Главная страница
Навигация по странице:

  • Азаматтың

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница29 из 190
    1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   190

    Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың


    субъектілері

    Азаматық құқықтық қатынас деп азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастар жəне де қатысушылары субъективті азаматттық құқықтар мен міндеттер арқылы байланысқан мүліктік емес қатынастар жатады. Азаматтық құқықтық қатынастар - қатысушылары азаматтық құқықтар мен міндеттерге иелік ететін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар біржақты немесе өзара (екіжақты) болуы мүмкін. Біржақты құқықтық қатынастарда бір ғана субъект тек қана құқықтарға ие болады, ал тағы бірі міндеттерге. Бірақ ең жиі ұшырасатыны қатысушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын екіжақты құқықтық қатынастар. Бұл екі құқықтық қатынастардың айырмашылығы тəжірибелік тұрғыда айтарлықтай елеулі. Біржақты құқықтық

    қатынастарды атқарудың кезектілігі жайында еш мəселе туындамайды, ал өзара құқықтық қатынастарда бұл елеулі орын алады:себебі екі тарап та кең өкілеттіктерге ие жəне заңда өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынас мінездемесінен туындамаса олар міндеттері мен өкілеттіктерін бір уақытта жүзеге асыруға тиісті.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъекітлері заңи тұрғыда тең құқылы, бір-бірінен тəуелсіз, сол арқылы да басқа құқық салаларынан ерекшеленеді; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңмен қарастырылған жəне заңмен қарастырылмаған негіздерде туындайды; үшіншіден азаматтық құқықтық қатынастардың талаптары мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі ескеріледі; төртіншіден, тағы бір ерекшелігі ретінің өзгешелігінде жəне бұзылған азаматтық құқықтардың қорғалуы тəсілінде жатыр.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері: Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастардың субъектісі деп аталатын құқықтық қатынастардың қатысушыларына тиесілі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет жəне де əкімшілік-аумақтық бірліктер. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде физикалық жəне заңи тұлғалар, əкімшілік-аумақтық бірліктер жəне мемлекет тұтастай қатысады. Бұлардың барлығы азаматтық құқық субъектілікке ие, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге жəне оларды жүзеге асыруға қабілетті. Сол арқылы құқық субъектілік, азаматтық құқық субъектісі қандай қасиеттерге иелік етуге тиіс еендігін анықтайды. Құқық субъектілік ғылымда құқық пен əрекет қабілеттіліктің бірлестігі ретінде қарастырылады. Аталған субъектілердің құқықтық қатынастарда барлығының қатысуының басты алғышарты олардың азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық əрекет қабілеттілікке топтастырылуы.

    Жеке тұлға ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне де азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

    Құқық қабілеттілік ҚР-ның барлық азаматтарымен мойындалады. ҚР-ның азаматтарымен теңдей азаматтық құқық қабілеттілікті шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады. Олардың ҚР-дағы азаматтық құқық қабілеттілігі қазақстандық заңдармен анықталады. Азаматтық құқық қабілеттілік өз кезегінде заңмен мойындалған құқықтар мен міндеттерді атқаруды қамтиды. Заң бойынша азаматтық құқықтарды иелену қабілеті мен міндеттерді атқару барлық азаматтармен теңдей мойындалады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ол туған кезде басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

    Барлық азаматтармен теңдей мойындалатын құқық қабілеттіліктен, азаматтардың əрекет қабілеттілігі бірдей бола алмайды, неге десеңіз адамның психикалық, ақыл-ой жəне физикалық толысу тұрғысынан жасына жəне өзге де факторларға байланысты бағыныштылық сипатта болады. Азамат құқықтарға

    ие болып жəне оны жүзеге асырып, өз əрекеттері арқылы өзі үшін азаматтық міндеттер жасап жəне оларды орындауы үшін, жасайтын іс-əрекеттерден келетін зардаптарды түсініп жəне мойындауы тиіс. Аталған мəн-жайларды есепке ала отырып, азаматтардың толық əрекет қабілеттілігін, он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігін жəне он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігін ажырата білу керек.

    Толық əрекет қабілеттілік азаматтың өз əрекеттері арқылы заңмен қарастырылған кез келген мүліктік жəне мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, өзі үшін кез келген азаматтық міндеттер қалыптастырып жəне оларды жүзеге асыруы. Азаматтық заңдардың кəмелеттік жасқа толмағандарға беретін əрект қабілеттілігі толық емес, кəмелетке толмағандар барлық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алмайды, тек заңмен көрсетілгендеріне ғана құқылы.

    Толық емес 14 жастан 18 жасқа шейін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-анасының, асырап алушысының жəне қамқоршысының рұқсатымен жүзеге асырады. Ол алтыға толған кəмелетке толмағандар, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының келісімімен кəсіпкерлік қызметпен айналысатын болса толық əрекет қабілетті деп танылуы мүмкін.

    Кəмелетке толмаған адамды толығымен əрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) қамқоршы органның жəне қорғаншының ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының келісімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда сот шешімі бойынша жүргізіледі. Эмансипацияланған кəмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес болуы үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда азаматтық құқықтарға ие болады жəне міндеттерді (оның ішнде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттер бойынша) жауапкершілікте болады.

    Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігі. Кəмелетке толмаған, он төрт жасқа дейінгілер үшін мəмілелерді ата-анасы, асырап алушысы немесе қамқоршысы, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе жүзеге асырады. Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын ұсақ мəмілелерді жасауға құқылы.

    Ішінара 6 жастан 14 жасқа дейін (нашақорлар, маскүнемдер, ақыл-есі дұрыс еместер); балалардың толық əрекет қабілетті еместігі (6 жасқа дейін). Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз əрекеттерінің мəнін жете түсіне алмайтын азаматты сот əрекет қабілеттігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді. Əрекет қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мəмілелерді оның қорғаншысы жүзеге асырады.

    Əрекет қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едəуір жақсарған жағдайда сот оны əрекет қабілеттігі бар деп таниды, бұдан кейін одан қорғаншылық алынады. Спирт ішімдіктерін немесе есірткі заттарғасалыну салдарынан өз отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың əрекет қабілеттігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде белгіленген тəртіп бойынша шектелуі мүмкін. Ожəне ған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мəмілелерді жасауға құқылы. Басқа мəмілелер жасауды, табысын алуды, зейнетақысын жəне өзге де кіріс көздерін алуды жəне оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есіртікі заттарға жəне нашақорлыққа салынуды тоқтатқан реттерде сот оның əрекет қабілеттілігіне қойылған шектеуді жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Заң актілерінде көрсетілген жағдайлар мен реттерден басқа жағдайда, ешкім де құқық қабілеттілік пен əрекет қабілеттітіктен шектелуге тиісті емес.

    Азаматтың есімі. Азаматтың есімі оның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде жеке тұлғалық қасиеттерін көрсететін белгі ретінде сипатталады. Азаматтық айналымда қатынастарды əрбір қатысушысының есімін нақты атамай көз алдымызға елестету тіптен қиынға соғады.

    Есімге деген құқық – азаматтың ажырағысыз құқығы. Есім тұлғаның қоғам алдындағы жеке тұлғалық қасиеттерін дəріптейтін əлеуметтік маңызды функцияны жүзеге асырады. Азамат өз құқықтары мен міндеттерін есімін қолдану арқылы жүзеге асырады. Есім жəне де мəміле жасасатын жəне міндеттерді атқаратын тұлға жөнінде белгілі бір пайымдаулар жасау үшін де қажет. Яғни, есім азаматтық құқықтық қатынастың нақты қатысышысы кім екендігі турасында пайымдаулар жасау үшін керек.

    Есім дүниге келгенде берілетін азаматтың жеке атауы. АК-тің 15– бабының 1-тармағына сəйкес, азаматтың есімі ретінде тегі, азаматтың жеке есімі жəне өз қалауы бойынша əкесінің аты түсіндіріледі. Бірақ қандай жағдай болмасын азаматтың тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол бар болса) міндетті түрде АХАЖ бөлімінде тіркелуі тиісті.

    Қызмет етуші заңнамаға сəйкес азаматтарға келесідей реттерде есімін өзгертуге мүмкіндіктер берілген:

    Біріншіден, некені тіркеген кезде. Некеге тұратын тұлғаларға тегін өзгертуге құқық беріледі. «Неке жəне отбасы туралы» Заңның 30-бабына сəйкес, олар некеге дейінгі тегін немесе ортақ тек ретінде жұбайлардың біреуінің тегін таңдауға немесе некеге тұрушы өз тегіне тағы да бір тек, яғни жұбайынікін қосуы да мүмкін (қос тек).

    Екіншіден, тек неке бұзылған кезде өзгертілуі мүмкін: жұбайы жарының тегін сақтап қалуға немесе бұрынғы тегіне қайта оралуға құқылы («Неке жəне отбасы туралы» Заң 30-бап 3-тармақ).

    Үшіншіден, тегі, аты, əкесінің аты жағымсыз естілсе.

    Төртіншіден, азамат 16 жасқа толғаннан кейін өз есімі мен тегін өзгертуге құқылы (мысалға, атасының немесе өзге тұлғаның жəне т.б тектерді иеленгісі келсе).

    Заңдарда көрсетілген жағдайларға сəйкес, азаматтар жасырын есім

    (бүркеншік есім) пайдалануға құқылы. Жасырын есім қолдану мүмкіндігі

    «Авторлық жəне аралас құқық туралы» Заңда қарастырылған.

    Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы. Десек те «Авторлық құқық жəне аралас құқық туралы» заңның 19 бабына сəйкес автордың келісімінсіз жəне ешқандай сыйақы мөлшерлемесінсіз, бірақ міндетті түрде автордың есімін көрсетіп, дəйексөз ретінде қолданып, газет беттерінде оның туындарын жариялауға жол беріледі. Азаматтың есімін заңсыз пайдаану нəтижесінде оған келтірілген зиян өтелуге міндеттеледі. Азаматтың есімі оның абыройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірген немесе бұрмаланған болса ол моральдық зиянның өтелуін талап етуге жəне де оның абыройына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне жəне т.б. нұқсан келтіретін реттерде дəлелді айғақтардың ұсынылуын талап етуге құқылы. (141-143 б.б. АК)

    Азаматтыңтұрғалықтыжері.Азаматтың жеке тұлғалық қасиеттерін көрсететін тағы бір белгі оның тұрғылықты жері, яғни азамат тұрғылықты немесе уақытша тұратын елді мекен.

    Өзінің құқық қабілеттілігін жүзеге асыра отырып, азамат өзіне жайлы тұрғылықты жерді таңдауға құқылы. Тағы да бір реттерде азаматтардың кейбір сатыларына заң тұрғылықты жерін айқындап береді. Біріншіден, 14 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың тұрғылықты жері, олардың ата-аналарының, асырап алушылардың немесе қамқоршылардың тұрғылықты жері болып саналады. Ата-аналар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда тұрғылықты жер сот бойынша айқындалады. Екіншіден, əрекет қабілеттілігі жоқ азаматтың тұрғылықты жері оның қамқоршысының тұрғылықты жері болып саналады. Тұрғылықты жердің анықталуы азаматтардың құқықтарының жүзеге асып жəне орындалуында маңызды рол атқарады. Тұрғылықты мекен-жай түсінігімен, азаматқа талап қойылып, міндеттерді атқарудың орнын анықтағанда азаматтың белгілі бір мекенде екендігімен байланыстырылады.

    Азаматтыхабар-ошарсызкеттідептану.АК-тің 28-бабының 1- тармағына сəйкес, азаматтың тұрғылықты немесе басым уақытта тұратын жерінде ол жөнінде бір жыл бойы деректер болмаса, азамат хабар-ошарсыз кеткен деп танылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танитын бір жыл мерзім ол туралы соңғы мəліметтер алынған күннен басталады (мысалға, жоғалған

    адамның соңғы хаты немесе соңғы қоңырау шалуы). Азаматтың өзі жəне ол туралы мəліметтердің болмауы оны хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, аталған тұлғаны іздестіру жөніндегі шаралар жүргізілуі тиіс, ал енді сол жағдайда, мекенін анықтау мүмкін болмаса, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануға болады. Хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларды іздестіруді ішкі істер органдары жүзеге асырады. Мүдделі тұлғалар хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрғылықты жері бойынша немесе соңғы тұрған жері бойынша өтініш жазуға құқылы. Негізінен хабар-ошарсыз кеткен адам жөнінде өтінішті оның отбасы мүшелері ұсынады. Өтініште өтініш жазушы үшін қандай мақсаттарда азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану керектігі көрсетілуі тиіс. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп шешім шығару үшін сот туыстарынан алынған сауалнамалар мен өзі қызмет істеген мекемеден алынған мəліметтер, адрестік бюро мен ішкі істер органдары жəне т.б салынған сұраулардың жауаптарын негізге алады. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану азаматтық кодексте жəне өзге де заңнамалық актілерде көзделген ретте біраз құқықтық зардаптарға əкеп соғады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот жаңа шешім арқылы бұрынғысынан бас тарту үшін, сотқа азамат тарапынан өтініш жазылуы тиіс. Ол мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды, ал қамқоршылық жасаған тұлғадан мүлікті сақтау жəне басқару жөніндегі міндеттерді жүзеге асырудан бас тартады. Асырауда болған тұлға бойынша, қарыздарын төлеу, мүлкін басқару туралы құқық жəне т.б. міндеттер қайтып келген азаматтың өзі арқылы жүзеге асырылады.

    Азаматтыөлдідепжариялау.Егер азамат туралы үш жыл оның тұрғылықты жерінде үш жыл бойы мəлімет болмаса, сот шешімі негізінде ол өлді деп жарияланады.

    Азаматты өлді деп жариялау үшін бір ретте келесідей талаптар болуы тиіс:

    Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғаан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда, оның жазатайым оқиғалардан жоғалғанын немесе өлім қатері төнгеннен бастап саналатын алты ай мерзім ішінде:

    Жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны жəне т.б

    Жазатайым оқиғалар кеменің төңкерілуі, ұшақтың құлауы, теміржол көлігіндегі апат, өрт оқиғалары жəне т.б.

    Бұндай жағдайдарда азаматтың мүрдесі табылмаса да, оның қазаға ұшырауы əбден мүмкін.

    Қабылданған шараларға қарамастан оның тірі не өлі екені жөнінде ешұандай мəліметтер ала алмау жəне оны анықтауға еш мүмкіндіктердің болмауы; Азаматтың ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кетуі азаматта сылтаулардың жоқтығын көрсетеді. Егер азамат жекелеген себептерге

    байланысты қасақана жасырынған болса (мысалға жасалған қылмысы үшін жасырынады, несие берушілерден жəне т.б).

    Азаматты өлді деп жариялайтын үш жыл мерзімді қарастыра отырып, атап өтетін жайт, əскери қызметшіні жəне сол уақытта соғыс қимылдарында болған тұлғаларды өлді деп жариялау үшін оны есептеудің жəне мерзімін анықтаудың өзге мерзімі көрсетілген. АК-тің 31-бабының 2-тармағына сəйкес, соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен əскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін қлді деп жариялануы мүмкін. Екіжылдық мерзімі де бар, ол соғыс нақтылы аяқталды деген сəттен бастап. Соғыс аяқталғанға дейін əскери қызметшілер мен өзге тұлғаларды өлді деп жариялауға болмайды, яғни əскери қимылдар олардың оралуына кедергі болуы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялаған кезде оның өлімінің презумпциясы əрекет етеді. Азаматты өлді деп жариялау заңи өлім. Бірақ физикалықтан гөрі, заңи өлім əрқашан қайтып орала бермейді емес. Егер азамат нақтылы тірі болса (ол келген немесе оның келгендігі туралы мəліметтер келіп түссе), жаңа сот шешімімен азаматты өлді деп жариялау туралы шешімнен бас тартылады.

    Азаматты өлді деп жариялау сотпен оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қамқоршы органдардың жəне қорғаншының жəне өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішімен ерекше іс ретінде қаралады. Азаматты өлді деп жариялау туралы өтініш өтініш берушінің қатысуымен қаралады, егер ол істі оның қатысуынсыз қарауды талап етпесе. Заңда азаматты өлді деп жариялау туралы құқықтық зардаптардың болмауы, азаматтың нақтылы өлімінен кейін болатын зардаптармен тығыз байланысты. Олардың қатарына мүліктің ашылуын, некенің тоқтатылуын жəне жеке міндеттердің (мысалға, алименттердің, зйнетақылардың төленуінің тоқтатылуы), сенім қызметінің тоқтатылуы. Азаматты өлді деп жариялау туралы мерзім ұзақ болғанымен, өлді деп жариялаған азаматымыз шын мəнісінде тірі болуы да əбден мүмкін.

    Соттың азаматты өлді деп жариялау туралы шешімнің күшін жоюы оның құқықтарының қайта қалпына келтірілуіне əкеп соғады, бірақ барлығының емес. Мысалға, жары жаңа некеге тұрса, онда онымен байланысты некелік қатынастар мүлде қалпына келтірілмейді.

        1. 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   190


    написать администратору сайта