цуауа. зірет Дауыт аюдан срады
Скачать 14.9 Kb.
|
Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан азғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып, шыдатпайды. Соның бәрінде манағы аю көріп отыр екен, мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді. Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да, мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде-ақ жан тапсырды дейді. Бұл іс Дауыт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп. Әзірет Дауыт аюдан сұрады: — He себептен қожаңды өлтірдің? Аю жылап айтты дейді: — Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғыйын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді; соған ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім, — деді. Один джентльмен поймал в лесу медвежонка, принес его домой и хорошо за ним ухаживал. Однажды барину стало очень плохо, он около месяца не вставал с постели, и в это время за медведем некому было ухаживать, и было очень больно. Оправившись от болезни, однажды джентльмен сидел снаружи перед дверью, греясь на солнышке, но муха села ему на лоб и лицо, и он не выдержал. За всем этим наблюдал медведь и жалел муху за то, что она не давала господину покоя. Рассказывают, что когда медведь разозлился, цепь порвалась и побежала, а когда она ударила барина лапой по лицу, тот слетел, как шляпа, и умер на месте. Это произошло во времена пророка Давида. Народ притащил медведя к пророку, спрашивая, как его накажут. Хазрат Давут спросил у медведя: - Почему ты убил своего хозяина? Медведь заплакал и сказал: - Мой хозяин заботился обо мне, как о ребенке, и заботился обо мне.Когда он болел, я молилась за выздоровление моего хозяина, не будучи тем, кто заботился обо мне. Нынче я поправился от той болезни и с радостью наблюдал, как мой барин вышел, барин сидел перед дверью и хотел остаться, но мухи не давали покоя; Когда я разозлился и ударил его, мой хозяин умер, я не знаю почему. «Я не думал о вражде против моего хозяина, я хотел убить муху», — сказал он. |