Главная страница
Навигация по странице:

  • «Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы»

  • «Созылмалы тыныс жеткіліксіздігі синдромы »

  • «Эссенциальды артериальды гипертензия синдромы »

  • Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік

  • «Асқазан диспепсиясы синдромы (асқазан ойық жара ауруы)»

  • «Бауыр жеткіліксіздігі синдромы (бауыр циррозы)»

  • «Нефротикалық синдром (созылмалы гломерулонефрит)»

  • Фтизиатр. «Өкпенің тығыздалу синдромы (копия). кпені тыыздалу синдромы (крупозды пневмония)


    Скачать 99.33 Kb.
    Названиекпені тыыздалу синдромы (крупозды пневмония)
    АнкорФтизиатр
    Дата06.02.2022
    Размер99.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла«Өкпенің тығыздалу синдромы (копия).docx
    ТипДокументы
    #353285
    страница1 из 3
      1   2   3

    «Өкпенің тығыздалу синдромы (крупозды пневмония)»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Тыныс алу жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 1

    3.

    Ситуациялық есеп


    32 жастағы науқаста қақырықты жөтел, оң жақта кеуде бөлінігінің ауырсыну, қалтырау, 39 ° C дейін дене температурасының жоғарлануы, ентігумен шағымданып түсті. Бір апта бұрын суық тиіп ауырған. Тыныс алу кезінде тыныс алудың қиындығы, ентікпе байқалады, кеуде қуысы тыныс алғанда артта қалады. Қабылдау бөліне түскен кезде жағдайы ауыр. ТА - минутына 40. Перкуссия кезінде алдыңғы оң жақта және артында 4 қабырғадан перкуторлық дыбыс естіледі, бронхиальды тыныс, Аускультацияда:майда көпіршікті сырылдар және крипитация, күшейтілген бронхофония. Пульс - минутына 96. АҚҚ - 90/60 мм с.б. Температура - 38,8 ° C. ЖҚА: лейкоцит 19.2.* 109 / л, ЭТЖ 31 мм / сағ. Диагноз:Ауруханадан тыс пневмония,ауыр дәрежелі. ТЖ II-III дәрежесі. крупозды пневмония емдеу тактикасын анықтаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Ересектердегі пневмония » клиникалық хаттамасы

    http://www.rcrz.kz/docs/clinic_protocol//Терапия/Пульмонология/Пневмония

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Антибактериалды антибиотиктер

    - Қақырық түсіретін препараттар

    - Глюкокортикостероидтар


    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    -амоксициллин, азитромицин, левофлаксацин,

    - ацетилцистен, амброксол

    -преднизолон, беклометазон

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    • жартылай синтетикалық пенициллиндер тобына жататын әсер ету өрісі кең антибиотик болып табылады, бактерицидті әрекет етеді. Транспептидазаны тежейді, бөліну және өсу кезеңінде пептидогликан синтезін бұзады, микроорганизмдер лизисін туындатады.

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    Стивенс-Джонсон синдромы, қызба, дисбактериоз, тахикардия, интерстициальді нефрит, қайтымды лейкопения, нейтропенияны және агранулоцитозды қоса, эозинофилия


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Tabulettam Amoxicillini 0,5

    Da tales doses №20

    Signa. 1 таблеткадан күніне 3 рет.

    10

    Жалпы баллы

    100

    «Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Тыныс алу жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 2

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас А., 16 жаста, төмендегі шағымдарман қаралды тыныс алуының қиындауымен және ысқырықты тыныс, көбінесе түнде және таңата, шаңды бөлмеде айына 1-2 рет құрғақ ұстамалы жөтелмен, ентікпемен қаралды. 6 жылдан бері риноконьюнктивиттің пайда болған (маусым - тамыз). Объективті: ТА-16 мин. Перкуссияда өкпе тондары. Везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. АҚҚ - 110/70 мм.сын.бағ. Пульс – 70 минутына. Жүрек дыбыстары айқын, ырғақты. ЖҚА, ЖЗА, ЭКГ, Жалпы кеуде клеткасының рентгенографиясы патологиясыз. Жалпы IgE - 170 МЕ / мл. Спирография - ЖЕЛ - 93%.Диагноз: Бронх демікпесі орташа ауырлық дәрежесі, персистирлеуші формасы. Ұстаманы жеңілдететін дәріні тағайындаңыз

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Бронх демікпесі » клиникалық хаттамасы

    https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B1%D1%80%D0%BE%D0%BD%D1%85%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%BC%D0%B0-2018/16064

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз /20-

    - Бета- адреномиметиктер

    - Ингаляциялық глюкокортикоидтар

    - Лейкотринді рецепторларының антагонистері


    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    -Сальбутамол, Фенотерол, эуфиллин

    - монтелукаст ипратропия бромиді

    -будесонид, беклометазон

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Ол бета_2-адренергиялық рецепторларды іріктеп қоздырады, жасушаішілік аденилатциклазасын белсендіреді Емдік дозаларында ол миокард 1-рецепторларына елеусіз әсер ете отырып, бронхтың тегіс бұлшықет 2-адренорецепторларына әсер етеді.Бронх түйілуінің алдын ала және түйілуін баса отырып, бронх кеңейтетін айқын әсер береді, тыныс алу жолдарында қарсыласуды төмендетеді. Өкпедегі тіршілік сыйымдылығын арттырады.

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    Дерматит, ангионевратикалық ісінулер,гипокалемия, тремор, тахикардия, оның ішінде жүрекше фибрилляциясы, суправентрикулярлық тахикардия, экстрасистолия, артериялық қысым төмендеуі және коллапс


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Aerosolum Salbutamoli 10 ml (200 dosium)

    Da.Signa. 1 ингалияциядан күніне 3 рет



    10

    Жалпы баллы

    100

    «Созылмалы тыныс жеткіліксіздігі синдромы»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Тыныс алу жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 3

    3.

    Ситуациялық есеп


    Негізгі шағымдары: ұстама физикалық күш салғаннан кейін азғана жөтелмен басталған, аз ғана шырыш-ірің аралас қақырық бөліне бастаған, тыныштық жағдайда экспираторлық ентігуге, дене температурасының көтерілуіне шағымданды. Жалпы анамнезінде - 30 жыл бойы күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Таңертең жеңіл қақырықпен бөлінетін жөтел 18 жыл бұрын пайда болған. Физикалық жаттығудан кейін ентікпе пайда болған, терең тыныс тыныштық жағдайда көріне бастаған. Көбінесе күз-көктем мезгілдерінде жиі суық тиеді. Объективті тексеру нәтижелері бойынша: орташа ауырлық дәрежесінде, ортопноэ қалпы, диффузды сұр цианоз, аяқтарының жылы болуы, кеуде қуысы эмфизематозды.Суықтаған кезінде мойны веналары мен бұғана үсті лимфа түйіндерінің ісінуі көрінеді. ТАЖ 24 мин. Перкуссия кезінде симметриялы қораптың дыбысы. Аускултация кезінде Өкпенің барлық бөлігінде қатаң тыныс, төмен тоталді сырылдар естіледі. Диагноз: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы қойылған, бронходилаторлы терапияны емдеуді таңдаңыз

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы » клиникалық хаттамасы

    https://diseases.medelement.com/disease/%D1%85%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F-%D0%BE%D0%B1%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B7%D0%BD%D1%8C-%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D0%BA%D0%B8%D1%85-2016/14938


    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - антихолинергиялық препараттар

    - Бета-адреномиметиктер

    - Метилсантиндер

    - ингаляциялық глюкокортикостероидтар

    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - Тиотропий бромиді (Спирива Респимат)

    - сальбутамол, форматерол

    -Эуфиллин, теофиллин

    -будесонид, беклометазон

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Тиотропий бромиді - ұзақ әсер ететін мускариндік рецепторлардың спецификалық антагонисі. Мускариндік рецепторлардың M1-M5 қосалқы типтеріне тектестігі ұқсас. Тыныс жолдарында тиотропий бромиді бронхтардың тегіс бұлшық еттерінің M3-рецепторларымен бәсекелі және қайтымды байланысып, ацетилхолиннің холинергиялық (бронх тарылтатын) әсеріне қарсы әрекет етеді, бұл бронхтардың тегіс бұлшық еттерінің босаңсуына әкеледі. Осы әсері дозаның шамасына байланысты және 24 сағаттан аса сақталады. Тиотропий бромиді, N-төрттік антихолинергиялық дәрі болғандықтан, ингаляциялық қолдану кезінде жүйелік антихолинергиялық әсерлері пайда болғанға дейін емдік дозалардың қолайлы диапазонында (бронхтарға) жергілікті селективтік әсер береді.


    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    • сусыздану

    • ауыздың құрғауы, іш қату, дисфагия

    • глаукома, көзішілік қысым жоғарлауы

    • тахикардия, буынның ісінуі.

    • Анафилактикалық шок сирек жағдайда

    • дизурия

    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Aerosolum Spirivae Respimati№1

    Da.Signa. 1 ингалияциядан күніне 1 рет

    10

    Жалпы баллы

    100

    «Митральді қақпақтың жеткіліксіздік синдромы »



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Жүрек –қан тамыр жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 4

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас 15 жаста, ентікпеге,физикалық жаттығу кезіне жүрек соғысы, жүрек жұмысының үзілістері, жалпы әлсіздікке, қақырықпен жөтел,  көбіне қан ұйындыларымен.Жалпы қарау кезінде ісінген қан тамырлар, систолиялық  АҚ төмендеу жүрек ұшында  пресистолалық акцентпен максимальды  естілетін диастолалық шу;
    - өкпе артерия үстінде  ІІ тон акцентінің   екі еселенуі, жүректің ІІІ және ІV  тондарының пайда болуы гепатомегалия, перифериялық ісіну.ЭКГ көрінісі сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатация. Эхо КГ митралды қақпақша жармаларының өзгеруі,  қақпақша асты  аппаратының өзгеруі.Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі диагноз қойылды. Жүрек жеткіліксіздігі СНФК функциональді клас ІІІ. Диуретикалық терапия тағайындаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Митральді қақпақшаның жеткіліксіздік синдромы» клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%BC%D0%B8%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D1%96-%D2%9B%D0%B0%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D2%9B%D1%88%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%8B/14630

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Диуретиктер

    - Бета-блокаторлар

    - антиагрегантар

    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - фуросемид, индапамид, маннитол,

    -бисопролол, метопролол,

    -ацетилсалицил қышқылы,(Асперин,Тромбо-АЦЦ) дипиридамол(курантил)пентоксифилин(трентал)

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Айқын несепайдағыш әсері бар жылдам әсер ететін диуретик. Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің жуан сегментінде натрий иондарының, хлордың қайта сіңірілуін бұзады. Фуросемид айқын натрийуретикалық, хлоруретикалық әсер етеді. Одан басқа калий, кальций, магний иондарының шығуын арттырады. Қан айналымының жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды емдеу кезінде фуросемидтің тиімділігі диуретикалық әсер етуіне ғана емес, шеткергі тамырларға тікелей кеңейткіш әсер етуіне де байланысты.

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    - тәбеттің төмендеуі, ауыздың кеберсуі, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, іш қату немесе диарея

    - холестаздық сарғаю, панкреатит, бауыр энцефалопатиясы, трансаминаза жоғарылауы

    - бұлшықеттердің әлсіздігі, балтыр бұлшықеттерінің құрысулары (тетания), апатия, адинамия, әлсіздік, сылбырлық, ұйқышылдық

    - ортостатикалық гипотензия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс,

    тахикардия, аритмиялар, ҚАК төмендеуі

    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Tabulettam Furosemidi 0,04
    Da tales doses № 50

    Signa. Күніне 1 таблеткадан 1 рет тамақтан 20 минут бұрын


    10

    Жалпы баллы

    100


    «Жедел коронарлы синдром (инфаркт миокард)»

    Атаулары

    Жауап

    Тақырып

    Жүрек –қан тамыр жүйесі

    Вариант нөмері

    № 5

    Ситуациялық есеп


    65 жастағы әйел ауруханаға жүректің ишемиялық ауруы, сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел трансмуральды миокард инфаркті диагнозымен түсті. Ауырсыну сол жақ жауырынға, иыққа,сол қолға берілген, көбіне таңертенгілік сағаттарда пайда болған.науқаста өлім қорқыныш пайда болған. МИ нитроглицеринді сублингвальды қайталамалы қабылдағанда ангинозды ауыру сезім басылмайды.Қабылдау бөлмімінде науқаста 30 минут бойы инспираторлы ентікпе пайда болды, перифериялық тамырлар әлсіз, тері жамылғылары бозғылттық, мұздай жабысқақ тер. Аускультация кезінде: өкпеде әр түрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 90, АҚҚ 70/40 мм рт.ст. Диурез сағатына 20 мл-ден аз. Бұл жағдай үшін оңтайлы құрылғыны таңдаңыз.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Миокард инфаркт » клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B6%D1%96%D1%82%D1%96-%D0%BC%D0%B8%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B4-%D0%B8%D0%BD%D1%84%D0%B0%D1%80%D0%BA%D1%82%D1%96-%D1%81%D1%83%D0%B1%D1%8D%D0%BD%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B-%D0%B6%C9%99%D0%BD%D0%B5-%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BC%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Антиангигиналды препаратар, нитраты

    - Опиоидты наркотикалық анальгетиктер

    -антитромболитикалық препараттар (антиагреганттар,антикоагуляттар,фибринолитиктер)

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - нитроглицерин, изокет

    - морфин гидрохлориді, промедол

    -ацетилсалицил қышқылы,(Асперин,Тромбо-АЦЦ) гепарин,стрептокиназа,алтеплаза

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Негізінен көктамырларға әсер ететін шеткергі вазодилятаторлар. Нитроглицериннің әсері негізінен алдыңғы жүктемені (шеткергі көктамырларды кеңейту және оң жақ жүрекшеге қан келуін азайту) және кейінгі жүктемені (жалпы шеткергі тамырлар қарсыластығын азайту) азайту есебінен миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетуіне байланысты. Ауыру синдромы қалыптасатын тамыр компонентін бәсеңдете отырып, тамырлардың симпатикалық тонусына орталықтық тежегіш әсер етеді. Менингиальдық тамырлардың кеңеюін туғызады, оны қолданғандағы бастың ауыруы осымен түсіндіріледі. Сублингвальді түрлерін қолданған кезде стенокардия ұстамасы әдетте 1,5 минут өткенде жойылады, гемодинамикалық және антиангинальді әсері 30-дан 60 минутқа дейін сақталады.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    ОЖЖ тарапынан: бұлыңғырланып көру, бас ауыруы, бас айналуы және әлсіздікті сезіну, үрейлену, психоздық реакциялар, мәңгіру, бағдардан жаңылу.

    Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: рефлекторлық тахикардия, тері жабындысының гиперемиясы, ысынуды сезіну, артериялық гипотензия, оның ішінде ортостатикалық коллапс, цианоз, бозару, метгемоглобинемия.

    Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, ауыздың кеберсуі, іш ауыруы, диарея болуы мүмкін.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Solutionis Morphini 1% – 1,0
    Da tales doses № 1 in ampullis
    Signa. Куре тамырға 1,0 морфин+ натрий хлориді 0.9%-9.0 ақырындап енгізі.

    Жалпы баллы

    100

    «Эссенциальды артериальды гипертензия синдромы »



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Жүрек –қан тамыр жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 6

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас Н., 44 жаста, басының ауыруына, бас айналуына, қалтырауға, тұрақты әлсіздікке, кейде жүрек айнуына және көз алдында «майда шіркейлер» шағымданады. Тұқымқуалаушылық белгілері - әкесі артериялық гипертензиядан ауырады. Объективті: бойы 164 см, салмағы 60 кг. Тері қатпары: бет пен мойын гиперемиясы байқалады. Ісіну анықталмады.Везикулярлы тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ, ТАЖ минутына 20 рет. Жүректің салыстырмалы бұлыңғырлануының шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ шетінен 1,0 см сыртқа, солға - сол жақ бұғананың орта сызық бойымен, жоғарғы - III қабырға. Жүрек ритмі дұрыс, тондары әлсіреген, II тонның аортаға екпіні. Пульсі қатты және қарқынды, ЖСЖ 90 минутына. Қарап тексергенде АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ. екі қолыңыда. Диагноз: Эссенциальді артериальді гипертензия.ІІ дәрежесі. Қауіп фактор ІІІ. Қан қысымын төмендету үшін ең жақсы терапияны таңдаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Эссенциальды артериальды гипертензия» клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D0%B3%D0%B8%D0%BF%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%B7%D0%B8

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - АПФ ингибиторлары

    - Бета-адреноблокаторлар

    - Кальций каналының антогонистері

    - Диуретиктер

    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - Каптоприл, Эналоприл, лизиноприл

    -бисопролол, метопролол,

    -Верапамил, амлодипин.

    -индапамид, фуросемид, гидрохлортиазид

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    І ангиотензиннен ІІ ангиотензиннің түзілуін азайтады. ІІ ангиотензин мөлшерінің төмендеуі альдостеронның бөлініп шығуының азаюына тіке апарады. Бұл орайда жалпы шеткергі тамырлық қарсыласу, артериялық қысым, жүрекке түсетін кейінгі және алдыңғы жүктеме төмендейді. Көктамырлардан гөрі, артерияларды көп дәрежеде кеңейтеді. Брадикинин деградациясының азаюын (АӨФ әсерлерінің бірі) және простагландин синтезінің артуын туындатады. Гипотензиялық әсері плазма ренинінің белсенділігіне байланысты емес, тіндік ренин-ангиотензин жүйелеріне әсер етуімен шартталатын гормонның қалыпты және тіпті төмен деңгейінде артериялық қысымның төмендегені байқалады. Коронарлық және бүйректік қан ағымын күшейтеді. Ұзақ қолданғанда миокард пен артериялардың резистивтік түрдегі гипертрофиясының айқындылығын азайтады. Ишемияланған миокардтың қанмен қамтылуын жақсартады. Тромбоциттер агрегациясын азайтады

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    -ортостатикалық гипотензия, тахикардия, шеткергі ісінулер

    - құрғақ жөтел, бронх түйілуі, өкпенің ісінуі

    - гиперкалиемия (бүйрек жеткіліксіздігінде көбірек ықтимал)

    - гипонатриемия (тұзсыз емдәмде және диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда көбірек жиі)

    - протеинурия, қанда мочевина азоты, креатинин мөлшерінің жоғары болуы

    - ацидоз

    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Tabulettam Captoprili 0,025

    Da tales doses №30
    Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет

    10

    Жалпы баллы

    100

    «Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігі синдромы (жүрек демікпесі»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Жүрек –қан тамыр жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 7

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас Т., 45 жаста, жастық шағында берілетін ревматизм негізінде пайда болған құрамдас жүрек ақауымен ауырады. Көптеген жылдар бойы өзін қанағаттанарлық сезінген. Алайда, биыл ангинадан кейін жағдайы едәуір нашарлады. Науқас тыныс алудың қиындауымен үдемелі ентігумен, тахикардия, жүрек аймағындағы ауырсынумен, қан ұйындылы жөтел, ісіну. Объективті: тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық тер), шырышты қабаттардың цианозы. Перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның дилятациясы). Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы жəне ұлғайған ауыру сезімді бауырдың болуы.Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу. Пульс 120 мин, ырғақты. АҚҚ 90/65 мм.сын.бағ. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Бауыр үлкейген, пальпация кезінде ауырады. Аяқтарында ісіну байқалады. Диагноз: созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, 3 функционалды класс (NYHA). Төзімсіздігі ИАПФ. Мұндай жағдайға балама препаратты таңдаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік » клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D3%A9%D0%BA%D0%BF%D0%B5-%D1%96%D1%81%D1%96%D0%BD%D1%83%D1%96-%D0%B6%D1%96%D1%82%D1%96-%D1%81%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D0%BF%D0%B5%D1%83%D1%88%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA/13428

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Жүрек гликозидтері мен этил спирті туындылары

    - Антикоагулянттар және антиагреганттар

    - опоидтты наркотикалық аналгетиктер

    - Диуретиктер

    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - Допамин,этанол

    -гепарин, варфарин

    -морфин гидрохлориді

    -индапамид, фуросемид,

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Бета-адренорецепторларды (аз және орташа дозаларда) және альфаадре-норецепторларды (үлкен дозаларда) қоздырады. Жүйелі гемодинамиканың жақсаруы диуретикалық тиімділікке алып келеді. Тамырлардың тегіс бұлшықеті мен бүйректердегі постсинаптикалық дофаминдік рецепторларға арнайы көтермелегіш әсер етеді. Төмен дозаларда (0,5-3 мкг/кг/мин) бүйректік, мезентериалдық, коронарлық және ми тамырлары кеңеюін туындата отырып, көбіне дофаминдік рецепторларға әсер етеді.


    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    - тахикардия немесе брадикардия

    - жүрек қағуы

    - төс артындағы ауырулар

    - АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі

    - өткізгіштік бұзылуы

    - QRS кешенінің кеңеюі (QRS- қарыншалық деполяризация үдерісін бейнелейтін қарыншалық кешеннің бірінші фазасы)

    - азотемия

    - пилоэрекция

    - полиурия (төмен дозаларда енгізгенде)

    - препарат тері астына түскенде – терінің, тері асты шелі некроздары.


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Solutionis Dopamini 4% – 5,0
    Da tales doses № 2 in ampullis
    Signa. Куре тамырға натрий хлориді 0.9%-100мл тамшылатып енгізу.


    10

    Жалпы баллы

    100

    «Асқазан диспепсиясы синдромы (асқазан ойық жара ауруы)»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Асқорыту жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 8

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас Д., 38 жаста, терапевтік бөлімге эпигастрий аймағыны қатты ауырсынуға шағымданып түсті, ауырсыну тамақтан кейін 2-3 сағаттан кейін пайда болады, қан аралас құсу, жүрек айнуы, іш қату, ұйқының нашарлауы, көңіл күйінің тез бұзылғыштық, тахикардия және басының айналуы. Науқас өте эмоционалды, ашуланшақ. Көптеген жылдар бойы жаман әдеттері бар: жасөспірім кезінен бастап алкоголь мен темекі шегеді. Дұрыс тамақтанбайтын, көбінесе фас-фуд, ащы тамақты ұнатады. Бірнеше жыл бойы созылмалы гастритпен жоғары қышқылдықпен емделді. Объективті: Науқас орташа бойлы, гиперстениялық, конституциялы. Шырышты қабаттары қызғылт түсті. Тілі таза. Қол-аяғы суық, ылғалды. Кеуде қуысы мүшелерінің жағынан ешқандай өзгеріс жоқ. Іштің пальпациясында эпигастрий аймағында ортаңғы сызықтың оң жағында ауырсыну анықталған. Терең пальпация кезінде тығыз, пилорикалық бөлігінде кездеседі. Эндоскопияда пилорлық асқазанның жарасы анықталды. Асқазан жарасына диагноз қойылды. Антисекреторлық әсері бар препаратты таңдаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «Асқазан ойық жара ауруы » клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B0%D1%81%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD-%D0%B5%D0%BD-%D2%B1%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83%D1%8B

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз Маастрихт-V,2015/ 20 -

    - Протонды помпа ингибиторы

    - Гистаминд Н2 рецепторларының тежегіштері

    - Антибактериалді препараттар

    - Висмут препараттары

    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - Омепразол,(Омез) пантопразол

    -Ранитидин, фамотидин

    -амоксициллин(флемаксин солютаб) кларитромицин

    -висмут трикалий дицитраты(Де-нол),

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Омепразол – протондық сорғы тежегіші, тұз қышқылының базальді және кез келген тітіркендіргішінен туындаған секрециясын бәсеңдетеді. Омепразол ізашар дәрі болып табылады – қан арқылы париетальді жасушаларға түседі, әлсіз негіз болғандықтан қышқыл ортада сульфенамид түзе отырып, белсендірілетін секреторлық өзекшелерде жинақталады. Сульфенамид жасушадан тыс домен Н+, К+ - АТФаза кіретін цистеин қалдықтарымен ковалентті байланысады, оны қайтымсыз белсенділігін жояды және Н+ иондары секрециясын тоқтатады.

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    - бас ауыруы

    - іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, құсу

    лейкопения, тромбоцитопения

    - аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызба, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық реакциялар/шок)

    гипонатриемия

    - артралгия, миалгия


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Omeprazoli 0,02

    Da tales doses №20 in capsulis

    Signa. 1 капсуладан күніне 1 рет тамақтан 30 мин бұрын.




    10

    Жалпы баллы

    100

    «Бауыр жеткіліксіздігі синдромы (бауыр циррозы)»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Асқорыту жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 9

    3.

    Ситуациялық есеп


    Науқас Н., 50 жаста, эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданып түсті; оң және сол жақ қабырға асты, оң жақ қабырға астының ауырлық сезіміне, майлы тамаққа төзбеушілік, жүрек айну, иектерден қан кетуге, жалпы әлсіздік, төменгі бөліктің парестезиясы. Соңғы 10 жылда ол алкогольді жиі пайдаланған. Объективті: аз тамақтанады, тері қабаты ылғалданған, саусақтардың дірілі, алақан эритемасы. Кеуде қуысының терісінде «тамырлы жұлдызшалар». Гинекомастия Паротит бездері үлкейген. Бұлшықеттері гипотрофиялық. Іші орташа ісінген, асцит. Алдыңғы іш қабырғасының веналары кеңеюіне «медуза басы». Бауыр қабырға доғасы шетінен 8 см, тығыздалған, беті тегіс. Көкбауыры қабырға астынан 3 см шығады, тығыз, ауырсынусыз.Диагноз: Алкогольді бауыр циррозы диагнозы қойылған. Этиотропиялық терапия үшін препаратты таңдаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «бауыр циррозы» клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D1%86%D0%B8%D1%80%D1%80%D0%BE%D0%B7-%D0%BF%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8-%D1%83-%D0%B2%D0%B7%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BB%D1%8B%D1%85

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Гепатопротекторлар

    -Глюкокортикостероидтар

    - вирусқа қарсы препараттар


    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    - Эссенциал форте,тиоктой қышқылы(Липамид)

    -Преднизолон, метилпреднизолон

    -Тенофовир(Виреад), Ламивудин,

    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Эссенциале® форте Н өсімдік тектес препарат болып табылады, оның құрамына кіретін эссенциальді фосфолипидтер гепатопротективті қасиеттерге ие және гепатоциттер қабығының және митохондрийдің негізгі элементтері болып табылады. Эссенциальді фосфолипидтер бауыр жасушаларын қорғайды. Эссенциале® форте Н этанол, тиоацетамид, органикалық еріткіштерді қолдануға байланысты бауырдың созылмалы уыттану зақымданулары кезінде стеатоз бен фиброздың дамуын басады. Бұған қоса, эссенциальді фосфолипидтер бауыр жасушалары жарғақшаларының қалпына келуі мен тұрақтануын жылдамдатады, липидтердің үдеріс барысында бауыр жасушалары зақымданатын асқын тотықты тотығуын және коллаген синтезін басады.

    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

     - асқазанның ауыруы, нәжістің сәл жұмсаруы

    - диарея

    - бөртпе және есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар

    - қышыну.


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: “Essentiale forte N” 0.3

    Da tales doses №30 in capsulis

    Signa. 1 капсуладан күніне 3 рет тамақтан 30 мин бұрын.




    10

    Жалпы баллы

    100

    «Нефротикалық синдром (созылмалы гломерулонефрит)»



    Атаулары

    Жауап

    1.

    Тақырып

    Зәр шығару жүйесі

    2.

    Вариант нөмері

    № 10

    3.

    Ситуациялық есеп


    10 жасар бала 5 жастан бастап созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Өткен айда - бозару, қолдар мен аяқтардағы көптеген «көгерулер», қозғыштық күйге түскен.Қарап тексергенде жағдайы ауыр, бала сопор жағдайда, терісі қызғылт түсті, төменгі жақтарындағы мрамор түсті, ауыздан аммиактың иісі бар. Тынысы терең, шулы,ТАЖ- 28с / мин. АҚҚ -160/90 мм.сын.бағ. Жүрек дыбыстары тұйықталған, Пульс-110 / мин., аритмия жүректің ұшы түрткісінде және V нүктесінде - систолалық шум етіледі. Бауыр 3 см қабырға астынан шығады. Зәр шығарудың соңғы күніне 1 рет, 180 мл зәр бөлінді.ЖЗА:Гематурия, протеиурия. Иммуносупрессивті терапия үшін емдеуді таңдаңыз.

    4.

    Клиникалық хаттама (ресурс)

    «созылмалы гломерулонефрит» клиникалық хаттамасы https://diseases.medelement.com/disease/%D1%81%D0%BE%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%80%D1%83%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%84%D1%80%D0%B8%D1%82/14595

    5.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық топтарын атаңыз / 20 -

    - Глюкокортикостероидтар

    - Алкилируші препараттар

    - Антиметаболиттер


    6.

    Осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілердің жоғарыда аталған топтарының ішінен таңдаулы дәрілерді атаңыз/20

    -Метилпреднизолон(Метипред), преднизолон

    -Циклофосфамид, хлорамбуцил

    -Азатиопин, Метотрексат,Миклофенол қышқылы


    7.

    Дәрілердің әсер ету механизмін көрсеттіңіз/30

    Метипред әсері, басқа глюкокортикоидтар сияқты, цитоплазмада стероидты рецепторлармен өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асады. Cтероидрецепторлық кешен жасуша ядросына тасымалданады, ДНҚ-мен бірігеді және ақуыздардың көпшілігі үшін гендер транскрипциясын өзгертеді. Глюкокортикоидтар көптеген ақуыздардың, буындар құрылысын бұзатын (ревматоидты артритте) әртүрлі ферменттердің, сондай-ақ иммундық және қабыну реакцияларында маңызды рөл атқаратын цитокиндер синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтардың нейроэндокриндік өзара әрекеттесуінің негізгі ақуызы – липокортин синтезін индукциялайды, бұл қабыну және иммундық жауабының азаюына әкеледі.


    8.

    Сіз атап өткен дәрілердің негізгі жанама әсерлерін/20

    - эозинофильдер, моноциттер және лимфоциттер саны төмендегенде лейкоциттердің жалпы санының жоғарылауы, тромбоцитоз

    - гиперкоагуляция, тромбоз

     - Капоши синдромы

    - остеопороз, омыртқа бағанының және ұзық сүйектердің сынуы, асептикалық остеонекроз, миопатия, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттер атрофиясы, сіңірлердің үзілуі


    9.

    Сізге берілген тізімдегі әр түрлі фармакологиялық топтың екі препараттына рецепт жазыңыз/10

    Recipe: Tabulettam Methylprednisoloni 0,1
    Da tales doses № 20

    Signa. Күніне 1 таблеткадан тамақтану кезінде ішке



    10

    Жалпы баллы

    100
      1   2   3


    написать администратору сайта