құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:Аграрлыққұқықтыңтүсінігі,пəні,жүйесі,қағидалары. Аграрлық құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері жəнеерекшеліктері. Аграрлыққұқықтыңкайнаркөздерініңтүсінігіжəнеерекшеліктері.Олардыңжіктелінуі. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылықты мемлекеттікреттеудіңжалпысипаттамасы. Ауылшаруашылық ұйымдардыңқұқықтықжағдайыжəнежалпысипаттамасы. Жекекəсіпкерлікнысаныретіндешаруа-фермерқожалықтарыныңтүсінігіжəненегізгі белгілері. Ауылшаруашылыққызметіндепайдаланатынжерлердіңқұқықтықжағдайы. 22-ТАРАУ. ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ ТАУ-КЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІҚР Тау-кен құқығының құқық caлacы ретiнде түciнiгi жəне қaлыптacу тaрихы Тау-кен құқығының қaғидaлaрыТау-кен құқығының қaйнaр көздерiнiң түciнiгi жəне оның ерекшелiктерi Жер қойнауын пайдаланудың түсінігі жəне оның түрлеріҚР Тау-кен құқығының құқық caлacы ретiнде түciнiгi жəне қaлыптacу тaрихы Тау-кен құқығы құқық саласы ретінде жер қойнауы байлықтарын ұтымды жəне кешенді түрде пайдалануды қамтамасыз ету, кəсіпорын, ұйым жəне азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында оны иелену, пайдалану жəне билік ету бойынша қатынасты реттеу міндетіне ие болса, тау кен құқығының заңды ғылымы тау кен құқығы нормалары мен институттарын зерттейді, тау кен құқығының пəнін, тəсілін, сондай-ақ негізгі қағидаттарын анықтайды, тау кен заңнамасының түрін, мазмұнын жəне құрылымын талдайды. Оқупəніретіндеғылыми тұрғыдан жұртшылық мойындаған тау-кен құқығы туралы ақпарат беріледі, студенттің болашақта жұмыс жасауы үшін қажетті білімдер баяндалады. Ғылым саласы ретінде тау-кен құқығы өзі реттейтін қоғамдық қатынастар тобының даму заңдылықтарын, осы саладағы құқықтық категориялардың анықтамаларын берумен, белгілерін айқындаумен, аталған қатынастар тобын ары қарай жетілдірумен байланысты мəселелерді ғылыми теориялық тұрғыдан зерттейді. Тау-кен құқығы жалпы бөлімінің жүйесі келесі институттардан тұрады: Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының институты; Жер қойнауын пайдалану жəне қорғау саласындағы мемлекеттік басқару; Жер қойнауын пайдалану құқығы; Жер қойнауын пайдалану құқығы жəне жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын қорғау. Тау-кен құқығының ерекше бөлімінің инсититуттары: Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық тұрғыдан зерттеу; Кең таралмаған пайдалы қазбалар кенін пайдалану құқығының институты; Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану құқығының институты; Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес мақсаттарға арналған жер қойнауын пайдалану құқығының институты. Тау-кен құқықтық қатынастарын төмендегі критерийлер бойынша топтастыруға болады: Қатынастың сипаты мен құрылымы бойынша абсолюттік жəне салыстырмалы деп бөлінеді. Жер қойнауын пайдалану мақсаты бойынша: пайдалы қазбалар кенін қорғау жəне пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар; жер қойнауы байлықтарын жер асты құрылысы жəне өндіріс қалдықтарын көму үшін ұсыну; жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жəне т.б. Мазмұны бойынша: құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері. |