Ерекше іс жүргізу. Ерекшеісжүргізубұл арнайы соттың азаматтық санаттағы істеріне жатқызылған, құқық туралы дауы жоқ жəне қорғаудың арнайы құралдар мен тəсілдерді қолданумен сипатталатын азаматтық іс жүргізудің дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (əрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

    ҚР АІЖКне свйкес заң фактілерін аныцтаудың екі тэртібі бар: əкімшіліктəртіпжəне соттыңтəртіп.

    Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖКтің 31-38 тарауларында белгіленген алыныстармен жəне толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды.

    Сот ерекше іс жүргізу тəртібімен қарайтын істерге:

    1. заңдың маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

    2. азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы зкөне азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

    3. азаматты өрекетке қабілеті шектеулі немесе əрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

    4. азаматты психиатриялық стационарға мəжбүрлеп жатқызу туралы;

    5. заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің банкроттығы туралы;

    6. жылжымалы затты иесіз деп тану жəне жылжымайтын мүлікке коммуналдың меншік құқығын тану туралы;

    7. азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

    8. нотариаттық əрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;

    9. бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар жəне ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;

    10. бала асырап алу туралы істер;

    11. Қазақстан Республикасыньщ жəне (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы істер жатады.



      1. Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тəртібімен іс

    жүргізу

    Апелляциялықсатыдагысотзаңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің ерекшеліктерімен қаралады.

    Апелляция бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша жəне шағымда көзделген талап шегінде істі мəні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.

    Сотшешімінежазбашанысандаапелляциялықшагымменнаразылықберілуімцмкін.

    Сот шешіміне апелляциялық шагым жасау құқыгы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялықнаразылықкелтпіруқұқыгыісті қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары жəне оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары жəне оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

    Біріншісатпыдагысоттпықапелляциялықшагымды,наразылықпгыалганнанкейінгі:

    -шағымның, наразылықтық жəне оған қоса тіркелген жазбаша дəлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;

    -шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 (он бес) күн мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;

    -іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлайды.

    Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар: аудандық жəне оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге - облыстық жəне оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;

    облыстық жəне оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.

    Занды күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібімен іс жүргізу
    Қадағалау өндірісі азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы. Сотта қадағалау тəртібімен заңдыкүшінеенгенсотактілеріқайта қаралуға жатады.

    Қадағалаутəртібіменуайтақаралатынсотактілері:1) бірінші сатыдағы соттың шешімдері;

    1. апелляциялық жəне қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;

    2. бірінші сатыдағы соттың істің одан əрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары;

    3. істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тəртібімен қайта қаралуы мүмкін.

    Қадағалаутəртібіменқайтақарауғажатпайтынсотактілері:

    -апелляциялық жəне қадағалау сатысындағы соттардың қаулыларын қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары;

    -заңды күшіне енген, талап сомасы бес мық айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың жəне талап сомасы жиырма мық айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты шешімдер, ұйғарымдар (қаулылар) ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды (ҚР АІЖК-сі 384- бабының 2 жəне 3 бөлігі).

    ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға əкеп ссщтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

    Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды кцшіне енген rннен бастап 1(бір)жылішіндеқадагалаушагымын,наразылыгынберугеболады.

    Істі қарау кезінде қадагалау сатысының сотына прокурордың қатысуыміндетті(ҚР АІЖК-і 398-бабының 1-бөлігі).

    Занды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу
    Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тəртібімен қатар заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын жəне қаулыларын қайта қараудың

    екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тəртібін көздейді. Осы екі нысанның өзара айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері мен əдістері бойынша жүргізеді.

    Сот шешімдерін, ұйғарымдарын жəне қаулыларын жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің дербес сатысы.

    ҚР АІЖК-сі бойынша заңды күшіне енген шешіыдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау негіздері болып мыналар табылады:

    1. арыз берушіге белгілі болмаған жəне белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мəнжайлар;

    2. заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға əкеп соңқан, куəнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дəлелдемелердің жалғандығы;

    3. заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты əрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты əрекеттері;

    4. белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою;

    5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығаруы кезінде қолданған заңын немесе өзге нормативтікқұқықтық актісін конституциялық емес деп тануы (ҚР АІЖК-тің 404-бабы).



    Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу
    Шетелдік тұлғалар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы.

    Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу ҚР-сы Конституциясына, ҚР-сы халықаралық шарттарына, ҚР-сы АІЖК жəне өзге де заңдарға сəйкес жүзеге асырылады.

    Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу ҚР АІЖК-нің 45

    тарауында белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

    Сотта шетелдік тұлғалардың қатысуымен істі қарау үшін алдымен олардың азаматтық іс жүргізуге əрекет қабілеттігін анықтау қажет. ҚР АІЖК-нің 414 жəне 415- баптары шетелдік тұлғалардың азаматтық іс жүргізуге əрекет қабілеттігі жөнінде ережелерді көздейді.

    Шетелдік тұлғалар қатысуымен істерді мына соттар қарауы мүмкін:

    ҚР-нің облыстық жəне оларға теңестірілген соттар (ҚР АІЖК-і 28

    баптық 1бөлігінің 2) тармақшасы жəне 2 бөлігі);

    ҚР-нің Жоғарғы Соты (ҚР АІЖКі 29бабының 2 бөлігі);

    Шетелдік соттар (ҚР АІЖКі 421бабының 1 жəне 2 бөліктері);

    Аралық соттар (ҚР АІЖКі 25бабы). Шетелдік соттың құзыреті ҚР АІЖКтің 33бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың жазбаша келісіммен көзделуі мүмкін. Мұндай келісім болған жағдайда сот жауапкердің өтінімімен, егер мұндай өтінім істі мəні бойынша қарау басталғанға дейін мəлімделсе, арыздыңарамайтастайды(ҚР АІЖК-тің ЗЗ, 419 баптары).

    Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының (жалпы жəне айрықша) құзыреті ҚР АІЖКнің 416 жəне 417=баптарымен регламенттелген. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасының соты келесі жағдайларда арыздықарамайтастайды,ал іс бойынша ісжургізудіқысқартады:

      • егер сол мəселе туралы жəне сол негіздер бойынша сол тараптар арасындағы дау женінде Қазақстан Республикасының сот шешімдерін өзара тану жəне сот шешімдерін орындауды көздейтін халықаралық шарты бар шет мемлекеттің соты бүрын шешім шығарып қойған болса (ҚР АІЖКі 421бабының 1бөлігі);

      • егер шет мемлекеттің сотында сол тараптар арасындағы, сол мəселе туралы жəне сол негіздер бойынша шешімді Қазақстан Республикасында танылуға тиісті дау жөнінде бүрын қозғалған іс болса (ҚР АІЖКі 421бабының 2бөлігі).

    Атқарушылық іс жүргізу. Атқарушылық іс жүргізу дегеніміз бұл соттың нормативтік актілерін жəне басқа органдардың юрисдикциялық актілерін мəжбүрлеп орындату мақсаты болып табылатын азаматтық іс жүргізудің бір сатысы.

    «Атқарушылық іс жүргізу жəе сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1бабына сəйкес атқарушылық іс жүргізудің мынадай міндеттері көзделген:

    азаматтық жəне шаруашылық істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті жəне уақытылы орындау;

    мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті жəне уақытылы орындау;

    осы заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардын, шешімдері мен қаулыларын орындау.

    Атқарушылық іс жүргізу органдары мен қатысушылары оның субъектілері болып танылады.

    Атқарушылық іс жүргізу органдары "Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы" ҚР заңының 4 бабында аталған. Олардың қатарына:

    • ҚР Жоғарғы жəне жергілікті соттары;

    • ҚР Жоғарғы Сот жақындағы сот өкімшілік комитеті (сот орындаушысы, сот приставы);

    • ҚРсы əділет министрлігі жəне оның аумақтық органдары;

    • Соттар мен басқа да органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі қаулыларын орындауды жүзеге асыратын салық органдары;

    • Соттар мен басқа да органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі қаулыларын орындауды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер жəне банктік емес қаржылық мекемелер (мысалы, ломбард);

    • Сот орындаушысының талабы бойынша орындауды жүзеге асыратын өзге де органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жатқызылады.

    Сотқа берілетін талап қойылған арызға баж төлеуге тиіс (А.І.Ж.К. 101-

    бап.).

    Азаматтық істер сотқа арыз түскен сəттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып шешіледі.


    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190


    написать администратору сайта