Главная страница
Навигация по странице:

  • Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілерінің теңдігі

  • Меншікке ешкімнің тиіспеуі

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница27 из 190
    1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   190

    Азаматтық құқықтың қағидалары.


    Қайсыбір заңның немесе заң институтының қағидасы оның жүйесінің іргетасын құрайтын негізгі ережелер мен бастаулардан тұрады.

    Бірінші кезекте біз оларды жалпылама заң ережелерінен бөліп қарастыруға тырысамыз.

    Біздің білуімізше төмендегідей азаматтық заңның қағидаларын қарастыруға болады:

    а) азаматтық-құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі; б) меншік ешкімнің тиіспеуі;

    в) азаматтық-құқықтық шарт еркіндігі;

    г) азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде кəсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау;

    д) жеке істер мен жеке өмірге мемлекет пен үшінші жақтың араласпауы; е) азаматтық құқықтардың қорғаныштылығы;

    Аталған қағидаларға барлық азаматтық-құқықтық нормативті актілер сəйкес келуі тиіс, ең алдымен – ҚР-ның Азаматтық кодексі. Аталғандардың басым көпшілігі «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталатын АК- тің 2 бабында көрініс тапқан. Бұл қағидаларың барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып тұрады жəне бір ортақ жүйені құрайды.

    Аталған қағидалардың əрқайсысына сипаттама беріп өтейік.

    Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілерінің теңдігі: Бұл теңдік мынадай жалпыметодологиялық алғышарттармен күрделендірілген: азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде иемденуде де, жүзеге асыруда да, азаматтық құқықтардың қорғалуында да заңмен тең деп мойындалған жəне олардың бұзылғаны үшін міндеттеме мен жауапкершілікте бір-біріне бағынбайтын субъектілер танылады.

    Меншікке ешкімнің тиіспеуі: Аталмыш қағиданың маңыздылығы меншік елдің барлық экономикалық жүйесінің іргетасы екендігімен байланыстырылады. Бұл қағида мемлекеттің мемлекеттік емес меншікке араласуына мүмкіндік беретін бұрын қабылданған қарарлардан бас тартуын атап өтеді. Сондықтан да ешкімнің тиіспеу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. (6-бап, 26-бет)

    Азаматтық заңдардың маңызды қағидаларының бірі азаматтық шарт. еркіндігі.(АК 380-бап). Бұл кез келген тұлға өз қалауы бойынша жəне еш мəжбүр етусіз құқылы:

    а) осы немесе өзге де шарт жасасуға түсуге;

    б) өзі шарт жасасқысы келетін əріптесті таңдауға; в) шарт талаптарын айқындауға;

    Осы ретте атап өтерлік жайт, əріптес те осындай құқықтарға иелік етеді. Сондықтан жалған азаматтық-құқықтық шарт ретінде тек ерікті жəне өзара келісілген келісімдер ғана танылады.

    Азаматтық заңның келесі қағидасы жеке істер мен жеке өмірге əлдекімнің араласуына жол бермеу. Бұл қағида азаматтық құқықтық қатынастарда жеке мүліктік сипат деңгейінде таралады. Əлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеу жəне де біреудің жеке өміріне, жеке құжаттары мен қатынастарына қол сұқпауды білдіреді.

    Азаматтық заң қағидалары қатарына жеткілікті негіздер арқылы кəсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды да жатқызуға болады. Бір қарағанда аталған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері арасында мүдделер қақтығысы бар сияқты көрінеді жəне сондықтан да біреуінің қорғалуы екіншісімен сəйкес келе бермейді. Керісінше кейбір (тұтынушыларды) өзге бір (кəсіпкерлерден) қорғау қажет.

    Бірақ бұл – үстіртін жасалған пайымдау. Еш талас тудырмайтын айырмашылықтарда кəсіпкерлердің де, тұтынушылардың да жалған мүдделерінің қорғалуы түптеп келгенде бір мақсатқа тұтынушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін толықтай қанағаттаныратын, өзгеше жүзеге аса алмайтын кəсіпкерліктің дамуына жол ашады. Ал бұл – өркениетті экономиканың басты міндетін құрайтын тұтынушы мүдделерінің толықтай қанағаттандырылуы. Бірақ, əрине, кəсіпкер, бір қырынан тұтынушы мүддесін тікелей қорғайтын нақты қажеттіліктер көбіне-көп əртүрлі болып келеді.

    Əрине ең соңында азаматтық заң қағидалары ішінде атап өтетін азаматтық құқық бөлігі оның қорғаныштылығы. Құқық мемлекет тарапынан сенімді қорғалмаса əрекет етуге қабілетсіз декларативті ұйғарымдарға жəне іске аспайтын субъективті мүмкіндіктерге айналады. Азаматтық құқықтарды қорғаудың шара жүйесі ретіндегі жалпы сипаттамасы, құқықтарды бұзған жəне зардаптардың алдын алған жағдайда құқыққа ешкімнің тиіспеуіне, оның жүзеге асуына, қайта қалпына келтірілуіне бағытталған. АК 9-бапта қарастырылған. Ал

    егер құқықты қорғайтын заңмен айқындалған шараларға келсек, онда олар жеткілікті жəне əрқилы.

      1. 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   190


    написать администратору сайта