Главная страница

Сор. Информатика 3-тоқсан 7-сынып-1. ысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау


Скачать 0.54 Mb.
Названиеысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
Дата21.02.2023
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИнформатика 3-тоқсан 7-сынып-1.docx
ТипПрограмма
#949164
страница1 из 7
  1   2   3   4   5   6   7

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.1. Файлдармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін: файлды жасау және ашу жолдарымен танысады.

Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде файлдардың екі типін қарастырады.

Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.

Бағалау критерийлері

  • Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.

  • Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып қарапайым тапсырманың мәтінін құрастырады.

  • Программалау барысында деректерді файлдан оқудың маңыздылығы түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика мен терминология:

Жазу → Написать → Write

Оқу → Читать → Read

Басып шығару → Распечатать → Print

Енгізу → Ввод → Input

Жабу → Закрыт → close

Файл → Файл → File

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python-да программалау кезінде деректерді қалай енгіздің?

  • Программаны орындау кезінде айнымалылардың мәндерін енгізудің тағы қандай әдістерін білесің?

  • Программаның деректерді файлдан оқу арқылы өңдеуінің қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсың?

  • Write() және print() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.

  • Read() және Input() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.

  • Файлды жазу үшін ашқанда міндетті түрде close() командасын қоюдың себебі неде?

  • Деректерді пернетақта арқылы енгізу мен файлдан енгізуді программалық тұрғыдан орындауда қандай айырмашылықтарды көрсете аласың?

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі.

Алдыңғы білім

Файл туралы жалпы түсінік бар

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.


4. Топтастыру. «Үштікке саналу» әдісі

арқылы 3 топқа бірігеді.

І, ІІ, ІІІ топтар.

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып,

І топ – сабақтың тақырыбын,

ІІ топ – сабақтың мақсатын,

ІІІ топ – сабақтың критерийлерін жариялайды.

Бағалау

Топтар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі

арқылы бағалайды

Қағаз қиындылары







(Ұ) Миға шабуыл әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Python-да программалау кезінде деректерді қалай енгіздің?

  • Программаны орындау кезінде айнымалылардың мәндерін енгізудің тағы қандай әдістерін білесің?

  • Программаның деректерді файлдан оқу арқылы өңдеуінің қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсың?




7-сынып оқулығы.




Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс
«Түртіп алу» әдісі




7-сынып оқулығы.

Сабақтың ортасы
31 мин.





(Т) Талдау

Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі. Тапсырманың программа кодтарына талдау жасаңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер.
Мақсаты: жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.


І топ: 1-суреттегі кіру файлын жасау кодымен тапсырманың толық кодын бір программа кодына біріктірсек бола ма? Себебін түсіндіріңдер.

ІІ топ: 3-суреттегі программа кодынан close() командаларын алып тастап орындасақ, қандай нәтиже аламыз?

ІІІ топ: Программа кодында write() әдісінің орнына print() функциясын қолануға бола ма? Себебін түсіндіріңдер.


Дескриптор:

*Кіру файлын жасау кодымен тапсырманың толық кодын бір программа кодына біріктіру себебін түсіндіреді.

*3-суреттегі программа кодынан close() командаларын алып тастап орындаса, қандай нәтиже алатынын анықтайды.

*Программа кодында write() әдісінің орнына print() функциясын қолануға болатынын түсіндіреді.

Бағалау Топтар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.







(Ж) Жинақтау

Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып қарапайым бір тапсырманың мәтінін құрап ұсыныңдар. Тапсырма құрастыруда 1-кестедегі Open() функциясының жұмыс режімдерін пайдаланыңдар

Дескриптор:

*Файлға жазу және оқу әдістерін және Open() функциясының жұмыс режімдерін пайдаланады.

*Бір-бірімен ақылдасып тапсырма мәтінін құрастырып, ұсынады.

Мақсаты: Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға бағытталады.

Бағалау: Жұптар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі

арқылы бағалайды.








Дербес жұмыс. Бағалау

Төмендегі сұрақ бойынша әрбір оқушы өз ойымен дербес бөліседі.

Программалау барысында деректерді файлдан оқудың қандай маңыздылығы бар?

Мақсаты: Файлдармен жұмыс жасаудың маңыздылығын бағалайды.

Бағалау: Оқушы өзін-өзі «Қошеметтеу» әдісі

арқылы бағалайды.



Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия

Сабақты бекіту

Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.


  1. Write() және print() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.

  2. Read() және Input() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.

  3. Файлды жазу үшін ашқанда міндетті түрде close() командасын қоюдың себебі неде?

  4. Деректерді пернетақта арқылы енгізу мен файлдан енгізуді программалық тұрғыдан орындауда қандай айырмашылықтарды көрсете аласың?

Мақсаты: Сабақты бекіту.

Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағалауы. «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүзеге асырылады.






Үй тапсырмасы

Төменде берілген программа коды орындалғанда шығу файлына қандай нәтиже жазылады? (5-сурет). Программа кодына талдау жүргізіп,

нәтижесіне түсініктеме жаз.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.2. Файлдық функциялармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:файлдық функциялармен танысады.

Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде файлдық функциялардың екі типін қарастырады.

Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.

Бағалау критерийлері

  • Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.

  • Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып, қарапайым тапсырмаларды орындайды.

  • Программалау барысында файлдық функцияларды пайдаланып программа жазады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика мен терминология:

Шығару → Выход → Оutput

Іздеу→ Искать → Seek

Ашу → Открыт → Open

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

  • Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?

  • Python программалау тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика.

Алдыңғы білім

Файлды жасау және ашу жолдарымен таныс.
  1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта