Главная страница

медицина. Вопрос Ювенилді ан кетуде андай тексеру дістері олданылады Вопрос 2


Скачать 124.11 Kb.
НазваниеВопрос Ювенилді ан кетуде андай тексеру дістері олданылады Вопрос 2
Анкормедицина
Дата23.10.2020
Размер124.11 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла2_Meditsina_ZhM__1179_az_T_1199_rkistan.doc
ТипДокументы
#145033
страница4 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гипотрофияның дәрежесін анықтаңыз?

Вопрос 397.

Стационарға ауыр пневмониямен және өршіген синдромымен 7 айлық бала келіп түскен. Тексергенде: дене салмағы 22%-ға дейін азайған, психомоторлық қызметінің дамуы тежелген. Қатты қақырықсыз жөтелдің салдарынан өкпеде физикалық өзгерістер бар, іші ұлғайған, нәжісі өзгерген. Балаға ана сүті және «NAN» қоспасы беріледі. Үлкен дәретін қарағанда: нәжісі мол, майлы, жабысқақ, жылтыр түсті және сасық иісті.


Аталған баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?

Вопрос 398.

Аймақтық дәрігер гипотрофияның 1-ші дәрежесі мен диарея бойынша 1,5 айлық ұл баланы үй жағдайында тексерді. Анамнезінде туғаннан бастап нәжісі тұрақсыз, соңғы 2 аптаның ішінде тәулігіне 8-10 рет іші өте бастады. Нәжісі сулы, патологиялық қалдықтарсыз, қышқыл иісті. Бала үлкен дәретке отырғанда мазасызданады, көп мөлшерде газ шығады. Ана сүтін емеді.


Бұл баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?

Вопрос 399.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл бала анасымен келді. Салмақ қосуы аз. Анамнезінде: туылғаннан бері көп құсу, үлкен дәреті тұрақсыз (іш қату мен диарея алмасып отырады), ұйқысы мазасыз. Қараған кездегі баладағы дене салмағының жетіспеушілігі 11%.

Баладағы гипотрофияның дәрежесін көрсетіңіз.

Вопрос 400.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл бала анасымен келді. Салмақ қосуы аз. Анамнезінде: туылғаннан бері көп құсу, үлкен дәреті тұрақсыз (іш қату мен диарея алмасып отырады), ұйқысы мазасыз. Қараған кездегі баладағы дене салмағының жетіспеушілігі 11%.

Баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз.

Вопрос 401.

Невропатологтың қабылдауына психомоторлық дамуы тежелген 6 айлық ұл бала анасымен келді. Анамнезінде: созылған транзиторлық сары аурумен ауырған, кіндік жарасының ұзақ уақыт жазылуы, туған кезде және қазіргі кездегі артық дене салмағы, іш қатуы анықталған. Жалпы қарау кезінде дәрігер баланың дауыс тембрінің төмендігіне, шаштарының қаттылығына, тері және тері асты шел-май қабатының ісінуіне назар аударады. Дене салмағы 25%-ға артық.


Бұл баладағы паратрофияның дамуына қандай мүшелер мен жүйелердің патологиясы әсер етеді.?

Вопрос 402.

Қалалық балалар емханасына 7айлық қыз бала педиатрдің қабылдауына келді. Антропометриялық көрсеткіштері: салмағы – 5700гр, бой ұзындығы – 69см. Анасының жұмысқа түсуіне байланысты 6 айлығынан бастап нәрестеге сиыр сүтін берген. Нәресте 6 айлығына дейін жасына байланысты қажетті салмақты қоспаған. Туылған кездегі салмағы – 3400гр, бойы - 51см.


Дәрігер қандай диагноз қойды?

Вопрос 403.

Емхананың аймактық дәрігеріне 7айлық ұл баланы анасы алып келді. Баланың туған кездегі салмағы 3300 г. Қазіргі кездегі салмағы 6200г. Қол – аяқтарында және кеудесінде шел кабат майы жоқ, терісі бозғылт, құрғақ, тері тургоры төмендеген.


Дәрігердің болжам диагнозы?

Вопрос 404.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына анасы 9 айлық баласын алып келді. Қыз бала,салмағы 7800 г. Анасының айтуы бойынша: әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш, көп жылайды, тәбеті төмен. Дәрігер тексергенде: терісі құрғақ, бозғылт, оңай қатпарланады, шел май қабаттары кеудесі, аяқ – қолдарында мардымсыз.


Дәрігердің болжам диагнозы?

Вопрос 405.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл баланы алып келді,салмағы 8000 г.Дәрігер тексергенде: терісі бозғылт, құрғақ, оңай қатпарланады,кеудесі, аяқ – қолдарында шел май қабаты азайған, Бала әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш .Анасының айтуы бойынша тәбеті төмен.


Аймақтық дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

Вопрос 406.

Емханаға, аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл баланы анасы алып келді. ТКС 3000 г. Шағымы:тәбеті төмен,мазасыз,көп жылайды,ұйқысы нашар,іші жиі кебеді.

Қарағанда:тері асты майлары тек бетінде ғана сақталған,басын тік ұстай алмайды,тургоры нашар,бұлшықет тонусы төмен. Қазіргі салмағы 6800 г.Чулицкий индексі 3. ЖҚА эритроциттер-2,9*1012 г/л,гемоглабин-70 г/л,лейкоциттер-6,0*109 л,түсті көрсеткіш-0,7. Дәрігердің нәрестеге қойған болжам диагнозы?

Вопрос 407.

Емханаға,аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық қыз баланы анасы алып келді. Бала ана сүтімен қоректенеді, қосымша тағамдар қабылдамайды. Қарағанда:тері асты майлары кеудесінде және ішінде жоғалған,тәбеті төмен, тургоры және бұлшықет тонусы төмен, салмағы 6300г. ЖҚА-эритроциттер-4,0*1012 л,гемоглобин-110 г/л,түс көрсеткіші-0,9. Дәрігер қандай диагноз қойды?

Вопрос 408.

Емханаға анасымен 8 айлық ұл бала педиатрдың қабылдауына келді. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы жақсы болған, қосымша тамақтандырға көшкен. Анасының айтуы бойынша баланы 6 айлығынан бастап ботқамен тамақтандырған. Ботқаға көшкеннен кейін нәжісі көп мөлшерде,сасық иісті болған ,бала жүдеген. Салмағы 6400 г, бойы 67 см. ТСК -3000гр, бойы 50 см.


Сәбидің салмағы мен бойына қарай педиатр қандай диагноз қойды?

Вопрос 409.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына анасымен 5 айлық ұл бала келді. ТКС-3200 гр, бойы 50 см болып дүниеге келген. Бала 4 айлығында 5300 гр болған. Қазіргі уақытта салмағы 5800г, бойы 64см. Қарағанда тәбеті нашарлаған, тері түсі бозғылт, аяқ-қолдары мен ішіндегі тер асты шел май қабаты азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

Вопрос 410.

Балалар емханасындағы педиатр қабылдауына анасымен 1 жасар қыз бала келді .ТКС - 2900 г, бойы - 48см. Анасының айтуы бойынша: 5 айлығынан бастап сиыр сүтіне өткен. Ай сайын салмақ қосуы нашарлаған. Қарағанда: салмағы -7600 г, бойы - 58 см. 6 айлығында көкөніс езбесін және ботқа тағайындаған, 8 айлығында ет езбесін қосқан.


Сәбидің салмағы мен бойына қарай педиатр қандай диагноз қойды?

Вопрос 411.

Балалар емханасының педиатр қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. ТКС - 3400 г, бойы - 50 см. Анасының айтуы бойынша: 2 айлығынан бастап қосымша сиыр сүтін берген. Сиыр сүтін бергеннен бастап үлкен дәреті тұрақсыз болған. Қарағанда: салмағы - 4000 г, бойы - 59 см, терісі бозғылт, теріасты шел май қабаты жоғалған, терісі қыртыстанып, терең қатпарланған, беті үшбұрыштанған (Биша камогы жоқ).


Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?

Вопрос 412.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала келді. Салмағы 8000 г. ТКС-3500, бойы 55см . Қарағанда кеудесі, аяқ – қолдарында шел кабат майлары азайған, терісі бозғылт, құрғақ, оңай қатпарланады.Бала әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш, көп жылайды .Анасының айтуы бойынша тәбеті төмен.


Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

Вопрос 413.

8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, бақа тәрізді «ішті» анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л.


Рахиттің қай кезеңі туралы ойлауға болады?

Вопрос 414.

8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, «бақа» тәрізді ішті анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л.


Білезік сүйектерінің R-графиясы кезінде рентгенограммада не көреміз?

Вопрос 415.

4,5 айлық ұл бала тамыз айында туылған. Дене салмағы 6800 гр. Аймақтық дәрігер рахит бар екенін анықтады, бастапқы кезеңі.


Қандай лабораториялық көрсеткіштер аурудың осы кезеңіне тән?

Вопрос 416.

10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Бала 4ай ауылда тұрған кезінде сиыр сүтін, картоп пюресін қабылдаған, аз серуендеген. Дене салмағы 10 кг, бойы 75 см, (туылған кездегі салмағы 3200 гр, бойы 51см). Терісінің түсі бозғылт, ісіңкі, терісі ылғал, тургоры төмен. Бала қолын тіреп отырады, өз бетінше тұра алмайды. Басы «квадрат» пішінді, мұрын қыры тегістелген, төс сүйегі ішке қарай «етікші төсі» тәрізді қисайған. Қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іш көлемі ұлғайған, іштің тік бұлшықеттері алшақтаған, бауыр және талақ ұлғайған, тығыз, дәреті тұрақсыз. Қан анализінде: гипофосфатемия, гипокальцемия, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы.


Бұл жағдай рахит процесінің қандай сатысына сәйкес келеді?

Вопрос 417.

Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті тұрақсыз.

Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды.


Қандай клиникалық белгілер аурудың көрсеткіші болып табылады?

Вопрос 418.

Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті тұрақсыз.

Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды.


Аурудың осы кезеңіне қандай көрсеткіш негіз болып табылады?

Вопрос 419.

Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті тұрақсыз.

Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды.


Рахиттің қандай кезеңі?

Вопрос 420.

7,5 айлық ұл бала аймақтық дәрігерге көрінуге келді. Мерзімінде туылған. Дамуы жақсы. Рахитке байланысты Д2 витаминін қабылдаған. 2 ай бойы тәулігіне 20000 МЕ мөлшерінде алған. Соңғы уақытта тамақтануы нашар, құсу, мазасыз, шөлдеу, іш қату байқалады. Дене температурасы субфебрильді. Үлкен еңбегі жабық, шүйде және төбе сүйектері дөңес. Тәбеті төмен, терісі құрғақ, бозғылт. Зәрде лейкоцитурия анықталды.


Бала жағдайының нашарлау себебі?

Вопрос 421.

Аймақтық дәрігер 3 айлық балада рахиттің бастапқы кезеңін анықтады.


Диагноз қоюға қандай симптом негіз бола алады?

Вопрос 422.

3 айлық ұл бала анасымен дәрігердің қабылдауына келді. Аймақтық дәрігер рахит бар екенін анықтады, бастапқы кезеңі.


Диагноз қоюға қандай лабароториялық көрсеткіштер дәлел бола алады?

Вопрос 423.

10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыркүйек айында дүниеге келген. 2 айлығынан бастап жасанды сүтпен тамақтанған. Сүтті қоспа алады, көкөністі пюре, етті тағамдар, витаминдер қабылдамаған. Қарағанда: тәбеті және бұлшықет тонусы төмендеген. Беті күйген, басы «квадрат» тәрізді , тісі жоқ. Кеуде қуысы алшақтаған, қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іші « бақа» тәрізді. Дәрігер рахиттің реконвалесценция кезеңі екенін анықтады.


Рахиттің осы кезеңін қандай көрсеткіш дәлелдейді?

Вопрос 424.

10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыркүйек айында дүниеге келген. 2 айлығынан бастап жасанды сүтпен тамақтанған. Сүтті қоспа алады, көкөністі пюре, етті тағамдар, витаминдер қабылдамаған. Қарағанда: тәбеті және бұлшықет тонусы төмендеген. Беті күйген, басы «квадрат» тәрізді , тісі жоқ. Кеуде қуысы алшақтаған, қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іші « бақа» тәрізді. Дәрігер рахиттің реконвалесценция кезеңі екенін анықтады.


Бұл балаға не тағайындау керек?

Вопрос 425.

6 айлық ұл бала айран ішеді, сиыр сүтін ішеді, ботқа жейді. 4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Дәрігер қарағанда: бала бозғылт, терісі ылғал, арқасында және кеудесінде бөртпелер бар. Бұлшықет тонусы және тургоры төмендеген. Төбе және маңдай сүйектерінде бұдыр бар. Үлкен еңбегі 2*3см, краниотабес. Қабырға доғалары көтерілген. Тыңдағанда: өкпеде қатаң дыбыс, құрғақ сырылдар, жүрек тоны ырғақты, бауыр және талақ үлкейген.


Бұл жағдайда рахиттің қандай сатысы?

Вопрос 426.

Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен қабылдауға келді. Анасының жүктілігі қалыпты өткен, мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Салмақ қосуы қалыпты. Күн сайын шомылдырады, таза ауада серуендейді. Ұйқысы нашар, тершең, шаштары түсіп қалған. Үлкен еңбегінің айналасы жұмсарған. Кеудесінде ұсақ бөртпелер, қасыған іздер бар, үлкен дәреті тұрақсыз. Қан анализінде сілтілі фосфатазаның белсенделігі жоғары.


Бұл балаға қандай диагноз қоясыз?

Вопрос 427.

9 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қаңтар айының басында туылған. Қарағанда: рахитке тән сүйек деформациясы, бұлшықет гипотониясы, жоғарғы тершеңдік. Қан анализінде гипокальциемия, фосфор көрсеткіші қалыпты.


Бұл рахиттің қай кезеңі?

Вопрос 428.

Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен қабылдауға келді. Анасының жүктілігі қалыпты өткен, мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Салмақ қосуы қалыпты. Күн сайын шомылдырады, таза ауада серуендейді. Ұйқысы нашар, тершең, шаштары түсіп қалған. Үлкен еңбегінің айналасы жұмсарған. Кеудесінде ұсақ бөртпелер, қасыған іздер бар, үлкен дәреті тұрақсыз. Қан анализінде сілтілі фосфатазаның белсенделігі жоғары.


Бұл баладағы рахиттің дамуын алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?

Вопрос 429.

2,5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Мерзімінде туылған ана сүтін емеді. Профилактикалық мақсатта 2 айдан бастап күніне видехолды 1 тамшыдан берген. Соңғы уақытта арқасында және кеудесінде бөртпелер пайда болды, терісі бозғылт, ұйқысы бұзылған, шошынады, бұлшықеттік дистония, дене салмағы 5100гр. Қан анализінде: Hb-128г/л, эритроциттер 4.5х1012/л.


Сіздің диагнозыңыз?

Вопрос 430.

4 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Дәрігер рахиттің бастапқы кезеңі екенін анықтады.


Қандағы қандай өзгерістер бұл диагнозды дәлелдейді?

Вопрос 431.

Науқас Н.67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

Вопрос 432.

46 жастағы әйел, алқызыл көпіршікті қақырықты жөтелмен қосылған ентігумен түсті. Науқас қозған, мәжбүрлі қалыпта (ортопноэ). Өкпенің барлық аймақтарында қатаң тыныс, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. ТЖ - 38 рет мин. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия -128 рет мин. АҚ - 230/140 мм с.б.б.


Асқынудың қандай түрінің дамуы БАРЫНША мүмкін?

Вопрос 433.

48 - жастағы ер адам төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып ауыратын ауыру сезімі мазалағап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ – 96 рет минутына, АҚ – 100/70 мм с.б.б. ЭКГ-да: V1-V4 шықпаларда QS; ,V1-V4 шықпаларда ST 4 мм изосызықтан жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША ықтимал?

Вопрос 434.

55 жастағы әйел бірнеше жылдан бері аяқ тамырларының варикозды кеңеюімен ауырады. Физикалық күштемемен айқын байланысы жоқ, нитраттармен басылатын, төс артындағы күйдірген, ауыру сезіміне шағымданады. Кезеңді түрде артериальды қан қысымы 160/90 мм с.б.б.жоғарылайды. ЭКГ-да арнайы өзгеріс жоқ.

Диагнозды нақтылау үшін БАРЫНША тиімді әдіс:

Вопрос 435.

Инфарктан кейінгі аневризмасы бар 42 жастағы ер адамда кенет тахикардия ұстамасы дамыды. ЭКГ-да: ЖЖЖ – 160 мин рет, QRS – 15", пішіні өзгерген, RS-T сегменті мен Т тісшесі дискордантты орналасқан. Аритмияны жоюдың бірінші сатысында әсері ең қауіпсіз, улылығы төмен, миокард жиырылу қызметін бұзбайтын және АҚҚ айтарлықтай төмендетпейтін болуы, БАРЫНША мүмкін:

Вопрос 436.

Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

Вопрос 437.

Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфарктісі анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?

Вопрос 438.

ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

Вопрос 439.

С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

Вопрос 440.

Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

Вопрос 441.

. К. атты 43 жастағы науқас сол қолға, жауырын астына таралатын төс артындағы ауырсыну сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V4 шықпаларында STсегментінің элевациясы. Науқасты емдеу жоспарына көрсетілгендердің қайсысын қолданған БАРЫНША ТИІМДІ:

Вопрос 442.

Науқаста синусты брадикардия (42- 44 мин) аясында пароксизмальды жыбырлы аритмия ұстамалары кезеңді түрде пайда болады, кейін синусты ырғақ қайтадан өз бетімен қалпына келеді. Өңеш арқылы электростимуляция қойылды. Өңеш арқылы электростимуляция кезінде қандай өзгерістер болуы мүмкін. Асистолия кезеңінің ұзақтығы:

Вопрос 443.

30 жастағы науқас бас ауыруға, бас айналуға, көру өткірлігінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: семіздік, тері асты шел май қабаты «алжапқыш» түрінде жинақталған, ай тәрізді бет, іштің бүйір бөліктерінде қызғылт-күлгін түсті стриялар; гинекомастия; иық пен білектердің терісінде петехиялар және қан құйылулар; шаштың түсуі, бұлшық еттердің тонусы мен күшінің төмендеген, олардың атрофиясы. АҚ – 220/120 мм с.б. б. АГ мүмкін болатын себептерін көрсетіңіз:

Вопрос 444.

Жедел трансмуральды циркулярлы миокард инфарктісі бар 65 жастағы науқаста шынайы кардиогенді шок және өкпе ісінуі дамыды. Шұғыл емді неден бастау кере

Вопрос 445.

Ұзақ артериалды гипертензиямен ауыратын 67 жастағы науқаста, гипертониялық криздің есебінен субарахноидальды қан құйылу дамыған. Гипотензивті емді қандай препаратты тағайындаудан бастау қажет?

Вопрос 446.

42 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді.Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

Вопрос 447.

Миокарт инфаркты бар науқаста 15-20 күн қызба, артралгия, кеуде клеткасының ауырсынуы тыныс алумен байланысты болса, не жайында ойлау қажет?

Вопрос 448.

Орта жастағы ер кісінің эпигастрий аймағы мен төс артында жедел ұстамалы ауырсыну болғанда тексеруді мынадан бастаған жөн

Вопрос 449.

18 жастағы ер бала, созылмалы гломерулонефритпен «Д» есепте тұрады, лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. АҚ - 180/100 мм c. б.б., ЖСЖ - 96 рет минутынa. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген тиімді?

Вопрос 450.

Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

Вопрос 451.

60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:

Вопрос 452.

68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде және тыныштықта пайда болатын ентігуге және төс артындағы басып ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: ЖСЖ – минутына 92 рет. АҚҚ – 110/60 мм.с.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – созылмалы коронарлық жетіспеушілік белгілері. Тиімді тағайындау:

Вопрос 453.

68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 102 рет минутына. Аяқтарында айқын ісінулер анықталады. Жүрекке түсетін күшті жеңілдету мақсатында қолданатын калий сақтаушы диуретик:

Вопрос 454.

44 жастағы науқас әйел басының ауруына, белінің ауыруына, кіші дәретке жиі шығуына және зәр шығарғанда ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. АҚ 170/100 мм с б.б. Зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Зәр анализінде аздаған белок, лейкоцитурия, бактериурия. Ренопаренхималық гипертензияны емдеудегі тиімді гипотензиялық дәрмектер:

Вопрос 455.

72. жастағы ер адам басының ауыруына, қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. Қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдостеронның деңгейі жоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия. Осы жағдайда тағайындалатын гипотензивті препараттар:

Вопрос 456.

48 жастағы науқас әйел басының ауруына, белінің ауыруына, кіші дәретке жиі шығуына және зәр шығарғанда ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚ 180/100 мм. с. б. Қан анализін зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Созылмалы тубулоинтерстициальді нефрит кезіндегі зәр анализіндегі өзгерістер:

Вопрос 457.

63 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Науқасқа ЭКГ зерттеу жүргізілді. ЭКГ-да трансмуральды миокард инфарктына тән белгілер анықталды:

Вопрос 458.

62 жастағы ер адам ауруханаға мына төмендегі шағымдармен келіп түсті: басының айналуына, оқтын-оқтын талып қалуына. Ауру тарихынан 2 жыл бұрын басынан миокард инфарктын өткізген. Об-ті: Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйық. Пульс – минутына 40 рет. ЭКГ: ЖСЖ минутына 40 рет, PQ-0,22 сек; P- үш тісшесіне 1 қарыншалық комплекстен келеді. Мұндай ЭКГ көрінісі тән:

Вопрос 459.

54 жастағы науқас әйел емханада жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлік есепте тұрады. Кезекті диспансерлік тексеруден өткен кезде науқаста холестерин деңгейінің 7,8 ммоль/л екендігі анықталған. Атеросклероз кезіндегі липидті алмасуды қалпына келтіруге арналған препараттар:

Вопрос 460.

47 жастағы науқас ер адам эпигастрий аймағы мен төс артында жедел ұстамалы ауырсынудың пайда болуына байланысты қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келіп қаралды. Об-ті: Науқастаң жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚ 130/80 мм.с.б. Пульс 88 рет. Асқазан тұсын тексергенде ауырсынулар байқалмайды. Науқасқа тағайындалатын міндетті тексеру:

Вопрос 461.

Науқас құлақ бітіп, көз қарауытуына, жүрек соғуына , ауырсынуына шағымданады. АҚҚ-90/60 Р-160 Тахикардияны басуға тиімді препарат?

Вопрос 462.

38 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді. Вазоспастикалық стенокардияның негізгі клиникалық көріністері:

Вопрос 463.

27 жастағы науқас кардиология бөлімшесіне: жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауру сезіміне және есінің тануына шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз, тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V3 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Бірінші кезекте қандай зерттеуді жүргізген тиімді:

Вопрос 464.

Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфаркты бар науқастың, 3 аптасында ЭКГ-да V1-V4 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің элевациясы, жүрек тропонин деңгейінің жоғарлауы сақталған. Осы жағдайды қалай дұрыс бағалау қажет?

Вопрос 465.

Атеросклероз кезіндегі липидті алмасуды қалпына келтіруге арналған, ең нәтижелі гиполипидемиялық препараты көрсетіңіз:

Вопрос 466.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта