Главная страница
Навигация по странице:

  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

  • Моральдық зиянды өтеу.

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница34 из 190
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   190

    Азаматтық-құқықтық жауапкершілік.


    Азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқық бұзғаны үшін белгіленетін заңи жауапкершіліктің бір түрі ғана. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігімен азаматтық-құқықтық қатынас субъектісіне қолданылатын, бұзған тұлғаларға жауапкершілік жүктелетін жəне басым құқықтарға ие тұлғадан бұзғанымен байланысты мүліктік зардаптардың өтеміне жүретін, заңнамамен немесе шартпен қарастырылған мүлікті өндіріп алу немесе мүліктің ауырпалығы түсіндіріледі. Жауапкершілік қарыз-бұзушының өзіне тиесілі құқықтарынан айырылуымен де байланыстырылады.

    Жауапкершілікке тарту азаматтық-құқықтық бұзушылықтарға қатысты құқық нормаларының ықпалшарасын (санкция) жүзеге асырумен байланыстырылады.

    Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қызметі өтемақы алу:

    несие беруші мүдделерінің толықтай қалпына келтірілуі.

    Азаматтық-құқықтық жауапкершілік төмендегідей жолдармен жүзеге асуы мүмкін:

    а) несие берушінің қарсылықтарын қанағаттандыратындай деңгейде борышқордың өз еркімен жауапкершілік соммасын төлеуі;

    б) қарыз беруші-бұзушыдан жауапкершілік соммасын өндіріп алатын, несие берушінің біржақты əрекеті немесе борышқордың міндетін орындауына байланысты осындай соманы төлем ақыдан ұстап қалу. Бірақ осы ретте атап өтерлік жайт, бір тараптың біржақты іс-əркеттерге наразылығы көбінесе соттың дауды шешуін талап етеді;

    в) құзіретті органдардың (бірінші кезекте соттың) борышқорға міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеу немесе лайықсыз міндеттерін орындауға байланысты шешімдерін орындау;

    АК-тің 349-бабының 2-тармағына сəйкес міндеттемені бұзғаны үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі, яғни оның құқықтарының жүзеге асырылуы болып табылады. Азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің субъектісі азаматтар да, заңды тұлғалар да, мемлекет те, əкімшілік-аумақтық бірліктер де бола алады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түрткі болатын жағдай, АК-тің 349 бабына сəйкес, борышқордың несие берушінің алдында міндеттерінің бұзылуы болып табылады. Бұзушылықпен орындамау, лайықсыз міндеттерді орындамау түсіндіріледі. Жауапкершіліктің негізгі жəне əмбебап нысаны міндеттеменің бұзылуынан келтірілген залалдарды өтеу саналады.

    Міндеттеменің бұзылуынан келтірілген материалдық залалдан басқа, бұзақылықтың жəбірленушісі моральдық зиянның да өтелуін талап етуге құқылы (АК 352-бап).

    Моральдық зиянды өтеу. Моральдық зиян түсінігі АК-тің 951-бабында айқындалған. Ол «жеке тұлғалардың жəне заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік

    емес игіліктері мен құқықтарынң бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жəбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тəн азабы (қорлау, ызаландыру, ұысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тəн қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б.)». Жан азабы ретінде адамның эмоционалды-ерікті уайым-қайғы сезімдері қорлау, ызаландыру, ұысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тəн қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б. түсінуіміз тиіс. Бұл сезімдер мысалға, жəбірленушінің өмірі мен денсаулығына жəне де туған-туысқандарының құқықтарына қарсы озбырлық əрекеттер арқылы туындауы мүмкін. Заңсыз айыру немесе еркін жүріп-тұру бостандығын шектеу; денсаулыққа зиян келтіру, соның ішінде денесінің ашық жерлерін қорлайтын тыртықтар мен кескіндер салу; отбасының, жеке, дəрігерлік құпияларды жариялау; құпия хат алмасуды, телефон немесе телеграф хабарламаларын бұзу; азаматтың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтер тарату; есімі мен кескінге деген құқықтарын бұзу; авторлық жəне аралас құқықтарды бұзу жəне т.б. Тəн азабы ретінде азаматтың құқығына қарсы зорлау əрекеті немесе денсаулығына зиян келтіру арқылы көрініс тапқан физикалық ауруды түсінген жөн. АК-тің 4- тармағына сəйкес заң актілерінде көзделгенжағдайларды қоспағанда, азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын əрекеттер (əрекетсіздік) арқылы келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды, мысалға, жетіспеушілік нəтижесінде келтірілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер.

    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   190


    написать администратору сайта