дислалия. өтінішхат. Тркістан облысы Тлеби ауданды полиция бліміне оралуа ыы бар ку Г. Лутфулинаны
Скачать 24.51 Kb.
|
Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөліміне қорғалуға құқығы бар куә Г. Лутфулинаның қорғаушысы, адвокат М. Ж. Жумагуловтан, Шымкент қ., Тараз м/а, Үш өзен көшесі №813 үй, тел. 8702-390-7902, mara_7676@mail.ru Өтінішхат «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбековадан, бас бухгалтері А.Юлдашевамен бухгалтер О.Небритовадан қосымша жауап алуды; іс бойынша тергеу тобы құрылғандығы туралы қаулысының, тағайындалған сараптама қаулылары және осы қаулылар бойынша берілген сот сараптама қорытындыларының, ревизия қорытындысы көшірмелерін беруді; Г.В.Лутфулинаның іс әрекетінде ешқандай қылмыстың құрамы жоқ болуына байланысты, оған қатысты іс тоқтатуды. Түркістан облысы Төлеби аудандық ПБ-нің өндірісінде жәбірленуші «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбекованың арызы бойынша «Асель» ӨК-нің қызметкерлері 2019-2022 жылдар аралығында қылмыстық жолмен маркеттерден ақшалай және тауар жүзінде жалпы соммасы 131 691 238 тенге жымқырып өздерінің жеке бас пайдасына жаратқандығы туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық ісі бар. Осы іс бойынша қорғалуға құқығы бар куә ретінде сұралған А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьянова өз жауаптарында Ленгір қаласы Қонаев көшесі №6 «А» мекен жайда орналасқан №11 «Асель» және Ленгір қаласы Төлеби көшесі №301/9 мекен жайда орналасқан №28 «Асель» мини маркеттерінде сатушы қызметтерін атқаратындарын. «Асель» ӨК-мен сатушы ретінде олармен түзілген еңбек келісім шарттарына сәйкес, олардың атқарып отырған мини маркеттерге жеткізіліп отырған тауарларға жеке материалдық жауапкершілік міндеттері толығымен жүктелгенін. Олар сатушы қызметін атқарған кезде мини маркеттерге келген тауарларды қойма менгерушісі У.Султанов пен К.Шукуралиевтен накладной құжаты негізінде қабылдап алып, оны сату және тауарды сатудан түскен күнделікті ақша қаражатын кіріс кассалық ордерімен Г.Лутфулинаға таңертен сағат 08-30 шамасында жүргізуші арқылы тапсырып тұратындарын. Тауарлардың атауын және оның сомасын күнделікті сату туралы есеп жүргізбегендерін. 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында дейін тауар ақшалай есеп өткізбегендерін. 2021 жылдың қантар айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін төленуге жататын ай сайынғы айлық ақшаларын мүлдем алмағандарын, тек квартально зейнетақы қорына төлемдер аударылғанын. Демалыс күндері мүлдем болмағандарын, отпускіге шықпағандарын. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткендер тауар мен азық түліктерді сыртқа лақтырып жіберетіндерін, және бұл жағдайда ешқандай акт немесе есеп жасалмайтынын. 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында Г.Лутфулинаға ақша, немесе заттай тауар, немесе азық түлік бергенде, Г.Лутфулина ешқандай құжаттарға қол қоймайтынын, және ешқандай қол хат жазып бермейтінін көрсеткен. «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 18 тармағына сай, «Тек лауазымды адам ғана емес, сонымен бірге меншік түріне қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде тиісінше қызметтер атқаратын және атқаратын қызметіне байланысты өзіне сеніп тапсырылған мүлікке қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыратын (бригадир, экспедитор, сатушы, кассир және т.б.) басқа да адам қызмет бабын пайдалану жолымен жасалған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену субъектісі болып (ҚК-нің 189-бабы) табылады. Кінәлі адамның өз қызмет бабын пайдалануы бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің саралаушы белгісі болып табылады. Соттар барлық жағдайларда заңсыз иемденілген бөтеннің мүлкінің кінәлі адамға сеніп тапсырылғанын, оның мүлікті ысырап жасағанын не өзі иеленіп алғанын анықтауға тиіс. Иемдену - бұл кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына немесе үшінші тұлғалардың пайдасына айналдыру арқылы құқыққа қарсы өтеусіз ұстап қалудан көрінетін жымқыру түрі болып табылады. Талан-таражға салу сол бір мүлікті құқыққа қарсы өтеусіз тұтыну немесе оны тұтыну үшін басқа адамдардың иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б.) түсініледі. Егер бөтеннің мүлкі кінәлі адамның лауазымдық міндеттеріне немесе тиісті заңды құжаттармен (шартпен, еңбек келісімімен, лауазымдық өкілеттіктерімен және т.б.) бекітілген шарттық қатынастарға байланысты, сондай-ақ жазбаша шартты ресімдеместен (бақташымен ауызша уағдаластық және т.б.) заңды иелігінде болса, іс-әрекет бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету ретінде саралануға жатады. Лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, толық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын әкімшілігінің шарттарында немесе бұйрықтарында (өкімдерінде) бекітілуге тиіс. ҚР «Еңбек Кодексінің» 120-бабы 1-бөлігіне сай, еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады. ҚР «Еңбек Кодексінің» 123-бабы 8-бөлігіне сай, мынадай: 1) жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 2) жұмыскер, жіберуші тараптың жұмыскері біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас) жағдайда нұқсан келтірілген; 4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген; 5) жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап бұзылған жағдайда; 6) еңбек, ұжымдық шарттарда немесе қабылдаушы тараптың актілерінде ескерілген өзге де жағдайларда жұмыс берушіге немесе қабылдаушы тарапқа келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне жүктеледі. 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында «Асель» ӨК-не тиесілі Ленгір қаласы Қонаев көшесі №6 «А» №11 «Асель» және Төлеби көшесі №301/9 мекен жайда орналасқан №28 «Асель» мини маркеттеріндегі тауарлар мен азық түліктер Г.Лутфулинаға емес, сол маркеттерде жұмыс жасап жүрген сатушылар А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяновалардың толық материалдық жауапкершіліктеріне сеніп тапсырылған. Сол себепті сатушылар А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяновалар өздеріне сеніп тапсырылған азық түлік пен тауарларға өздері жауапты, оның ішінде кімге қандай көлемде қарызға ақша мен тауар берседе. Осы сатушылардан түскен күнделікті ақша қаражатын кіріс кассалық ордерімен Г.Лутфулина таңертен сағат 08-30 шамасында жүргізуші арқылы алып, ақшаларды санап, арнайы арналған дәптерлерге қайсы маркеттен, қай күні қанша ақша түскендігі туралы жазып, күніге есеп жасап, есеп қағазымен ақшаларды «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбекованың тапсырып тұратынын. Одан бөлек кассалық кітапшаны толтырып отыратын еді. Арнайы арналған дәптер толған кезде жанадан дәптер ашатын еді. «Асель» ӨК-не кассир қызметіне жұмысқа қабылдағанда өзіне қатысты толық материалдық жауапкершілік жөнінде бұйрық шықпағанын, «Асель» ӨК-мен не толық материалдық жауапкершілік жайлы келесім шартқа тұрмағанын көрсеткен. Қазіргі таңда бізге белгілі болып тұрғандай «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбекова тергеу органына 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында күнделікті Г.Лутфулинаға сатушылар тарапынан беріліп отырған кассалық ордер мен ол толтырған дәптер мен С.Арыстанбековаға күніге берілетін есеп қағаздары бізге белгісіз жағдайға байланысты берілмеген. Сол себепті осы жайт бойынша «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбековадан қосымша жауап алып, 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында сатушылар тарапынан күнделікті Г.Лутфулинаға беріліп отырған кассалық ордер мен ол толтырған дәптерлер, Г.Лутфулина тарапынан С.Арыстанбековаға күніге береліп отырған есеп қағаздары қайда екенін анықтап, оларды алу қажет. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін бізге тергеу тобы құрылғандығы туралы қаулысы, іс бойынша тағайындалған сараптама қаулылары және осы қаулылар болйынша берілген сот сараптама қорытындыларының көшірмелері берілмеген, таныстырылмаған. «Асель» ӨК-не тиесілі Ленгір қаласы Қонаев көшесі №6 «А» №11 «Асель» және Төлеби көшесі №301/9 мекен жайда орналасқан №28 «Асель» мини маркеттеріндегі тауарлар мен азық түліктерге сатушылар А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяновалар толық материалдық жауапкершіліктеріне сеніп тапсырылуына, ол тауарлар мен азық түліктерді А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяновалар иемденді немесе ысырап алуына байланысты, Г.Лутфулина кассир қызметіне қабылдағанда өзіне қатысты толық материалдық жауапкершілік жөнінде бұйрық шықпағанына, «Асель» ӨК-мен не толық материалдық жауапкершілік жайлы келесім шартқа тұрмағанына, 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында күнделікті сатушылардан ақша қаражатын кіріс кассалық ордерімен Г.Лутфулина С.Арыстанбековаға есеп қағазбен өткізіп отыруына байланысты, менің қорғауымдағы Лутфулина Гузалия Валентиновнаның іс әрекетінде ешқандай қылмыстың құрамы жоқ, сол себепте оған қатысты іс тоқталылуға жатады. Осы жоғарыдағылардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 24-бабын, 99-бабының 4,6-бөліктерін басшылыққа алып, сұраймын: 1. «Асель» ӨК-нің төрайымы С.А.Арыстанбековадан қосымша жауап алып, - 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында сатушылар тарапынан күнделікті Г.Лутфулинаға беріліп отырған кассалық ордер мен ол толтырған дәптерлер, Г.Лутфулина тарапынан С.Арыстанбековаға күніге береліп отырған есеп қағаздары қайда екенін анықтап, осы құжаттарды алып іске тіркеуді, - 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында ай сайын Г.Лутфулина С.Арыстанбековаға қанша ақша өткізіп тұрғанын анықтауды. - менің қорғауымдағы Г.Лутфулина «Асель» ӨК-не кассир қызметіне жұмысқа қабылдағанда өзіне қатысты толық материалдық жауапкершілік жөнінде бұйрық шыққан шықпаған, «Асель» ӨК-мен не толық материалдық жауапкершілік жайлы келесім шартқа тұрған тұрмаған жөнінде анықтауды. - қорғалуға құқығы бар куә ретінде сұралған А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьянова «Асель» ӨК-не сатушы қызметіне жұмысқа қабылдағанда толық материалдық жауапкершілік жөнінде бұйрық шыққан шықпаған, «Асель» ӨК-мен не толық материалдық жауапкершілік жайлы келесім шартқа тұрған тұрмаған жөнінде анықтауды. - сатушы А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяноваларға 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында қандай тауар мен азық түліктер қойма менгерушісінен накладной құжаты негізінде қабылдап алғандарын анықтауды, сол накладной құжаттарды іске тіркеуді. - сатушы А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяноваларға 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында мини маркетке түскен тауарлардың атауын және оның сомасын күнделікті сату туралы есеп жүргізген жүргізбегенін анықтауды. - сатушы А.Жауынбай, Е.Тулеметова, В.Мартьяноваларға 2019 жылдан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін төленуге жататын ай сайынғы айлық ақшаларын не себеппен алмағанын, не себеппен олар демалыс күндері мүлдем болмағандарын, отпускіге шықпағандарын анықтауды. Егерде осы жайт бойынша осындай заң бұзушылық орын алса, тиісті мемлекеттік органдарына тексеру жүргізу туралы қаулы шығаруды. - жарамдылық мерзімі өтіп кеткендер тауар мен азық түліктерді сатушылар қай жаққа өткізетінің, және не себеппен ол сатушылардан жарамдылық мерзімі өтіп кеткендер тауар мен азық түліктердін есебін сұрамағанын анықтауды. 2019 жылдан бастап 01.11.2022 жыл аралығында мерзімі өтіп кеткендер тауар мен азық түліктердін құның анықтауды. 2. Дәл осындай сұрақтарды «Асель» ӨК-нің бас бухгалтері А.Юлдашевамен бухгалтер О.Небритовадан жауап алып қоюды. 3. Осы іс бойынша тергеу тобы құрылғандығы туралы қаулысының, тағайындалған сараптама қаулылары және осы қаулылар бойынша берілген сот сараптама қорытындыларының, ревизия қорытындындысы көшірмелерін беруді. 4. Лутфулина Гузалия Валентиновнаның іс әрекетінде ешқандай қылмыстың құрамы жоқ болуына байланысты, оған қатысты іс тоқтатуды. 5. Осы өтінішхат бойынша қабылданған процессуалдық шешімнің көшірмесін маған заңда көзделген мерзім ішінде жолдауды. Құрметпен, қорғаушы М.Жумагулов |