Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика
| Мектеп:
|
Күні:
| Мұғалімніңаты-жөні:
|
Сынып: 6
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
| Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 6.5.1.5
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;
|
Сабақ мақсаттары
| Барлығы:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табу ережесін қолдануды біледі
|
Басым көпшілігі:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды қолданып, тапсырмаларды орындайды
|
Кейбірі:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды тиімді тәсілмен күрделі есептерде пайдаланады
|
Бағалау критерийлері
|
Қозғалыстың орташа жылдамдығын табу анықтамасын есеп шығаруда қолданады
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды түсіндіре алады;
Пәнге тән лексика мен терминология:
жылдамдық уақыт ара қашықтық қозғалыс орташа жылдамдық
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табу үшін ...
|
Құндылықтарды дарыту
| Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, мәдениетке құрметпен қарауға баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
| Физика, тарих
|
Бастапқы білім
| Қашықтық, жылдамдық, уақыт ұғымдарын және оларды табу формулаларын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
2 мин
| Ұйымдастыру.
І. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын алуын қадағалау. Сабақтың мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
ІІ. Топқа бөлу. 3 топқа. «Кімге керек?» әдісі арқылы
Оқушыларға белгілі бір сөз немесе сурет салынған карточка таратылады. Мұғалім сұрақтар қояды: «Кімге телефон керек?», «Кімге майшам керек?», «Кімге бұлт керек?». Сұрақтарға қолында осы сурет бар үш оқушы жауап беру арқылы топқа бөлінеді.
1-оқушы «Маған телефон керек, себебі мен дыбыс шығаратын заттарды жинаймын: домбыра, қоңырау және т.б.»
2-оқушы Маған майшам керек, себебі мен жарқыраған заттарды жинаймын: от, күн, т.б.»
3-оқушы Маған бұлт керек, себебі мен суға қатыстынының барін жинаймын: көл,қар т.б.»
Әр топқа бағалау парағын тапсыру. ІІІ. Қайталау сұрақтары:
Қашықтық пен қозғалу уақыты белгілі болған жағдайда жылдамдықты қалай табуға болады? Қозғалыс жылдамдығы артатын болса, белгілі қашықтықты жүріп өту барысында уақыт қалай өзгереді? Қозғалу жылдамдығы тұрақты, ал қозғалыс уақыты артатын болса, жүріп өткен жол қалай ауысатын болады?
Оқушыларды ауызша бағалау қолданылады, яғни қалыптастырушы бағалау
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
| Қағазға шығарылған түсті суреттер мен жазулар
Интербелсенді тақта, презентация
|
Сабақтың ортасы
8 мин
8 мин
9 мин
1 мин
| Жаңа сабақты түсіндіру, түсіну
Тақтаға мысал көрсете отырып, нұсқау беремін. Негізгі қолданылатын формуламен таныстырамын.
Орташа жылдамдық барлық жолды оны жүруге кеткен кеткен уақытқа бөлгенге тең. Кім шапшаң (есептер шығару) Жұптық тапсырма
№1
Ұшақ 480 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ, 600 км/сағ жылдамдықпен 0,3 сағ ұшты. Ұшақтың орташа жылдамдығын табыңыз.
Дескриптор:
Бірінші және екінші жылдамдық бойынша жүрілген жолды табады; Жолға кеткен барлық уақытты табады; Барлық жүрілген жолды табады; Ұшақтың орташа жылдамдығын табады.
№2
Велосипедші 13,6 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ тасжолмен жүріп, 0,2 сағ демалған соң, 9,8 км/сағ жылдамдықпен 0,5 сағ қара жолмен жүрді. Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табыңыз.
Дескриптор:
Тасжолмен және қара жолмен жүрілген жолды табады; Жолға кеткен барлық уақытты табады; Барлық жүрілген жолды табады; Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табады.
Жұптық тапсырма болғаннан кейін әр дұрыс бағалау критерийіне стикер беріледі. «Бірге ойлаймыз» топтық жұмыс
№1
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Бұл график үш километрлік айналма трассаның екінші айналма шеңберін өту кезінде жарыс машинасының жылдамдығын өзгеруін көрсетеді.
1 сұрақ. Старт сызығынан трассаның ең ұзын тік сызықты учаскесінің басына дейінгі қашықтық неге тең?
A. 0,5 км.
B. 1,5 км.
C. 2,3 км.
D. 2,6 км.
2 сұрақ. Екінші шеңберді өту кезінде трассаның қай учаскесінде ең төмен жылдамдық тіркелді?
A. старт сызығында.
B. шамамен 0,8 км белгісінде.
C. шамамен 1,3 км.
D.трассаның ортасында.
3 сұрақ. Машинаның 2,6 км және 2, 8 км белгілері арасында трассадан өту кезіндегі жылдамдығы туралы не айтуға болады?
Дескриптор:
- сызба бойынша жолдың басынан ең ұзын тік сызықты бөлікке дейінгі арақашықтықты табады;
- сызба арқылы қашықтықтың қай мәніне ең төмен жылдамдық тіркеледі;
- сызба арқылы берілген аралықта жылдамдықтың кемуін немесе өсуін көрсетеді. №2
ВЕЛОСИПЕДШІ ЕЛЕНА
Елена жаңа велосипед сатып алды. Оның рөлге бекітілген спидометр бар. Спидометр Елена өтіп кеткен қашықтықты және оның сапарының орташа жылдамдығын көрсетеді.
1 сұрақ. Сапарлардың бірінде Елена алдымен 10 минуттың ішінде 4 км, одан кейін келесі 5 минуттың ішінде 2 км жүріп өтті. Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A. Еленаның орташа жылдамдығы келесі 5 минутқа қарағанда алғашқы 10 минуттан артық болды.
B. Еленаның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут және кейінгі 5 минут ішінде бірдей болды.
C. Еленаның орташа жылдамдығы келесі 5 минутқа қарағанда алғашқы 10 минуттан аз болды.
D. қолда бар ақпарат негізінде Елена орташа жылдамдығы туралы ештеңе айту мүмкін емес.
2 сұрақ. Елена өзінің тәтесінің үйіне дейін 6 шақырым жүріп өтті. Спидометр орта есеппен ол сапарда 18 км/сағ жылдамдықпен жүргенін көрсетті. Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 20 минут кетті.
B. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 30 минут кетті.
C. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 3 сағат кетті.
D. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін қанша уақыт кеткенін айту мүмкін емес.
3 сұрақ. Елена 4 шақырым жерде орналасқан өзенге велосипедпен барды. Оған 9 минут кетті. Ол 3 шақырымнан тұратын қысқа жолмен үйге барды. Жолға 6 минут кетті. Еленаның өзенге және кері сапарының орташа жылдамдығы қандай болды?
Сапардың орташа жылдамдығы: ...................... км/сағ. «Көз жаттығуы» сергіту сәті
| Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 6 математика оқулығы
PISA тапсырмалар жинағы
PISA: математическая грамотность. – Минск: РИКЗ, 2020. – 252 с.
|
Сабақтың соңы
5 мин
2 мин
2 мин
| «Ой қозғау». Жеке тапсырма Сәйкестендіру тесті. Жылдамдық, қашықтық, уақытты табу формулаларын қолдану арқылы қазақ хандарының есімі мен таққа отырған жылдарын сәйкестендіріп, анықтайды.
1
| S= 4422
t= 1474
ν=?
| 1
| 2
Керей хан
| 2
| S1=1400
S2 = 1530
t = 1465
νорт=?
| 2
| 168
Тәуке хан
| 3
| S= 615,2
t= 1558
ν=?
| 3
| 799
Есім хан
| 4
| S= 3683,4
t= 1754
ν=?
| 4
| 3
Жәнібек хан
| 5
| ν= 2
S= 1598
t=?
| 5
| 0,4
Хақназар хан
| 6
| S= 1680
ν= 10
t= ?
| 6
| 2,1
Әбілмәмбет хан
|
Дескриптор: Білім алушы
- бөлу, көбейту ережелерін қолданып, өрнектің мәнін табады;
- жылдар мен есімдерді сәйкестендіреді. Сабақты қорытындылау
Топ басшылары өз тобындағы балаларды бағалау парағына бағалайды.
№
| Аты-жөні
| Кім шапшаң
(есептер шығару)
| Бірге ойлаймыз
(мәтінді есеп)
| Ой қозғау (сәйкестендіру тесті)
| 1
|
|
|
|
| 2
|
|
|
|
| 3
|
|
|
|
| 4
|
|
|
|
| 5
|
|
|
|
| 6
|
|
|
|
|
Кері байланыс
«Көңілді күн» оқушылар күннің бейнесін сәйкес шуақтарымен толықтырады. Бүгінгі тақырып бойынша түсінген, түсініксіз болған мәселелер бойынша ой қозғайды.
Кері байланыста оқушылар өз жұмысымен бірге басқалардың да жұмыстарын бағаладйы және ұсыныстарын береді.
Сары – маған түсінікті болды ...
Қызыл – менің сұрақтарым бар ...
Сабақ соңында оқушыларды сабақ барысындағы орындаған жұмыстарына қарай және оқушылардың бағалау парақшасын ескере отырып бағалаймын.
Үй тапсырмасы: №1211 есеп 131 бет.
| Үлестірме қағаздар, бағалау парағы
Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 6 математика оқулығы
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Шығармашылық тапсырмалар. Оқушылардың уәжін қалыптастыруға ұжымдық, жұптық, жеке тапсырмалар беріп, мақтаулар, мадақтаулар айту.
«Кім шапшаң» жұптық жұмыс
«Бірге ойлаймыз» топтық жұмыс
«Ой қозғау» жеке жұмыс
| Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында ауызша бағалау қолданылады. Бағалау парақшасы арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды
«Көңілді күн» кері байланысы арқылы оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеремін.
| Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.
Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.
|
Сабақбойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|