Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница50 из 190
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190

Өсиеттің құпиясы:


Нотариустың,өсиетті куəландыратын басқа адамның,куəлардың,сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетку қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына,оның жасалуына,күші жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мəліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

Өсиетке түсінік беру:


Нотариус,өсиетті орындаушы немесе сот өсиетке түсінік берген кезде ондағы сөздер мен тіркестердің дəлме-дəл мəні назарға алынады.Өсиеттің қандай да болсын ережесінің дəлме-дəл мағынасы түсініксіз болған кезде ол осы ережені басқа ережелермен жəне өсиеттің тұтас

Өсиеттің жарамсыздығы:


Тиісті нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиетті жасаудың,оған қол қоюдың жəне оны куəландырудың белгілінген тəртібінің бұзылуы салдарынан

өсиетті жарамсыз деп танудан мүліктік зардап шеккен адамның талабы бойынша қсиет жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Өсиеттік бас тарту(легат):


Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге тиіс.

Жүктеу:Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын əрекет жасау немесе кредит беруші ретінде осы міндетті атқаруды талап ету құқығын ешкімге ұсынбастан одан тартыну міндетін жүктей алады.Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай міндет мұра қалдырушы жүктелуі мүмкін.

Өсиеттің орындалуы:


Өсиет қалдырушы өсиетті орындауды мұрагер болып табылмайтын,өсиетте өзі көрсеткен адамға,өсиет жүктелген өкілге тапсыра алады. Өсиетті орындаушы:

-мұраны қорғауды жəне оны басқаруды жүзеге асыруға;

-мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшін мүмкін болған барлық шараларды қолдануға;

-мұра қалдырушыға тиесілі ақша сомасын алуға;
Заңдымұрагерлік.Заң бойынша мұрагерлер кезделген кезек тəртібімен мұрагерлікке шақырылады.

Заңбойыншамұрагерлердіңбіріншікезегі:

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекті мұра қалдырушының балалары,оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары,сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады.

Заңбойыншамұрагерлердіңекіншікезегі:

Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса,заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір екі,бір шешеден туған жəне əкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары сондай-ақ оның əкесі жағынан да,анасы жағынан да атасы мен əжесі –тең үлеспен алады.

Заңбойыншамұрагерлерліңүшіншікезегі:

Егер бірінші жəне екінші мұрагерлер болмаса,заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының əкесімен бірге туған ағалары мен апалары,нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-інілері,апа-қарындастары мұраны ұсыны құқығы бойынша алады.

Кейінгікезектегімұрагерлер:

Егер бірінші,екінші жəне үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса,заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын,үшінші,төртінші жəне бесінші туыстық дəрежесіндегі туыстары

алады.Туыстық дəрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады.Мұра қалдырушының өзіне дүниеге келүі бұл қатарға жатпайды.

Ұсынуқұқығыбойыншамұрагерлік:

Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған заңды мұрагердің үлесі көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиісті ұрпақтарына өтеді жəне олардың арасында тең бөлінеді.

Мұрақалдырушыныңасырауындағыеңбеккежарамсызадамдар:.Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан,мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болса, заң бойынша мұрагерлерге жататын,мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болған,бірақ мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге жəне тең мұра алады.

Мұрадағыміндеттіүлескеқұқық:

Мұра қалдырушының кəмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары,сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы,өсиеттің мазмұнына қарамастан,заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың əрқайсысына тиесілі болатын үлестің кемінде жартысын мұраға алады.

Мұраалукезіндегіерлі-зайыптылардыңқұқықтары:

Ерлі-зайптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесілі мұрагерлік құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына,оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншік құқығына қатысы жоқ.

Мұранықорғаужəнезаңбойыншамұрагерліккезіндеоныбасқару:

Мүліктің бір бөлігі өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиетті орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлік тəртібімен ауысатын бөлігін де қоса алғанда,барлық мұраны қорғауды жəне оны басқаруды жүзеге асырады.

    1. 1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190


написать администратору сайта