Главная страница
Навигация по странице:

  • Мамандығы 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы, 0302043 «Жалпы практика мейіргері» «хирургиядағы мейіргер ісі» кәсіптік тәжірибесінің игеруге тиісті дағдылар тізбегі.

  • 4 курс VII І семестр практика 120сағат 20күн Аты жөні: Телжан жадыра Саматқызы топ:332 2-топша

  • Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

  • Бикске материал салу Дайындаймыз

  • Қолды Хирургиялық жолмен өңдеу

  • Инструментпен жараны таңу Қажетті заттар

  • Таңу столын жаю Қажет заттар

  • Жергілікті анестезия құралдарын дайындау

  • Қажет құралдар

  • Шина таңу(Крамер шинасын қою техникасы)

  • Ап. Диплом алды практикадан ту кнделігі. Мейіргер ісі


    Скачать 118.04 Kb.
    НазваниеДиплом алды практикадан ту кнделігі. Мейіргер ісі
    Дата04.01.2023
    Размер118.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАп.docx
    ТипДиплом
    #872772
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Атырау жоғары медициналық колледжі

    «хирургиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша диплом алды практикадан өту күнделігі.

    «Мейіргер ісі» 332-топ 2-топша : Телжан Жадыра Саматқызы

    Әдістемелік жетекші: Мурзагалиева Гульмира Мараловна

    Атырау-2022жыл

    Мамандығы 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы,

    0302043 «Жалпы практика мейіргері»

    «хирургиядағы мейіргер ісі» кәсіптік тәжірибесінің игеруге тиісті дағдылар тізбегі.

    4 курс VIIІ семестр практика 120сағат 20күн

    Аты жөні: Телжан жадыра Саматқызы топ:332 2-топша

     

    "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
    ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен
    өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
    кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына
    2-қосымша


    Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

    Білім алушы:Телжан жадыра Саматқызы __________________________________________________________________

    тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

    07.04.2022ж.

    Р/c №

    Диплом алды практиканың

    бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

    Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы

    басталуы

    аяқталуы

    1.

    Бикске материал салу.

    08:30

    09:00






    2.

    Қолды хирургиялық жолмен өңдеу.

    09:00

    10:45




    3.

    стерильді халат пен қолғап кию және өзгеге кигізу.

    10:45

    11:00




    4.

    инструментпен жараны таңу.

    таңу столын жаю.

    11:00

    13:00




    1.оқып болған конструкциялардың,жабрықтардың ,технологиялық процесердің ,өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б сипаттамасы.
    Бикске материал салу

    Дайындаймыз:Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды:

    Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;

    Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б.

    Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

    Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;

    Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз;

    Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;

    Ең бірінші: Бикстің ақаусыздығын тексереміз;

    Бикстің ішін спиртті салфеткамен 2реттен өңдеп аламыз;

    Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;

    Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен

    салуды қадағалаймыз;

    Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

    Бикстің тұтқасының жанына этекетка жабыстырып ,залалсыздандырылған күнін және залалсыздандыру жасалғандағы жауапкер адамның аты-жөні көрсетіледі;
    Қолды Хирургиялық жолмен өңдеу

    Қолды өңдемес бұрын қолдағы барлық (сақина,білезік) сяқты нәрселерді алып тастаймыз жеңімізді түреміз және қол жуғышымызбен ара қашықтық сақтаймыз судың температурасына мән береміз қатты ыстық және қатты салқын болмауы керек;

    Қолды Хирургиялық өңдеу алғашында қолды өңдеудің гигиеналық деңгейі жүзеге асырылады және шынтақ бүгісіне дейін қол сабынмен жуылады;

    1 минут ішінде ( құм сағаттың көмегімен) саусақ бастары мен саусақ аралық кеңістіктерді сабындау;

    Сабынды кетіру үшін саусақ ұштарынан бастап шынтақ бүгісіне дейін қолды ағынды сумен шаю;

    Стерильді орамалдармен қолды кептіру;

    Хлоргиксидиннің 0,5% дық спиртті ертіндісіне матырылған стерильді салфеткамен тырнақ ұшынан шынтақ бүгісіне дейін әрбір қолды өңдейміз;

    Және стерильді киімді және қолғапты киеміз;

    Стерильді халат кию

    Халатты бикстен алып ,мейірбике зарарсыздандырылған қолмен жазады,оны зарарсызданбаған затқа тигізіп алмай жазып,халатты өзінен алысырақ қолын созып ұстайды.Халат жазылып ,екі қолына бірінен соң бірін кигізіледі және алдынғы жағынан кеудесін жауып тұрады.Халатың артқы жағынан басқа адам байлайды.Зарарсыздандыру алдында қалтасына салынған белбеуін халатты киюші адам өзі қалтасынан алады және ұштары бос салбырап тұру үшін белбеуді тартып ұстайды.Санитарка оның салбырап тұрған ұштарын ұстап,артқты жағынан байлайды .Халатың жеңдері білекті және білезік буынды жауып тұру керек.

    Стерильді қолғапты кию

    Стерильді қолғап бар пакетті алып ашамыз;

    Қолғаптың ішкі бетіне қолды тигізбейтіндей етіп оң қолдың қолғабының теріс аударылған шетін аламыз;

    Оң қолдың саусақтарын жұмып,оларды қолғапқа еңгіземіз;

    Оң қолдың саусақтарын жазбай қолғапты кию;

    Қолғаптың ішкі бетіне қолды тигізбейтіндей оң қолдың екінші және үшінші төртінші саусақтарымен сол қолдың қолғабының теріс аударылған шетін аламыз;

    Сол қолдың саусақтарын жұмамыз оларды қолғапқа еңгіземіз;

    Одан кейін оң қолдың қолғабының аударылған шетін халат жеңіне тартып кейгізеді;
    Инструментпен жараны таңу

    Қажетті заттар:70%дық спирт,5%дық йод ертіндісі,3%дық сутегі асқын тотығы, жақпа майы , левомеколь,стерильді шпатель,екі пинцет,2латок, дәкелі шарик,дәкелі салфетка,эластикалық бит,стерильді қолғап;

    Іс әрекетіміз:Қолымызды өңдейміз(111 бұйрыққа ) сәйкес;

    Қолмызға стерильді қолғап киеміз;

    Пинцеттің көмегімен дәкелі шариктерімізді дайындап аламыз;

    Мақталы дәкемізді 70% дық спирт ертіндісіне малып аламыз;(екінші қолымызға стирельді емес пинцетті ұстап тұарамыз)

    Стирельді емес пинцетпен дәкелі шарикті алып жараның айналасын орталықтан шеткеріге қарай кеңейтіп отырып өңдейміз;

    Дәкелі шарикті 5% дық йод ертіндісіне алып алып жараның айналасын өңдейміз;

    Стирельді емес пинцетпен жараың бетіндегі бөгде затты алып тастаймыз( әйнек т.б);

    Дәкелі шарикті 3% сутегі асқын тотығына малып аламыз және жараның бетін жуамыз;

    Құрғақ дәкемізбен жараның бетін құрғатамыз;

    Стирельді пицетпен дәкелі салфетканы дайындап аламыз;

    Дәкелі салфеткамызға левомеколь жақпа маймызды тигізбей тамызамыз;

    Стирельді шпательмен маймызды жағамыз;

    Дәкелі салфеткамызды жараның бетіне пицетпен алып орналастырамыз;

    Жараның айналасына толық қамтитындай етіп салфеткаларды орналастырамыз;

    Таңғыш салар алдында науқастың аяғы қандай қалыпта болады алдымен сондай қалыпқа келтіріп аламыз және таңғыш салу барысында науқастың эмоциялық жағдайын бақылап отырамыз ;

    Жарадан 4-5 см төмен жерден эластикалық бинтпен таңғышты саламыз;

    Алғашқы екі орауымыз ол( фиксатциялық) болады;

    Және кейінгілері алдынғысына қарағанда алдынғысы 3/2 бөлігінде н/е тең жартысын жауып тұру қажет;

    Төменен жоғары қарай бағытта таңамыз;

    Науқасқа таңғышымыз кедергі келтірмейтіндей етіп бір жақ бүйіріне байлаймыз;

    Барлық пайдаланға құралдарымызды стирельді емес латокқа саламыз;

    Қолмызды өңдеп тазалаймыз;
    Таңу столын жаю

    Қажет заттар: стол, бикстегі стерильді материалдар (жайма, инструменттер, салфетка, шарик, банкалар, дренаж түтіктер т.б.).

    Іс әрекетіміз: медбике педальдi басып бикстi ашады;

    бикстен бүктелген жайманы алып, стол үстіне жаяды.Шеттері столдың үстінен15-20 см салбырап тұруы тиіс, үстіңгі қабаты астыңғысынан 10-15 см қысқа болуы тиіс;

    бикстен екінші жайманы алып, алдыңғы жайманың үстіне жаяды. Үстіңгі қысқа шетін қайырып ашып қоямыз;

    үстіне стерильді шарик, салфетка, банкалар, резин түтіктер, дренаждар т.б. қояды. Шетіне стерильді жұмыс пинцетін қоюға болады;

    Жайылған жайманың үстіңгі қабатын жабады, оның шеттері алдыңғы жаймаға 2-3 см жетпей тұруы тиіс. Цапкамен бекітеді. (Стерильді материалды столдың орнына лотокқа дәл осылай салуға болады.);

    қағаз биркаға стерильді столдың жабылған уақытын, медбикенің аты-жөнін көрсетіп жазып, цапкаға бекітіп қоямыз;


    ____________________________________________________

    Білім алушының қолы ________________

    2022 ж. “07”сәуір _______________

    ________________________________________________________________________________

    (өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)

    20 22ж. "07" сәуір________________

    2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

    ________________________________________________________________________________

    3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары

    _______________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы

    ___________________________________

    2022ж. "07"сәуір ____

     

    "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
    ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен
    өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
    кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына
    2-қосымша

    Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

    Білім алушы:Телжан Жадыра Саматқызы __________________________________________________________________

    тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)


    08.04.2022ж.

    Р/c №

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

    Диплом алды практиканыңбағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

    Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы

    басталуы

    аяқталуы

    1.

    Жергілікті анестезия құралдарын дайындау.

    08:30

    09:00






    2.

    Бинт таңғыштарын таңу

    09:00

    10:50




    3.

    Гипс таңғышын таңу

    10:50

    12:10




    4.

    Шина таңу

    12:10

    13:00




    1.оқып болған конструкциялардың,жабрықтардың ,технологиялық процесердің ,өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б сипаттамасы.
    Жергілікті анестезия құралдарын дайындау

    Жергілікті жансыздандыру қауіпсіз болғандықтан хирургияда кеңінен қолданылады.

    Жансыздандыру үшін Новокаин ертіндісі кеңінен қолданылады.

    Іс әрекетіміз: қолмызды өңдейміз және қолғап киеміз;

    Үстелдің үстін 2 реттен сүртіп тазалап аламыз;

    Құралдармызды дайындаймыз;

    Қажет құралдар: шприцтер,инелер,латок ,мақта шариктері,пинцет,Хирургиялық құралдар.таңғыштар;

    Гипс таңғышын салу

    Қажет заттар: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар;

    Іс әрекетміз: Гипс дәке бақыр және мәрмәр жабындымен жеке үстелде дайындалады.

    Гипс таңғышын қою алдында, гипстің сапасын тексеру керек.

    Кебуін тездету үшін гипс дәкені жылы суда жібітеді.

    Гипс дәкені судан ауа көпіршіктері бөлініп біткеннен кейін шығарады.

    Науқасты таңатың дене аймағы жетімді болатындай етіп отырғызады.

    Аяқ- қолды функционалды қалып жасайды.

    Гипс таңғыш өлшемі сау жағынан өлшенеді.

    Терінің байлам қойылатын орнына балалар кремін немесе вазелинмен майлауға

    болады.

    Шығыңқы жерлерге мақта төсенішің қояды немесе толық аймақты мақта маталы

    төсенішпен алшақтайды.

    Таңғышты мұқият қояды.

    Қан айналымын бақылау үшін саусақтарды ашық қалдырады.

    Таңғыш түріне қарай қосымша дәкемен бекітеді.

    Гипс толық қатайғанша түпкіліктерді қимылдатпау керек.

    Таңғыш қойылғаннан кейін науқасты 2 сағ бақылауда ұстаңыз, стационарлық

    емдеуде – 2 күн.

    Бинт таңғышын таңу

    Емделушіні өзіне ыңғайлы қалыпта жатқызу немесе отырғызу.

    Дәкелеуші науқасқа бетпе-бет тұрады.

    Дәкелеуді сағат тіліне қарсы перифериядан ортасына қарай (төменнен жоғары қарай) және солдан оңға қарай жүргізу керек.

    Дәкелеуді әрқашанда бекітуші бинттен бастау керек.

    Бинттің әрбір кейінгі айналымы алдыңғысын ½ немесе 2/3 жауып отыруы қажет.

    Таңылатын жердің үстінен жыртып алмай бинтті жаю керек.

    Дәкелеуді екі қолмен жасайды: бір қолмен бинттің бас жағын жайып, екінші қолыңызбен оны дұрыстап орау қажет.

    Бинтті сол қолыңызда ұстап, оң қолыңызбен айналдыра отырып, дәкеленетін жердің үстінен оны жайыңыз.

    Дәкеленетін жердің үстінен оның орамдары жылжып кетпес үшін және қалып қоймас үшін, бинтті біркелкі етіп тарту қажет.

    Дененің дәкеленетін жері таңғыш байлағаннан кейінгі жағдайында, сол қалпында болуы керек.

    Таңғыштың жақсы жатуы үшіндененің конус тәріздес бөлігіне таңғышты таңу кезінде бинттің әрбір 1-2 айналымынан кейін оны бүгіп отыру қажет.

    Бинт өзінің атқаратын қызметін орындауы қажет.

    Таңғыш эстетикалық орындалуы керек.

    Таңғыш жараға қарама-қарсы бағытта байланады.

    Шина таңу(Крамер шинасын қою техникасы)

    Мақсаты: Мықын сынығы кезінде транспорттық тасымалдау.

    Іс әрекетім:науқасқа іс шара барысын түсіндіріп келісімін аламыз;

    Қолымызды өңдеп қолымызға қолғап киеміз;

    Зақымдалған жердің клиникалық белгілерін тексереміз;

    Крамер шинасын қою3 кезеңмен жүреді :

    Модельдеу,орнату,бекітіу;

    Модельдеуді сау қолдан жасаймыз;

    Сау қолдан өлшем аламыз яғни сауасқ ұшынан шынтақ буынына дейін бинт пен өлшеп аламыз;

    Крамер шинасынна белгілеп 90 С* қа бүгеміз;

    Келесі өлшем шынтақ буынынан иық өлшемі қашықтықта өлшеп аламыз;

    Бүккен жерден Крамер шинасын130С* та ашық бұрыш етіп бүгеміз;

    Сау қолдан өлшеп көреміз дұрыспа әлде бұрыспа;

    Сүйек жақын жерге яғни шынтаққа иыққа көпшікшелер қоямыз, саусақ астына валик орнатамыз;

    Крамер шинасын бектеміз;

    ________________________________________________________________________________

    Білім алушының қолы ________________

    2022 ж. “08”сәуір _______________

    ________________________________________________________________________________

    (өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)

    20 22ж. "08" сәуір________________

    2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

    ________________________________________________________________________________

    3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары

    _______________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы

    ___________________________________

    2022ж. "08"сәуір ____

     

    "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
    ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен
    өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
    кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына
    2-қосымша
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта