Главная страница

Өзімнің отбасым. 0010(1)ӨЗІМНІҢ ОТБАСЫМ ТУРАЛЫ26.09. зімні отбасым туралы (З. Батталхановты естеліктерінен)


Скачать 44.5 Kb.
Названиезімні отбасым туралы (З. Батталхановты естеліктерінен)
АнкорӨзімнің отбасым
Дата17.01.2023
Размер44.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла0010(1)ӨЗІМНІҢ ОТБАСЫМ ТУРАЛЫ26.09.doc
ТипДокументы
#890979

ӨЗІМНІҢ ОТБАСЫМ ТУРАЛЫ

(З. Батталхановтың естеліктерінен)

Біздің Албан руының ішінде Қажбамет, Қажбаметттен Ағымсары, Ағымсарыдан Оразбек, Оразбектен Жаманқұл, Жаманқұлдан Майемер, Майемердің бес баласы болған екен: Малай, Үмітбай, Тоқсанбай, Кіндікбай, Мырзахан, Мырзахан мен Кіндікбайдан ұрпақ жоқ, олар жастай қайтыс болыпты.

Малаймен, Үмітбайдан тұқым бар, немере шөберелері Ұйғыр ауданы, үлкен-кіші Дихан ауылында тұрады. (Малайдың немересі Дәлен -одан алты-жеті ұл-қыз, Үмітбайдың немересі - Шынжырбай, бұданда жеті- сегіз ұл- қыз бар).

Ал, Тоқсанбай, менің атам. Тоқсанбайдан жалғыз ұл Батталхан, Батталханнан үшеу болған. Үлкені мен, інім Болысбек, Отан соғысында қаза тапты. Бір қыз бар. Оның аты Адас. Одан жалғыз ұл бар - аты Серік. Серіктен- бір ұл, екі қыз бар.

Ал, менің үлкен атам Тоқсанбай туралы өткен кітабымда аздап жазғанмын. Солай болса да балалрым үшін, тағы қайталап жазсам артық болмас деп ойлаймын.

Тоқсанбай, екі сайлау болыс болып сайланған екен. (Шамамен 1915-1920 жылдар арасында. Әкемнен жас қалдым да, соғысқа үшеуіміз де аттандық, қайтып, әкемді де, інімді де көре алмадым).

Бұл кісі біраз ауқатты болған екен. Жаз жайлауы - Қалжат үлкен Ашаноха өзендерінің басы Кетпен тауының ең биік Тоқсанбай шоқысы деп аталатын шоқының астындағы кең жазық - ойырма екен. Ал, қыс қыстауы, Қалжат пен үлкен Ашаноханың арасында, біздің Оразбақ батыр ұрпақтары қыс қыстап, жазда егін егіп отыратын Қызылтам деген тамаша сайдың, бір бұлағының басына там салып, 12 гектар жерге бақ егіп, дебе, астық егіп, қыстап шығады екен. Бұл бақ пен егісті Бек деген өзбек қысы-жазы отырып, бағады екен. Бұл бұлақты бүгінгі күнге дейін Тоқсанбай бұлағы деп атайды. Мен мұнда бір жайды еске салғым келеді. Кейбіреулер қазақта монша болмаған деп, түсінбей, білмей айта береді. Оған менің мынандай дәлелім бар. Сол біздің атамыздың тамында «Бұлауы» (моншасы) болған екен. Ол бөлек бөлме. Бөлменің ішінде үлкен, екі қазан асылған, ошағы бар. Ол ошақтың астына жағылған от, бүкіл үйдің еденінің астын жылтып, (мұны қаң деп те атайды) түтіні сыртқа шығады. Оның жан -жағы, үсті жалпақ таспен қаланып шығады. Содан от көп жағылған соң, тас қызады. Оған қамыстан тоқылған (бойра деп атайды) сырмақ төселеді. Сонда жатып терлеп, шомылып, тазаланып тұрады екен. Сол ошақтың орны бүгінде байқалады.

Тоқаңның туыс, құрбылары Тоқсанбайдың бұлауына түсетін едік дегенді, жас кезімде талай естігенмін.

Соңдықтан қазақта монша болмаған деген лақап бос сөз. Міне сол Тоқсанбайдың жалғыз ұлы Батталханнан, бүгінде мен жалғызбын деп айтауға ауызым бармайды. Менің құдай қосқан қосағым әкемнің жақын досы, өзіміздің ауылдан Шажа руының Үсенбай деген кісінің қызы Қалихан. Жастайымыздан атастырып, 1942 жылдын басында, соғысқа аттанардан дәлдеп айтқанда 10-15 күн бұрын, ата-анам қосқан еді. Міне бүгін аттай 54 жыл болды. Мен соғыстан 1946 жылы аман-есен қайта оралдым. Жеті-сегіз баланың ата-анасы болып, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Ұлымыз ұяда, қызымыз қияда дегендей.

Баламның үлкені Бекболат деп айтуға ауыз бармайды. Шыр етіп, жерге түскеннен бастап, атам - Қалиханның әкесі бауырына салып алған. Менің атам Үсенбай Түниязов деген кісі менің әкемнен 20 жастан астам үлкен еді. Жетпістен асқанша қолхоздың малын бағып, бір малдың тұяғына себепсіз ешкімге суық қолын тигізбей, адал еңбек етіп, Отан соғысы кезінде, танк жасауға бірнеше малшылармен ақша бөліп, Сталиннен мақтау телеграмма алған.

Бұл кісінің қазір үш қызы бар. Олар Қалихан менің жолдасым, ең үлкені, Дәмеш деген қызы балалы шағалы Ұйғыр ауданында, күйеуі Мейірханмен тұрады. Үшінші қызы Дәметер менің туған қарындасымдай. Біз өз қолымыздан ұзатқанбыз. Балалы шағалы. Күйеуі менің туған інімдей еді. Жамыхан жастай қайтыс болды.

Үсенбаев Бекболат сол Үсенбайдың баласы, үш қызы бар. Үлкені тұрмыста Бекболаттың немересі «Шыңғыс» деген азамат. Құдасы Аманкелді Бегімбетов, құдағиымыз Амансұлу. Бұл екеуін туған інім, туған келінім деп есептеймін. Екі қызы қолында Айгүл, Зере, Майгүл үлкені, атын шешесі қойған. Өз балам Ерболат, келінім Әсия, бір ұл, бір қызы, Тұңғышбек, Айзат.

Аманбек, келінім Райхан, Асылбек, Әлібек, Тимур деген балалары бар. Ерғанат келінім, Бақберген, Ерсанат, Ержан, деген балалары өсіп жатыр.

Болысбек, келінім Гүлайым, Гүлзат, Ақерке, Томирис деген қыздары бар. (Бұл бала, соғыста қайтыс болған Болысбектің баласы, аты да Болысбек, соның түтінін түтетіп отыр).

Ең кіші ұлым - шаңырақтың иесі -Бахыт, келінім Айнұр. Бақыт болып туған. Менімен бірге тұрады. Бахыттан - Әділхан, Жақсылық.

Екі қызым бар. Үлкені - Сәулет. Қызы - Марфуға, балалары :Ғалым, Жалғас, Жалғасы үйленді, немересі бар.

Кішісі Салтанат - Арман, Мәншүк, Олжас, Санат деген балалары өсіп жатыр. Аман болса, әлі-ақ адам қатарына қосылар.

Ал, енді менің әкемнің немере ағасы Үмітбаев Тышқанбай деген өте ақылды кісі болған. Менің әкем Құлжа қаласында түрмеде жатқанда, сол түрмеден шығуға үлкен еңбек еткен, ол кісіден қалған екі ұрпағы бар. Олар Шолпан, Нұрсұлу (Бұлардың шешесі сол Тышқынбайдың жалғыз қызы Мейрамханнан). Бұл екеуі де менің қызым есебінде, өзім қолымнан ұзатқанмын.

Шолпанның тамаша алты-жеті ұл-қыздары өсіп адам қатарына қосылып, Шолпан немере көрді-сүйді. Күйеу балам Мұхаметжан. Өзіміздің ауылдан, біреудің жалғыз ұлы. Менің қызым - көсегесін көгертіп отыр.

Жұртымыздың тамаша, парасатты (айтылған) нақыл сөзі бар. «Жаңбырмен жер көгерер, жегжатпен ел көгерер» деген. Міне сондай тамаша құдай қосқан құдаларым бар. Алдымен Үсенбайдың құдасы Шонжыда тұрады. Әбен, Зақан. Өз құдам - Қызылордалық, Жампейісов Ахметжан, құдағиым Айзахан - қожаның қызы. Үлкен келінім, Әсияның ата-анасы.

Алматылық атақты Шараның (Жиенқұлова) әкесінің немере бауыры - Ахмет келінім Райғанның әкесі.

Әулие аталық (Жамбылдық) Луговойда тұрады -Райқұл, құдағиым Сымбат - Ерқанаттың үйіндегі келінім - Гаухардың ата-аналары. Қазақ Республикасының Халық әртісі Медетбаев Жұмабай, құдағиым Фарида Болысбектің үйіндегі келінім Гүлайымның ата-аналары. Қыздарымның тамаша құдалары болған еді: Сәулеттің атасы Сұлтанбек, ауылда тұрады. Салтанаттың атасы Орынбеков Сейіткерім (марқұм), құдағиым Мария.

Қара шаңырақты ұстап отырған үйімдегі келінім Айнұр, әкесі Әлімжанов Айдын - Дәулетияр Әлімжановтың үлкен баласы, анасы Жанпейісова Роза- Ахметжан Жанпейісовтың үлкен қызы.

Міне, осындай тамаша құда-құдағиларыммен жегжат туыс болып, сыйласып, өсіп-өніп жатқан жайларымыз бар. Мен мұның бәрін атап-атап, жазу себебім, өмір өтіп жатады. Жаңа ұрпақ келеді, солар оқып, біліп жүрсін деп жазып отырғаным ғой.

Енді мен өзіммен теңдес, тұстас, ілтипатымыз жарасқан, тамаша әзіл- қалжыңдардың иегері бола білген Ахметжан құдам туралы, өзіміз, ел арасында айтып, күлісіп, масайрап жүрген бір әңгімені айтпай-жазбай кетсем, марқұм-бауырым Ахметжанның әруағы алдында күнәхар болмайын деп мына бір уақиғаны жазуды дұрыс деп шештім.

Ахметжан 1946 жылы соғыстан қайтып, ауылға аман есен оралды. Жасы 24-те ғана. Офицер, орден-медалі мол, жігіттің сұлуы. Ұзын бойлы, аққұбаның әдемісі. Бұл заманда жас жігіттердің көпшілігі соғыстан оралмай, ауылда, қалада қыздар өсіп, келешек бақытымыз не болар екен, соғыстан аман қайтқан жігіттердің бірді-екілісі жұпталуға алла-тағала жазама жазбай ма деп, жүрген кез еді.

Ахметжан Қызылорданың Тереңөзек деген ауданында шешесінің қолында тұрады. Бірақ, күнде астында шешесі балам аман келсе, алдына тартам деп, жүрген Тілеулес атымен Тас бөгетінен өтіп, қалаға барып жүргенін байқап жүрген, Қызылорданың Қожасының қызы Айзахан деген қыз , ойпыр-ай, мына жігіттің жібі түзу екен, жарым болса, осындай-ақ жігіт болар ма еді деп, тамсанып, бірақ жолуғыдың ретін таба алмай жүргенде, қапелімде ойына, бір топ қыздарды ертіп бұл жігітті Тасбөгетте тоспасаң, қолдан шығарып алармыз деп, қыздарды алып, Тасбөгеттің сол жағында, шеңгел, жыңғыл, жусан-изеннің гүлдеп, иісі аңқып, тұрған бір тамаша жерінде жол тосып, жігіттің келетін уақытын болжап, гүл терген боп жүреді.

Енді, екі ауыз сөз қыз туралы, сұңғақ бойылы, аққұбаша, шашының бұрымы білектей, өкшесін соғады. Белі үзіліп кететіндей қыпша бел. Бар киімін киінген. Жолдың үстінде әзіл-қалжың айтып, аздап ән салып жүргенде, құла жорға ойқастап, жігіт қыздарға бір қарап өте шығады, тоқтамайды. Қыздар аң-таң қалып, қайтқанда мүмкін тілдесерміз деген үмітпен тағы дегбірсіздікпен күте береді. Қайта оралғанда жігіт атының басын тартыңқырап, қыздармен әрең амандасып бастағанда, Айзахан тұрып, жігітім, ары өтесің бе, бері бері өтесің бе, бір ауыз сөз қатып, амандасуға неге көңіл бөлмейсің, дегенде Ахметжанның жанары, қызға мейірлене, аттан түсіп, амандаса бастағанда, қасындағы, қыздар ыдырай бастап, екеуін оңаша сөйлесуге жағдай жасай бастайды. Сонда атын жетелеп, жөн сұрасып, көзінің өткір жанарынан бірін-бірі сезіп, жан-сырын жасыра алмай, сол күннен тартып тағдыр екеуін мәңгілік достастырып, Жампейістің табалдырығын аттап, от басының иесі болуға тағдыр батасын берген екен.


написать администратору сайта