санитар. Реферат Ндірістік улар. Жіктелінуі
Скачать 24.39 Kb.
|
Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады. Зиянды заттардың бөліну көздері мен себептері. Зиянды заттар өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізат материалдары, алынатын өнімі, қосымша немесе аралық өнімдері болып табылады. Олар 3 түрлі күйде болады: қатты, сұйық және газ тәріздес. Сондықтан бұл заттардан шаң, бу, газ күйіндегі түзілістері қоршаған ортаны, беткейлерді, ал тікелей жанасқанда жұмысшылардың терілерін ластауы мүмкін. Уытты шаңдардың түзілу себептері қарапайым шаңдардың түзілуімен бірдей. Олар уату, жағу, булану сәттерінде түзіліп, жұмыс орнының ауасына әртүрлі тесіктер, шаңдататын қондырғылардың саңлаулары арқылы немесе шаңды заттарды ашық түрде тиеу, тасымалдау, түсіру нәтижесінде бөлінеді. Уытты сұйық заттар көбінесе тығыздалмаған аппаратуралардан, коммуникациялардан бөлінеді. Сұйық заттарды ашық түрде бір ыдыстан бір ыдысқа құю олардың шашырау, төгілуіне соқтырады. Бұл уытты сұйық заттар буланатын беттер көлемінің ұлғаюына соқтырады. Бұл, ауаның тез арада зиянды заттардың буымен ластануына әкеп соқтырады. Демек, ауада бұл заттардың жоғары концентрациясының түзілуіне жағдай тудырады. Шашыраған уытты сұйық заттар жұмысшылардың терісіне тиіп тікелей әсерін тигізуі мүмкін. Поможем написать работу на аналогичную тему Реферат Ндірістік улар. Жіктелінуі От 250 руб Контрольная работа Ндірістік улар. Жіктелінуі От 250 руб Курсовая Ндірістік улар. Жіктелінуі От 700 руб Получить выполненную работу или консультацию специалиста по вашему учебному проекту Узнать стоимость Сұйық заттардың аппаратуралардан, коммуникациялардан, құбыр-лардан бөлінуінің жиі болатын себептері уытты заттардың құбырларды, резеңке тығыздағыштарды, резеңке қоспаларды шірітіп тесуі, металдарды коррозияға ұшыратуы, крандардың толық бұралып жабылмауы, т.б. Жабық ыдыстардан булардың бөлінуі, ондағы процестердің өту барысын бақылау үшін, немесе ондағы заттардың араластыру, қосымша металдарды салу, сынамалар алу үшін жаппаларды ашқан кезде бөлінеді. Зиянды заттардың қоршаған ортаға бөлінуі көбінесе, улы заттармен байланысты, әртүрлі жабдықтарды, коммуникацияларды ашып жөндеу мен бөлшектеп құрастыру сәттерінде болады. Өнеркәсіптік улардың жіктелуі. Токсикометрияның маңызды параметрі химиялық қоспаның уыттылығы. Улар жайындағы анықтамалардың тарихы Н.С. Правдиннің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығында» көрсетілген. Онда Орфил, Левик, Торкенштейн анықтамалары берілген. Мысалы: «У»- аз ғана мөлшерде тірі организмдермен жанаса, денсаулығын бұзып, өмірді қиятын зат (Орфил, ХІХғ. басы). Удың көптеген анықтамалары бар. Соның ішінде шындыққа жанасатын И.В.Саноцкийдің берген анықтамасы болып саналады: «У» - организмнің туа немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде түсетін, тіршілік ету ортасының химиялық компоненті, сондықтан ол өмір сүруге сай емес». Осыдан «кәсіптік улар» деп адамның еңбек процесінде бастапқы, аралық, қосымша немесе дайын өнім түрінде кездесетін газдар, булар немесе сұйықтар, сонымен қатар шаң, түтін, тұман күйіндегі еңбек гигиенасы және техника қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамаған жағдайда жұмысшылар организміне зиянды әрекетін тигізетін химиялық заттар. «Жоғарыда айтылғандай гигиеналық көзқарас тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек жағдайында және алдын ала қорғаныс шараларын қолданбаған жағдайларда өндірістік улардың кәсіптік улануларды тудыратыны белгілі болды. Туындау және даму сипаттарына қарай кәсіптік улану жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жедел улану удың организмге қысқа уақыт (бір ауысымда) арасында айтарлықтай көп мөлшерде әсер ету салдарынан болады. Бұл уланулардың клиникалық симптомдары өте айқын байқалады. Қазіргі уақытта жедел уланулар өте сирек кездеседі. Созылмалы улану удың организмге аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт аралығында (көбінесе жұмыс аймағындағы ауадағы ШРЕК сәл мағынаға алуынан) әсер етуінен болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) есебі бойынша дамыған елдерде улану келеңсіз жағдайлардан өлу себептері ішінде екінші және үшінші орынға шығып отыр. Сондықтан әр түрлі заттардың уыттық қасиеттері жайындағы сұрақтардың тек қана токсикологтар үшін ғана емес, сонымен қатар зиянды заттармен өндірісте, тұрмыстық жағдайларда қатынаста болатын тұрғындар үшін де маңызы зор. Химиялық заттарды гигиеналық нормалау мәселесі ғана емес, сонымен қатар, олардың қауіптілік дәрежесін көрсетіп таңбалау мәселесінің жиі көтерілетіні де содан болар. Бұл сұрақтың шешілу мәселесі, өнеркәсіптік және басқа да заттарды уыттылы-ғына байланысты жіктеу сұрақтарының шешілуімен қатар жүру керек. Қазіргі уақытта уытты заттардың біраз жіктелулері белгілі. Олардың негізінде әртүрлі принциптер жатады. Мысалы, пайдалану бағыты, қолдану жағдайы, улану патогенезі, физикалық-химиялық қасиеттері, химиялық құрылымы және уыттылығы. Аталған жіктелулердің әр қайсысының пайдалану салаларында белгілі бір теориялық және практикалық маңызы бар. Қазіргі уақытта халық шаруашылығында қолданатын химиялық заттар санының қыруар көптігі, олардың биохимиялық әсерлерінің сипатының сан алуандығы, ал заттардың белгілі бір белгілері мен қасиеттері және олардың биологиялық әсерлері арасындағы байланыстарды қанағаттанарлықтай айқындайтын жалғыз принциптің туу мүмкін деген ойға сенімсіздікпен қаратып отыр. Бұл өнеркәсіптік токсикологияның барлық талаптарына жауап бере алатын заттардың толық жіктелуін жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан токсиколог ең бірініші барлық химиялық заттардың органикалық, органикалық емес және элемент-органикалық болып бөлінуін қарастыратын химиялық жүйені пайдаланады. Заттардың класы мен топтары қабылданған химиялық номенклатураға сүйене анықталады. Өнеркәсіптік заттарды олардың қасиеті мен биологиялық әсері бойынша жіктеудің олардың организмге әсер ету механизімін түсіну жағынан да және олар тудыратын зақымдарға қолданылатын профилактикалық емдеу принциптерін әзірлеу жағынан да маңызы зор. Осы тұрғыдан, емдеуші дәрігер үшін өнеркәсіптік уларды организмге тигізетін әсерінің сипаты бойынша жіктеуді пайдалану өте тиімді. Токсикологиялық жіктеулердің алғашқыларының бірі 1893 жылы пайда болды. Онда заттар организмде тудырған патологиялық өзгерістерінің сипатына қарай бөлінген. Аталған жіктелу қазіргі уақытқа дейін белгілі бір дәрежеде өз маңызын жоғалтқан жоқ. Одан кейін бұндай жіктеуді құруды, әскери токсикологияда өз жұмыстарында В.И. Глинчиков (1929), П.С. Сахаровтар (1937) қарастырды. Аталған жіктеулер заттардың химиялық құрамының негізінде құрастырылады. Бұл жіктеулердің кемшілігі, бір топқа химиялық құрылыстары әр түрлі және тигізетін әсерлері де бөлек заттардың жиі кіруінде болды. Сонымен қатар бұл жіктеулердің тағы бір кемшілігі заттардың организммен әр түрлі өзара әсерлері және әртүрлі радикалдарды енгізгендегі заттардың қасиеттерінің өзгеретінің ескерілмеуінде. Н.П. Кравков атап көрсеткендей, толықтай заттардың химиялық қасиеттеріне негізделген жіктеу қанағаттанарлықтай дәл саналуы мүмкін емес, өйткені химиялық құрамы жағынан өте жақын заттар әр түрлі әсерлерін тигізуі мүмкін және керісінше, химиялық жағынан өз ара ешқандай ұқсастығы жоқ заттар бірдей әсерлерін тигізуі мүмкін. Әсері сапасы жағынан, дәрігер үшін ең тиімді Гендерсон мен Хаггар-дтың барлық ұшқынды заттардың төрт топқа бөліп қарастыратын жіктеуі. І. Тұншықтырғыштар: а) қарапайым тұншықтырғыштар, олардың әсері организмге енетін ауа құрамынан оттегін ығыстыру (азот, сутегі, гелий). б) химиялық әсер етуші тұншықтырғыштар организмге ауамен оттегі жеткілікті мөлшерде түскенімен қандағы және тіндердегі газ алмасуы бұзылады (көміртегі тотығы, синильді қышқыл). ІІ. Тітіркендіргіштер: - тыныс алу жолдарымен тікелей өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіреді, бұл асқыну реакцияларының дамуына септігін тигізеді (аммиак, қостотықты азот, күкіртті газ т.б.) ІІІ. Ұшқын есірткілер және оларға туыс заттар: қанға түскеннен кейін әсер етеді. Жедел әсерлерінен наркоз тудыра отырып, нерв жүйелеріне тигізеді. Физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерлеріне сүйене отырып авторлар бұл топты 5 топшаға бөледі: 1. Айқын зардабы жоқ есіртпе заттар (азот закисі, майлы қатардың көмірсутектері, эфирлер). 2. Зиянды әсерін ең алдымен ішкі органдарға тигізетін заттар (галогенді туындылар, майлы қатардың көмірсутектері). 3. Ең алдымен қантүзуші органдарға әсерлері бар заттар (хош иісті көмірсулар). 4. Нерв жүйелеріне тигізетін әсерлері басым заттар (алкоголдер, майлы қатардың күкіртті қоспалары). 5. Қанға және қан айналымына әсері басым азоттық органикалық қоспалар (анилин, нитробензол). ІV. Органикалық емес және металорганикалық қоспалар. Бұл топқа жоғарыда аталған топтарға енбеген және әртүрлі әсерлері бар заттар жатады, (сынап, қорғасын, фосфор, металорганикалық қоспалар, мышьяк және фосфорлы сутегі т.б.). Белгілі бір жақтарынан бұл заттар протоплазмалық уларға жатуы мүмкін. Осы авторлар барлық заттарды тағы байланысатын және байланыспайтын деп бөлді. 1. Байланысатын заттар – бұлар, биохимиялық реакцияларға түсіп организмде өзгерістерге ұшырайтын заттар. Аталған заттардың уыттық қасиеті қоспалардың өзіне, немесе олардың өзгеруінің барысында өнімдерге байланысты болуы мүмкін. Мысал ретінде бензолды келтіруге болады. Бензолмен қан түзу жүйесінің зақымдануы оның өзгеру барысындағы өнімнің әсеріне байланысты (фенол, пирокатехин, гидрохинон). 2. Байланыспайтын заттар организмде айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды: олар биохимиялық реакцияларға түспестен әсер етеді. Организмнен көбінесе, адсорбцияланған кезінде қандай формада болса, сондай формада өзгеріссіз шығарылады. Бұл кластың ең лайық мүшесі – майлы қатардың көмірсутектері. Н.В. Лазарев ұсынған заттардың биологиялық – физикалық-химиялық жіктеуі электролиттер еместердің жүйесі түрінде. Биологиялық әсердің, заттың физикалық-химиялық қасиетімен өзара байланысы (көбінесе липофильдігі) Н.В. Лазарев ұсынған жүйенің теориялық негізі болып табылады. Бұнымен қатар 1956 жылы Н.В. Лазарев заттың құрылымы, химиялық белсенділігі және физикалық-химиялық константаларының олардың қасиеттері мен биологиялық белсенділіктері мен өзара байланыстылығын куәландырылатын айқын схеманы жариялайды. Соңғы жылдары токсикологияда да, фармакологияда да улардың ферменттік жүйелерімен өзара әсерлесуі сипаты бойынша құрылған биохимиялық жіктеу маңызды болып келеді. Бұл жіктеулерде у әсерлерінің биохимиялық механизімдері жайындағы білімнің жеткіліксіздігінен кеңінен қолданылмай жүр. Әр түрлі мүшелер мен жүйелерді зақымдануына байланысты өнеркәсіптік заттар нефротропты, гепатотропты, нефроуытты, кардиоуытты, қан улары деп бөлінеді. Арнайы әсерлері бойынша заттар аллергендер, тератогендер, мутагендер, супермутагендер, канцерогендер болып бөлінеді. Л.Д. Шабад жіктеуі бойынша концерогендік белсенділіктері бойынша өнеркәсіптік заттар күшті, орташа және әлсіз канцерогендер болып бөлінеді. Химиялық заттардың канцерогендік белсінділігінің дәрежесі өте үлкен диапазонда өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл 1968 жылы И. Шабадқа төменде аталған жіктеуді ұсынуға мүмкіндік тудырады. I. Шартсыз канцерогендер: бетанафтиламин, бензидин. 4-аминодифенил. 3,4-бензипирен. Аталған төрт химиялық заттың бластомогенді белсенділігі адамдарда кәсіптік рактың кездесуімен дәлелденіп отыр. II. Күшті канцерогендер: бұларға қысқа уақыт аралығында, сынаққа алынған жануарлардың 80-100%-де қатерлі ісік тудыратын бірнеше ондаған химиялық заттар жатады. Мұндай канцерогендердің санына көмірсутектер өкілдері, аминоқоспалар, флуорендер, нитрозаминдер, афлотоксиндер кіреді. Бірақ, бұлардың адамдарға тигізетін экологиялық ықпалдары дәлелденбегенін мойындау керек. III. Әлсіз канцерогендер – бұл топқа, жаңа туындыларды, ұзақ уақытта сынаққа алынған жануарлардың тек 20-30%-де ғана тудыратын заттар жатады. Оларға көптеген заттарды жатқызуға болады, мысалы: үшхлорциклогексан және оның нитраты. IV. Күдікті канцерогендер тобы – бұл топқа бластомогендігі дау тудыратын және жеткілікті түрде сенімді емес заттар кіреді. Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығын қолдануға әбден болады, бірақ оларды әлі толық зерттелмеген заттар мен қоспалармен қатысы бар өнеркәсіптік токсикология саласында қолдану өте қиын. Сондықтан, заттардың орнын көбінесе уыттылық әсерінің сипатын ескеретін жоғарыда аталған жіктеулерден табу ақпараттардың жетіспеушілігіне байланысты қиынға түседі, немесе тіптен мүмкін емес деген ой тудырады. Міне, бұлар өнеркәсіптік токсикологияда заттардың уыттылық разрядтары және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеуге ( 1 кесте) үлкен мән беруге себеп болды. Дәл осындай ақпараттар (абсолюттік уыттың разряды, қауіптілік дәрежесі) жаңа химиялық заттарды бірінші тексеру жұмыстарынан кейін-ақ белгілі болады, ал керісінше жүйелік немесе арнайы әсер сипаттары көп жағдайларда белгісіз болып қала береді. Кесте 1 Зиянды заттардың сипатталатын критерийлер шамасына байланысты қауіп кластары.
И.В. Саноцкий жоғары уытты фосфорорганикалық қоспаларға қарағандағы әр түрлі заттардың салыстырмалы ингаляциялық уыттылығының ерекше графикалық жүйесін құрды. Гигиеналық нормалау және профилактикалық шаралар бойынша токсикологиялық зерттеулер жүргізу үшін ең тиімді жіктеуді С.Д. Заугольников серіктестерімен бірігіп ұсынды. Химиялық заттардың уыттылық тиімділігінің сандық мінездемесі негізі болып саналатын өнеркәсіптік улардың бірнеше жіктеулері бар. (токсикометрия параметрлері, И.П. Уланова, С.Д. Заугольников және басқалар). Бұл жіктеулерге тәжірибелік сабақтарда кеңінен талқыланады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі уақытта токсикологияның (көбінесе, арнайы әсерді) және гигиенаның (қорғану және алдын алу шаралары) барлық талаптарын қамтитын түбегейлі бір жіктеу жоқ. р |