құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Заң бойынша жəне өсиет бойынша мұрагерлік. Заңды мұрагерлікЗаң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның əкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен əжесi алады Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дəрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дəрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi. Туыстық дəрежесiнiң жақындығы ортақ ата- бабасынан туу саны негiзiнде анықталады. Əрбiр дүниеге келу бiр ата (бiр туыстық) дəрежесi деп аталады. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей əкесi мен өгей шешесi алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады. Мұрагерлер жоғарыда көзделген кезек тəртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған жəне оның ұрпақтары жəне екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi. Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы жəне оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Заң бойынша мұрагерлердiң əрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, азаматтық кодекстегі кейбір жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады. Заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы жəне олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куəландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс. |