Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы
| Мектеп: Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектеп
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Бисенбаева Айгерім
| Сынып: 9
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың
тақырыбы:
| ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды?
| Сабақ негізделген оқу мақсаты
| 9.4.1.2 - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау
| Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар:
«Инфляция», «дағдарыс», «стагнация», «тоқырау кезеңі» ұғымын түсіндіреді; ХХ ғасырдың 1960 жылдарындағы экономикалық дағдарыстың салдарларын ажыратады;
Оқушылардың басым бөлігі: Экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай реформалар қабылданғандығын анықтайды;
Кейбір оқушылар: «Тоқырау» ұғымының екі - оң және теріс жақтарын талдайды
| Бағалау критерийлері
| - «Инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын анықтайды;
- XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын сипаттайды
| Ойлау дағдыларының деңгейлері
| Білу, түсіну, қолдану
| Тілдік мақсат
| Оқушылар топтарда Хрущев саясатының дағдарысы, Н.С.Хрущевтың отставкаға кетуі және саяси режимнің тұрақтануы, тоқырау кезеңінің мәнін
қорытындылайды (айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдылары).
Негізгі ұғымдар: инфляция, стагнация, бюджет,капитал, тауарлар, рецессия, тоқырау кезеңі, бюджет тапшылығы ұсыным және сұраным, капиталистік, социалистік
Диалог/жазылымға арналған сұрақтар
Мен өз ойымды мына дәлеледерге сүйене отырып негіздеймін, себебі.......
Басқа да маңызды оқиғалар.......
Менің неге бұлай ойлайтынымның дәлелі........................................
Басқа да маңызды оқиғаларға................................жатады
| Тарихи концепт
| Себеп пен салдар
| Құндылықтармен байланыс
| Отан сүйгіштік, азаматтық жауапкершілік, төзімділік; шығармашылық сын тұрғысынан ойлау; қарым- қатынас жасау қабілеті
| Пәнаралық байланыс
| 9 сынып. Қазақстан тарихы – «Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері» тақырыбы
| Алдыңғы білім
| Екінші дүние жүзілік соғыс салдарларын, ұлттық мемлекеттердің қалыптасу үдерісі, әлемдік экономикалық дағдарыс, әлемнің екі полюсті жүйесінің күйреу себептері мен салдары туралы бастапқы білімдері бар
| Сабақтың барысы
| Жоспарланған уақыт
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
4 минут
| Ұжымдық жұмыс – «Ойлан-тап» әдісі
Шарты: оқушылардың назарына 1960 жылдардағы КСРО видеоролик көрсетіліп, осының аясында сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Сынақтан өткізу сұрақтары арқылы оқушылардың бастапқы білімі анықталады. Видеода қай ел туралы айтылды?
Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқу мақсатын анықтайды.
Бағалау: Мұғалім бағалауы – «Мадақтау» әдісі
|
Интербелсенді тақта
1960 жылдарда ғы КСРО
https://www.youtube.com/watch?v=Bfuf7UfPCE8
| Сабақтың ортасы
32 минут
| Тапсырма 1. Жеке жұмыс – «Терминдер конверті» әдісі
Шарты: Төменде берілген термин сөздердің анықтамасын түсіндіріңіз.
Инфляция – Дағдарыс – Стагнация – Тоқырау кезеңі – Бесжылдық – Мемлекеттік жоспары –
Бағалау: Өзін-өзі бағалау - «Дайын жауап парағы арқылы» әдісі Топтастыру
Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу. Үлестірілген қағаздарда топ аттары жазылады.
1-топ - «инфляция»
2-топ - «дағдарыс»
3-топ - «тоқырау кезеңі» Тапсырма 2. Топтық жұмыс – "Ойлан, бірік, бөліс" әдісі
Шарты: ХХ ғасырдың 1960 жылдарындағы экономикалық дағдарыстың салдарларын ажыратады.
Мәтінмен жекелей танысады. Мәтінмен танысып болған соң, топта талқылайды, плакатқа түсіріп, әр топтың баяндамашысы өз жұмысын қорғайды. Постер рәсімдеу. 1-топ. Хрущев саясатының дағдарысы 2-топ. Хрущевтың орнынан алынуы 3-топ. Тоқырау кезеңінің мәні және қорытындылары Бағалау: Өзара бағалау - «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Оқушыларды сергіту сәті. “Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Тапсырма 3. Жұптық жұмыс – «Тарихи мозайка» әдісі Шарты: экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай реформалар қабылданғандығын анықтайды. Адасқан сөздерден сөйлем құрастыру.
«Косыгин реформасы» атанған 1965 қабылданды жылы реформаны қыркүйекте туралы экономикалық бастау шешім Бағалау: Өзін-өзі бағалау - «Бағдаршам» әдісі
Тапсырма 4. Жеке жұмыс – «Фишбоун» әдісі Шарты: «тоқырау» ұғымының екі - оң және теріс жақтарын талдайды
Бағалау: Мұғалім бағалауы – «Мадақтау» әдісі Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма№1 «Сәйкестендіру тесті» Тапсырма№2 «Сызбамен жұмыс»
| Слайд Үлестірмелі қағаздар
А-4 қағазы, маркер, стикер, филипчарт.
Сергіту сәті
Таратпа материалдар
Таратпа материалдар
Таратпа қағаздар
| Соңы
4 мин
| Рефлексия. ҚҚҚ
Құнды --------------------------------------
Қызық --------------------------------------
Қиын -----------------------------------------
| Кері байланыс
| Қосымша ақпарат
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
| Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық, АКТ-мен байланыс.
| Оқушыларға тапсырма дереккөз, қарқынына қарай саралау жүргіземін.Осыған байланысты қажеттілігіне қарай қолдауды ұйымдастырамын.Қажеттіліктерін анықтау үшін сұрақ қою техникасын пайдаланамын. Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгей тапсырмаларын ұсынамын.
| №1. Өзін-өзі бағалау - «Дайын жауап парағы арқылы» әдісі
№2. Өзара бағалау - «Екі жұлдыз бір ұсыныс» №3. Өзін-өзі бағалау - «Бағдаршам» әдісі
№4. Мұғалім бағалауы – «Мадақтау» әдісі
| Сергіту сәті: “Еден-төбе-мұрын” ойыны; Уақытты тиімді пайдалануға баулу; Кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасы ескертіледі; Тапсырманың оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай беріледі.
| Рефлексия
| Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
| Рефлексия. ҚҚҚ
Құнды --------------------------------------
Қызық --------------------------------------
Қиын ----------------------------------------
|
| Қорытынды бағамдау
| Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Қалыптастырушы бағалау парағы
Тақырып
| ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды?
| Оқу мақсаттары
| 9.4.1.2 - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау
| Ойлау дағдыларының деңгейлері
| Білу, түсіну, қолдану
| Бағалау критериі
| - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын анықтайды;
- XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық
дамуын сипаттайды
| Тапсырма№1 «Сәйкестендіру тесті»
Шарты: «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын сәйкестендіру арқылы анықтаңыз
| Сұрақ
| Жауап
| 1
| Инфляция
| мәселенің асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді.Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.
| 2
| Дағдарыс
| саясатта, экономикада, мәдениеттегі және т.б.экономикадағы, өндірістегі, саудадағы және т.б. тоқырау тоқырау. Саясатта қоғамдық өмірдегі тоқырау саяси селқостықпен, тұрғындардың саясаттан бас тартуымен сипатталды
| 3
| Стагнация
| бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі
|
| Бағалау критериі
| Дескриптор
| «инфляция»,«дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын анықтайды
| - инфляция, дағдарыс, стагнация ұғымын анықтамасын біледі;
- дұрыс жауапты сәйкестендіреді.
| Тапсырма№2 «Сызбамен жұмыс»
Шарты: XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын сипаттаңыз 1.
XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын сипаттаңыз
2. 3.
| Бағалау критериі
| Дескриптор
| XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын сипаттайды
| - XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуында болған өзгерістерді анықтайды; - сипаттап, жазады.
| |