Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова Ж.Б Сынып

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.3.1-компьютерлік желілерді топтастыру

  • Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар

  • Пәнге қатысты лексика мен терминдер

  • Диалогтермен жазу үшін қолданылатын тіркестер

  • Тақырып бойынша алдыңғы білім

  • Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • «Өрмекші торы»

  • Бағалау

  • Физика пәнінде «Физика және техника» тақырыбындағы спутниктік байланыс жайлы білімдерін еске түсіремін

  • «ШИНА» 2-топқа:«Әшекей бұйым болып табылады, Арудың саусағына салынады»«САҚИНА»

  • 4/ «Автобус аялдамасы» әдісі

  • Бағалау

  • Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

  • Компьютерлік желілер және оның жіктелуі. за мерзімді жоспарды тарау в желі жне ауіпсіздік


    Скачать 0.88 Mb.
    Названиеза мерзімді жоспарды тарау в желі жне ауіпсіздік
    АнкорКомпьютерлік желілер және оның жіктелу
    Дата21.10.2021
    Размер0.88 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла.docx
    ТипДокументы
    #252928

    Ұзақ мерзімді жоспардың тарау:

    7.1.В Желі және қауіпсіздік

    Мектеп:

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова Ж.Б

    Сынып: 7 «А»

    Қатысқандар:

    Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы

    Компьютерлік желілер және оның жіктелуі




    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    7.1.3.1-компьютерлік желілерді топтастыру

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар:

    компьютерлік желілерді топтастырады

    Оқушылардың басым бөлігі: Компьютерлік желі топологиясының ерекшеліктерін сипаттап топтастырады.

    Кейбір оқушылар:

    компьютерлерді желіге қосудың түрлі тәсілдерін біледі және схемасын сызады

    Бағалау критерийі

    Компьютерлік желілердің анықтамасын сипаттайды.

    Желілік топология түрлерін анықтайды

    Тілдік мақсаттар


    Термин сөздерді пайдаланып компьютерлік желі түрлерін, ерекшеліктерін және олардың атқаратын қызметін сипаттап айтады.

    Пәнге қатысты лексика мен терминдер

    Компьютерлік желі, кабельдік арна, топология, Wi-Fi (Wireless Fidelity ), протокол, сымсыз желі, Web – сервер

    Диалогтермен жазу үшін қолданылатын тіркестер

    Компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін ... пайдаланған ақылға қонымды.

    Деректерді тарату ортасына қарай ..................және ............ деп бөлінеді.

    Желілерді топтастыру біз үшін .............................қажет.

    Телекоммуникация-ғаламдық желі бойынша ...............процесі.

    Құндылықтарға баулу


    Достық қарым-қатынас жасауға (топтық, жұптық жұмыс жасауда), жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.

    Пәнаралық байланыс

    Қазақ әдебиеті 5-сынып «Жұмбақтар» (жаңа тақырыпты ашуда)

    Физика және астрономия 7-сынып «Физика және техника» (жаңа тақырыпты түсіндіргенде)

    Тақырып бойынша алдыңғы білім


    Компьютер құрылғыларының бір орталықтан басқарылуы, сервер, компьютерлік желі (5-сынып информатика)



    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Ұйымдастыру кезеңі:

    Үй тапсырмасын сұрау.

    Тақырыпты ашу



    • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

    • Ынтымақтастық атмосферасын құру «Шаттық шеңбері» арқылы оқушыларға жақсы лебіздер айту.

    «Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу

    1. – топ «Сақина»тобы

    2. – топ «Жұлдыз»

    3. – топ «Шина»

    «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-біріне өткен «Файлды форматтау» тақырыбы бойынша сұрақтар қоя отырып, жіпті лақтырады.

    1.Архивтеу деген не?

    2.Фонограф бағдарламасы дегеніміз не?

    3.Дыбыстық файлды қалай жасаймыз?

    4.Дыбыстық файлды құжатқа енгізу жолы.

    5.Компакт –дискідегі бағдарламаны орнату жолы.

    6.Бағдарламаны орнату файлдары

    7.Архивтелген файлға мысал келтір

    8.Евгений Рошаль қандай программаның авторы?

    Бағалау: «Кімнің сұрағы ұнады?», «Кімнің жауабы ұнады?» деген сұрақтар арқылы «мадақтау»әдісімен өзара бағалау жүреді.

    Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ой толғау» әдісі бойынша оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоямын:

     1.Қолымыздағы жіп қалай байланысқан?

     2. Бұл пайда болған өрмек не нәрсеге ұқсайды?

     3. Біздің бүгінгі сабағымызға қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар ?

     4. Сыныптағы компьютерлер бірі-бірімен байланысып тұр ма?

    5. Басқа бөлмеде немесе басқа ғимаратта орналасқан компьютермен қалай байланыс орнатуға болады?

    7.Желі ұғымын қалай түсінеміз?

    8.Желінің қандай түрлерін білеміз?

    Сабақ тақырыбы және сабақ соңында оқушыларға қандай нәтижеге қол жеткізетіндеріне пайымдау жасатып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырамын.




    Сурет қиындылары

    Түстер бойынша




    Сабақтың ортасы

    Топтық жұмыс:

    Жұптық жұмыс


    Жаңа сабақты «Компьютерлік желілер» тақырыбындағы бейнеролик көрсетуден бастаймын. Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісімен бейнеақпаратқа байланысты сұрақтар қоямын:

    1. Бейнероликтен не көрдік?

    2. Көргендерімізді информатика сабағында қолданып жүрміз бе?

    3. Компьютерлік желі туралы қандай мағлұматтар алдық?



    • Физика пәнінде «Физика және техника» тақырыбындағы спутниктік байланыс жайлы білімдерін еске түсіремін.

    «Бұл не?» әдісі арқылы топтық жұмыс жасатамын.

    Алдын ала дайындалған 3 конверт 3 топқа таратылып беріледі. Барлық конверт ішінде қағаздан жасалған 5 компьютер және жіп беріледі. Үшінші топ конвертіне қосымша комутатор суреті салынған.

    Конверт сыртына келесі жұмбақтар беріледі, жұмбақтың жауабы топтың атауы болады

    1-топқа:

    «Аналық тақшаның бөліктері арасында ақпарат тасымалдайдытын құрамдас бөлігі»

    «ШИНА»

    2-топқа:

    «Әшекей бұйым болып табылады,

    Арудың саусағына салынады»

    «САҚИНА»

    3-топқа:

    «Көп моншақ үй үстінде қойдым шашып

    Қарасам толып жатыр көзін ашып

    Үйіме сәулеленіп түссе жарық

    Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып»

    «ЖҰЛДЫЗ»
    1/ Оқушылар берілген жұмбақты шешіп топ атын анықтауы керек.

    2/ Сосын конвертті ашып ішіндегі заттарды көріп, оқулықтан іздене отырып, топ атына сәйкес топология моделін жасаулары керек.

    3/ Және әр топ осы топология түріне байланысты мәліметті оқулықтан, қосымша ақпараттық ресурстардан ізденіп тұжырымдар жасап парақшаға жазады.

    4/ «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы топтар арасында жазылған ресурстарын сағат тілі бойынша айналдырып отырады.

    Бағалау: Топтар бірін – бірі «Бутерброд» әдісі арқылы өзара бағалайды.

    Оқушыларды жұптарға бөлемін. Оқушылар бос сызбаның ішіне желілер топологиясын толтырып, жұп болып жұмыс жасап оқушылар арасында сөздік қарым-қатынасы орнайды.

    1-жұпқа: Оқушылар бос сызбаның ішіне желілер жайлы схеманы толтырыңыз





    2-жұпқа: Ақпараттық диктантты толтырыңыздар

    ................-бұл бір – бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің ................ бар:

    ..............-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;

    .................. - қала, облыс, ел шегінде біріктірілген ................. тобы;

    ...................- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.

    Компьютерлер бір-бірімен .......................арқылы байланысады.

    Барлық компьютерлерден ..........................................қағаз басуға жіберіледі.
    Бағалау: Жұптық жұмысты оқушылар бірін – бір «бағдаршам» арқылы бағалатамын.



    Жеке компьютердегі жұмыс

    • Компьютердің жұмыс үстеліндегі «Сеть» жарлығы арқылы осы компьютерлік сыныпта қанша компьютер барын анықта

    • компьютерлік сыныптағы компьютерлердің желіге қосудың түрлі тәсілдерін ойластырып, схемасын мәтіндік редакторда сыз.

    Бағалау: түрлі-түсті стикерлер беру арқылы бағалаймын

    Қосымша тапсырма:

    Тапсырманы жылдам қарқынмен орындайтын оқушыларға:

    Шағын зерттеу жаса. Әуежайда, ірі супермаркеттерде, үйде және сыныпта қандай желілер топологиясы қолданылатынын ойлан, интернет желісінен ақпаратар ізде.

    https://youtu.be/2qlsT2Uop0w







    Қосымша ақпарат ресурстарды таратамын

    стикер



    Қосымша ақпарат ресурстарды таратамын



    Сабақтың соңы

    5 мин

    1 мин

    Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

    Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

    Бағалау критерийі:

    Білім алушы

    • Компьютерлік желілерді анықтайды

    • Компьютерлік желілердің қызметін сипаттайды


    Тапсырма 1.

    Қалып кеткен сөздерді жазыңыз. _______________желі — үлкен территорияны қамтитын және өзіне_____________ компьютерлер санын қоса алатын ___________________желі.
    Дескрипторлар:

    Білім алушы - компьютерлік желілер түрлерін сипаттайтын қалып кеткен сөздерді орнына қояды.
    Тапсырма 2.

    Компьютерлік желілердің түрлерін анықтаңыз және сипаттаңыз.



    Дескрипторлар:

    Білім алушы

    - компьютерлік желілер түрлерінің атауын көрсетеді;

    - компьютерлік желілер түрлерінің қызметін сипаттайды.

    Бағалау: Ауызша жеке-жеке кері байланыс беремін


    • Кері байланыс. Оқушыларға «Рефлексия пирамидасы» салынған парақшалар таратып, оқушылар жауаптарына қарай отырып ауызша кері байланыс беремін.

    Рефлексия пирамидасы


    Үйге тапсырма:

    1/ «Компьютерлік желілердің түрлері» жайлы ақпараттар жинақтап келу;

    2/ Жергілікті желілерді ұйымдастыру үшін керекті құрал-жабдықтар тізімін жасап, дәптерге жазыңдар


    Оралмалы қағаздар

    Дыбыс ойнатқыш

    Оқулық Информатика 7 сынып

    Авторы: Махамбетжанов С. Сербин В. Исабаева Д

    http://expert.atamura.kz/kz/books/grade/7


    Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

    Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




    Топқа бөлуде аралас топтар құрылуына мән беремін

    Тапсырмаларды орындауда қосымша ақпараттық ресурстар және диалог арқылы қолдау көрсетемін.

    Оқушының қажеттілігіне мен қабілетіне қарай тапсырмалар беремін.

    Әр оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, олар өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіп отырамын.

    қарқынына қарай шығармашылық бағытта тапсырмалар беремін.


    Оқушылардың топтық, жұптық және жеке тапсырмаларды орындауына қарай әртүрлі әдіс-тәсілдермен кері байланыс жасап бағалаймын. оқушыны сын қабылдай отырып, өзгені бағалауда, шынайы, нақты болуын қадағалаймын.

    Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын алуда оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтай отырып тиімді кері байланыс беремін және бұл келесі сабақты жоспарлауыма және оқушының олқы тұстарын дер кезінде түзетуіме мүмкіндік береді


    Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі

    Тапсырма орындау барысында АКТ пайдалынылады


    ҚАЛЫП КЕТКЕН СӨЗДЕР:

    Компьютерлік, жергілікті, үй іші, спутниктік, ауқымды, кішкентай, үлкен, үлкен емес, кейбір

    Еске сақтау

    керек маңызды

    бір нəрсе


    написать администратору сайта