Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.4С
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
| Мектеп
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып:
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
| Сабақ тақырыбы
| Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
| Сабақ мақсаттары
| Карбон қышқылдарын атау;
Карбон қышқылдарын алу;
Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін зерттеу;
реакция теңдеулерін және тепе-теңдік константасын жазу;
нәтижесінде жоғары шығымы өнімнің қалыпты жағдайларды анықтау;
| Бағалау критерийлері
| Карбон қышқылдарын атайды;
Карбон қышқылдарын алады;
Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін зерттейді және сипаттайды;
реакция теңдеулерін және тепе-теңдік константасын жаза алады
нәтижесінде өнімнің жоғары шығымын көрсететін жағдайларды анықтай алады
| Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсат
эфир, күрделі эфирге айналдыру, сабындау, гидролиз, гидролиздеу карбонил, карбоксил, карбоксилдейді, карбоксилді, ацил, ацилирациялау, ангидрид, таралмау, альдегид, кетон, амид
майлар, сабын, жуғыш құрал, биоотын, Омега 3 және 6 қышқыл Пәнге қатысты лексика және терминология
Менің дереккөзім … болды
Мен … байқадым
Эфирлерді қолданатын өнімдер, … құрайды.
Көптеген табиғи препараттар ...
Майлар ...... гидролиздей алады.
Қышқылдық хлоридтер мен қышқылдық ангидридтер салыстырмалы, себебі...
| Құндылықтарды дарыту
| Ашықтық, өмір бойы оқу
| Бастапқы білім
| Органикалық химияға кіріспе
|
Сабақ барысы
| Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Ұйымдастыру
0-3 минут
| Сәлемдесу.
|
| Ой шақыру
6минут
| Тапсырма: «Қатені тап»
Құмырсқа альдегиді –жағымды өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері –газ сұйық, ал жоғарғылары - қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температуралары төмендейді артады. Спирттерден өзгешелігі - альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары жоғары төмен болады.
Альдегидтер химиялық белсенді қосылыстар. Олардың реакцияға түскіштігі карбоксил карбонил тобына байланысты. Қайталау:
RCH=O + 2[Ag(NH3)2]OH → RCOONH4 + 2Ag↓ + 3NH3 + H2O.
RCH=O + 2Cu(OH)2 + NaOH → RCOONa + Cu2O↓ + 3H2O.
|
|
Білімді жаңғырту
9-11-минут
5-минут
15минут
| Жаңа сабақ:
Карбон қышқылдарын еске түсіреді, олардың карбоксилды функционалды тобы бар екенін естеріне түсіріп, жалпы формуласын жазады:
R-COOH
Карбон қышқылдарының аталуы және изомериясы:
Оқушыларға тапсырма:Төменде берілген қосылыстардың формулысын жазыңыз:
5,5-диметилгексанқышқылы
5,5-диметилгексан қышқылы
2-этилбутан қышқылы
пентан-3-карбон қышқылы
3-карбокси-3-гидроксипентандиовая-1,5 кислота (лимонная)
Зертханалық жұмыс №16 «Карбон қышқылдарын алу және қасиеттері»
Оқушылар қаиеттерін зерттейді, қорытынды шығарады, реакция теңдеулерін жазады.
Алынуы. Қолданылуы.
Этерификация реакциясы
Оқушылармен жоғарыда берілген карбон қышқылдарымен жұмыс жасалынады,талдау, қорытынды шығару.
Тест орындалады.
Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
| CH3COONa , HCl, NaOH,НСООН, индикаторлары, Na2CO3,AgNO3, NH3 (еріт-і), С2Н5ОН
Қышқылдық және басқа карбон қышқылдарының қасиеттері бойынша пайдалы ақпарат:
http://www.chemguide.co.uk/basicorg/acidbase/acids.html#top
CH3COOН, НСООН, C3H7COOН, H2SO4, NaOH
С2Н5ОН, CH3OН, С4Н9ОН
С5Н11ОН
Эксперименттер тізімі:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/acidic-reactions-ethanoic-acid
http://shkola.lv/index.php?mode=lsntheme&themeid=142
Эфирлер бойынша оқушылардың эксперименттер тізімі:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/making-esters-alcohols-and-acids
http://him.1september.ru/article.php?ID=200502307
| Рефлексия
| «Білемін. Білдім. Білгім келеді. Ұсыныстар» кестесін толтыру
|
| Үйге тапсырма
| Тақырыпқа байланысты қосымша материал
|
| Қосымша ақпарат
| Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ Құндылықтар
| Бұл сабақта дифференциация жиі қолданылып тұрады. Үлгерімі төмен оқушылар көмек парақтарын алады, ал аса қабілетті оқушыларға мұғаліммен метакогнитивті сұрақ-жауап пайдалануы арқылы өз түсінігін кеңейту ұсынылады.
- эфирлердің күнделікті өмірде қолданылуы және олардан алынуы мүмкін өнімдер туралы сыныпқа ауызша түрде хабарлама ұсыну
| Бұл сабақта бағалау үшін көп мүмкіндіктер бар. Бағалау мұнда көбінесе формальды емес: оқытушы оқушыларға мұқият сұрақтар қойып, үлгерімі жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтарды қою арқылы, жеке оқушылардың қабілетін байқауға болады. Бағалауға және дифференциация қолдануға қолайлы сәттер курсивпен ерекшеленген.
| Этан қышқылын қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, Оқушылар:
* жанғыштыққа сынақ жүргізу
Оқушылар бүкіл эксперимент барысында қорғағыш көзілдіріктер кию керек. Қолданылатын сұйықтықтар өте улы болып табылады. Теріге тиген жағдайда көп су мөлшерімен жуу керек. Сондай-ақ кез келген төгілген қоспаны дереу ылғал матамен сүртіп, содан кейін мұқият жуу керек.
| Рефлексия
Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс істеді ме? Уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?
| Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Қысқаша бағалау
Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?
1:
2:
Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?
1:
2:
Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім?
|
7.3BГеологиялық химиялық қосылыстар
Сабақ №
Күні:
|
| Сынып: 7
| Сабаққа қатысқандар:
Сабаққа қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы:
| Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен
| Осы сабақта дамытылатын пән мақсаттары
| 7.4.2.1 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін, олардың қайда орналасқандығын және қалай өндірілетінін білу;
7.4.2.2 жер қыртысы көптеген пайдалы химиялық қосылыстардан тұратындығын түсу;
7.4.2.3 кен металдар және оның қосылыстарынан тұратынын түсіну;
| Сабақ мақсаттары
| Тау жыныстарындағы химиялық элементтерді атау;
Құрылыс материалындағы химиялық элементтерді атау;
Кен орындарының аттары мен пайдалы қазба түрлерін сәйкестендіру;
Кен ұғымына анықтама беру.
| Бағалау критерийі
| Оқушылар мақсатқа жетеді, егер олар:
Тау жынысындағы химиялық элементтерді атайды;
Құрылыс материалдарындағы 3-5 элементті атайды;
Кен орындарының аттары мен пайдалы қазба түрлерін сәйкестендіреді;
Кен ұғымына анықтама береді.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады:
Жер қыртысы көптеген пайдалы химиялық қосылыстардан тұратынын түсіну
Химиялық қосылыстарды атау кезінде арнайы лексиканы қолданып дұрыс айту және жазу
Пәнге қатысты лексика және терминология
малахит, әк, шикі мұнай, табиғи газ, мұнай, бензин, дизель (жанғыш отын), керосин, ауыр мұнай, жер қыртысы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Табиғи газ … орналасқан/… туындайды
Шикі мұнай/әк (және т.б.)коммерциялық құндылыққа ие, себебі…
Неге малахит/керосинбағалыболыптабылады?
| Құндылықтарды дарыту
| Жауапкершілік, өмір бойы оқу, ашықтық
| Пәнаралық байланыс
| Физика, биология, география
| Алдыңғы білім
| 7.2A Қарапайым химиялық реакциялар
7.2В Жану реакциясы
|
Сабақ кезеңдері.
| Жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Басталуы
Жалпы
5- минут)
| Сәлемдесу, жағымды атмосфера қалыптастыру.
Оқушылар презентация слайдындағы суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады
Оқушылардың өздеріне суреттер бойынша бағалау критерийлерін анықтатуға болады.
|
| Білімді жаңғырту
9-15минут
5-8минут
6минут
|
Сыныппен жұмыс. «Идеялар себеті»
Оқушылар географиядан алған білімдерін естеріне түсіреді және осы тақырып бойынша не білетіндерін дәптерге жазады. Алдымен әр қайсысы жеке, содан соң топпен талқылайды. Әр топ өз тобында талқылайды. Әр топ өз идеяларын айтады. Мұғалім бақылайды.
Сұрақтар:
1.Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
2.Қандай пайдалы химиялық қосылыстарды білесіңдер?
3.Олар табиғатта қандай күйде кездеседі?
4.Пайдалы қазбалар Қазақстанның қай жерлерінде өндіріледі?
Оқушылар пайдалы қазбалардың тізімін құрайды және қайда кездесетінін айтады. Негізгі кен орындарын атайды. Оқушылар өз идеяларымен бөліседі. Бейнебаян көрсетіледі.
Талқылау сұрақтары:
Бейнебаянда не туралы айтылған; Пайдалы қазбалар қалай жіктеледі; Металдар табиғатта қандай зат түрінде кездеседі?
Жеке жұмыс. Кестені толтыр. Қосымша 1 Оқушыларға кен орындарының аттары мен пайдалы қазбалардың түрлері жазылған қима қағаз таратылып, беріледі. Кестедегі сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.
Дайын жауап үлгісі тақтадан көрсетіледі. Бірін – бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Кестені толық толтырған. 1 балл
Кем дегенде екі ауызша сұраққа жауап береді. 2 ұпай
Кем дегенде екі аргумент айта алады, өз ойын жеткізеді. 2 ұпай Барлығы: 5 ұпай
Сабақты қорытындылау. Туындаған сұрақтарға жауап беру
| http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80&lesson=14043
Минералдар
http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=2&pn=6&s=%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0&lesson=11883
Пайдалы қазбалар
| Сабақтың соңы
5-6 минут
| Тапсырманы талқылау
Нені білемін?
Не білдім?
Нені білу керек?
|
| Үйге тапсырма
| Қосымша мәліметтерді оқып танысу.
|
|
Қосымша ақпарат
| Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?
| Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері
АКТ Құндылықтар мен байланыс (тәрбие)
| Дифференциация сабақтың көпшілігі үшін осы кезеңде жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетуге болады, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет.
| Сабақта бағалаудың әдеттегі әдістерін қолдануға болады. Алайда бағалау бұл жерде формальды емес болғаны дұрыс: мұғалім түсініктерді тереңдетуге дейін апарып, сұрақ қою арқылы оқушыларды толық сұрап шығады және жеке оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін анықтауға тырысады.
| Тапсырмалар берілген құрылымды парақтар көмегімен
Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізуарқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.
| Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?
| Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Қорытындыбағалау
Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі әрекет сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
9.4А Органикалық химияға кіріспе
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімдердің аты-жөні:
| Сынып: 9
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
| Сабақ тақырыбы:
| Органикалық заттардың ерекшеліктері.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
Көрсетілім №10 «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь, этан қышқылы, глюкоза, аминэтан қышқылы модельдері»
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| 9.4.3.1 -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру;
9.4.3.2 -көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 -функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру.
| Сабақ мақсаттары
| -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін көміртектің атом құрылысының ерекшелігімен түсіндіру;
-көмірсутектерді және олардың туындыларын органикалық қосылыстар кластарына жіктеу;
-органикалық қосылыстардың белгілі бір класқа жататындығын анықтауда функционалдық топтардың маңызын түсіну.
| Бағалау критерийлері
| - Органикалық қосылыстардағы көміртектің байланыстар санын, химиялық байланыс типін оның типтерін дұрыс көрседі;
- Органикалық қосылыстардың молекулалық, құрылымдық формулаларын жазады, олардың молекулаларының моделін құрастырады және парақтың бетінде бейнелейді;
-Органикалық қосылыс молекуласының құрамындағы функционалдық топты анықтайды және қосылысты жіктейді.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындауы тиіс :
Көміртегі атомының электрондық құрылысы туралы сұрақтарға жауап береді және оны басқаларға түсіндіреді
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, көміртек тізбектері, тармақталған, циклді қосылыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, ядро формасы, құрылысы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ...
Сыртқы қабатта / көміртегі атомында X / Y электрондары бар.
Ол X байланыстар / коваленттік байланыстар құрай алады.
| Құндылықтарды дарыту
| Органикалық қосылыстардың шар-стерженьді модельдерін құрастыру кезінде жұптық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты, оқушылар өз ойларымен бөлісу барысында бір-біріне құрметті қалыптастыру.
| Пәнаралық байланыс
| Биология – органикалық қосылыстар
Физика – зат құрылымы, үш өлшемді формула
| Бастапқы білім
| Көміртек және оның қосылыстары
| Сабақ барысы
|
|
|
|
|
|
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
| Ресурстар
| Сабақтың басы
0-3минут
| Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
| РРТ
1-4 слайдтар
| Сабақтың ортасы
5-6минут
6минут
15-минут
6минут
| І. Оқушылардың назарын сурет арқылы органикалық қосылыстардың алуан түрлілігіне аудару. (5-слайд)
Сурет бойынша сұрақтар қою.
Органикалық қосылыстар нелердің құрамдарында кездеседі?
(Күтілетін жауаптар: тірі ағзалардың, пластмассалар, дәрі-дәрмектер, синтетикалық талшықтар, жанармай және т.б)
ІІ. Органикалық қосылыстар санының өсу динамикасы берілген кесте бойынша проблемалық сұрақ қою.(6-слайд)
Не себепті органикалық қосылыстардың саны өте көп?
Органикалық қосылыстардың құрамына қандай элементтердің атомдары кіреді? (7-9-слайдтар)
Жекелеме жұмыс.
Оқушыларға көміртегі атомының құрылысын жазуды ұсыну. Уақыт біткен соң дәптерлерін ауыстырып тақтадағы мұғалім жауабымен сәйкестендіріп бір-бірінің жұмысын тексереді.
Қорытынды:
Органикалық заттар – көміртектің қосылыстары.
Қосылыстарда көміртегі атомы басқа атомдармен төрт байланыс түзеді.
Органикалық химия – органикалық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және айналуын зерттейтін ғылым.
ІІІ. Органикалық қосылыстардың формулаларын жазу жолдары.
А) Молекулалық формула молекула құрамындағы атомдардың санын ғана көрсетеді, бірақ олардың қалай байланысқаны туралы мәлімет бермейді.
В) Эмпирикалық формула молекуладағы әртүрлі атомдардың арақатынасын көрсетеді, олар мүмкін болатын бүтін жай сандармен белгіленеді.
С) Құрылымдық формулалар молекуладағы атомдардың өзара қалай байланысқанын көрсетеді.
D) Қысқартылған құрылымдық формулада көміртек-сутек байланыстары толық көрсетілмейді.
Е) Қаңқалық формулада көміртегі мен сутегі атомдары, және С–Н байланыстары көрсетілмейді.
Сыныппен жұмыс. Тапсырма. С4Н10 – бутанның эмпирикалық, құрылымдық және қаңқалық формулаларын жазыңыздар.
Жауабы:
Молекулалық формула
| С4Н10
| Эмпирикалық формула
| С2Н5
| Толық құрылымдық формула
|
| Қысқартылған құрылымдық формула
| СН3–СН2–СН2–СН3 немесе
СН3СН2СН2СН3
| Қаңқалық формула
|
| Ғ) Құрылымдық формуланы үшөлшемді бейнеде жазу.
Үшөлшемді бейнеде жазу молекуланың кейбір бөлімдерін толық жазуға көмектеседі. Үшөлшемді бейнені жазудың шарттары бар:
Жазықтықтағы байланыс
Жазықтық артындағы көрінбейтін байланыс
Жазықтық алдындағы байланыс
Оқушыларға молекулалардың шарөзекті модельдері таратылады.
Жұптық жұмыс (і) Алдарыңызға берілген молекулалардың шарөзекті моделін пайдалана отырып, берілген органикалық қосылыстардың молекулалық моделін құрастырыңыздар: Метан СН4, Метанол СН3ОН (іі) Осы қосылыстардың қағаз бетіне үш өлшемді құрылысын суреттеңіздер
Ж еке жұмыс
Қосылыстардың а) құрылымдық; б) үшөлшемді бейнедегі формуласын жазыңыздар.
А) пропан (С3Н8)
В) этанол (С2Н5ОН)
С) хлорметан (СН3СІ)
Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы бірін – бірі тексереді.
Бағалау критерийі:
- Берілген молекулалардың кеңістіктегі үшөлшемді бейнесін дұрыс құрастыра алады;
- Берілген молекулалардың кеңістіктегі бейнесін дәптерге дұрыс кескіндей алады
Органикалық қосылыстардың бейорганикалық қосылыстардан өте көп екенін білдік. Ендеше оларды қалай және қандай қасиеттеріне сүйене отырып жіктей аламыз? Оқушылардың ойларын тыңдау.
Функционалдық топтар ұғымымен таныстыру үшін тақтадан метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь, этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері немесе құрылымдық формулалары көрсетіледі.
| РРТ
5-слайд
6-слайд
7-9-слайдтар
| 4минут
| Білімді бекіту үшін оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
Жұптық жұмыс
Тапсырма: Берілген қосылыстағы функционалдық топты қоршаңыздар және қай класқа жататындығын анықтаңыздар.
| 2- қосымша
| Сабақтың соңы
3минут
| Оқушылармен сабақтың оқу мақсаттарына оралу.
Мен үшін тиімді болды ...
Сабақ басында білмейтін, сабақ соңына дейін түсінгенім ...
Үй тапсырмасы:
Сіздерге органикалық қосылыстардың негізгі кластары берілген. Жалпы формуласына сүйене отырып, құрамында үш көміртек атомы бар өкілінің құрылымдық формуласын жазып, ондағы функционалды топты көрсетіңіз:
1. Көмірсутектер (алкан, алкен, алкин (RH));
2. Галогентуындылар (RHal);
3. Спирттер (ROH);
4. Альдегидтер (RCHO);
5. Карбон қышқылдары (RCOOH);
6. Аминқышқылдар (NH2RСООН).
| Жапсырма қағазы
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Барлық оқушылар Органикалық қосылыстардың көміртегіден құралатынын біледі, органикалық заттарға мысалдар келтіре алады, оларды ажырата алады.
Көпшілік оқушылар органикалық қосылыстардың үш өлшемді бейнесін сыза алады, органикалық заттардың неліктен көп екендігін химиялық байланыстар тұрғысынан түсіндіре алады.
Кейбірі Органикалық қосылыстарды жіктейді, функционалдық топ ұғымына түсінік береді
| Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.
Сабақтың барысында қойылған сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау, бірін – бірі бағалау, оқушының өзін - өзі бағалауы жүзеге асырылады
| Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың органикалық қосылыстардың жіктелуі, көп түрлілігі мен функционалдық топтар жайлы білімді қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді.
| |