Главная страница
Навигация по странице:

  • ВИРУСТЫҚ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТТЕРІМЕН НАУҚАС БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯ (әдістемелік ұсыныстар) Астана, Қарағанды – 2008

  • ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ ВГ

  • БАЛАЛАРДАҒЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІНДЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  • БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІ КЕЗІНДЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР

  • Хиругия тест. ВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ. р денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы


    Скачать 355 Kb.
    Названиер денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы
    АнкорХиругия тест
    Дата04.02.2021
    Размер355 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ.doc
    ТипДокументы
    #173898
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

    ҚР ДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ



    «БЕКІТЕМІН»

    ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі

    _____________Дилимбетова Г.А.

    «______»______________2008 ж.






    «КЕЛІСІЛГЕН»

    ҚММА ректоры, академик, ҚР ҰҒА академигі, профессор

    ___________Құлмағамбетов І.Р.

    «____»_____________________

    І.Р. Құлмағамбетов, Қ.Ә. Әлиханова, Р.Х. Бегайдарова,

    Ғ.Ғ. Құттықожанова, С.К.Шуақбаев

    ВИРУСТЫҚ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТТЕРІМЕН НАУҚАС БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯ

    (әдістемелік ұсыныстар)
    Астана, Қарағанды – 2008

    ӘОК

    КБК

    М

    ПІКІР САРАПШЫЛАР:

    1. Тыныбеков А.М. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы

    2. Кошерова Б.Н. – ҚММА жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, доцент

    3. Оспанова К.С. - ҚММА ДКББ УКЖФ МӘС және реабилитация курсымен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

    І.Р., Құлмағамбетов, Қ.Ә. Әлиханова, Р.Х. Бегайдарова, Ғ.Ғ. Құттықожанова, С.К.Шуақбаев

    Вирустық В және С гепатиттерімен науқас балаларға медициналық реабилитация

    / Құлмағамбетов І.Р., Әлиханова Қ.Ә., Бегайдарова Р.Х., Құттықожанова Ғ.Ғ., Шуақбаев С.К.– Қарағанды: 2008. – с.

    ISBN


    Осы әдістемелік ұсыныстарда балалардағы вирусты В және С гепатиттері кезінде тіршілік әрекетінің шектелуін анықтауда тәжірибелік дәрігерлердің, медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің сарапшы-дәрігерлерінің білімі мен дағдыларын кеңейтіп, қалыптастыру мақсатында даярланды.

    Бұл ұсыныстарда көрсетілген мәліметтерде вирусты гепатиттермен науқас балаларды реабилитациялау ерекшеліктері қарастырылған.

    Осы құралды құрастыруда тіршілік әрекетінің шектелуі мен әлеуметтік жетіспеушіліктердің Халықаралық номенклатурасы негіз болды (МНН, ДДҰ, Женева 1994 ж.).

    Бұл әдістемелік ұсыныстарда вирусты гепатиттермен науқас балалар үшін реабилитация міндеттері мен принциптері, реабилитациялық потенциалды анықтау мен болжамдау әдістемелігі, жеке реабилитациялық бағдарламаны құрастыру көрсетілген. Реабилитациялық шаралардың тиімділігін бағалау критерийлері берілген.

    КБК



    М








    ISBN

    © Авторлар ұжымы, 2008

    ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

    ВГ

    Вирусты гепатит

    ЖРВИ

    Жедел респираторлық вирустық инфекциялар

    ДДҰ

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

    БРЖБ

    Баланы реабилитациялаудың жеке бағдарламасы

    РП

    Реабилитациялық потенциал

    КРТ

    Клиникалық-реабилитациялық топ

    КИЗ

    Кабинет инфекционных заболеваний

    ФК

    Функционалдық класс

    НВs Ag

    В гепатитінің вирусының беткейлік антигені

    АлАТ

    Аланинаминотрансфераза

    АсАТ

    Аспартатаминотрансфераза

    ВГВ

    Вирусты гепатит В

    РЖБ Реабилитациялаудың жеке бағдарламасы

    ТӘШ Тіршілік әрекетінің шектелуі

    ВГС

    ЕДТ

    МӘС

    Вирусты гепатит С

    Емдік дене тәрбиесі

    Медициналық-әлеуметтік сараптау

    ТСР Реабилитациялаудың техникалық жабдықтары

    МАЗМҰНЫ

    Қысқартулар тізімі

    3

    Кіріспе

    5

    Балалардағы В және С гепатитінде реабилитациялық процестің технологиясы

    6

    Балалар арасындағы В және С гепатиті кезінде реабилитациялаудың негізгі түрлеріне қажеттіліктер


    7

    Балалардағы В және С гепатитінде реабилитациялық потенциал мен реабилитациялық болжам

    8

    Вирусты В және С гепатитімен ауырған науқас балаларды медициналық реабилитациялау

    10

    Вирусты В және С гепатитімен ауырған балаларды кәсіби реабилитациялау

    14

    Вирусты В және С гепатитімен ауырған балаларды психологиялық-педагогикалық реабилитациялау

    17

    Вирусты В және С гепатитімен ауырған балаларды әлеуметтік реабилитациялау

    17

    В және С гепатиттері кезінде балалар арасындағы науқастар мен мүгедектерді реабилитациялау қағидалары

    17

    Функционалдық класына байланысты В және С гепатитімен ауырған балаларды медициналық реабилитациялаудың кешенді бағдарламасы


    19

    Реабилитация тиімділігін бағалау

    22

    Қорытынды

    23

    Тесттік сұрақтар мен жағдайлық есептер

    24

    Әдебиеттер

    29


    КІРІСПЕ
    Вирусты гепатиттер балалар жасындағы ең көп таралған жұқпалы аурулардың санатында. Кездесу жиілігі бойынша олар тек ЖРВИ мен жедел ішек инфекцияларына ғана орын береді [1,2].

    Бұл мәселенің өзектілігі сырқаттылықтың жиілігімен ғана емес, ең бастысы клиникалық көрінісінің ауырлығымен, ағымының ұзақтығымен және жиі қатерлі (фульминантты) формаларының дамуымен немесе бауыр циррозы мен гепатоцеллюлярлық карциномамен аяқталатын созылмалы гепатиттің дамуымен байланысты [3,4,5].

    Қазіргі этапта ана мен баланы қорғау саласындағы өзекті мәселелер арасында мүгедек баланы реабилитациялау ерекше орын алады, өйткені оның медициналық-әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар [6]. Бала мүгедектігінің алдын алу үшін және оны төмендету мақсатында негізі мына принциптерден тұратын жүйелі қалпына келтіру емі құрастырылған: аурудың, оның асқынуларының және мүгедектіктің алдын алу, ерте анықтау және этапты үздіксіз, толық жазылғанға дейін емдеу (емханада, ауруханада, санаторийде, арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп-интернат) [6,7-10]. Шет елдің авторларының мәліметтері бойынша балаларды реабилитациялаудың негізгі принциптеріне көпаспектілігі жатады [11-13].

    Реабилитация бұл мүгедектердің ағзалық бұзылыстар мен еңбекке жарамсыздықтарын қалпына келтіруге бағытталған медициналық, педагогикалық, профессионалдық шаралар кешені. Балаларға абилитация анықтамасын қолданған дұрыс, дәлірек айтқанда жасына сай қажетті функцияларды қалыптастыру [14,15].

    Мүгедек балаларды табысты реабилитациялау үшін оптимальді жағдай туғызу, оларды сәтті тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және интеграциялау мемлекеттің ең маңызды міндеті болып табылады және бала жасындағы мүгедектіктің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етеді [103].

    Реабилитация процесінде біз үш этапты қарастырамыз:

    1) қалпына келтіру үшін емдеу этапы (биомедициналық статусын қалпына келтіру), науқастар мен мүгедектердің денсаулығы мен бұзылысқа ұшыраған функцияларын қалпына келтіруге бағытталады. ДДҰ сарапшыларының мәліметтері бойынша, науқастардың 87% реабилитация бірінші этапта аяқталады, бұл жағдайда науқас қалыпты іс-әрекетіне қайтып келеді;

    2) этап социализациялау немесе ресоциализациялау (жеке-бастың статусын қалпына келтіру), ол әлеуметтік дағдылар мен функцияларды дамытуға, қайта құруға бағытталған;

    3) әлеуметтік интеграция немесе реинтеграция этапы (әлеуметтік статусын қалыптастыру), ол мүгедектерге көмек көрсетуге бағытталған және мүгедектерге қоғамның басқа мүшелерімен қатар әдеттегі өмір сүру жағдайын туғызады.

    Реабилитацияның әрбір этапының өзіне тән мақсаттары мен міндеттері бар, өзіндік шаралары мен реабилитациялық әсер ету тәсілдері бар.

    Реаби­литация мақсаты денсаулықты, жеке бастың және әлеуметтік статусын қалпына келтіру, материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамның тәуелсіздікке интеграция және реинтеграция. Нақты реабилитациялық міндеттер аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, бұзылысқа ұшыраған функцияларды және әлеуметтік жетіспеушілікті қалпына келтіру. Мұнда ол қарапайым жұмыс болғанда бір жағдайда ол қарапайым болуы мүмкін (нашар еститіндерге есту аппараты және оны пайдалануды үйрету), екінші жағдайда - күрделі және реабилитациялық шаралардың сипаты мен бағыты әр түрлі кешенді іске қосады (еңбек терапиясы, психотерапия, протездеу, профессионалдық қайта оқыту, жұмыспен қамтамасыз ету).

    Балалардағы реабилитация процесінің негізгі міндеттері:

    1) мүгедектікке алып келген аурулар тудырған функциялар бұзылыстарын қалпына келтіру немесе функциональдік бұзылыстар айқындығын төмендету;

    2) баланы әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуі үшін өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, қозғалу, қарым-қатынас жасау және басқ.

    Осы міндеттерді орындау үшін реабилитацияның негізгі принциптерін сақтау қажет:

    1) реабилитация процесін неғұрлым ерте бастаған жөн;

    2) реабилитация кешенді болуы қажет;

    3) реабилитациялық процесс әр түрлі этаптарында үзіліссіз жүргізілуі қажет;

    4) балаға жеке реабилитациялау бағдарламасы құрылуы қажет (ИБРР);

    5) медициналық, әлеуметтік және психолого-педагогикалық профильдегі мамандар арасында тығыз байланыс болуы қажет;

    6) бала мен оның жанұясының реабилитация процесіне белсенді түрде қатысуы қажет;

    7) реабилитация бағдарламасының орындалуын және тиімділігін жүйелі түрде бақылауға алу.

    Баладағы тұрақты тіршілік ету мүмкіндігін шектейтін функциональдік бұзылыстарды анықтаған бетте, реабилитациялық шараларды бірден бастаған дұрыс, бұл өз алдына, баланы реабилитациялаудың жеке бағдарламасы құрастырылып оны табысты жүзеге асыру [16-20], ол науқас бауырды медикаменттерден және қосымша энергетикалық шығындардан қорғау, дегенмен әлеуметтік, кәсіби және психологиялық және психолого-педагогикалық реабилитациялау жоқ .
    БАЛАЛАРДАҒЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІНДЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

    Реабилитациялық процестің бағдарламасына мына этаптар кіреді:

    1) сараптау - реабилитациялық диагностика;

    2) реабилитациялық потенциалды анықтау (реабилитацияны болжау)

    3) клиникалық-реабилитациялық топтарды анықтау;

    4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

    5) реабилитациялаудың жеке бағдарламасын құрастыру;

    6) реабилитациялаудың жеке бағдарламасын жүргізу;

    7) реабилитациялық шаралардың тиімділігін бағалау.

    Вирусты гепатитпен науқас мүгедек баланы реабилитациялау процесі реабилитациялаудың негізгі принциптеріне сай жүргізіледі. Бұл ерте бастау, кешенділік, жеке қарау, үздіксіздік, бала мен оның жанұясының белсенді қатысуы, жүйелі бақылау. ДДҰ сарапшылары аурудың үш түрлі салдарын бөліп қарастырады (органдық, ағзалық және әлеуметтік), және реабилитациялық шаралар көрсетілген деңгейде дер уақытында бағытталуы қажет.

    Функциональдік кластар бойынша шәкілеу негізінде, РП бағалауда және болжамдауда көрсетілген клиникалық-реабилитациялық топтарды құрастыру қажет деп есептейміз: КРГ1.1 ерте реабилитацияны қажет ететін балалар енгізілді. Бұл вирусты гепатиттің даму қауіпі бар және (В және С) гепатиттің формалары алғаш рет анықталған балалар. КPГl.2. 6 ай немесе одан да ұзақ уақыттан кейін рецидивтерімен, функционалдық және құрылымдық өзгерістерімен, функциональ­ді компенсациялы гепатиттің созылыңқы ағымымен науқас балалар кіреді. КРГ2 В және С гепатитімен ауырған, созылмалы түріне өту қауіпі бар бауыр қызметінің бұзылыстарынсыз және тіршілік әрекетінің шектелуінсіз балалар кіреді.

    Основными этапами проведения в КРГ1, КРГ2 медициналық реабилитацияны жүргізудің негізгі этаптары болып табылады:

    1. Инфекциялық стационарлар.

    2. Реабилитациялық орталық немесе санаторийлер. Гепатоорталық

    3. Жергілікті емхана - инфекциялық аурулар кабинеті (ИАК).

    Бірінші этап – аурудың жедел кезеңі; екінші этап – сауығу кезеңі (ауруханадан шыққаннан кейін); үшінші этап - ИАКде, КРГ 2 және КРГ- 3 - реабилитант топтары бақылауда болады.

    ИАКде сауығушыларға (белсенді динамикалық) диспансерлік бақылау жүзеге асырылады, ол жерде оларды дәрігер-инфекционист бақылауға алады.

    Гепатит салдарынан балаларды реабилитациялау аурудың ерте этаптарында басталуы қажет, және реабилитация процесі үздіксіз бауырдың бұзылысқа ұшыраған қызметінің толық қалпына келгеніне дейін жүргізілуі қажет, бұл категориядағы балалардың дамуының толығымен жүруі үшін аса маңызды.

    Аталған патологиямен балалардың кешенді реабилитациясы олардың медициналық әлеуметтік көмектің әр түрін қажет етуін ескере отырып жүргізіледі.

    Реабилитациялаудың мақсаты В және С гепатиттерімен науқас балалардың денсаулығын, жеке басының және әлеуметтік статусын қалпына келтіруге, оларды материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке жеткізу, қоғамдық өмірдің қалыпты жағдайына интеграциялау және реинтеграциялау.

    Нақты реабилитациялық міндеттер әр баланың сырқатының ерекшеліктеріне, функционалдық бұзылыстардың сипаты мен дәрежесіне, тіршілік әрекетінің шектелуіне және әлеуметтік жетіспеушілігімен анықталып қойылады.

    Балалардағы негізгі реабилитациялық міндеттер:

    1) мүгедектікке әкелген сырқаттану салдарынан болған функционалдық бұзылыстарды қалпына келтіру немесе төмендету;

    2) өзіне өзі қызмет ету, қозғалу, қарым-қатынас жасау дағдаларын және басқ. тұрмыстық-әлеуметтік ортаға қалыптастыру.
    БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІ КЕЗІНДЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР

    Қарағанды қаласының гепатоорталығында тіркеуде тұрған, вирусты гепатитпен зардап шеккен балаларға қажетті реабилитациялық қызметтің түрін, көлемін, сипатын анықтау үшін, біз 1998 жылдан 2007 жылға дейінгі орталықтың мәліметтерін жинақтап, бұл категорияның кейбір жағдайда реабилитациялау қажет болған талдау жүргізілді. Барлығы 149 анкета талданған.

    Талдау нәтижелері балаларда жоғары дәрежедегі әр түрлі абилитациялық -реабилитациялық көмекті қажет етеді. Мед­ициналық реабилитация шараларын қажет еткен 100% жағдайда В және С гепатитімен ауырған балалар.

    Медициналық реабилитацияны гепатитпен науқас барлық бала қажет етті: амбулаторлық қалпына келтіру емін гепатоорталықта 100%, стационарлық емді – 14,9%.

    Бұл категорияның жастары арасында, стационарлық емді қажет ететіні, инфекциялық стационар, гепатиттік бөлім.

    Қалпына келтіру терапиясының түрі, фармакотерапия - 100%, фитотерапия – 27,4%, физиологиялық ем – 12,0%.

    Фармакотерапия ретінде ауру балалар вирусқа қарсы ем алды (100% жағдайында), оның 20-да вирусты В гепатиті болды және 25 балада – вирусты С гепатиті. Бұл контингенттің 92% жағдайындағы балаларда патогенетикалық ем алуға қажеттілік болған.

    Фитотерапияға негізінде өт айдаушы шөптер кіреді (96%), қабынуға қарсы шөптер жиынтығын алған науқастар 4%.

    Психотерапия алғандар 31,5 % науқас В және С гепатитінің созылмалы формасымен ауыратын балалар.

    Санаторлық-курорттық ем алғандар аз пайызды құрады (14,5%) өйткені, бұл категорияның науқастарына қорғаныштық тәртіп (режим) тағайындалған. ҚР мұндай типті санаторийлер жоқ, сондықтан балалар медициналық реабилитацияның бұл түрін қолдана алмайды.

    Мүгедек балалардың мамандыққа реабилита­циясы гепатиттің салдарынан баланың жас шамасына қарай анықталды.

    Гепатит салдарынан мамандыққа реабилита­циялау қажеттігі туған барлық балалардың 29,4%-ның жасы 14-18 жаста, мамандыққа бағыттау кеңесін алғандар - 82,3%, психологиялық коррекция алғандар ­- 37,2%.

    Жалпы білім беру мектебінде кәсіби дайындық алуды қажет ететіндер 88%.

    Гепатит салдарынан кәсіби білім алуды қажет еткендер 63,2% бала, оның ішінде орташа деңгейдегі кәсіби білім алуға мұқтаж болғандар 65%, жоғары деңгейде - 35% бала осы категориядан.

    Гепатит салдарынан әлеуметтік реабилитацияға мұқтаждық жоғары болды және барлығы 98% құрады.

    Жеке күтімге үйретуге, персональді сақтануға, әлеуметтік тәуелсіздікке, әлеуметтік дағдыларға және қарым-қатынас жасай білуді үйренуге мұқтаждар саны 50%, әлеуметтік мәдениеттілікке мұқтаждық 48,9%, емдік физикалық тәрбие (ЕФМ) құралдарымен реабилитацияға мұқтаждар - 29,7% бала аталған патологиямен.

    Гепатит салдарынан психологиялық реаби­литацияға мұқтаждық орташа есеппен 68,4% балада, оның ішінде психологиялық кеңес алуға -75%, пси­хотерапия алуға - 25%, психокоррекцияға - 28,2%, психологиялық тренингке - 25% бала осы патологиямен, жанұясында вирусты гепатитпен науқас баласы бар ата-аналарының пси­хологиялық реабилитациясына мұқтаждық - 37,5%, жанұяға психологиялық көмек қажет болғандар - 12,5%.

    Педагогикалық реабилитация шараларына (ата-аналары орындайтын) мұқтаж 99,8% вирусты гепатитпен науқас бала.

    Әлеуметтік-тұрмыстық шараларға мұқтаж балалар саны 65,8% вирусты гепатитпен науқастар.

    Тіршілік әрекеті шектеулі баласы бар жанұяға әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі бір түрі әлеуметтік патронаждау болып табылады, оған медициналық-әлеуметтік патронаж, әлеуметтік-педагогикалық және мәдени-бос уақытын өткізу патронажы кіреді.

    Медициналық-әлеуметтік патронажға мұқтаждық 96,3% жанұяда, оған бұл балалардың ата-аналарын үй жағдайында реабилитация әдістерін үйрету кіреді, емдік физкультура және массаж, сонымен қатар аурудың ағымы мен аяқталуы туралы ақпараттар беру, қайта өршулердің алдын алу әдістерін үйрету, жедел респираторлық аурулардан сақтандыруды үйрету жатады.

    73,5% вирусты гепатитпен ауыратын баласы бар жанұя жағдайында мәдени-бос уақытын өткізу патронажына мұқтаждық болған, баланы дамыту және оны өзінің құрбыластарының ортасына белсенді ойындар арқылы, көрсету арқылы әр түрлі қызықтырушы шараларға, спорт ойындарын көруге қатыстыру арқылы жүргізу.

    37,3% жағдайда жанұя әлеуметтік-педагогикалық патронажға мұқтаж болған, оған ата-аналарды ойындар мен оқыту әрекеттерін ұйымдастыра білуге, осы категориядағы балаларды психологиялық дамыту әдістеріне үйрету жатады.

    Сонымен, вирусты гепатитпен науқас балаларды қоғамға және әлеуметтік ортаға максимальді интеграциялауды жүзеге асыру үшін, бірігіп жүргізетін белсенді медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әкімшілік –тұрмыстық және басқа да біздің мемлекетіміздің құрылымдарының көмегі қажет.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта