Главная страница
Навигация по странице:

  • I. Негізгі бөлім Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

  • Ұлыстардың құрылуы

  • Басқару құрылымы

  • Алтын Орданың гүлденуі

  • Білікшілер

  • Қыпшақ

  • Хан

  • Сұлтан

  • Тарих срс. Тарих%20СРС%202. Реферат таырыбы Алтын Орда дуіріні мдениркениеттік мрасы. Тобы ФТ(А) 0422 Орындаан скінбаева. П. М


    Скачать 208.17 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Алтын Орда дуіріні мдениркениеттік мрасы. Тобы ФТ(А) 0422 Орындаан скінбаева. П. М
    АнкорТарих срс
    Дата15.02.2023
    Размер208.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих%20СРС%202.docx
    ТипРеферат
    #937664

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ



    «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.

    Тобы ФӨТҚ(А) 04-22

    Орындаған Өскінбаева.П.М

    Қабылдаған Ибраимова.А.Ж

    Жоспар:

    I. Кіріспе

    II. Негізгі бөлім

    III. Қорытынды

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер



    1. Кіріспе

    Алтын Орданың тарихы сонау Моңғол империясының құрылуынан бастау алады. Шыңғысхан ханның жаулап алу соғыстарының нәтижесінде оның билігін мойындаған орасан зор аумақта түркі моңғол империясы құрылды.Жаулап алынған территорияларын ұлдарына бөліп береді. Оны басқалай ұлыс жүйeсі десекте болады. Соның бірінде Шыңғысханның бірінші ұлы Жошы Алтын Орда мемлекетін құрады.1357 1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысқан екен. Соның ішінде Алтын Ордаға аса қатты өзгерістер енгізген мықты хандар: Бату хан, Берке хан, Мөңке хан, Өзбек хан, Жәнібек хан және т.б

    Бұл баяндамамда осы Алтын Орда мемлекетінің тарихымен жақынырақ танысатын боламыз.Оның құрылуы және басқарылу жүйесі, хандардың бұл мемлекетке қандай үлестерін қосып кетті оныда талқылаймыз.

    I. Негізгі бөлім

    Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

    Орта ғасырларда (1243 – 1503) Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. 13 ғасырдың басында Орта Азияда Моңғол мемлекеті пайда болды. 1206 жылы Шыңғыс хан (Темучин) оның басшысы болып жарияланды. Ол көптеген жорықтарға қатысып біраз жерлерді жаулап алған Шынымен өте мықты батыр байқуатты хан болған. Таққа отырған соң ол “Яса’ деген заңнамасын шығарады.

    Ұлыстардың құрылуы

    Ұлыс өте терең мағынаны береді. Яғни, ұлыс ол “халық, ел’ дегенді білдіреді.Қазақстан аумағындағы ұлыстық жүйенің дамуы біренеше өзгерістер әкелді. Мәселен 1219-1224 жылдары Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан мен Орта Азияны Шыңғысхан империясы басқарды.Ұлан байтақ жерді жаулап алған Шыңғысхан хан көзі тірісі кезінде басып алған территорияны ұлдарына бөліп берді. Шыңғысханның 4 ұлысы болды.

    Орта Азия жерінен Жошы ұлысына Әмидарияның төменгі жағындағы аудандарды береді. Оған Солтүстік Хорезм мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабы болды.

    Екінші баласы Шағатайға Мәуеренахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты.

    Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағайтай жерлері берілді. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды.

    Ал соңғы кіші ұлына Төлейге Моңғолияның өзін тапсырады.

    Алғашында бұл ұлыстар толықтай Шыңғысханға бағынған. Кейін уақыт өте келе әрқайсысы бөлініп, өз алдарына бір тәуелсіз хандық құрылды.Соның бірінде (1227- 1255) жылдарда билік құрған Батый зор беделге ие болды. Мәселен, 1235 жыл Қарақорымда түркі-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы өтті. Құрылтайда Еуропаға жорық жасауға шешім қабылданды Бұл жорықтың мақсаты - Еуразияның батыс бөлігін жаулап алу және Батыс Еуропа мемлекеттерін бағындыру туралы «Шыңғыс ханның өсиетін» жүзеге асыру. Сол жорықтың басшысы Жошының баласы Батый болып сайланады. Ол жорық жеті жылға созылған (1236-1242). Ол жорықта Баһадүрдің көмегімен батыстан жорығын бастады да, алдымен башқұрттарды жаулап алады. 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды. Алайда 1242 жылы Үгедейдің өліміне байланысты бұл соғысты тоқтатылды. Бірақ Алтын Орда территориясы Батый ханның жорықтарынан кейін батысқа қарай екі есе ұлғайды десекте болады.Бұрын Еділге дейін жетсе, енді Дунайға дейін созылды. Сол жорықтың нәтижесінде Солтүстік Кавказ Шығыс Еуропа елдері Орыс княздіктері тәуелді болып, Алтын Ордаға алым-салық төлеп отырды.Бұл – басқа ұлыстардың ішіндегі ең үлкен ұлыс. Алтын Орданы көп ұлтты мемлекет деп естіп жатамыз. Мұның себебі бұл мемлекеттің құрамына: қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат және де басқа түркі тілдес тайпалар болған. Монғолоидтық нәсіл өте аз. Негізгі тілдері - қыпшақ. Өйткені, көпшілігі қыпшақтар болған екен. Батый хан тұсында Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.Жошы мен Бату Шыңғысханның басқару жүйесіне бағынған. Алайда Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) тұсында Алтын Орда тәуелсіздікке қол жеткізеді. Оның тұсында қала құрылысы күшейді, Сарай Батудың үстіндегі Еділ бойында жаңа астана – Сарай Берке салынды. Алтын Орда Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, халқы әртүрлі кәсіппен айналысып, қолөнерді дамытты. Тіпті, 1236 жылы Берке хан Мысырмен елшілік алмасады.Беркенің кезінде Алтын Орда мен Мысыр сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. Бейбарыс хан асқан білімінің арқасында қарапайым құлдан мемлекет басшысына дейін көтеріліп, көптеген тарихта әйгілі хан болып қалды.

    Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады. Мөңке хан Бату ханның немересі. XIV ғ-нің бірінші жартысында Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды. Мәселен, Өзбек хан Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялайды. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізе бастаған. Сонымен қатар Өзбек хан өз атынан медреселер соқтырды.

    Солай XII ғ 60 жылдарына қарай Алтын Орда бөлек мықты мемлекетке айнала бастады.



    Басқару құрылымы

    Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:

    Оң қанат - Батый хан құрамында болды. Ол бізде Еділ бойынан Дунайға дейін аумақты алып отырды. Оның орталығы Еділдің төменгі бойында орналасты да онда Бату ұрпағынан шыққандар басқарды.

    Сол қанат - Орда Ежен хан (Жошының үлкен ұлы) билігінде болды. Ол бізде Шығыс Дешті Қыпшақ пен Сырдария алқабының жерлерін алып жатты. Орталығы Сығанақ болды.Қазақстанның аумағы толықтай сол қанатта орналасқан.

    Арада қанша хан өзгеріп тұрсада, Шыңғыс ханның баяғы басқару жүйесі өз қалпымен қалған. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды.Ол уақытта тек Шыңғысханның ұрпағынан шыққандар хан бола алған. Әрине ол таққа лайықты болса ақсүйектер оны құрылтайда бекітеді. Хандардан кейін әлеуметтік қызметтерді атқаратындарды сұлтандар деп атаған. Дипломатиялық қатынастарды өзге елдермен бешербек басқарған. Іс қағаздармен айналысқандарды ‘білікшілер’ немесе қарапайым тілмен айтқанда ‘хатшылар’ деген. Ал қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды.

    Шаруашылығы

    Түркі тілдес тайпалар және моңғол тайпасы көшпелі мал шарушылығымен айналасты. Олар көбінесе жылқы малы мен қойды өсірді. Өзен-көл алқаптарында отырықшылық мал шарушалығы мен егіншілікпен,қолөнермен айналасты.Егіншілікпен шұғылданған тайпалар көбінесе ірі қараны өсірді.

    Сонымен қатар, Өзбек пен Жәнібектің тұсында қала салу, сауда істері қатты дамыған. Орда бір шеті Мысыр, Үндістан, Қытай, бір шеті Батыс Еуропа елдерімен сауда жасап, керуен жүргізіп тұрған. Оқу, білім, өнер де қатты дамыған. Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары (кварталдары) болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған.

    Алтын Орданың гүлденуі

    XIV ғасырда Өзбек хан мен Жәнібек хан билеген тұсында Алтын Орданың гүлденуі қарқынды дамыды. Өзбек хан 1312 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялайды. Оның олай істеу себебі бұл Алтын Орданың дамуы үшін болды. Сонымен қатар керуен саудасының дамуына үлес қосты. Орда Батыс Еуропа, Кіші Азия, Мысыр, Үндістан, Қытай елдерімен қызу сауда жүргізді. Алтын Орда қалалары тіршілік етуге өте қолайлы болды. Оның су құбырлары, жуынды, лас суды ағызу жүйесі, ылғалдың деңгейін сақтап отыратын күрделі су техникалық қондырғылары әлі күнге дейін зерттеушілерді таң қалдырады.



    Қорытынды

    Қорытындылай келе, мен Алтын Орда тарихымен таныстым. Мен үшін бұл мемлекет ерекше болып қалды. Алтын Орданың тарихына үңіле келе түсінгенім, барлығы сонау Шыңғысхан ханнан басталған. Шыңғысхан сан алуан соғыстарынан кейін Моңғол империясын құрды. Басып алған жерлерін ұлдарына бөліп ешкімде болмаған жүйені енгізді. Ол ұлыстың құрылуы. Ол империя құрылғаннан кейін әрине Орталық Азия Шығыс Еуропа картасын былайша айтқанда өзгеріп кетті. Ондағы мекен еткен халықтың тұрмысын этно саяси қарым қатынастарын өзгертті. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет екендігіне көзім жетті. Сан алуан соғыстардан кейін қыпшақ, найман, қаңлы одан басқада ұлт өкілдері араласып, соңғысында түркі тілдес бір мемлекет болды. Алтын Орда 13ғ тіпті татарлар деген атау алды. Тарихшылардың таңғалдырғаны ол мемлекеттің қалалары ерекше өркендеуінде. Алтын Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде болғанына көз жеткіземіз.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Абдрахманов Н.А.Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент,2014

    2. Жұмағұлов Қ.Т., Абдимомынов Н.Т. Алтын Орданың халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастары (ХІІІ-ХІV ғғ.). – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 223 б.

    3. Султанов Т. Золотая Орда. Государтсва Чингизидов в Евразииской степи – Алматы, 2004 г – 176 б .

    4. https://ikaz.info/altyn-orda-keze-indegi-madeniet/

    Глоссарий

    Білікшілер - жазу іс қағаздарды жүргізген хатшылар.

    Басқақтар- жергілікті халыққа әскер бақылау жүргізушілер.

    Ұлыс- мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.

    Қыпшақ-қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа.

    Яса (Жасақ) - Шыңғыс хан империясының әскери құқықтық заңдар жинағы.

    Хан - орта ғасырларда және жаңа заман дәуірінде көшпелі түркі және моңғол хандарындағы ең жоғары дара билік иесі.

    Уәзір-Алтын Ордадағы сондай ақ бірқатар мұсылман елдеріндегі жоғары қызмет иесі.

    Сұлтан - жасы мен қоғамдағы жағдайына қарамастан , Шыңғысхан әулетінің әр мүшесінің лауазымы.

    Беклербек-Алтын Ордадағы жоғары лауазым иесі, ханнан кейінгі екінші адам әскер қолбасшысы және мемлекеттің сыртқы саясатын басқарушы.


    написать администратору сайта