Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница28 из 190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   190

Азаматтық құқықтың қайнар көздері.


Азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілер жəне өзге де азаматтық-құқықтық нормалар түсіндіріледі. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 3- бабында көрсетілген. Бірақ та аталған актілердің барлық баптары азаматтық құқық нормаларын қарастыра алмайды. Орталық мемлекеттік органдардың барлық нормативтік құқықтық қаулылары азаматтық құқық нормаларын қамти алмайды, ал тек осы реттегі мүмкіндік заңмен қарастырылғанда ғана өзінде көрініс табады. Бұл АК-тің 3-бабында тікелей бекітілген. Сонымен қатар азаматтық құқық нормалары «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң қызметінің сыртында ғана көрініс табатын дерекнамаларда кездеседі. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ғұрыптар мен Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттар жатады. Азаматтық қатынастар ғұрыптармен реттеле алады, соның ішінде егер ҚР-ның азаматтық заңдарына қайшы келмесе іскерлік айналымдағы ғұрыптармен. (3-б., 4-т.)

Азаматтық құқық қайнар көздерінің түпкілікті түсінігі азаматтық заңнама болып табылады. Азаматтық заңнама азаматтық құқықтың барлық қайнар көздерін қамтитын кең əрі ауқымды түсінік. Заң актілері азаматтық заңнаманың құрамдас бөлігі жəне тек мыналарды ғана қамтиды: а) АК; б) заңдар; в) Президенттің заңи күші бар Жарлықтары; г) азаматтық-құқықтық нормаларды қамтитын Парламенттің, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің қаулылары;

Заңи күші бойынша Азаматтық құқықтың қайнар көздері «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның бабымен қарастырылған нормативтік құқықтық актілердің жалпы бағыныштылығына сəйкес анықталады.

Бұл иерархияда жоғары сатыда ҚР Конституциясы тұрады, одан кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар мен ҚР Президентінің конституциялық заңи күші бар жарлықтары, кодекстер, заңдар жəне Президенттің заңи күші бар жарлықтары, Парламент жəне оның палаталарының нормативтік қаулылары, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің нормативтік қаулылары жəне т.б.

Кез келген төмен тұрған нормативтік құқықтық актілер жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге қарсы келе алмайды.

    1. Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасында қолданылуы.


Азаматтық заңнаманың қызметін анықтау, яғни ол оның қай уақыттан

бастап жəне қай уақытқа шейін қызмет ететіндігімен, қандай территория мен қандай адамдарға таралатындығы турасындағы бірқатар сұрақтарға жауап береді. Заңның кері қызметі азаматтық-құқықтық норма қызметінің бастапқы кезімен байланысты.

Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. Азаматтық заңнаманың уақытына қарай қолданылуының жалпы ережесі азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайды жəне іске асқаннан кейін ғана туындайтын қатынастарға қолданылады. Жүзеге асқаннан кейін туындайтын қатынастарға азаматтық заңнаманың уақытына қарай қолданылуының жекелеген жағдайы, нормативтік актінің тікелей кері күші болғанда ғана қолданылады. Аталмыш жекелеген жағдай өзі қатысатын қатынастарда субъектіге билік оның құқықтық мəртебесін жəне қатынастардағы орнын өзгерте алатын дербес билік етуші қызметін атқару тиісті болатын уақыт пен идеяға жатады. Бұл жекелеген жағдай құқықтық жүйеде құқық субъектісінің мемлекетпен байланыстарын нығайту бағытында сақталуы тиіс. (қылмыстық жазаны жеңілдету, салықтарды төмендету, оның құқықтарын кеңейту жəне т.б.)

Азаматтық заңдардың адамдар ортасында қолдауылуы Қазақстан Республикасы

азаматтары мен заңды тұлғалары үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттер, шетелдік физикалық жəне заңды тұлғаларға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе азаматтығы жоқ тұлғаларға да теңдей иелік ете алатындай ережелермен айқындалады.(3-б., 7-т АК).

Азаматтықзаңдардыңтерриториялыққызметіоның Қазақстанның мемлекеттік

барлық территориясында қолданылатын барлық принциптермен, белгіленген шекарамен жəне де мемлекеттік территорияға тиісті: аумақтық сулар, шетелдегі мемлекет елшілігінің аумағы, ҚР-ның туы астындағы теңіз кемелерімен анықталады.

    1. 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   190


написать администратору сайта