Главная страница

ҚМЖ ХИМИЯ. Сайлауова Жамила. за мерзімді жоспарды блім 11. 4A тірі аза химиясы


Скачать 68.82 Kb.
Названиеза мерзімді жоспарды блім 11. 4A тірі аза химиясы
АнкорҚМЖ ХИМИЯ
Дата14.10.2022
Размер68.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСайлауова Жамила.docx
ТипДокументы
#733733

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім: 11.4A

Тірі ағза химиясы





Күні:

Сынып: 11




Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

Полипептидтер құрылымын анықтау.

Практикалық жұмыс №8 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:


11.5.1.24 гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;

11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;

11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Гидролиз реакциясы бойынша полипептидтің құрамын анықтайды, ақуызға сапалық реакцияларды және ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасайды.

Басым бөлігі: Нәруыздардың ауыр металл тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін , тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазып, таныстырады.

Кейбірі: : Адам мен жануар тіршілігіндегі нәруыздың рөлін сипаттай алады, сандық есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

- Гидролиз реакциясы бойынша полипептидтің құрамын анықтайды.

- Ақуызға сапалық реакцияларды және ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасайды.

- Нәруыздардың ауыр металл тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырады.

- Тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазып, таныстырады.

- Адам мен жануар тіршілігіндегі нәруыздың рөлін сипаттай алады

-Сандық есептерді шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдылар: оқылым,айтылым, жазылым, тыңдалым


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: гидролиз, денатурация, ксантопротеин реакциясы, цистеин реакциясы, түсті реакциялар

Сыныптағы диалог:

  • Нәруыз гидролизі деген не?

  • Нәруызға қандай түсті реакциялар тән?

  • Адам мен жануар тіршілігіндегі нәруыздың рөлін сипаттаңдар.

  • Нәруыздың физикалық қасиеттерін сипатта.




Құндылық-

тарды дарыту

«Мәңгілік ел!» идеясының ұлттық құндылықтары аясында оқушылар бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттерін жетілдіреді

Пәнаралық байланыс

Биология

7.4.1.3 азық-түліктер құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар болуын дәлелдеу

8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау

Алдыңғы білім

11.5.1.20 өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;

11.5.1.21 ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;

11.5.1.22 ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;

11.5.1.23 ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру
3 минут

5минут

Оқушылардан бір-бір заттан жинап алып, 3 топтың үстеліне қайта қойып шығамын. Әр оқушы өз заты қойылған топқа жайғасады.

«Жақсы тілектер жалғасын тапсын»

1-ші топ жақсы сөздермен тілек айту арқылы бастайды. Соңғы біткен әріппен келесі топ ары қарай жақсы тілек айтады.

«Синквейн жазу» жұптық жұмыс

«Синквейн жазу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:

Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы- «Нәруыздар»

Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.

Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.

Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.

Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.

Әр топтан бір оқушы «Синквейнді» оқиды.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалаймын

Оқушы заттары
Дәптермен жұмыс

Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут

10 минут

5минут



Мұғалімнің түсіндірмесі (тыңдалым дағдысы қалыптасады)

Слайдтан нәруыздың физикалық және химиялық қасиеттеріне сипаттама беріп, сәйкес реакция теңдеулері, нәруыздардың функциясы туралы айтып өтемін.

«Олжалы бестік» әдісі арқылы тақырыпты ашамыз. Топтық жұмыс

«Олжалы бестік» ойыны ойнатылады. Тапсырмалар тақтаға ілінеді. Әр топтан бір оқушы шығып тапсырмаларды алады. Топпен талқылап, жауабын тақтада айтады.

«Мықты болсаң, тауып көр»

Нәруыз гидролизі нәтижесінде мына төмендегідей аминқышқылдары алынған болса, нәруыздың жалпы құрылымдық формуласы қандай болғаны?

  1. Глицин

  2. Цистеин

  3. Серин

«Жүйрік болсаң, шауып көр»

O H O H O

| | | | | | | |

-NH-CH2- CH2- CH2- CH2-CH-C-N-CH-C-N-CH-C-……+nH2O

| | |

NH2 CH3 CH2-CH2-COOH

Реакцияны жалғастыр
«Зерек болсаң, айтып көр»

Нәруыздың физикалық қасиеттерін сипатта.

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Нәруыздардың функциясы туралы не білесің?

«Ойлы болсаң, озып көр»

Абайдың бір шумақ өлеңін оқы да, сыйлықты ұтып ал

Дескриптор

-Гидролиз реакциясы бойынша полипептидтің құрамын анықтайды.

-Адам мен жануар тіршілігіндегі нәруыздың рөлін сипаттай алады.

-Нәруыздың физикалық қасиеттерін айта алады.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін –бірі бағалайды

2-тапсырма Топтық жұмыс

Практикалық жұмыс №8 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»

1-топ Нәруыз денатурациясы

Ауыр металл тұздарымен нәруызды тұнбаға түсіру


Реактивтер

Химиялық құрал жабдықтар

жұмыртқаның ақуызы , мыс(ІІ)сульфаты ерітіндісі, қорғасын ацетаты

Сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы

Жұмыстың барысы

Екі сынауыққа көлемі 1 мл жұмыртқаның ақуызын құйыңдар. Біріншісіне бір тамшы мыс (ІІ) сульфатын,екіншісіне бір тамшы қорғасын ацетатын қосыңдар.Не байқадыңдар? Нәруыздың ауыр металл тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырыңдар.

Дескриптор

- «Ауыр металл тұздарымен нәруызды тұнбаға түсіру» тәжірибесін жасайды.

- Не байқағанын тұжырымдайды.

- Нәруыздың ауыр металл тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырады.
2-топ Нәруыздың түсті реакциялары

Ксантопротеин реакциясы


Реактивтер

Химиялық құрал жабдықтар

жұмыртқаның ақуызы , концентрлі азот қышқылы

Сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, спиртшам


Жұмыстың барысы

Сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған

0,5-1 мл концентрлі азот қышқылын абайлап қосыңдар.Сынауықты 2-3 мин қыздырыңдар. Не байқадыңдар? Тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазыңдар.

Дескриптор

- «Ксантопротеин реакциясы» тәжірибесін жасайды.

-Не байқағанын тұжырымдайды.

- Тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазады.
3-топ Қыздырудың нәруызға әсері

Реактивтер

Химиялық құрал жабдықтар

жұмыртқаның ақуызы , су

Сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, спиртшам


Жұмыстың барысы

Сынауыққа 2мл нәруыз ерітіндісін құйып, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. Сынауық салқындаған соң, түзілген тұнбаға 5-7мл су қосыңдар. Не байқадыңдар? Нәруыз суда ери ме? Процесс қайтымды ма?
Дескриптор

- «Қыздырудың нәруызға әсері » тәжірибесін жасайды.

-Не байқағанын тұжырымдайды.

- Ұйыған нәруыз неге суда ерімейтінін түсіндіреді.
Орындап болған соң әр топ өз жұмысын таныстырады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар өзін-өзі бағалайды
3-тапсырма Жеке жұмыс

«Есеп білгеннің есесі кетпес» әдісі бойынша сандық есептер шығару:

Құрамы ала-гис-цис болатын трипептидті алу реакция теңдеуін жазыңдар.Трипептидтің құрамындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.

Дескриптор

-Есептің шартын жаза алады.

-Құрамы ала-гис-цис болатын трипептидті алу реакция теңдеуін жазады.

-Трипептидтің құрамындағы азоттың массалық үлесін табады.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісімен оқушылар өзін –өзі бағалайды


Слайд№1


Кеспе тапсырма

лар

Слайд №2

Дұрыс жауаптар жазылған


Оқулықпен жұмыс

Сыйлық

Құрал жабдықтар,реактивтер

Флипчарт,

маркерлер

Слайд №3

Дескрипторлар жазылған

Есептің дұрыс шығару жолы көрсетілген слайд


Сабақтың

соңы

2 минут


«Табыс сатысы» әдісі:

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 


Кері байланыс қағазы

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Үй тапсырмасын сұрау үшін «Синквейн жазу» әдісін, жаңа тақырыпты ашу үшін «Олжалы бестік» ойынын жүргіземін. Химиялық реакция теңдеулерін жазу және сандық есептерді шығару дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлемін.

Жоғары деңгейдегі оқушыларға ашық сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру , проблема қою және оны шешудің тәсілдері мен жолдарын табу біліктері мен дағдыларын дамыту, білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәжірибелік жұмыстар жасатамын.


Сабақта орындалатын тапсырмаларға дескриптор қою арқылы, тапсырмалардың орындалу барысын үнемі қадағалап, логикалық қорытынды жасаймын



Тәжірибе жасағанда химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң қадағалаймын


Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?

Уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


написать администратору сайта