Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспар Кіріспе

  • Бөлім. Грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі

  • Қорытынды

  • Курстық жұмыстың мақсаты

  • Курстық жұмысытың міндеттері

  • Курстық жұмыстың құрылымы

  • І. Қазақ тілі пәні бойынша сын есім сөз таптары туралы жалпы ұғым. Сын есім жөнінде жалпы түсінік.

  • Түрлері Мысалдар

  • 1.2 Сын есім жасалу жолдары, түрлері мен жіктелуінің сипаттамасы.

  • Сын есімдердің етістектерден жасалуы. Жұрнақтар

  • Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасалуы.

  • ІІ. Сын есімдердің етістерден жасалуы. Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасалуы. 2.1 Мектепте сын есімді оқыту әдіс-тәсілдері.

  • Курсовой. Курсты Жмыс таырыбы Сын есімді оыту барысында дамыта оыту дістсілдері арылы білім алушыларды лтжандылыа трбиелеу Орындаан 181 тобыны студенті А. Ж. Шотова Курсты жетекші Г. Ж. Жолкенова араанды аласы 2022 жыл Жоспар Кіріспе


    Скачать 407.65 Kb.
    НазваниеКурсты Жмыс таырыбы Сын есімді оыту барысында дамыта оыту дістсілдері арылы білім алушыларды лтжандылыа трбиелеу Орындаан 181 тобыны студенті А. Ж. Шотова Курсты жетекші Г. Ж. Жолкенова араанды аласы 2022 жыл Жоспар Кіріспе
    Дата19.05.2022
    Размер407.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКурсовой.docx
    ТипДокументы
    #539074
    страница1 из 3
      1   2   3

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

    Қарағанды жоғарғы «Bolashaq» білім беру колледжі

    КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

    Тақырыбы: «Сын есімді оқыту барысында дамыта оқыту әдіс-тәсілдері арқылы білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу»

    Орындаған: ҚӘ-18-1 тобының студенті А.Ж.Шотова

    Курстық жетекші: Г.Ж.Жолкенова

    Қарағанды қаласы

    2022 жыл

    Жоспар

    Кіріспе......................................................................................................................3

    1. Бөлім. Қазақ тілі пәні бойынша сын есім сөз таптары туралы жалпы ұғым

      1. Сын есім жөнінде жалпы түсінік...........................................................6

      2. Сын есім жасалу жолдары, түрлері мен жіктелуінің сипаттамасы.............................................................................................9

    2. Бөлім. Грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі

      1. Мектепте сын есімді оқыту әдіс-тәсілдері..........................................11

      2. Сын есімнің семантикалық топтары мен синтаксистік қызметі.......13

      3. Жоғарғы сыныптарда сын есім мен зат есімді байланыстырып оқытудың маңызы.................................................................................21

    Қорытынды..........................................................................................................31

    Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

    Кіріспе

    Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші – мұғалім. Мектептегі білімнің мемлекеттік стандартында оқушыларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік талап етіледі.

    Қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімдердің алдына күрделі әрі жауапты міндеттер қойылуда. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының бірі ретінде жас ұрпаққа әр ғылым саласынан терең білім берумен қатар, жан-жақты жітіген, тәрбиелі, еңбекке икемді, Отанын, елін сүйетін қоғамның белсенді, тіл байлығы кең, саналы азаматтарын тәрбиелеу болып келеді. Оқу мен тіл мәдениеті саласын дамыту, әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесін жоғары арттыру, оның ғылыми негіздерін берік игерту талабы алға қойылып отыр.

    Гуманитарлық пәндерді, мысалы, қазақ тілі пәнін оқытуда оқушыларға тілдік құрамдарын дамытып, байытудың мүмкіндігі ерекше. Қазақ тілі сабағы – сөйлемдердің құрылымының негізі. Қазақ тілі пәні жас ұрпаққа жай ғана білім беріп қоймайды, олардың бойына өмірдегі ең басты орын алатын, жалпы қолданыста болатын құжаттар мен басқа да іс қағаздарының қатесіз ресімделуінің басты мақсаты болып табылады.

    Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып көрініп отырады. Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімніңі өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда сын есімнің ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өзі семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анытайды, бірақ ол сын есім анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

    Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берумен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі – өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән шырай категориясы бар. Бұл ерекшелікте – сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екеніне дәлел.

    Курстық жұмыстың мақсаты:

    • Сын есім туралы жалпы түсінікті анықтап, оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін кеңейту

    • Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

    Курстық жұмысытың міндеттері:

    1. Сын есімді оқыту тәжірибесімен танысу

    2. Тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау.

    3. Оқушылардың сын есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

    Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімінен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.

    І. Қазақ тілі пәні бойынша сын есім сөз таптары туралы жалпы ұғым.

      1. Сын есім жөнінде жалпы түсінік.

    Сын есім сөздері – бай синонимикалық жүйесі бар, құрылымы мен семантикасы жағынан түрлілігі мен икемділігі мол сөз табы. Сын есім сөздердің стилистикалық бояуын, бай семантикасын, сөйлемдегі қызметін, контекстік мәнін оқыту – берілген грамматикалық тақырыпты оқыту барысында студенттің сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі заңдылықтарының ішкі мүмкіншілігін барынша мол пайдалануды белгілейді. Сын есім сөздер – зат есім мен етістіктен кейінгі қарымы да есесі де сол сөз табы (А.Ысқақов). Сын есім сөздердің морфологиялық құрылымын таныту процесін олардың лексикалық мағыналары мен синтаксистік қызметін таныту мен байланыстыру – студенттердің сөздің жан-жақты қасиетін тұтас бірлікте ұғынып, сол арқылы сөзді қолдана білу дағдыларын дамытуға, қалыптастыруға үлкен жағдай жасайды. «Сын есім деп – заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін / түр-реңін / және басқа сол сияқты сын-сипаттарын білдіретін лексика – грамматикалық сөз табын айтамыз».

    Тілдің даму барысында көптеген сөздер сияқты түр-түс атауларының да белгілі бір грамматикалық заңдылықтарға бағынатынын, әртүрлі топқа бөлініп кетеді. Түр-түс атауларының көп мағыналығы туралы синонимдік, омонимдік, антонимдік қатар құрайтындығы туралы ескертіп, мысалдарымен дәлелдеймін: Ақ орамал – орамалдық анық, нақты түсін білдіріп тұр. Ақ көңілі – адам көңілінің пәктігі. Ақ ниет – көңіл тазалығы. Қара жүрек – адам жүрегінің қаралығы. Қара қарындаш – қарындаштың нақты түсі т.б. Сөз таптарының қай-қайсысы да оқыту барысында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға болады. Соның ішінде, біздің тоқталатынымыз сын есімді оқыту арқылы оқушылардың танымын кеңейту. Оқушы тілдегі заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік алады. Сынды білдіретін сөздер оқушыларға таныс заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді тіркестіріп айту арқылы түсіндіріледі. Мысалы: шөптің түсі, қардың түсі, алманың дәмі, ағаштың биік болатындығын ұғына бастайды.

    Сын есім




    Түрлері

    Мысалдар

    1. Мағынасына қарай

    сапалық

    Ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

    Қатыстық

    Тұзды, арманды, ақшалы

    1. Тұлғасына қарай

    Негізгі

    Жақсы, әдемі, кең, суық

    Туынды

    Қысқы, таулы, сынық, өткір

    1. Құрамына қарай

    Дара

    Кіші, тар, нәзік, мол

    Күрделі

    Ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман

    Сын есімдерді оқытқанда заттың өзіндік белгілерін тануға жетелейтін түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану керек. Бұл ретте И.Хасанованың «Сұрақ - жауап әдісін қолданғанда, әсіресе, риторикалық сұраулар қолданғанда балалар бойында белгілі танымдық көкжиек пайда болып, санаға күш түсіп, бала ойлануға мәжбүр болады да, мұнда концептілік, яғни тұтас ойлау үрдісі жүреді» деген пікір өте дұрыс деп есептеймін. Сын есімдерді ұлттық танымдық санамен байланыстыра меңгерту арқылы сын есімдерді ажырата отырып, сындық белгілердің қандай зат, құбылыстарға қатысты екендігін де түсінетін болады. Сөйтіп, оқушылар сындық ұғымды білдіретін сөздерді танымдық тұрғыда меңгереді, тілдік бірліктер арқылы қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың өздеріне тән сапасын, түрін, түсін, көлемін, дәмін, иісін, т.б. ерекшеліктерін түсінеді. Оқушылар заттар мен құбылыстардың сындық белгілерін тілдік бейненің бір бөлшегі ретінде меңгертуге ерекше назар аударылуы қажет. Ол үшін студенттер заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерін, қаситеттерін көрсетіп сын есімдерді қарапайымнан күрделі ұғымдарға дейін түсінетіндей етіп меңгерту мақсатында жұмыстар жүргізілуі тиіс. Мысалы, «қазақ халқына тән белгіер немесе қазақ қандай халық?» деген сұраққа қонақжай, кішіпейіл, бауырмал, өнерпаз, шешен деп жауап береді. Ұлттық танымды білдіретін сындық ұғымдарды түсіну, олардың когнетивтік белгілерін айыра білуге үйрету оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан сын есімді когнетивті оқыту оларды ұлттық мінез, таным қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, адам сөзіне қатысты сын есімдер – бауырмал, туысшыл, әңгімешіл. Олардан сөз тіркестерін құрастырту бауырмал бала, туысшыл адам, әңгімешіл ата. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру – Мұрагер – бауырмал жан. Айгүлдің ағасы – туысшыл адам. Асланның атасы – әңгімешіл адам. Осылайша адамға қатысты сын есімдерді сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер түрінде айтқызғаннан кейін, осы сын есімдерді қатыстырып мәтін құрастырту, яғни тілдік бірліктерді шығармашылықта қолдану олардың ойлауын жетілдіреді. Сын есімді меңгертуде тек қана сүйлемдердегі сын есімдерді табу, сұрақ қою секілді жұмыстармен шектелмей, оқушылардың ұлттық танымын кеңейтетін, олардыңойлау белсенділіктерін арттыратын тапсырмалар жүйесін пайдаланған тиімді. Мысалы, ақ, сұр, қорқақ немесе қызыл, қу сын есімдерді аңның қандай түрлеріне байланысты айтылтынын сөз тіркестері, сөйлемдер, шағын мәтіндер құрастырға дейін күрделендіру студенттердің қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты жеңіл меңгерулеріне мүмкіндік береді. Сонымен ойын элементіде тіл дамыту жұмысының келесі бір саласы болып табылатыны сөзсіз. Сын есім тақырыбын өткенде крассворд, ребустарды қолдану да сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді.

    1.2 Сын есім жасалу жолдары, түрлері мен жіктелуінің сипаттамасы.

    Жұрнақтар

    Мысалдар

    -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;

    Атақты, пайдалы, тасты;

    -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік;

    Қалалық, жылдық, қоғамдық;

    -сыз, -сіз;

    Пайдасыз, білімсіз, ақылсыз;

    -қы, -кі, -ғы, -гі;

    Жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі;

    -шыл, -шіл;

    Турашыл, ұйқышыл, көпшіл;

    -дай, -дей, -тай, -тей;

    Таудай, тақтадай, үйдей;

    -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес

    Пікірлес, қызметтес, жерлес, көршілес;

    -шақ, -шең

    Мақтаншақ, ашушаң;



    Әдеби, мәдени, тарихи, әскери;

    -қой

    Сәнқой, әзілқой, кәсіпқой;

    -қор

    Жемқор, жалақор, ызақор;

    -паз

    Өнерпаз, білімпаз, жағымпаз;

    -дар, -тар

    Қарыздар, білімдар, хабардар.

    Сын есімдердің етістектерден жасалуы.

    Жұрнақтар

    Мысалдар

    -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек;

    Сынық, жабық, ашық, қорқақ, сирек, ісік;

    -қыш, кіш, -ғыш, -гіш;

    Сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоқғыш;

    -қыр, -гір, -ғыр, -гір;

    Тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр;

    -дық, -дік;

    Жылауық, тістеулік, маңыраулық;

    -нды, -інді, -ынды, -інді, -нді;

    Туынды, жаттынды, жасанды.

    -ңқы, -інкі, -ыққы, -қкі;

    Басыңқы, ісінкі, көтеріңкі;

    -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе;

    Қызба, бөспе, даурықпа, құрама;

    -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі;

    Ауыспалы, таңдамалы, серіппелі, бүрмелі;

    -улы, -улі;

    Ерттеулі, жинақтаулы, бүктеулі;

    -ымды, -імді, -мды, -мді;

    Жарамды, сенімді, тиімді, қонымды;

    -шақ, -шек

    Мақтаншақ, еріншек;

    -қақ, -ғақ

    Жабысқақ, тоңғақ, майысқақ;

    -қы, -кі, -ғы, -гі

    Жинақы, күлдіргі, бүлдіргі;

    -ғылықт, -гілікті, -қылықты, -кілікті

    Жергілікті, тұрғылықты, жеткілікті, тыңғылықты;

    -аған, -еген

    Сүзеген, қабаған, қашаған.

    Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасалуы.

    1. Қосарлы сын есімдер

    1. Ұзын-ұзын, биік-биік.

    2. Ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі

    3. Ұсақ-түйек, жаман-жұман

    4. Қоғамдық-саяси, әскери-саяси

    1. Тіркесті сын есімдер

    1. Қара қысқа, қызыл апа

    2. Ақ шашты, қысқа бойлы

    3. Жібек баулы, ат жақты

    1. Тұрақты тіркес

    1. Қолы ашық, тілі ұзын, басы бос, көзі ашық

    2. Көңіл көтерерлік, күн көрерлік


    ІІ. Сын есімдердің етістерден жасалуы.

    Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасалуы.

    2.1 Мектепте сын есімді оқыту әдіс-тәсілдері.
    Қазақ тілі пәнін оқыту – мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ің бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. Ғ.Мүсіреповтың «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді» - деген сөздерінен-ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

    Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:

    1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру);

    2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық, қасиеттерді қалыптастыру);

    3. Дамытушылық (баланың таным қабылеттерін арттыру);

    4. Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларды қазақ тілі арқылы басқа пәндерді ұғындыру);

    5. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабылетін жетілдіру).

    Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар тууы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру – әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады.

    Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білім тез және толық енетіндігін көрсетеді.

    1 – сызба: Оқыту пирамидасы (игерудің орташа проценті)

    Дәріс...........................................5%

    Оқу..............................................10%

    Көрнекі және аудиоматериалдар.............20%

    Көрсету........................................30%

    Пікірталас тобындағы жұмыс....................................50%

    Іс-қимыл арқылы оқу..................75%

    Басқаларды үйрету......................90%

    Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мұғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мұғалім арасында, іс-әрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мұндай сабақтарды оқушылардың іс-әрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтан сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас «таратқыш-қабылдағыш» түрінде емес, «мұғалім-оқушы» немесе «тұлға-тұлға» түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек және сапалы түрде сіңіре алады. Мұндай сабақтарда оқушырдың іс-әрекеті жоғары, бір-біірмен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-ын өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.

    Бастауыш сынып оқушыларына сын есімді оқыту барысында сабақты ойын – сабақ түрінде этнопедагогикамен байланыстыра өтуді жөн көрдік. Осындай жағдайда оқушыларға мынандай білімді, біліктілікті:

    • Өз ойларын мазмұнды грамматикалық тұрғыдан сауатты стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру;

    • Оқушылардың сөздік қорын молайтудың, өз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыру;

    • Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем және сөйлеу үлгілерін негіз ете отырып, сөйлемді дқрыс құрастыруды үйрету;

    • Халық ауыз әдебиеті үлгілерін мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар және қазақ халқының көрнекті ақын жазушыларының шығармаларын ребустар мен сөзжұмбақты, грамматикалық тапсырмалар талабына сай іріктеп алып оқушылардың бойына сіңіру;

    • Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, ададлдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту секілді қасиеттерді үйрете алатынымызды көрдік.

      1   2   3


    написать администратору сайта