Главная страница
Навигация по странице:

  • Қатысушылыр: Кеңес төрағасы: С.Абсалихов Хатшысы : А.Айтбаева педагогикалық ұжым

  • Тыңдалды. Мектеп директоры С.Б.Абсалихов

  • Талдау нәтижелері төмендегідей кемшіліктерді көрсетті

  • Осы кемшіліктерді ескере отырып, аттестаттау комиссия мүшелері ҚОРЫТЫНДЫ

  • 1. 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру. /С.Абсалихов / Тыңдалды.

  • 2. «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығының басталуы туралы» /А.Қанапьянова / Тыңдалды.

  • Шешім: 2.2.

  • Мақсаты:Оқу үрдісіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу арқылы білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру. Міндеттері

  • «Өзгерістер енгізуге бағытталған іс-әрекеттер» жобасы

  • Жас маманмен жүргізілетін жұмыстың ережелері I. Жалпы ережелер Ереженің басты мақсаты

  • ІІ. Негізгі міндеттері.

  • ІІІ. Қызметті ұйымдастыру.

  • ІV. Жас педагог маман біліктілігінің мазмұны.

  • V. Қызметті ұйымдастыру формалары.

  • Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру

  • Әл – Фараби ЖАС МАМАН МЕКТЕБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

  • Тәлімгерлік және жас маман туралы Ереже

  • Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері

  • "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"

  • жас маман ереже. Ксп2кл2022 ксп 2 класса 20222023 гг Урок


    Скачать 69.54 Kb.
    НазваниеКсп2кл2022 ксп 2 класса 20222023 гг Урок
    Дата10.02.2023
    Размер69.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажас маман ереже.docx
    ТипУрок
    #929543

    aibarbaiakhmet

    Уақытша құпиясөз

    936516

    КСП-2кл-2022 - КСП 2 класса 2022-2023 гг - Урок...



    topuch.com›urok-1-f-i-o-pedagoga-data/index2.html

    КСП 2 класса 2022-2023 гг. КСП-2кл-2022. Урок 1 Ф. И. О педагога Дата. Единственный в мире Музей Смайликов Самая яркая достопримечательность Крыма. Читать ещёКСП 2 класса 2022-2023 гг. КСП-2кл-2022. Урок 1 Ф. И. О педагога Дата. Единственный в мире Музей Смайликов Самая яркая достопримечательность Крыма. ... Учащиеся предлагают полные ответы на вопросы. Учащиеся повторяют слова на русском и казахском языках. Учитель предлагает выполнить задания в Рабочей тетради №1. (стр. 6). Учащиеся выполняют задание. Записывают слова- действия, составляют. Скрыть

    Не найдено: одежда, год
    «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық

    мемлекеттік мекемесінің педагогикалық кеңесінің
    1 хаттамасы

    Өткізілген уақыты:
    Қатысушылыр:
    Кеңес төрағасы: С.Абсалихов

    Хатшысы : А.Айтбаева
    педагогикалық ұжым:
    1.Айтова Макпал Шеризатқызы

    2.Азбаева Самал Сатыбалдиевна

    3.Агинтаева Роза Алдабергеновна

    4.Балабаев Еркін Бияхметович

    5.Даирбекова Индира Нурлановна

    6.Дастарова Жанна Әшімханқызы

    7.Ермусина Асемгул Нурмухановна

    8.Зауренбекова Қанат Иманбековна

    9.Кеңесова Қарлығаш Тоқтарқызы

    10.Қанапьянова Айжан Қайратқызы

    11.Мұратхан Максат Өнербекұлы

    12.Мутан Бота Маликовна

    13.Рысбекова Жанар Нурбековна

    14.Сембаева Жансая Балтабековна

    15.Сырлыбаева Ардак Ашимкановна

    16.Чойбасов Серикхан Токанович

    Күн тәртібінде:


    1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2022 жылғы 06 сәуірінде бекітілген Жетісу облысы бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде, 2022 жылдың 28 қараша-02 желтоқсан аралығында жүргізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы.

    (Мектеп директоры С.Б.Абсалихов)

    Тыңдалды. Мектеп директоры С.Б.Абсалихов Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығымен(бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары), Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59-бабының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2022 жылғы 06 сәуірінде бекітілген Жетісу облысы бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде, 2022 жылдың 28 қараша-02 желтоқсан аралығында«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төнкеріс негізгі орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аттестаттау нәтижелерімен таныстырып өтті.

    Мемлекеттік аттестаттау Департаменттің 2022 жылғы 28 қарашадағы №14-ө бұйрығымен бекітілген аттестаттау комиссиясымен келесі құрамда өткізілді:

    1. Муканова Анаргүл Қасымбековна – Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы, комиссия төрайымы;

    2. Биназаров Айдар Жумабекович–Көксу ауданы,Жамбыл атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;

    3. Касенова Молдыр Амангельдыевна – Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;

    4. Жетпісбаева Гульжан Ержановна – Көксу ауданы, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;

    5. Абилов Төлентай Жанайбекович – Көксу ауданы, Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі.

    Комиссиямен Бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына талдау, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізілді.

    Талдау нәтижелері төмендегідей кемшіліктерді көрсетті:


    1. МЖМБС-ның» 4-тарау 16-тармағына, МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес емес

    2. МЖМБС-ның 3-қосымша, 2-тарау, 16-тармағы, 4-қосымша, 2-тарау, 17-тармағының талаптарына сәйкес емес.

    3. МЖМБС-ның 2-қосымша, 2-тарау, 25-тармағы, 3-қосымша, 2 тарау, 35-тармағы талаптарына сәйкес емес.

    4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 17.06.2015 жылғы №391 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығының, МЖМБС-ның 2-қосымшасының 26-тармағы, 3-қосымшасының 36- тармағы, 4-қосымшасының 29- тармағынасәйкес емес.

    5. МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 61-тармағының талаптарына сәйкес емес.

    6. МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 62,63,64,65,66-тармағы, 3-қосымша, 4-тарау, 76,77,78,79-тармағы, 4-қосымша, 4-тарау, 82,83,84,85-тармағының талаптарына сәйкес емес

    Осы кемшіліктерді ескере отырып, аттестаттау комиссия мүшелері

    ҚОРЫТЫНДЫ: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төнкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.



    1. 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру. /С.Абсалихов /

    2. «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығының басталуы туралы» /А.Қанапьянова /

    3. 2021-2022 жылындағы атқарылған жұмыстардың талдауы,жаңа оқу жылының мақсат,міндеттерін анықтау. Жаңа оқу жылының жұмыс жоспарымен танысу,бекіту. /А.Сырлыбаева /

    4. Аттестаттау комиссиясы, пед.кеңес, қамқоршылық кеңес, құқық кеңесі,әдістемелік бірлестіктер кеңесі, ата-аналар кеңесі құрамдарын бекіту

    5. Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау

    6. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінің сағат жүктемелерін бекіту туралы.

    7. Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы. Мектеп әкімшілігінің функционалдық міндеті.



    1. 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру. /С.Абсалихов /

    Тыңдалды. Мектеп директоры С.Б.Абсалихов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың 2021 жылғы 27 шiлдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №368 бұйрығымен таныстырды.

    Орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

          1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;

          2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы;

          3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

          1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 16 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);

          1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

    Сонымен қатар, мектеп директоры 2021-2022 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектепте алғашқы қоңырау «» тақырыбында өткізілетіні туралы және салтанатты жиын сағат 9.00-де басталатыны туралы хабарлады.

    Шешім:

    1.1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №368 бұйрығы мен Алматы облысы Білім басқармасының 2021 жылғы № шығыс хаты негізге алынып, жүзеге асырылсын.

    2. «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығының басталуы туралы» /А.Қанапьянова /

    Тыңдалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қанапьянова «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығын өткізу туралы Алматы облыстық білім басқармасының бұйрығы, Алакөл аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен осы бұйрыққа қосымша жасалынған айлықтың іс-шараларын және мектеп директорының 15.08.2021ж. № бұйрығын жүзеге асыру мақсатында 15.08-15.09.2021 күндер аралығында «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығының жүргізілетіні туралы айта келе, іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Жоспар бойынша барлық мұғалімдер бекітілген мөлтекаудандары бойынша аралап және оқумен қамтамасыз етілмеген балалар мен жасөспірімдерді анықтап есеп беру керек.Есеп беру үшін әр жауапты мұғалім өз мөлтекауданында 0-6 жас, 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің санын, нақты тізімдерін тапсыру керек. 
    Мөлтекаудандарында басқа мектептерде және басқа оқу орындарында оқитын оқушылар анықталып, нақты саны белгіленіп, тізімдері және басқа мектептерде, басқа оқу орындарында оқитыны туралы анықтамалары тапсырылу керек . Әр жауапты мұғалім өз мөлтекауданында жетім, жартылай жетім, көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы нашар отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларына ерекше көңіл бөлініп, нақты саны және тізімдері тапсырылу керек.

    Шешім:

    2.2. Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы жоспар бойынша өткізіліп,барлық керекті құжаттар уақытылы дайындалсын.
    3. 2021-2022 жылындағы атқарылған жұмыстардың талдауы, жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтау. Жаңа оқу жылының жұмыс жоспарымен танысу , бекіту.

    Тыңдалды. Оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Сырлыбаева Төңкеріс негізгі орта мектебінің ұстаздар ұжымы 2020-2021 оқу жылында өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып білім сапасын көтеру»  мәселесі бойынша жұмыс атқарды.

    Келелі мәселе бойынша Төңкеріс НОМ ұжымы сынақтан өткізу кезеңінде. Ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену арқылы Төңкеріс негізгі орта мектебінің мұғалімдері оқушылардың білік , дағдыларын арттырып, кәсіби байқаулар мен қоғамдық жұмыстарға араласа бастады. Бірлесе жоспарлай отырып, сабақ жақсарды. Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс нығайып, білім сапасы артты. Жалпы оқу жылын 1-9 сыныптар бойынша 18 мұғаліммен, 9 класс-комплектпен 47 оқушымен бастап, 29 оқушымен аяқтадық. Жалпы мектеп бойынша біілім сапасы 69,5% пайыз болып отыр.
    2020-2021 оқу жылында Төңкеріс негізгі орта мектебінде 18 мұғалім қызмет жасады. Оның ішінде 16 мұғалім негізгі, 2-і сырт мектептің мұғалімдері. Мұғалімдердің 77,7 % пайызы жоғары білімді; 22,3% пайызы арнаулы орта білімді. Жоғары санатты мұғалімдер- 1; І санат-1; санаты жоқ мұғалімдер-6, жаңа форматта біліктілік санатқа өткен педагогтар саны-9. Оның ішінде педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-2, педагог-модератор-5. Педагогикалық өтілі бойынша 5 жылдан төмен- 5, 5-10 жыл арасы-6; 10-25 жыл арасы-2; 25 жылдан жоғары-3.

    2020-2021 оқу жылы мектептегі «Жас мамандар» мектебінде 3 мүше болды. Жоғары білімді жас маман-1, арнаулы орта білімді мұғалім-2. Әр жас маманға тәлімгерлер бектілген. Жұмыс жоспары құрылып,

    Жас мамандар жоспары бойынша семинарлар, тренинг, коучингтер жүргізіліп, ашық сабақтар апталығы өткізілді.

    Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарына бару және біліктілік санаттарын растау немесе бекіту белсенділіктері төмен деңгейде болды. 2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курсынан МАД тобының тәрбиешісі Азбаева Самал Сатыбалиевна өтті. 2021-2022 оқу жылынды биология пәнінің мұғалімі А.Н.Ермусинаны , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Н. Рысбекованы , көркем еңбек пәнінің мұғалімдері И.Н.Даирбекованы , С.Б.Абсалиховты және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Т.Чойбасовты пән бойынша курсынан жіберу жоспарланып отыр.

    Жалпы педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттіліктерін арттыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеді.

    Төңкеріс негізгі орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Оқу жылының басында 2020-2021ж. атқарған жұмыстарға талдау жасау арқылы жаңа оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары 8 бағыттарды қамтыды.Әр бағыт бойынша іс-шаралар өткізіліп отырылды.

    Атқарылған жұмыстардың әлсіз және күшті жақтарын және ондағы проблемаларды ескере отырып, келесі оқу жылына қажетті ұсыныстар беріліп, мақсат, міндеттері анықталды. Атап көрсетсек:

    Ұсыныстар:

    1. Төмен білім сапасын 4,5 сынып төмен пайыз білім сапасын көрсетуіне байланысты әр пән бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылауға қойылсын;

    2. Жекелеген пәндер бойынша 5 сыныбында орыс тілі ( п.м Бекбаева Н.Т.) , ағылшын тілі (Зауренбекова Қ.), 5 сыныпта математика (Токпакбаева Ж..) қазақ тілі мен әдебиеті (Рысбекова Ж.), Қазақстан тарихы (Мұратхан М.), жаратылыстану (Ермусина А.Н.) пәндерінің оқытылуы мектепшілік бақылауға алынсын.

    3. Тәрбие жұмысы бойынша 5 -8 сыныптары мектепішілік бақылауға қойылсын;

    4. Әдістемелік бірлестік жетекшілердің жұмысы мектепшілік бақылауға алынсын.

    5. Жас маман мен тәлімгерлер жұмысының дұрыс жүргізілуі қадағалансын.

    6. Дарынды және білімінде оқылықтары бар оқушылармен жұмысты жандандыру, Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтар мен психологтардың кәсіби дайындығын жетілдіру;

    7. Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан мұғалімдердің дайындық деңгейі қатаң бақылауға алынсын;

    8 .Сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттарын өткізу барысының дұрыс жүруі қадағалансын;

    Мақсаты:Оқу үрдісіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу арқылы білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру.

    Міндеттері:

    • Мұғалімдердің педагогикалық біліктілік құзіреттілігін жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық жаңа, озық технологияларды тәжірибеге енгізуді дамыту;

    • Педагогикалық кадрларды біліктілік арттыру және қайта даярлауды курстарынан жүйелі өткізе отырып, АКТ арқылы қосымша ресурстарды пайдаланып пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыру;

    • Мектеп психологінің мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын жандандыру

    • Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын аудан, облыс көлемінде бекіттіру

    • Тарих, география, ағылшын тілі, бастауыш сынып пәндері бойынша өткізілетін аудандық кәсіби байқауларға пән мұғалімдерінің қатысуын қадағалау

    • ТЖБ жұмыстарының ортақ кестесін құрып, сол арқылы ТЖБ жұмыстарының талапқа сай өткізілуін қадағалау. ТЖБ жұмыстарына берілген талдау нәтижесінде төмен білім сапасын көрсеткен пәндерді мектепішілік бақылауға қою. ТЖБ жұмыстарына ата-ананың қатысуын қамтамасыз етуді әр пән мұғаліміне міндеттеу.

    • БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының оқу мақсаттары мен сынып ерекшелігін ескере отырып құрылуын қадағалау.

    • Бейімделу және сабақтастық жұмыстарына баса назар аудару.

    • Жас мамандардың өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибе жинақтауын нығайту

    • Мектеп бойынша білім сапасынан төмен білім сапасын көрсетіп отырған негіздері пәндерін мектепішілік бақылауға қою.

    • Жылдық білім сапасынан 100 пайыз көрсетіп отырған пәндерінен мектепішілік семинар ұйымдастыру

    • ӘПБ құрамындағы педагогтардың зерттеу жұмыстарымен айналысу деңгейін көтеру

    • «Өзгерістер енгізуге бағытталған іс-әрекеттер» жобасы

    бойынша жұмыстарды жалғастыру.

    Жаңа 20221-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарын бекіту бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Сырлыбаева мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары ҚР БҒМ-ң 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130

    Жас маманмен жүргізілетін жұмыстың ережелері
    I. Жалпы ережелер

    Ереженің басты мақсаты:
    •Жас педагог мамандардың педагогикалық, оқушылар, ата-аналар ұжымына қалыптасуына көмек көрсету;
    •Жаңадан келген педагог мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіру;
    •Жас мамандарға әдістемелік және психологиялық көмек көрсету;
    •Жас мамандарды еңбек жолындағы жетістіктерімен мадақтау.
    ІІ. Негізгі міндеттері.

    * Жаңадан келген педагог мамандардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
    *Жаңадан келген педагог мамандардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу дайындығындағы әдістемелік және жалпы дидактикалық деңгейін арттыру;
    *Жас педагог мамандардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына практикалық көмектер беру;
    *Педагогикалық теория мен практиканы үздіксіз игеруін қамтамасыз ету;
    *Педагогикалық қызметте жеткен жетістіктерімен тәжірибе алмасу;
    *Жас педагог мамандардың өзіндік даму бағдарламасын құру;
    *Практикада кәсіби жетілген жас педагог мамандардың жұмысын насихаттап, мадақтау.

    ІІІ. Қызметті ұйымдастыру.
    Психологиялық қолдау мен әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән бірлестігі жас педагог мамандармен үздіксіз жұмыстар ұйымдастырылып жүргізіледі.
    Жас педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстар оқу жылының басында құрылған жоспар негізінде ұйымдастарылады.
    Жұмысты жоспарлау келесі бағыттарды қамтиды:
    •Ұйымдастыру жұмыстары;
    •Пән бойынша жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру;
    •Әдістемелік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру;
    •Мектепішілік іс-құжаттармен жұмыс;
    •Өзіндік білім жетілдіру жұмыстары;
    •Жас педагог мамандардың қызметін бақылау.

    Қызмет мазмұны:
    •Жас педагог мамандардың кездескен қиындықтарына талдау жасау, сараптама негізінде қажеттілігін өтейтін көмек көрсету формасын таңдау;
    • Қызметті жоспарлау мен талдау жасау;
    •Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны, формасы және әдістері туралы нұсқаулық дайындау;
    •Жас педагог мамандарға оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған көмек беру;
    •Оқушылардың сыныптан тыс уақыттарда танымдық, ғылыми-зерттеушілік қызметтерге белсенділігін арттырудың негізгі бағыттары мен формаларын (олимпиадалар, байқаулар, пәндік апталықтар, білім аукциондары т.б.) таңдап жұмыс жасауға көмектесу;
    •Жас педагог мамандардың қызмет нәтижесінің мониторингін жасау;
    •Жас педагог мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау:
    •Тәжірибелі ұстаздармен кездесулер өткізу, педагогикалық қызметте жетістікке жеткен іс-тәжірибелерімен таныстыру;
    •Жаңадан келген педагог мамандарды жас педагог мамандардың сабақтарына қатыстыру мақсатында он күндіктер (декада) өткізу;
    Тәжірибелі педагог мамандардан жас педагог мамандарға тәлімгерлер бекітіледі. Жас педагог маман тәлімгермен бірге мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша жұмыс жасайды. Тәлімгер ұстаз жас педагог маманның практикасындағы жұмыстарды қорытындылап, кәсіби дайындығы жан-жақты талданатын бағалау парағын толтырады және оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге нұсқау береді. Жас педагог маман талдау жұмысымен аттестациялық комиссияға дейін бір апта бұрын танысуы тиіс.

    ІV. Жас педагог маман біліктілігінің мазмұны.

    Жас педагог маман өз еңбек жолында пәні бойынша теориялық білімді, оқыту әдістемесін, педагогика және психологияны, тәрбие жұмысын толық игеруі тиіс. Үш жыл ішінде жас педагог маман мұғалімдік қызметтің жан-жақты қырынан танылуы керек.

    1.Оқыту жұмысы.
    Жас педагог маман меңгеруі тиіс:

    *Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын перспективалық және жылдық жоспарлау негіздерін тануға, жұмысты жоспарлауда белсене ат салысуға;

    *Оқу жылы ішінде пәні бойынша оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды;

    *Күнделікті оқу жоспарын жасап, білім беру мекемесінің басшылығына бекітуге ұсыну;

    *Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдістер, құралдар мен формаларды (әңгіме, сұхбат, дәріс, зертханалық жаттығулар, оқушының жеке жұмысы, сынақ жұмыстары, демонстрация, оқу фильмдері, жазылған үнтаспалар, компьютерлік бағдарламалар, т.б.) қолдануды;

    *Барлық пәндер бойынша оқушыға жеке көмектер көрсетуді;

    *Пән бойынша оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды ұжымдық (саяхат, оқу фильмдерін көру,конференциялар, дәрістер, т.б.) және жеке формаларда ұйымдастыру мен өткізуді;

    *Пәні бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуы;

    *Пән кабинетін жабдықтауға қатысу және бұл жұмыстарға оқушыларды тарту.

    V. Қызметті ұйымдастыру формалары.
    Жас педагог мамандармен жұмыстарды ұйымдастыруды мектеп келесі формада жүргізеді:
    Семинарлар;
    Практикалық жаттығулар;
    Тәжірибелі ұстаздармен кездесулер;
    Жеке және топтық кеңестер;
    Сұхбаттар;
    Шығармашылық кештер;
    Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу;
    Жас педагог мамандардың ашық сабақтары.

    VI. Қорытынды ереже.

    Жас педагог мамандар аудандағы «Жас мамандар мектебі» жұмыстарына ат салысып, мәдени көпшілік іс-шараларға, семинарлар, практикалық жаттығуларға қатысады. Мектеп басшысы жас педагог мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстарды, оның кәсіби дамуын басшылық жанындағы кеңестерде, жеке кеңес беруде талдайды. Оқу жылының соңында жас педагог мамандармен жүргізілген жұмыстар қорытындысы шығарылады.

    Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру

    1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызмет нұсқаулықтарымен айқындалады.
    2. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлері болып есептеледі.
    3. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің:
    1. Педагогтік қызметті ұйымдастыру.
    2. Оқу орнының жұмыстарына қатысу.
    3. ҚР заңдарын оқып,үйрену.
    4. Бес жылда бір рет өздерінің біліктілігін арттыру.
    5. Әкімшілік бұйрықтарын орындау.
    6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз етуге тиісті.
    7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілетерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуі тиіс.


    8. Өз біліктілігін арттыру.
    9. Педагогтік әдет нормаларын сақтау.
    10. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге, салауатты өмір салтын жүргізіп, оны білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға міндетті.
    11. Олимпиадаға оқуша дайындау.
    12. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
    13. Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
    14. Оқушылардың дәптерлерін уақытылы тексеру.
    15. Сабақ беретін сыныптардың журналдарын күнделікті толтырып отыру.
    16. Мектепішілік, қалалық іс-шараларға оқушыларды тарту.
    17. Ақпараттармен уақытылы танысып, сабақтарда қолдану.
    18. Жаңа технолгоияны меңгеру.
    19. Педагогикалық кеңестерде баяндама оқу.
    20. Санатын көтеру, қызметінде өсу мақсатында мерзімнен бұрын аттестатталуға міндетті



    • Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне...  жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек.

    • Әл – Фараби


    ЖАС МАМАН  МЕКТЕБІНІҢ

    ЕРЕЖЕСІ  

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1.1 Жас мамандар мектебі — әдістемелік жүйенің арнаулы педагогикалық білімі жоқ жас мамандарды біріктіретін элементі.

    Жас мамандар мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.  Жас мамандар мектебі — бұл педагогтардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі.

    1. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

    Мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнем і өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру.

    Мектептің міндеттері:

    • жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиналушылықтарына көмек көрсету;

    • оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалаптастыруға жағдай жасау;

    • жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық — әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу;

    • тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне ккөмек көрсету;

    • жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу;

    халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру;

    • диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

    1. ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ (ЖАУАПКЕРШІЛІК)

    3.1 Жас мамандар мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін іс-тәжірибелік жұмыс өтілі бар, беделді педагогтардың ішінен жетекші тағайындалады.

    Жас мамандар мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өтілі 3 жылдан аз жоғары білімді жас оқытушыларды біріктіреді. 

    3.2 Міндеттері:

    • оқу жылының ішінде жас мамандар мектебінің төрттен кем емес сабағы, үйретуші сарамандық семинары өткізіледі;

    • оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептері;

    • ашық сабақтар (лекциялар, семинарлық сабақтар), зертханалық және сарамандық сабақтар;

    • оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша лекциялар, хабарлар және пікірталастар.

    • жас оқытушылар үшін топтық сабақтар ұйымдастыру, үйретуші семинарлар, оқу-әдістемелік конференциялар өткізу, жас педагог мектебі мүшелерінің оқу қызметі мен кәсіптік өздігінен білім алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау.

    1. ЖАС МАМАН МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

    Жас мамандар мектебіне қатысушылар:

    4.1 конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға;

    4.2 білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу ұшін пайдалануға;

    4.3.тәлімгер-педагогтардан консультациялық көмек алуға, өз біліктілігін арттыруға құқылы;

    1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

    5.1 Жас мамандар мектебінің жұмысы әдістемелік кабинеттің қарастыруымен және директордың бекітуімен, оқу жылына дайындалған жоспар бойынша жүргізіледі.

    5.2 Бекітілген жоспар бойынша ай сайын отырыстар өткізіледі.

    5.3 ЖММ –нің әрбір тыңдаушысы отырысқа қатысуы тиіс.

    5.4 ЖММ –нің жетекшісі қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін жауапты.

    5.5 Тәлімгерлер өдеріне берілген тапсырма бойынша ЖММ –нің жұмысына өз уақытымен белсенді араласады.

    5.6 ЖММ-нің  қатысушыларының сандық және сапалық деректер қоры  жүргізіледі.

    5.7 ЖММ-нің  қатысушыларының тәлімгерлерінің сандық және сапалық деректер қоры  жүргізіледі.

    5.8 ЖММ-нің отырыстары хаттамалармен толтырылады. Хаттамаларға  ЖММ-нің жетекшісі мен секретарь қол қояды. Әрбір хаттама келісілген үлгіде жасалады. Хаттамада номер, отырыс өткізген күні, қатысушылар саны,  отырыстағы қарастырылған мәселелер, сұрақтар, қабылданған қаулы нақты көрсетіледі.

    5.9 ЖММ отырысының хаттамасы колледждің номенклатурасы бойынша ұзақ уақытқа сақтауға акт арқылы құжаттармен бірге өткізіледі.

    Тәлімгерлік және жас маман туралы Ереже

    Жалпы ережелер

    - Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.

    - Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.

    - Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.

    Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері.Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлерінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

    Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:




    • Жас мамандардың педагогикалық қызметте ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;


    • Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту;


    • Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұзтаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.


    Тәлімгерлікке тәжірибелі адамның өзінен тәжірибесі аз адамға білімі мен машығын беру әдісі деп анықтама беруге болады. Кең, заманауи мағынасында тәлімгерлік - мекемеде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Ол:




    • жаңа қызметкерлерге ұйымда  бейімделуіне көмектесетін;


    • олардың кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне ықпал ететін;


    • олардың іс -әрекеттерінің нәтижесіне баға беруге қатысатын адам.


    Тәлімгер, бір жағынан,мекемеге қатысты қызметкердің қызығушылықтарын танытады, екінші жағынан, қызметкер үшін мекеменің өкілі болып табылады.

    Тәлімгерлік жүйесін ендіру әсіресе қарқынды көтеріліп келе жатқан ұйымдар үшін маңызды. Алайда тәлімгерлік институты тегін болғанымен, барлық ұйымдар оны тренингтер мен тағылымдама т.б. сияқты белсенді қолдана бермейді. Көбінесе бұл түсінікті қызметкердің ұйымға келгендегі алғашқы 3-6 жұмыс жасау айымен байланыстырамыз. Қызметкердің ары қарай дамуы, оның мүмкіншіліктерінің  ашылуы мақсатында бұл құрал ретінде кеңінен қолданыла бермейді. Кәсіби қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар үшін тәлімгерліктің нақты осы құрамдас бөлігі өзекті болып табылады. Кәсіпқойлар мансаптың дамуын мақсат тұтады, және олардың үздіксіз кәсіби дамуына тек тәлімгерлер көмектесе алады.


    "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"



    "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20292 болып тіркелді

           БҰЙЫРАМЫН: 

           1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 тамызда № 8 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

           көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында:
           3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

           "3. Педагогикалық кеңес: 

           1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру; 

          2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;

          3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;

          4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;

           5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау; 

          6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;

          7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;

          8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;

          9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;

          10) сабақ кестесін құрастыру;

          11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;

          12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;

          13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;

          14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.".
           4-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, мәтін қазақ тілінде өзгермейді. 

           2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

           1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

           2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 

           3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 

          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының 
     Білім және ғылым министрі 

    А. Аймагамбетов


     
     
     

    © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


    написать администратору сайта