Главная страница

Алимкулова өмірбаян. Алимкулова С.К. өмірбаян. мірбаян Алимкулова Сауле Кеесызы


Скачать 24.08 Kb.
Названиемірбаян Алимкулова Сауле Кеесызы
АнкорАлимкулова өмірбаян
Дата25.09.2022
Размер24.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАлимкулова С.К. өмірбаян.docx
ТипДокументы
#695161



Өмірбаян
Алимкулова Сауле Кеңесқызы 08.02.1967 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге келді.

1973 жылы Беріктас ауылындағы орта мектепке 1-сыныпқа барып, осы мектептің 10-сыныбын 1983 жылы бітірді.

Білімі жоғары. 1990 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді мемлекеттік педагогика институтын бітірді. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл.

Алғашқы еңбек өтілін 1984 жылдан Беріктас орта мектебінде аға пионер вожатый болып бастады. 1985 жылдан Тарғап ауылындағы орта мектепте география пәні мұғалім болып жұмыс атқарады. 2004-2005 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, 2005-2006 оқу жылынан бастап Тарғап ауылындағы орта мектеп директоры болып тағайындалды. Сол жылдардан бастап осы салада үздіксіз қызмет атқарып келеді.

2011 жылы «ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері» атанды, 2018 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды..Ал 2019 жылы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жылы Шиен,Ынтымақ,Қасымбек ауылдарынан Жамбыл аудандық Маслихат депутаттығына сайланған, 2020 жылы екінші рет Жамбыл аудандық Маслихат депутаты болып сайланды.

Алимкулова Сауле Кеңесқызы - мектептегі білім берудің сапасын жақсарту мақсатында шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген Тарғап орта мектебінің директоры және география пәнінің білікті маманы.

Аудан мектептерінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауын насихаттау, ақпарат – құралдарында түрлі материялдар жариялау,  атқарған игілікті істерінің бірі ғана.

Сауле Кеңесқызы заман талабына сай қызмет ететін біліікті маман ретінде көпке өнеге.

Тарғап ауылындағы орта мектептің және жалпы ауылдың көркеюіне зор үлес қосып келеді. 2011 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап мектеп фойесінде «Даңқ бұрышын» 2015 жылы «Ардагерлер аллеясын» 2020 жылы Ұлы Жеістің 75 жылдығына арнап үлкен саябақ ашуға мұрындық болды. Ауыл азаматтарын ұйымдастырып, демеушілер тауып мектеп ауласындағы ескерткішті мрамор таспен әрлеп, мәңгілік алау жаққызды. 2016 жылдан бастап депутат ретінде Тарғап ауылының және Шиен ауылдық округіне қатысты ауылдардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп,көмек көрсетіп келеді. Көпбалалы отбасыларға, азқамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.


написать администратору сайта