Главная страница

№2.ЮСТАДИ. Оу сауаттылыыюстади 2


Скачать 320.53 Kb.
НазваниеОу сауаттылыыюстади 2
Дата17.05.2023
Размер320.53 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла№2.ЮСТАДИ.docx
ТипДокументы
#1137026


Оқу сауаттылығы-юстади № 2

Арман

Арман күш – жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын . Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып – соғып, қыздарды айыр садақпен ататын . Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып, кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін. Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты. Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні шығаруға тырысты, еш нәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді. Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір бұрышында көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра берді. Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан-жалғыз қалды.
1,Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал:

А) Жақсы мінез- сүйінтер, жаман мінез- күйінтер

В) Досы көпті жау алмайды

С) Бала- қымбат, немере -ыстық

Д) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
2,Арман неліктен жалғыз қалды?

А) Әжесі арманды үйге қамап қойды

В) Арман жалғыздықпен өзін сынап көрді

С) Арман бәрінің мазасын алып, дөрекі мінезін көрсетті

Д) Арман жалғыз жүргенді ұнататын
3,Арман нені мақтан тұтты?

А) жалғыз қалғанын

В) ешкімнен қорықпауды

С) әжесіне дөрекі мінез көрсетуді

Д) жігерлі болуды
4,Әжесі Арманға не үшін ренжіді?

А) Арман үй шаруасына көмектеспейтін

В) Арман әжесіне жиі дөрекі мінез көрсетті

С) Арман кішкентай кірпіні үйден қуып шыққан

Д) Арман серуеннен кеш келетін

Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын -, деп жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. Жоқ, бере алмаймын -, деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі.

Халықтың «Алтын - күміс тас екен, арпа - бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен....
5,Бай мен кедей қаншалықты араз?

А) Бір-бірінің үйіне кірмейді
В) Бір-бірін көргісі келмейді
С) Бір –бірімен салқын амандасады
Д) Кейде амандасады, кейде амандаспайды
6,Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?

А) Малға қасқырлар шапты
В) Қарақшылардан қашты
С) Су тасқыны болды
Д) Жер сілкінісі болды
7,Кедей апаттан қалай аман қалды?

А) Байдың алтынын алып қалды
В) Бір көмеш нанын азық қылды
С) Өзінің төзімділігі
Д) Аштыққа үйренген
8,Бай суға неге құлады?

А) Қорыққаннан
В) Аштықтан
С) Кедейден бір жерде болғысы келмеді
Д) Ағаштың бұтағы сынып кетті
9,Қарны ашқан бай кедейге бір үзім нан үшін не ұсынды?

А) Бір қап алтын
В) Ақша
С) Мал
Д) Бір кесек алтын
10,Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал:

А) Алтынды тот баспайды
В) Кедейдің қолы қысқа
С) Бақыт - қолға қонған құс, байлық – қолға ұстаған мұз
Д) Су ырыстың көзі, еңбек кірістің көзі

Математикалық сауаттылық – юстади №2
1.123456 санында қанша жүздік бар?

A) 12345

B) 1234

C) 123

D) 12
2.Бөлінгіш 264750, бөліндінің мәні 706. Бөлінгіш қаншаға тең?

A) 376

B) 375

C) 357

D) 378
3.285 және 406 сандарының көбейтіндісінің мәнінің анықта:

A) 113700

B) 11571

C) 103710

D) 115710
4.Өрнектің мәні а+4а+15а, егер а=202 болса

A) 3838

B) 4004

C) 4040

D) 4444
5.Әжей салмағы 2400 кг торт пісірді. Балалар бөлігін жеді. Торттың қалған бөлігінің массасы қандай?

A) 2400 кг

B) 2700 кг

C) 2691 кг

D) 2670 кг
6.81 санының бөлігін табыңыз:

A) 9000

B) 32000

C) 81011

D) 27000
7.Сызбаны қолданып, екінші машинаның жылдамдығын табыңыз:




A) 220 км/сағ

B) 200 км/сағ

C) 120 км/сағ

D) 240 км сағ


8.Амалдардың реті дұрыс өрнекті көрсетіңіз:

A )



B)



C)
D )


9.Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз:


A) 60 см3

B) 32 см3

C) 12 см3

D) 30 см3
10.Азайғышы 609978, айырманың мәні 35649. Азайтқыш нешеге тең?

A) 574329

B) 574321

C) 574339

D) 534329
11.Аудан бірліктерінің кему ретін көрсетіңіз:

A) м2, дм2, см2, мм2

B) мм2, см2, дм2, м2

C) дм2, м2, см2, мм2

D) м2, дм2, мм2, см2
12. У нешеге тең екенін анықтаңыыз: 398+497:у=405

A) 70

B) 7

C) 71

D) 17

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық-юстади №2
1.Суретте жер шарының қандай сферасы көрсетілген?




A)

гидросфера

B)

атмосфера

C)

биосфера

D)

литосфера


2.Картада негізгі мұнай кен орындары қайда орналасқан?




A)

Шығыс Қазақстан облысы

B)

Алматы облысы

C)

Қостанай облысы

D)

Маңғыстау облысы


3.Жердің су қабығын көрсетіңіз:

A)

гидросфера

B)

атмосфера

C)

биосфера

D)

литосфера


4.Суретте көрсетілген жауын-шашын түрін көрсетіңіз:




A)

бұршақ

B)

жаңбыр

C)

аяз

D)

шық


5.Суретте қандай қарым-қатынас көрсетілген?




A)

бейтараптық

B)

симбиоз

C)

жыртқыштық

D)

бәсекелестік


6.Суретте не көрсетілгенін анықтаңыз:




A)

Пайдалы қазбаларды өндіру

B)

Жол құрлысы

C)

Археологиялық қазбалар

D)

Дала жұмыстары


7.Дұрыс құрастырылған қоректік тізбек:

A)

қ алақай жұлдызқұрт сайрақ қаршыға

B)

қ аршыға сайрақ жұлдызқұрт қалақай

C)

ж ұлдызқұрт қалақай сайрақ қаршыға

D)

Қ аршыға сайрақ жұлдызқұрт қаршыға


8.Тас көмірдің негізгі қасиеті:

A)

Жану

B)

Беріктік

C)

Балқу

D)

Жеңілдік


написать администратору сайта