Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница51 из 190
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190

Мұра алу

Мұраны қабылдау:


Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.

Мұрагердің мұраны бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.

Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негіздердің бірі бойынша,оның бірнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады.

Мұра қабылдау тəсілдері:


Мұраны қабылдау мұраны ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға мұра алу құқығы туралы куəлікті беруге уəкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны

қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куəлік бері туралы өтінішін беру арқылы жұзеге асырылады.

Мұраны қабылдау мерзімі:


Мұраның ашылу кұнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.

Белгіленген мерзімнің аяқталуына қрай мұраны қабылдау:


Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді дəлелді себептер бойынша өткізіп алған болса жəне мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан екйін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре жəне мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Мұраны қабылдау құқығының ауысуы(мұрагерлік трансмиссия):


Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.

Мұраға құқық туралы куəлік беру:


Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куəлік беруге міндетті.

Мұрагерлікке құқық туралы куəлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.

Мұрадан бас тарту құқығы:


Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы.Дəлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін,алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беруімен жасалады.

Өсиеттік бас тартуды алудан бас тарту құқығы:


Бас тартылушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы.Ішінара бас тартуға,ескерту жасап,шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берілмейді.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190


написать администратору сайта