Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница53 из 190
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190

Мұрагерлік құқығының құқықтық институттары


Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру

қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың жəне жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мəселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Жоғарыда айтылған мəселелер жəне теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мəселелер, заңдар мен тəжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу жəне т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мəселелерді өңдеу жəне оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін дамыту мəселелерінің мəнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды жəне сот тəжірибесінде азаматтардың мұрагерлік құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мəселелердің онды жолдарын табу қажет.

Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік институтын жан-жақты жəне терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мəселелерді кешенді шешу болып табылады.

Аяқтай келе, мұрагерлік дегеніміз қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаға (мұрагерлерге) өтуі. Мұрагерлік қатынастың субъектілері мұра қалдырушы жəне мұрагер болып табылады. Заң бойынша мұрагерлікте жеке тұлғалар мұра қалдырушы мен мұрагер бола алады, ал өсиет бойынша жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет, яғни заматтық құқықтық қатынастың барлық сбъектілері мұра қалдырушы жəне мұрагер бола алады. Мұрагерлердің құрамы мұра ашылған күні анықталады, ал мұра мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ашылады. Осыған байланысты, мұра ашылған күні тірі болған адамдар мұрагер бола алады. Мұра ашылған күннің ертесінде қайтыс болған мұрагердің мүлік құқықтары мен міндеттері оның ұрпақтарына өтеді. Азаматтық Кодекс өсиетті жасаудың жəне қол қоюдың жаңа ережелерін бекітті. Бұл жаңа ережелер бойынша өсиетті өсиетші өзі немесе оның сөзінен нотариус жаза алады. Бұл жағдайда өсиет жасауда куəгердің қатысуы қажет жəне ол туралы мəліметтер өсиетке енгізілуі керек. Азаматтық Кодекстің 1051 бабы 1 тармақшасы бойынша өсиетті жасаған кезде нотариустың жалпыға танымал техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етілген (жазу машинкасы, жеке компьютер). Азаматтық Кодекстің 1070 бабында ерлі- зайыптыларды мұрагерліктен шеттету қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін

мұрагерлік қатынаста көптеген проблемалар жиналып қалды. Кейбір проблемалар азаматтардың əртүрлі шаруашылық қоғамдастықтарға жəне серіктестіктерге мүше болуына байланысты туындайды. Жаңа Азаматтық Кодекс Конституциядағы

«мұрагерлік құқыққа кепіл беріледі» деген ережені қамтамасыз ету керек. Азаматтық Кодекс өсиеттің еркіндігіне құқық берген. Бірақ 18 жасқа толмағандарды жəне еңбекке жарамсыздарды мұрадан айыруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 1051 бабының 4 тармақшасында өсиетті өсиетші нотариусқа жабық конвертте беруге құқылы. Ал нотариус өсиетті тек ол қайтыс болған күні ғана ашады. Азаматтық Кодекстің Мұрагерлік құқыққа арнаған бөліміндегі жаңа ережелер бойынша мұрагерлердің қатары үштен беске дейін өсті. Жақын болашақта Қазақстанда да мұрагерлік құқықтың рөлі өседі. Соңғы кезде көпшілікте қымбат мүліктер пайда болды. Мысалы, жекелендірілген жер учаскелері жəне пəтерлер, акциялар, облигациялар жəне т. б. Бұл адамдарды олар қайтыс болғаннан кейін мүліктерінің қайда қалатыны қызықтырады.


1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190


написать администратору сайта