мақала 12 жылдық білім беру моделі. 12 жылдық білім беру моделі. Орындаган Хухмет. С пмпи студенті. Павлодар
Скачать 69.44 Kb.
|
12 жылдық білім беру моделі Орындаган: Хухмет.С ПМПИ студенті. Павлодар қ. Жетекшісі: Джуматаева А. И., ПМПИ аға оқытушысы. Павлодар қ. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды: - жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен; - күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы; - оқытудың сабақтастығы; - әрбір оқыту сатысының даралығы. 12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс. Бейіндік оқыту тұлғалық-бағдарланған оқу процесін іске асыруға бағытталады. Оның негізгі мақсаты – қабілетіне, дара ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына байланысты оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасау болып табылады. Бейіндік оқытуды іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады: бейіндік оқытуды теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды ұйымдық-педагогикалық қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бірінші позиция бойынша бейіндік оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйену қажеттігі туады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бүгінгі күні педагогика теориясында бейіндік оқытудың, оқытуды саралаудың бірнеше концепциясы қалыптасқан. Екінші позиция бойынша бейіндік оқытуды құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету үшін бірқатар құжаттарды қайта қарау, қабылдау, толықтырулар енгізу қажет. Үшінші және төртінші позицияларда ұйымдық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету көзделеді. Бірінші және екінші позицияларды іске асыру жалпы салалық деңгейде жүргізілсе, үшінші, төртінші позициялар мектепішілік деңгейде қарастырылады, дегенмен, бұл жерде де мемлекеттік деңгейде мән берілетін тұстар бар (мұғалімдердің әдістемелік даярлығын жетілдіру тәрізді). Аталған міндеттерді өз мәнінде шешу нәтижесінде бейіндік оқытуды іске асыру тиімді жүргізіледі. Сурет 1 – Бейіндік оқытуды іске асырудың моделі Жалпы білімнің үшінші сатысында 2006-2007 оқу жылынан бастап 2002 жылы қабылданған стандарт негізінде әзірленген базистік оқу жоспары енгізілуіне байланысты орта білім беретін әр оқу мекемесі өзінің жұмыстық оқу жоспарын соған негіздеп құрады. Ол жоспардың алдыңғыларынан ерекшелігі – жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуды ұйымдастыруда. Базистік оқу жоспары және соған сәйкес әзірленген типтік оқу жоспары 10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды көздейді. Яғни, оқу жоспарлары осы бағыттарға байланысты құрылуы қажет. Бұл оқу жоспарларының өзіндік ерекшелігі – оның вариативті бөлігі аясында бейіндік пәндерге жеке орын берілуі. Бейіндік білім беру мекемесінің оқу жоспарын жасау барысында есте ұстайтын қағидаттар бар. Оның алгоритмі төменде көрсетілген (сурет 2). Төмен көрсетілген бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмінің әр кезеңіне тоқталып өтейік: 1-кезең – мектеп бейінін анықтау. Оны анықтау оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне орай өздерінің және ата-аналарының сұраныстарына және оқу орнының мүмкіндіктеріне байланысты жүреді. Бірінші кезекте нақ оқушының өзінің қызығушылығы қойылады, ал мектеп басшысының және мұғалімдердің міндеті – оны мектеп мүмкіндігімен сәйкестендіру болып табылады. Оқушылардың бейімі мен қабілеті, сұраныстары мен қызығушылықтары бейіналды даярлық барысында түрлі әдістемелер арқылы анықталуы тиіс. 2-кезеңде мектеп тиісті бейіннің мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламаларын ұсынады, әрі ол бағдарламалардың баламалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде алдымен Базистік оқу жоспарына сәйкес міндетті және бейіндік пәндер анықталып, мектеп ұсына алатын білім бағдарламаларының тізбесі жасалады. Ол тізбе оқушылардың қызығушылықтарына орай толықтырылып, бағдарламалардың баламалы болуы ойластырылады. Ұсынылатын бағдарламалар тек бейін бағытына ғана емес, сонымен бірге жалпы дамытуға бағдарланған болуы керек. Үшінші кезеңде әр оқушы ұсынылған бағдарламалар ішінен өзінің сұранысына жауап беретіндерін таңдап, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Одан кейінгі кезеңде оқушылардың жеке жұмыс жоспарлары сыныптар бойынша оқу жоспарларына біріктіріледі. Тиісінше сыныптардың оқу жоспарынан мектептің жұмыстық оқу жоспары құралады. Осылай еткенде ғана әр оқушының жеке даму траекториясы қамтамасыз етіледі. Сурет 2 – Бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмі 11-12 сыныптардағы білім беру процесін ұйымдастыру принциптері Білім беру процесінде тұлғалық – бағдарлы, әрекеттік, құзыреттік және денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асыру; Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланысты мақсатты ұйымдастыру; Оқушының өзіндік әрекетінің бейіндік бағытына қатысты өзін - өзі анықтауы; Оқу әрекеті формаларын дараландыру, оқушының оқытудың белсенді тәсілдерін тұрақты қолданатын өнімді және өнімсіз әрекетіне сәйкестендіру; Оқушының зерттеушлік дағдыларын қалыптастыруға бағдарлау, оқу жобаларын негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамытуға жеткен нәтижелерді көрсету тәсілі ретінде міндетті түрде орындау. Оқушының өзінің оқу әрекеті мен оның нәтижелерін тұрақты өзіндік талдау мен өзіндік бағалауға жағдай жасау; Білім беру мазмұнының жоғарғы сынып оқушыларының өзін - өзі таныту және кәсіби өзін - өзі анықтау құралы ретінде вариативтілігі, саралануы және практикалық бағыттылығы. Оқыту процесін ұйымдастыру мен нәтижелерін бағалаудың құралы мен формалары Қазіргі таңдағы педагогикалық және ақпараттық технология Оқу процесінің модулін оқушының жеке білім алу траекториясын қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларының құрылымдық негізнде құру Оқушының орта жоғары кәсіби білім алуға икемделуіне қажетті, зерттеушілік және оқу – жобалау білігін игеру мен дамыту мүмкіндігін туғызатын жобалау тәсілі Оқушының жеке пәндер бойынша білімін диагностикалау ғана емес, оның алынған нәтижелерді өзіндік талдауы, өзіндік бағалауы, қортынды жасау, жеке білім алу траекториясының ерекшелігі байқалатын оқу жетістіктерін бағалау әдістері (портфолио, жобаның тұсау кесері) Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін мұғалім мен оқушының түзету жұмыстары негізнде мониторинг жүргізу Жасөспірімнің жасына біршама сәкес білім беру процесін ұйымдастыру формалары: лекция, семинар сабақтары, әңгімелесу, практикум, сынақ, оқу – зерттеушілік, жобалау – шеберлік, топтық және жеке оқу сабақтары, кеңес алу. Кесте 1 – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың позитивті және негативті тәжірибесі
Аталған уақыт аралығында инновациялық мектептердің оқушыларына оқылатын бағдарламалар көлемінің ұлғаюына байланысты денсаулықтарына шамадан көп күш түскен. Сол сияқты бейіндерді құруда мектеп әкімшілігінің көп жағдайда өз интуициясына сүйенуі оның нақты бір технологияларының болмағандығын көрсетеді. Қосымша білім беру бағдарламаларын жасауда ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің әр уақытта есепке алына бермегені (әсіресе, оқытуды бейіндік саралаудың алғашқы кезеңінде), оларды оқу жоспарына енгізуде жергілікті білім беру саласын басқару органдары араласып отырды. Қорыта айтқанда, 1992 – 2005 жылдар арасында Қазақстанның инновациялық мектептерінде оқытуды бейіндік саралау бойынша бірқатар тәжірибе жинақталғандығын көрдік. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оның нәтижелерін практикада қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл жұмыстар үш бағытта жүргізілді: бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік даярлығын жетілдіру; болашақ педагогтар даярлау барысында қолдану; бейіндік оқытуды іске асыруға байланысты теориялық және практикалық ұсыныстар әзірлеу. Әбдіғапарова Ұ. Халық педагогикасының ғылыми педагогикамен принциптік үндестігі. //Қазақстан мектебі. – 1999ж. – №10. 59-64 беттер Әбдікәрімұлы Б. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері стр 48 Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002 Жолдасбекова.С.А Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру негіздері – Алматы 2013, 120 бет Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993 |