құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Шарт: түсінігі, түрлері, жасасу тəртібі жəне қолданылуы.Шарт ретінде екі тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Шарт түсінігі неғұрлым кең мағынадағы азаматтық-құқықтық мəміле түсінігінен ерекшеленеді: шарт – екі немесе бірнеше тараптардың мүдделерінің сəйкестігіне байланысты жасалатын мəміле. Шарт деп танылған келісім, заңды нысан деп саналады, себебі ол белгілі бір азаматтық-құқықтық зардаптарға əкеледі. Шарт мазмұны тараптармен тұжырымдалған немесе шарт қортындысы пайда болған заңнамадан бастау алатын талаптарының жиынтығын айтады. Шарттың түрлері. Біржақты немесе біржақты шарттар. Шарт – əрқашанда екі немесе көпжақты келісім, сондықтан да біржақты мен екіжақты шарттарды бір-бірінен ажырату құқықтардың туындауы белгісі жəне бір тараптың ерік білдіруіне байланысты емес біржақты мəмілелердегідей, басқа белгі – шарт бойынша тараптардың құқықтар мен міндеттерді теңдей бөлу бойынша жүзеге асады. Ақылы жəне ақысыз шарт. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мəнінен өзгеше туындамаса шарт əрқашан ақылы болуы мүмкін (АК 384-бап, 3- тармақ). Ақысыз шарт ретінде, бір тарап екінші бір тарапқа одан ақы алмай немесе ешнəрсе бермей бірнəрсе ұсынуды міндетіне алған гарт танылады. Аты аталған жəне аты аталмаған шарт. Шарт еркіндігі қағидасы заңдарда көзделген де жəне көзделмеген де шартты жасасуға мүмкіндік береді, бірақ ол заңға қайшы келмеуі тиіс, сол арқылы да аты аталған жəне аты аталмаған шарттардың аражігі ажыратылады (АК 380-бап, 2-тармақ). Аты аталған – заңнамамен бекітілген шарттар. Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Бұл тараптар бекіткендей несие берушіге емес, шартта көрсетілген жəне көрсетілмеген жəне борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шартты айтамыз. Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған жəне өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келген əрбір адамға қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп мойындалады (бөлшек сауда, қоғамдық көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жəне т.б.). Қосылу шарты. АК ережелерін тараптардың біреуі формулярында немесе өзге стандартты нысандарда белгілеген жəне басқа тарап оны ұсынылған шартта тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Алдын ала жасалатын шарт. Алдын ала жасалатын шарт тараптар ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасасуға міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарттың пəнін жəне өзге де елеулі талаптарын орнықтыруға бағытталған шарт мазмұнын қамтуы тиіс. Шарттың жасалуы өз еріктері негізінде болашақ шарт қатысушыларының мəмілеге түсуін қарастырады. Шарттық мəмілені жасалды деп тану үшін, міндетті түрде екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мн міндеттерді орнықтыру, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі болуы тиіс. Шарттың өзгеруі туралы түсінік ретінде шарттың бір тарабының ерікті іс- əрекет жасауы немесе қос тараптың шарттың ретінің өзгеруі мен талаптарды орындауға байланысты келісімді іс-əрекеті түсіндіріледі. Шартты тоқтату туралы түсінік ретінде біржақты ретте жасалатын тараптардың ерікті іс-əрекеті жəне келісім бойынша шарттық құқықтар мен міндеттердің болашақта тоқтатылуына бағытталған іс-əрекеттер түсіндіріледі. Тараптар арқылы шарттың өзгеруі мен тоқтатылуы екі əдіспен жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты реттерде. |