Хиругия тест. ВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ. р денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы
Скачать 355 Kb.
|
В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІМЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ КӘСІБИ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ Кәсіби реабилитация – бұл процесс және мүгедектің еңбек нарығында бәсекелестікке қабілеттілігін қалпына келтіретін жүйе. Кәсіби реабилитация бағдарламасына келесі шаралар мен қызмет көрсетулер кіреді: кәсіби бағыттау, кәсіби оқыту, еңбекпен қамтамасыз ету, мүгедекті оқу және еңбекпен қамтамасыз ету үшін ТСР қамтамасыз ету. Кәсіби бағыттау – бұл мүгедектің ең дамыған қабілетін одан ары белгілі бір кәсіпке жарамдылығын бағалау мақсатында, сонымен бірге оның болашақ кәсібіне ықпал ету шараларын болжамдау жүйесі. Мүгедек-баланы кәсіби бағыттаудың негізгі мақсаты – мүгедек-баланың еңбекке жарамдылығын болжау, мектептен кейін еңбек жолына өтуі кезінде оның қабілетін, мүмкіндігін және бейімділігін анықтау, оған сай еңбек ету салаларын ұсыну, сонымен қатар мүгедек-балаға кәсіптер туралы білуге мүмкіндік беру, ой елегінен өткізіп шешім қабылдау, қысқа мерзім ішінде оптимальді дұрыс келетін, жұмыс берушінің талабына сай ыңғайлы жұмысқа тұрғызу, қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін кеңес беру арқылы, ақпараттар мен психологиялық қолдау. Денсаулық жағдайына қарай көрсеткіштерді табу, кәсібінің психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, соңынан мүгедек-баланы және В және С вирусты гепатиттерімен науқас балаларды рациональді жұмысқа тұрғызу, және мақсатқа орай кәсіби жарамдылықты болашақ кәсіби жарамдылықты тиімді таңдау арқылы қазіргі кезеңдегі медициналық-кәсіби диагностиканы жүргізеді. Науқастардың бұл контингентінде болашақ кәсібін анықтау кешенділік принципіне негізделеді және келесі топтар енеді. 1 Медициналық критерийлері: а) клиникалық формасы, ағымы және сырқаттың сипаты; б) ФК бойынша клиникалық-функциональдік бұзылыстар айқындығының дәрежесі; в) синдромальділік және бар бұзылыстардың басқа мүшелер мен жүйелердің бұзылыстарымен бірге көрініс беруі; г) физикалық даму; д) биологиялық жетілу; е) ТӘШ айқындығының дәрежесі. 2 Психологиялық критерийлері: а) интеллектуальдік - мнестикалық сферасы; б) эмоциональді-жігер сферасы; г) психологиялық особенности; д) личностные ерекшеліктері; е) кәсіби оқытуға мотивация деңгейі; ж) кәсіби қызығушылдық, бейімділіктің құрылуы және бағыты; 3 Психофизиологиялық критерийлері: а) қозғалу (моторлық): бұлшық ет күші және төзімділік, координациялық қасиеттерінің көрсеткіші; б) сенсорлық (анализаторлар функциялары): көру, есту, сезіну, иіскеу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық; в) жоғары жүйке қызметінің индивидуальді-типологиялық ерекшеліктері: қозғыштық, күші, қозғалғыштық, негізгі жүйкелік процестердің тепе-теңдігі, қыртыс-қыртысасты қарым-қатынастар сипаты; г) аттенциондық және мнемиялық: назар мен зеректік қасиеттері. 4 Әлеуметтік-педагогикалық критерийлері: а) әлеуметтік статус (толық жанұя, жартылай жанұя, жетім, әлеуметтік жетім); б) жанұя-орта қоршауы; в) жалпы білім деңгейі; г) оқу бағдарламасы; д) кәсіби білім алу деңгейі; е) оқу формасы; ж) өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалыптасу, әлеуметтік қызмет қылу деңгейі; з) сырттан бақылау қажеттігінің дәрежесі; и) арнайы немесе қосымша оқыту жабдықтарының қажеттілігі; к) арнайы жағдай туғызуға қажеттілік. Медициналық-кәсіби іріктеуді оптимизациялау үшін тиімді кәсіби білім алуға жарамды мүгедек-балаларды зерттеп анықталған критерийлер негізінде медициналық-кәсіби реабилитациялау және әлеуметтік жетіспеушілік белгілерінің етек алуының алдын алуда тиімді шара болып табылады. Вирусты В және С гепатитімен науқастар үшін көрсетілген еңбек жағдайы және қарсы көрсеткіштер түрлері 1 кестеде көрсетілген. 1 кесте - Вирусты В және С гепатитімен науқастар үшін көрсетілген еңбек жағдайы және қарсы көрсеткіштер түрлері
В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІМЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ Білім беру, тәрбиелеу, дамыту процесінде реабилитацияның педагогикалық аспектісі қалпына келу, жоғалтқан және бұзылысқа ұшыраған функцияларды қалпына келтіру. Білім беру жеке бастың тіршілік әрекетінің негізгі шеңберінде өзін -өзі анықтауын және өз мақсаттарын жүзеге асыруын қарастырады: еңбек етуде, қоғамдық-саяси өмірде, мәдени-бос уақытын өткізуде, жанұя-тұрмыста, жалпы білім алу, сонымен бірге жеке адамның кәсіби әрекетті таңдауға қабілеттілігі. Социумда өз мақсаттарын жүзеге асыру қабілетін дамыту процесінде, к қарым-қатынас ортасын қалыптастыруда, әр түрлі сферада өз бетімен және жауапты әрекеттерге дайындықтан өтеді, бос уақытын өткізуді үйренеді, өзінің физикалық және психикалық дамуын реттеу қалыптасады. Даму ауытқулары бар балаларды қалпына келтіруге үйрету процесінде, жалпы оқыту мен тәрбиелеу мақсатынан басқа, коррекциялау мен бұзылыстарды қалпына келтіру міндеттері де қойылады. Педагогикалық коррекциялық жұмыс мақсаты баланың психикалық және физикалық функцияларының дамуындағы ауытқуларды жалпы білім беру, өмірге және еңбекке дайындау процесінде коррекциялық оқыту, тәрбие беру және дамыту. В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІМЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ Әлеуметтік реабилитацияға науқастың өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар кіреді – белсенді іспен айналысу, жанұялық реабилитация, әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру (тегін дәрілермен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайын жақсарту), обаланы өзіне-өзі қызмет етуге үйрету, тұрмысқа, қоғамға бейімдеу – пайдалы еңбек; әлеуметтік қызмет көрсету аймақтық орталықтарымен қамтамасыз ету; кеңес беру-ақпараттық, заң, әлеуметтік көмектер; қаржылық көмек. Мүгедек-баланы қоғамға интеграциялау шараларын жүзеге асыру (мәдени-көпшілік шараларға қатысу, конкурстар мен жарыстарға қатысу, балалар шығармашылық орталықтарында сабақ алу). В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТТЕРІ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ НАУҚАСТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ Нәтижелі реабилитация тек реабилитацияның негізгі прициптерін сақтағанда ғана мүмкін: баланы реабилитациялаудың индивидуальдік бағдарламасын құрастырғанда (БРИБ); жүргізілетін шаралардың кешенділігі; әр этаптың үздіксіздігі; реабилитациялық шараларды ерте бастау; реабилитация бағдарламасының орындалуын және тиімділігін жүйелі бақылау, сонымен қатар бала мен оның от басының реабилитация процесіне максимальді белсене қатысуы. Вирусты гепатитпен науқас баланың реабилитациясы деп денсаулығы мен аурудың салдарынан бұзылған тіршілік әрекетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық және әлеуметтік шаралардың кешенін айтады. Реабилитация ең алдымен ағзаның тіршілік әрекетін сақтауға және оны сырқаттан кейінгі жағдайға бейімдеуге бағытталады. Медициналық реабилитация нәтижесінде жұқпалы аурумен ауырған бала, денсаулығын және тіршілік әрекетін толық қалпына келтіруі қажет. Реабилитация жиі жұқпалы аурудың ауруханада жатқан кезінен басталады. Реабилитацияның жалғастырылуы, әдетте, ауруханадан үйге шыққаннан кейін жалғастырылады. Өкінішке орай, бізде жұқпалы ауруларды сауықтыратын орталықтар мен санаторийлер жоқ. Емдеу-қалпына келтіру шаралары арасында мыналарды бөліп қарастыруға болады: режим, тамақтану, емдік дене тәрбиесі, физиотерапия, ауырғандармен сұқбаттасу, фармакологиялық дәрілер. Емдеу-қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруда режим негізгісі болып табылады. Ағзаның негізгі жүйелерін даярлау негізгі мақсатқа жеткізеді – еңбекке қайта оралу. Режимнің көмегімен емделу мен дем алуға жағдай жасалады. Диета гепатиттің ауырлығы мен клиникалық көріністеріне байланысты тағайындалады. Диетаны емдеуші дәрігер ауруханадан шығарар алдында ұсынады. Науқастардың барлығына поливитаминдер 2-3 есе мөлшерден тыс беріледі. Емдік дене тәрбиесі физикалық еңбекке жарамдылығының тез қалпына келуін қамтамасыз етеді. Қарапайым объективті көрсеткіші жүрек соғуының жиілігінің қалпына келуі (пульс) әрбір 3-5 мин физикалық жүктемеден кейін. Физиотерапия дәрігердің тағайындауымен: массаж, УВЧ, соллюкс, диатермия және басқ. Сауығушылармен әңгімелескен дұрыс: вирусты гепатиттен кейін алкогольдің зияндылығы. Мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелесу (еске салу) медициналық тақырыптарға үйде де жүргізілуі тиіс. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарға фармакологиялық терапия, бұзылған функциясы мен еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Инфекциялық аурулармен ауырғандарды, созылмалы ауруларды және бактериятасымалдаушыларды диспансерлік бақылаудың ұзақтығы мен сипаты 2 кестеде көрсетілген. 2 кесте - Инфекциялық аурулармен ауырғандарды, созылмалы ауруларды және бактериятасымалдаушыларды диспансерлік бақылаудың ұзақтығы мен сипаты (А.Г. Рахманова, В.К. Пригожина, В.А. Неверов, 2005ж)
Вирусты гепатиттермен ауырған балаларға жеке реабилитациялау бағдарламасын құрастыруда өзінің ерекшеліктері бар, онда баланың жасына сай кезеңділігі, аурудың ұзақтығы, процестің ауырлығы, иммунологиялық статусы ескеріледі. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІМЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ В және С гепатиттері , 1функционалдық класс Медициналық реабилитация I Медикаментозды ем: Вирусқа қарсы дәрілер: а) ИФНα тобындағы дәрілер – рекомбинантты ИФНα (ИФНα2b, Интрон А, «Шеринг-Плау» (АҚШ), ИФН α2a, Роферон А, «Хоффманн-ЛяРош» (Щвецария)); Пегилирленген ИФНα б) нуклеозидтер аналогтары – Рибоверин (Ребетол, «Шеринг-Плау» (АҚШ)); Ламивудин (Зеффикс, Глаксо-Смит-Кляйн (Ұлыбритания)); Адефовир (Гепсера, Гилеад Сайнсиз (АҚШ)) 2 Витаминдік терапия – А,В,С және К тобындағы витаминдер. 3 Өт айдаушы дәрілер (көрсеткіштер бойынша) – холосас, аллахол, Гепабене, жүгері шашақтары және басқ. II Минералды суларды қолдану – минералды су аз және орташа минералдау, көбінесе гидро-карбонаттық, гидро-карбонатты-хлоридтік немесе гидро-карбонатты-сульфаттық – Сары-Ағаш, Боржом, Ессентуки №17, жасына 10 мл жарты сағат бұрын тамақтың алдында жылы күйінде. III. Медикаментсіз емдеу әдістері – (түймедақ гүлдері – 20,0, коры крушины – 20,0, жалбыз жапырағы – 20,0, фиалка шөбі– 10,0), (өлмес шөп гүлдері– 20,0, мыңжапырақ шөбі – 20,0, ащы жусан шөбі – 10,0, фенхель жемісі – 10,0). IV Санаторлық-курорттық ем – санаторий «Сары-Ағаш», ТМД елдерінде – Ессентуки, Трускавец, Железноводск, Пятигорск, Боржоми. V Физиоем – ремиссия фазасында – амплипульстерапия, индуктотерапия, УВЧ-терапия, микротолқынды терапия, магнитотерапия. VI ЛФК Гепатит В және С, 2функциональдік класс Медициналық реабилитация I Медикаментозды ем: Вирусқа қарсы дәрілер: а) ИФНα тобындағы дәрілер – рекомбинантты ИФНα (ИФНα2b, Интрон А, «Шеринг-Плау» (АҚШ), ИФН α2a, Роферон А, «Хоффманн-ЛяРош» (Щвецария)); Пегилирленген ИФНα б) нуклеозидтер аналогтары – Рибоверин (Ребетол, «Шеринг-Плау» (АҚШ)); Ламивудин (Зеффикс, Глаксо-Смит-Кляйн (Ұлыбритания)); Адефовир (Гепсер, Гилеад Сайнсиз (АҚШ)) в) Нуклеозидтік емес анологтар – Ловирид (Alpha-Ara Derivatives) 2 Витаминотерапия – витаминдер А,В,С және К топтары. 3 Өт айдаушы дәрілер (көрсеткіштер бойынша) – холосас, аллахол, Гепабене, жүгері шашақтары. 4 Симптоматикалық ем. II Минеральдық суларды қолдану – минералды су аз және орташа минералдау, көбінесе гидро-карбонаттық, гидро-карбонатты-хлоридтік немесе гидро-карбонатты-сульфаттық – Сары-Ағаш, Боржом, Ессентуки №17, жасына 10 мл жарты сағат бұрын тамақтың алдында жылы күйінде. III. Медикаментсіз емдеу әдістері – (түймедақ гүлдері – 20,0, коры крушины – 20,0, жалбыз жапырағы – 20,0, фиалка шөбі– 10,0), (өлмес шөп гүлдері– 20,0, мыңжапырақ шөбі – 20,0, ащы жусан шөбі – 10,0, фенхель жемісі – 10,0). IV Санаторлық-курорттық ем – санаторий «Сары-Ағаш», ТМД елдерінде – Ессентуки, Трускавец, Железноводск, Пятигорск, Боржоми. V Физиоем – ремиссия фазасында – амплипульстерапия, индуктотерапия, УВЧ-терапия, микротолқынды терапия, магнитотерапия. VI ЛФК Гепатит В және С, 3функциональдік класс Медициналық реабилитация I Медикаментозды ем: Вирусқа қарсы дәрілер: а) ИФНα тобындағы дәрілер – рекомбинантты ИФНα (ИФНα2b, Интрон А, «Шеринг-Плау» (АҚШ), ИФН α2a, Роферон А, «Хоффманн-ЛяРош» (Щвецария)); Пегилирленген ИФНα б) нуклеозид аналогтары – Рибоверин (Ребетол, «Шеринг-Плау» (АҚШ)); Ламивудин (Зеффикс, Глаксо-Смит-Кляйн (Ұлыбритания)); Адефовир (Гепсер, Гилеад Сайнсиз (АҚШ)) в) Нуклеозидтік емес анологтар – Ловирид (Alpha-Ara Derivatives) г) Протеаза ингибиторлары – Индинавир, Саквинавир, Ритонавир, Нелфинавир и VX – 478. 2 Иммунодепресанттар – делагил, азатиоприн, кортикостероидтар (көрсетілуі бойынша) 3 Витаминотерапия – витаминдер А,В,С және К топтары. 4 Өт айдаушы дәрілер (көрсеткіштер бойынша) – холосас, аллахол, Гепабене, кукурузные рыльца и др. 5 Симптоматикалық ем. II минеральдық суларды қолдану – минералды су аз және орташа минералдау, көбінесе гидро-карбонаттық, гидро-карбонатты-хлоридтік немесе гидро-карбонатты-сульфаттық – Сары-Ағаш, Боржом, Ессентуки №17, жасына 10 мл жарты сағат бұрын тамақтың алдында жылы күйінде. III. Медикаментсіз емдеу әдістері – (түймедақ гүлдері – 20,0, коры крушины – 20,0, жалбыз жапырағы – 20,0, фиалка шөбі– 10,0), (өлмес шөп гүлдері – 20,0, мыңжапырақ шөбі – 20,0, ащы жусан шөбі – 10,0, фенхель жемісі – 10,0). Гепатит В және С, 4 функциональдік класс Медициналық реабилитация I Медикаментозды ем: 1. вирусқа қарсы дәрілер: а) ИФНα тобындағы дәрілер – рекомбинантты ИФНα (ИФНα2b, Интрон А, «Шеринг-Плау» (АҚШ), ИФН α2a, Роферон А, «Хоффманн-ЛяРош» (Щвецария)); Пегилирленген ИФНα б) Рибоверин (Ребетол, «Шеринг-Плау» (АҚШ)); Ламивудин (Зеффикс, Глаксо-Смит-Кляйн (Ұлыбритания)); Адефовир (Гепсер, Гилеад Сайнсиз (АҚШ)) в) Нуклеозидтік емес анологтар – Ловирид (Alpha-Ara Derivatives) г) Протеаза ингибиторлары – Индинавир, Саквинавир, Ритонавир, Нелфинавир и VX – 478. д) пирофосфат аналогтары – Азидотимидин, Ламивудин, Зовиракс (Ацикловир), Фамвир (Фамцикловир), Цимевен (Ганцикловир), Видарабин, Рибавирин, Криксиван, Фоскарнет. 2 Иммунодепресанттар – делагил, азатиоприн, кортикостероидтар (көрсетілуі бойынша) 3 Витаминотерапия – витаминдер А,В,С және К тобы. 4 Өт айдаушы дәрілер – холосас, аллахол, Гепабене, кукурузные рыльца и др. 5 Симптоматикалық ем II минеральдық суларды қолдану – минералды су аз және орташа минералдау, көбінесе гидро-карбонаттық, гидро-карбонатты-хлоридтік немесе гидро-карбонатты-сульфаттық – Сары-Ағаш, Боржом, Ессентуки №17, жасына 10 мл жарты сағат бұрын тамақтың алдында жылы күйінде. III. Медикаментсіз емдеу әдістері – (түймедақ гүлдері – 20,0, коры крушины – 20,0, жалбыз жапырағы – 20,0, фиалка шөбі– 10,0), (өлмес шөп гүлдері – 20,0, мыңжапырақ шөбі – 20,0, ащы жусан шөбі – 10,0, фенхель жемісі – 10,0). Кәсіби реабилитация. Психологиялық-педагогикалық реабилитация: Кәсіби реабилитация баланың жасына қарай құрастырылады. Бала жасы өзінің ерекшеліктері бола отырып, бірнеше кезеңдерге бөлінеді, ИПР құрастырғанда мұны ескерген дұрыс. Баланың жасын мына кезеңдерге бөледі: сәби жасы - 1 жасқа дейін; ерте жас - 1-2 жыл; мектепке дейін - 3-6 жыл; кіші мектеп жасы - 7-10 жас; орташа мектеп немесе жасөспірімдер жасы - 11-14 жас; ересек жасөспірім жасы немесе ерте жастық шақ - 15-18 жас. Әрбір жас кезеңдеріне тән психикалық дамуының белгілі бір сапалық сипаттамасы болады. Іс әрекеттің түрлерінің бірі осы жас кезеңі үшін жетекші болуы мүмкін және ары қарай жеке адам ретіндегі дамуында сақталады. Олар даму процесінде жетекші рольді атқарады, басқалары – бағынышты рольде. Адамның бүкіл өмір бойғы әрекеттенуінің бірін-бірі алмастырып отыратын үш түрі бар: ойын, оқу, білім алу, еңбектену - соңғы мақсаттары әр түрлі. Сәби жасында жетекші түрі эмоционалдық қарым - қатынас. Бұл кезеңде қозғалыс-моторлық, сенсорлық, сөйлеу функциялары дамиды. Ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін жетекші орында тұрған әрекеттену - ойын. Ойын арқылы мектепке дейінгі балаларда негізгі психикалық процестер дамиды. Ойын іс-әрекеті әрекеттенудің соңғы мақсатқа бағдарланбай, процессуальдік мотивпен қамтамасыз етілетін түрі. Ол білуге ұмтылу, не прагматикалық емес сипатта [4]. Ерте жаста ойын манипулятивті, содан кейін заттық сипатта, мектепке дейінгі жаста сюжеттік-рольдік ойындар түрінде. Кіші мектеп жасынан бастап оқуға әрекеттену – процесс барысында жаңа білім алу, өмірді тануы дамиды, шығармашылық қабілеті, негізгі құндылықтар дамиды. Оқу ісәрекеті объективті ғана емес, субъективті де жеке адамның өзгеруіне әкеледі [2]. Жасөспірімдік кезінде әрекеттенудің жетекші формасы оқу немесе еңбек жүйесінде қарым-қатынас жасауы, бұл кезде маңайындағыларға сын көзбен қарау. Өз бетіншелік, әлеуметтік нормаларды сақтау, "ересеюге" ұмтылу, негізгі әлеуметтік рольді меңгеру қамтамасыз етіледі. Жетекші тіршілікке әрекеттенудің түрін нақтылау кезінде оның шектелу дәрежесін сараптау арқылы анықтау және ИПР қалыптасуы бұл жаста жетекші ретінде оқыту әрекеті болып табылады. Ересек жаста жалпы эмоциональдік, әлеуметтік, интеллектуальдік дамумен сипатталады, басқа жынысқа қызығушылықпен қарау, отбасынан эмансипациялану, кәсіби бағыт алуымен. Бұл жаста тіршілікке әрекеттенуі жетекші өмірлік жағдайлармен анықталады: оқу, немесе еңбектену. Осы жас шамасына қарай кезеңдерге бөлумен жетекші тіршілікке әрекеттенуін, ауытқу дәрежесін, оларды интенсивті дамыту үшін немесе компенсациялау үшін анықтау қажет. Баланың жасының спецификасы және баланың өмір сүруінің негізгі түрлері ИПР негізгі шараларына із қалдырады. Осыған байланысты бала мектепті бітіргенге дейін "Кәсіби реабилитация" блогын кеңейту қажет. Бұл кезде мектепке дейінгі тәрбие бойынша жүргізілетін шаралар нақтыланады, жалпы және кәсіби білім беру (жасына қарай), педагогикалық коррекциялар. Барлық бала әр түрлі оқу-тәрбие беру мекемелеріне барады, ал оқу, тәрбие алу, білім алу дамудың негізгі жолдары болып табылады, аби- және реабилитация, әлеуметтіктендіру, қоғамға интеграциялау және ИПР қалыптасуының спецификасын қамтамасыз етеді. Реабилитацияның педагогикалық аспектісі оқыту, тәрбиелеу, дамыту әдістерін қолданумен білім беру процесі кезінде (жалпы және арнайы) бұзылыстарға ұшыраған функцияларды қалпына келтіруді, түзетуді және жоғалғанды компенсациялауды қамтиды. Білім алу тіршілік етудің негізгі шеңберінде жеке адамның өзін-өзі табуы мен мақсаттарын жүзеге асыруға дайындауды қамтамасыз етеді: еңбекке, бос уақытты қоғамдық өткізуін үйрету, өзінің физикалық және психикалық дамуын өзі реттеу қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Айқындығы шамалы және айқын висцеральдік және метаболиттік бұзылыстармен, жалпы сипаттағы бұзылыстармен, бауыр функциясының айқын және аса айқын бұзылыстары бар балаларды үйде оқыту рұқсат етіледі. Үйде оқытудың арнайы нұсқаулығы мен мектеп пен ата-аналар арасындағы келісім шарт бойынша жақын орналасқан мектепте ұйымдастырылады, мектеп арнайы жеке бағдарлама мен оқыту маршрутын құрастырады, мұғалімдерді таңдайды және олардың жұмысын бақылауға алады. Мектеп пен ата-аналар арасында келісім шарт жасалады. Жеке оқу жоспарын және оқу кестесін жасау кезінде аурудың ауырлығы, психофизикалық мүмкіндігі, оның қызығушылық пен бейімделу қабілеті, саяси, мәдени, отбасылық-тұрмыстық және жалпы білім беру, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетін таңдау шеңбері де ескеріледі. Әлеуметтік реабилитация: 1 Әлеуметтік реабилитация – арттерапия, сказкотерапия леготерапия, библиотерапия, музыкатерапия, терапия театрлық өнер, глинотерапия, гарденотерапия, әлеуметтік-культуралық жоспарлау әдісі. 2 Психологиялық реабилитация. 3 Психологиялық отбасына кеңес беру. 4 Психотерапия. 5 Психологиялық тығыз тренинг 6 Психологиялық рабилитикалық ата-аналарда реабилитациялық. 7 Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу. 8 Әлеуметтік реабилитация бойынша ақпарат және кеңес беру. 9 Заңгерлік кеңес. 10 Медициналық-әлеуметтік патронаж. 11 Мәдени-бос уақытының патронажы. 12 Әлеуметтік -педагогикалық патронаж. |