Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница46 из 190
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   190

Мұрагерлік құқығының жүйесі


Қазақстан мұрагерлік құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің соңы, алтыншы бөлімінде мұрагерлік құқық тақырыбында реттеліп, жалпы ережелер (1038-1045 баптар), өсиет бойынша мұрагерлік (1046-1059 баптар), заңды мұрагерлік (1060-1071 баптар), мұра алу (1072-1083 баптар) деп төрт тарауға бөлінген. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі ерекше бөлім ережелері бірінші шілде 1999 жылдан кейінгі қатынастарға қолданылады. Бұдан бұрынғы бірінші наурыз 1995 жылға дейінгі қатынастарға АК-тің жалпы ережелерімен бірге 1963 жылға ҚазақКСР азаматтық кодексі, ерекше бөлім ережелерімен реттеледі. Кодекстен кейін сатылық деңгейіне қарай заң күші бар президент жарлықтары, парламент қаулылары, сенат пен мəжіліс қаулылары, үкімет қаулыларында көрсетілген ережелер қолданылады. Бұл жерде айта кететін жəйт, азаматтық құқықтық қатынастың, азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде де ерекше бөлімінде де реттелуі. Яғни жалпы ереже мен ерекше ереже қайшылығы. Бұл туралы азаматтық кодексіміз ашық бір нұсқау көрсетпеген. Мұндай жағдайларда, жеке ереже белгіленген қатынастарды ерекше қарастырғандықтан ерекше бөлім ережелерін қолдану. Бұл да құқық салалары қатынастарында жалпыға белгілі ережелерден. Ал керісінше, ерекше бөлімде қарастырылмаған қағида жалпы бөлімде қарастырылса, жалпы бөлімдегі ережелерді ерекше бөлімге қолданамыз.

    1. Мұрагерлік құқығының əдістері. Мұрагерліктің негіздері


Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сəйкес мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Əлемдік тəжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тəжірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пəтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пəтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында

болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.

Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тəртібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене жəне қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет:

біріншіден, мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді.

екіншіден, мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде иеленген құқықтар ғана өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие болмаған, ол қайтыс болған кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына енбейді. Мысалы өз жанұясының пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты. Бұл мұрагерлік мирасқорлығы емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер мұра қалдырушы иеленбеген құқықтарға ие болады.

үшіншіден, мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің құрамына жеке сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл алименттік құқықтар мен міндеттер, пəтерді пайдалану құқы, қоғамдық мекемеде жəне т. б. мүшелік құқы.

төртіншіден, мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң бойынша өтпеуі мүмкін.

бесіншіден, мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны бар құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу құқығы, авторлық құқық өтпейді.
    1. 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   190


написать администратору сайта