Главная страница
Навигация по странице:

  • ТЕСТТІК СҰРАҚТАР МЕН ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР

  • Хиругия тест. ВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ. р денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы


    Скачать 355 Kb.
    Названиер денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы
    АнкорХиругия тест
    Дата04.02.2021
    Размер355 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ.doc
    ТипДокументы
    #173898
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    РЕАБИЛИТАЦИЯ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

    Жүргізілген сауықтыру шаралары еңбекке жарамдылық қалыптасуына, тіршілік әрекетінің шектелуінің төмендеуіне, әлеуметтік жетіспеушілікке әртүрлі әсер етеді. Сондықтан реабилитация нәтижелерін медициналық - әлеуметтік сараптама кезінде қосымша өлшем ретінде пайдалану толық дәлелді болып табылады. Бірақ мұндай өлшемдерді тәжірибеге кеңінен енгізу үшін сауықтыру шараларының сапасы мен тиімділігін бағалау кезінде бірдей әдістемелік әрекет қажет.

    Медициналық сауықтыру сапасы сауықтыру шараларының орындалу мөлшерін айқындайды (тұтас әлде жартылай) және оның РП сәйкестігін. Мұндайда тек жүргізілген курстық қана емес, сонымен бірге демеуші ем де бағаланады.

    Ағымның тиісті көлемінде жүргізілу тиімділігі еңбекке жарамдылықты төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтағанда бағаланады:

    - қызмет бұзылуы дәрежесінің кемуі (көтерілуі, динамикалық қозғалыссыз);

    - ауру ағымының жиілігі мен асқыну ауырлығы өзгеруімен тұрақталуы (нашарлау, динамикалық қозғалыссыз);

    - денелік жұмыс істеу қабілетінің жоғарылауы (оның ішінде жүктемелік тестілеу нәтижелері бойынша);

    - қажетті демеуші ем көлемінің азаюы (өзгеріссіз ұлғаюы);

    - ауруға және емге қарым-қатынасты психологиялық түзетудің жағымды нәтижелері.

    Демеуші фармакотерапияны қажетсінудің өзгеруі ерекше назар аударуды талап етеді. Ол қызметтің бұзылу салмағын және созылмалы патология кезінде ауру ағымын көрсете отырып, аз, бірқалыпты және елеулі болуы мүмкін. Фармакологиялық жабдықтарды енгізу тәсілі маңызды, себебі ол тіршілік әрекетін және өмір сапасын бұзуы мүмкін, оның ішінде тіпті тиімді емделген кезде де.

    Көбінесе қосалқы патологиясы бар балаларды дәрімен қамтамасыздануға сұранысы дәлелді және оны жеңілдік бағасымен алуға ұмтылуы МӘС аймақтық бөлімшеге баруына негізгі себеп болып табылады. Сондықтан демеуші емнің қажет көлемі көрсеткіші мүгедектікті бекіту кезінде қосымша өлшем ретінде қарастырылуы тиіс. Мүгедектіктің салмағы төмендеуі туралы медициналық сауықтыру нәтижелерін есептей отырып, шешім шығарар кезде МӘС қосымша өлшемдері ретінде, сауықтырғаннан кейін қол жеткізген бұзылған қызмет дәрежесінің төмендеуін, ағымның тұрақталуын, еңбекке жарамдылықтың жоғарылауын, сондай-ақ қажетті демеуші ем көлемінің кемуін назарға алу керек.

    Бекітілген РП сәйкес жүргізілген сауықтырудың толық курсынан кейін мүгедектік салмағының жоғарылауы туралы шешім шығару кезінде қосымша өлшемдер назарға алынады: асқыну жиіленуі мен ауырлануымен үдемелі ағым, еңбекке жарамдылықтың әрі қарай төмендеуі. Сауықтырудың толық курсынан кейін елеусіз немесе жағымсыз нәтиже РП мейлінше аз екенін дәлелдейді.

    Медициналық-кәсіби сауықтырудың нәтижелерін бағалау кезінде өлшем ретінде мүгедектікті бекіту де негізгі немесе жаңа кәсіпте кәсіби жарамдылықты қалпына келтіру көрсеткіші пайдаланылады.

    Жүргізілген кәсіби сауықтыру нәтижелерінен мүгедектікті бекіту кезінде кәсіби бағдарлаудан кейін кәсіби оқу және кәсіп таңдау мен еңбекке тиімді орналасу назарға алынады.

    Еңбекке тиімді орналасуға жағдай болмауы кәсіби сауықтыру бағдарламасының орындалмауы себебі ретінде РП есепке алып бағалайды және тек қана РП төмен адамдар үшін ғана, сондай-ақ шешілуі мүмкін емес жағдайда қолданған табанды күшіне қарамастан, назарға алынады.

    Әлеуметік сауықтыру нәтижелерінен еңбекке жарамдылықты анықтау кезінде қозғалуды жабдықтармен қамтамасыз ету және тұрғылықты жерінен шалғайда мүгедек жұмысын жалғастыру кезінде оларды меңгеруге үйрету есепке алынады
    ҚОРЫТЫНДЫ
    Сонымен, вирусты В және С гепатиттерімен ауырған балаларға ұсынылатын сауықтыру технологиясы гастрогепатологиялық көмек жүйесіне біріктірілген үздіксіз үрдісті көрсетеді, және вирусты гепатиттердің салдарының алдын алу мен оны азайтуға және осы патологиямен науқастарды қоғамға максимальді реинтеграциялауға бағытталған бір бірімен байланысты шаралар жүйесін реабилитантқа ұсыну арқылы біртұтас сауықтыру үрдісінің барлық кезеңдерін қамтиды.
    ТЕСТТІК СҰРАҚТАР МЕН ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР
    1. Вирусты гепатитпен ауырғаннан кейін бауырдың әр түрлі зақымдануларымен науқастарды реабилитациялау процесінде неше этапты ажыратуға болады:

    а. 2 этап

    б. 3 этап

    в. 4 этап

    г. 5 этап

    д. 6 этап

    Жауабы: б
    2. Реабилитация объектісі болып табылады:

    а. жиі ауыратын балалар

    б. науқастар мен мүгедектер

    в. F гепатитінің вирусын сақтаушылар

    г. вирусты гепатиттің жедел формасымен науқас

    д. тек мүгедектер

    Жауабы: б
    3. Вирусты гепатит кезіндегі базистік емнің негізі болып табылады:

    а. антибактериальдік ем

    б. эубиотиктер

    в. қозғалыстық режим және диета

    г. биологиялық дәрілер

    д. гормонотерапия

    Жауабы: в
    4. Гепатопротекторларға жатады:

    а. эссенциале, легалон

    б. гордокс

    в. контрикал

    г. циклоферон

    д. фестал

    Жауабы: а
    5. ВВГ ауырғаннан кейін ауруханадан шыққан соң дене тәрбиесі сабағынан ... босатылады:

    а. 1 ай

    б. 2 ай

    в. 3 ай

    г. 6 ай

    д. 1 жыл

    Жауабы: д
    6.Вирусты гепатиттерде қолданылатын №5 диетасынан нені алып тастаған:

    а. экстрактивті заттар, қиын еритін майлар

    б. ірімшік, айран

    в. майлы емес балық түрлері

    г. еттің майлы емес сорты

    д. көкөністер мен жемістер

    Жауабы: а
    7. Вирусты гепатиттерде қолданылатын №5 диетасына рұқсат етіледі:

    а. экстрактивті заттар

    б. еруі қиын майлар

    в. жаңғақ, миндаль

    г. майлы балық түрлері

    д. курага, қара өрік, мейіз

    Жауабы: д
    8. Вирустың белсенді репликациясымен созылмалы ВВГ қайта өршігенде патогенетикалық емнің негізгі түрлері:

    а глюкокортикостероидты гормондар

    б. инфузионды терапия

    в. антипротеолитикалық заттар

    г. вирусқа қарсы терапия

    д. аталғандардың барлығы

    Жауабы: д
    9. Аталған дәрілердің қайсысы рекомбинантты ИФН-α-2а жатады:

    а. реальдирон

    б. бероферон

    в. пегасис

    г. роферон-А

    д. интрон-А

    Жауабы: г
    10. Интерферондар индукторларына жатады:

    а. циклоферон

    б. ламивудин (зеффикс)

    в. рибовирин

    г. фармцикловир

    д. глицирризин

    Жауабы: а
    11. Қандай өсімдіктің гепатопротекторлық қасиеті бар:

    а. багульник

    б. өгей шөп

    в. женьшень

    г. қалақай

    д. пижма

    Жауабы: д
    12. Бауыр қызметінің минимальді бұзылыстарымен созылмалы гепатитпен науқасқа емдік ұсыныстар:

    а. физикалық жүктемені азайту, диета сақтау

    б. протеазалар ингибиторлары

    в. витаминдер

    г. гепатопротекторлар

    д. вирусқа қарсы ем

    Жауабы: а
    13. СВГ кезінде вирусқа қарсы емді тағайындауға қарсы көрсеткіш:

    а. вирустың белсенді репликациясының белгілері

    б. ерте жасы

    в. бауырдың ұлғаюы мен тығыздалуы

    г. спленомегалияның болуы

    д. вирустың белсенді репликациясының белгілері жоқ

    Жауабы: а
    14. СВГ кезінде вирусқа қарсы ем жүргізуге қарсы көрсеткіштер қандай:

    а. вирустың белсенді репликациясының белгілері жоқ

    б. ерте жастағы науқас

    в. бауырдың аса ұлғаюы мен тығыздалуы

    г. спленомегалияның болуы

    д. аутоиммундық аурулар

    Жауабы: д
    15. ВВГ науқастарды глюкокортикостероидтармен болуы мүмкін қосымша әсерлер:

    а. иммуногенездің тежелуі

    б. артериальдік гипотония

    в. геморрагиялық синдром

    г. дизуриялық бұзылыстар

    д. колиттік синдром

    Жауабы: а
    16. Вирусқа қарсы емнің тиімділігін қандай параметрлер бойынша бағалайды:

    а. ерте вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы емнің басталуынан 12 апта өткеннен кейін)

    б. біріншілік вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы ем аяқталғаннан кейін)

    в. тұрақты вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы ем аяқталғаннан кейін 24 аптадан кейін)

    г. аталғандардың барлығы

    д. тиімділігінің клиникалық критерийлері

    Жауабы: г
    17. Реабилитацияның негізгі принциптерін атаңыз:

    а. реабилитациялаудың жеке бағдарламасын құрастыру

    б. әр түрлі этаптарында кешенділік, үздіксіздік

    в. реабилитациялық шараларды ерте бастау

    г. реабилитациялық бағдарламаның орындалуын жүйелі бақылау

    д. барлық жауап дұрыс

    Жауабы: д
    18. Вирусты гепатитпен ауырғандарға жеке реабилитация бағдарламасын құрастыру кезінде ескерілуі қажет ерекшеліктер:

    а. баланың жасына қарай кезеңділігі

    б. сырқаттың ұзақтығы

    в. процестің ауырлығы

    г. иммунологиялық статустың жағдайы

    д. барлық жауап дұрыс

    Жауабы: д
    19. Реабилитациялық потенциалды анықтау кешенді бағалаудың қандай үш факторына сүйенеді:

    а. медициналық, психологиялық, әлеуметтік

    б. медициналық, кәсіби, әлеуметтік

    в. кәсіби, психологиялық, экологиялық

    г. медициналық, психологиялық, экологиялық

    д. медициналық, кәсіби, экологиялық

    Жауабы: а
    20. Қандай критерийлер тобы бұл контингенттегі науқастардың болашақ кәсібін анықтау принциптеріне кіреді:

    а. медициналық, психикалық, кәсіби, әлеуметтік

    б. медициналық, психикалық, психофизиологиялық, әлеуметтік-педагогикалық

    в. медициналық, кәсіби, физиологиялық, әлеуметтік

    г. әлеуметтік, психоэмоциональдік, педагогикалық, физиологиялық

    д. медициналық, педагогикалық, кәсіби, әлеуметтік

    Жауабы: б
    21. Баланың жасы 15 те, диагнозоы: Созылмалы вирусты гепатит В. Емдік шаралар кешенін тағайындаңыз:

    а. Базистік терапия;бауырды қосымша энергетикалық шығындардан қорғау, полипрогмазиядан бас тарту; стресстік жағдайларды жою; медикаментоздық терапия; ирусқа қарсы ем

    б. Базистік ем және антибактериальдік терапия

    в. Базистік және кортикостероидты терапия

    г. Дезинтоксикациялық, базистік және антибактериальдік терапия

    д. Базистік терапия; қосымша энергетикалық шығындардан қорғау, полипрогмазиядан бас тарту; стресстік жағдайларды жою

    Жауабы: а
    22. Науқас, 18 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты гепатит С, ФК 1 бойынша айқындық дәрежесі. Еңбек етуге жарамсыз жағдайларды көрсетіңіз:

    а. Айқын немесе айқындығы шамалы физикалық жүктеме және айқын жүйкелік-психикалық ширығу

    б. асқазан тұсының жарақаты нәтижесінде денесін ыңғайына қарай ұстауы

    в. жұмыс істеу темпі қауырт, улы заттар әсері

    г. шу және вибрациялау интенсивтілігінің, ауа температурасының жоғарылығы, тамақтану режимін сақтау мүмкіндігінің жоқтығы

    д. барлығы дұрыс

    Жауабы: д
    23. Науқас, 18 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты С гепатиті, ФК 2 бойынша айқындық дәрежесі. Еңбек етуге жарамсыз жағдайларды көрсетіңіз:

    а. айқындығы шамалы физикалық жүктеме және айқын жүйкелік-психикалық ширығу

    б. асқазан тұсының жарақаты нәтижесінде денесін ыңғайына қарай ұстауы

    в. жұмыс істеу темпі қауырт, улы заттар әсері

    г. шу және вибрациялау интенсивтілігінің, ауа температурасының жоғарылығы, тамақтану режимін сақтау мүмкіндігінің жоқтығы

    д. барлығы дұрыс

    Жауабы: д
    24. Науқас, 18 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты С гепатиті, ФК 3 бойынша айқындық дәрежесі. Еңбек етуге жарамсыз жағдайларды көрсетіңіз:

    а. айқындығы шамалы физикалық жүктеме және айқын жүйкелік-психикалық ширығу

    б. асқазан тұсының жарақаты нәтижесінде денесін ыңғайына қарай ұстауы

    в. жұмыс істеу темпі қауырт, улы заттар әсері

    г. еңбек етуге арнайы жағдай жасау

    д. шу және вибрациялау интенсивтілігінің, ауа температурасының жоғарылығы, тамақтану режимін сақтау мүмкіндігінің жоқтығы

    Жауабы: г
    25. Науқас, 18 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты С гепатиті, ФК 4 бойынша айқындық дәрежесі. Еңбек етуге жарамсыз жағдайларды көрсетіңіз:

    а. айқындығы шамалы физикалық жүктеме және айқындығы шамалы жүйкелік-психикалық ширығу

    б. асқазан тұсының жарақаты нәтижесінде денесін ыңғайына қарай ұстауы

    в. еңбек етуге болмайды

    г. жұмыс істеу темпі қауырт, улы заттар әсері

    д. шу және вибрациялау интенсивтілігінің, ауа температурасының жоғарылығы, тамақтану режимін сақтау мүмкіндігінің жоқтығы

    Жауабы: в
    26. Науқас 10 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты гепатит В. Педагогикалық түзету жұмыстарының мақсаты:

    а. психикалық және физикалық функцияларды түзету, өмірге және еңбекке дайындау, коррекционды оқыту, тәрбиелеу және дамыту

    б. психикасын түзету, өмірге және еңбекке дайындау, коррекционды оқыту, тәрбиелеу және дамыту

    в. физикалық функцияларды түзету, өмірге және еңбекке дайындау, коррекционды оқыту, тәрбиелеу және дамыту

    г. психикалық және физикалық функцияларды түзету, өмірге және еңбекке дайындау

    д. өмірге және еңбекке дайындау, коррекционды оқыту, тәрбиелеу және дамыту

    Жауабы: а
    27. Науқас 5 жаста, диагнозы: Созылмалы вирусты гепатит С. Әлеуметтік реабилитациялаудың негізгі шаралары қандай:

    а. әлеуметтік қызмет көрсетудің тек аймақтық орталықтарының қызметін ұсыну

    б. белсенді еңбек ету, жанұялық реабилитация, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру, балаға өзіне қызмет етуді үйрету, тұрмысқа бейімдеу

    в. Тек қана жанұялық реабилитация және тұрмысқа бейімдеу

    г. Тек қана балаға өзіне қызмет етуді үйрету

    д. Тек қана кеңес беру-ақпараттық және материалдық көмек

    Жауабы: б
    28. Науқас 9 жаста, созылмалы вирусты В гепатитімен ауырғаннан кейін диспансерлік бақылауда. Диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:

    а. 1 ай

    б. 3 ай

    в. 6 ай

    г. 9 ай

    д. 12 айдан кем емес

    Жауабы: д
    29. Науқас 8 жаста, созылмалы белсенді вирусты гепатит С ауырды. Диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:

    а. алғашқы 2 ай –2 аптада1 рет; соңынан айына 2 рет

    б. алғашқы 3 ай – 2 аптада1 рет; соңынан айына 1 рет

    в. алғашқы 4 ай – 2 аптада 2 рет; соңынан айына 1 рет

    г. алғашқы 5 ай – 2 аптада1 рет; соңынан айына 1 рет

    д. алғашқы 6 ай – 2 аптада1 рет; соңынан айына 1 рет

    Жауабы: б
    30. Пациент, 15 жаста, вирусты В гепатитінің жедел вирус тасымалдаушысы. бақылау мерзімін көрсетіңіз:

    а. 6 ай

    б. 9 ай

    в. 12 ай

    г. 2 жыл

    д. 3 жыл

    Жауабы: г
    ӘДЕБИЕТТЕР


    1. Учайкин В.Ф., Н.И. Нисевич, Т.В. Чередниченко. Вирусные гепатиты от А до ТТV. – М., 2003. – 431с.

    2. Мукомолов С.Л., Валькова И.В., Чайка Н.А. Вирусные гепатиты. – СПб: Ин-т им. Пастера, 1992. – 96с.

    3. Соринсон С.Н. Вирусные гепатиты. - СПб: Теза, 1997. – 325с.

    4. Молочкова О.В. Течение и исходы гепатита С у детей: Автореф. Дисс. канд. мед. наук. – М., 2000. – 22с.

    5. Куттыкужанова Г.Г. Балалар жұқпалы аурулары. Алматы, 2002. – C. 189 – 220.

    6. Вельтищев Ю.Е. Состояние здоровья детей и общая стратегия профилактики болезней, М, 1994,С

    7. Самсыгина АГ., Баранов АА. Мать – плод - дитя: социальные и медицинские проблемы // Педиатрия, 1996, №5, С. 4-8.

    8. Попова Т.В. Медико-социальная характеристика детей - инвалидов и пути их реабилитации Автореф.дисс… к.м.н. Санкт-Петербург, 1995г, 28 с.

    9. Сивочалова ОВ. Профессиональные вредности у родителей и состояние здоровья новорожденных у детей раннего возраста // Педиатрия, 1995, №4, С. 64-66.

    10. Коптева Л.Н., Позднякова М.А., Гурич Н.И. Основные вопросы медико-социальной экспертизы: Метод. реком. / Под общ. ред. проф. Камаева И.А. Н. Новгород, 1997, 51 с.

    11. Смычек В.Б., Бузенкова Т.Н. Медико-социальная экспертиза и реабилитация детей с органическими поражениями ЦНС – Минск, 2003. - 191 с.

    12. Smith Harold G Intervention strateges for children vulneable for school failure due to exposure to drugs and alcohl // Int. J. Addict., 1993, 28,13, P. 1435-1470.

    13. Benefits Social Security Contributions and Benefits Act 1992. Part III. London, 1992, 345 p.

    14. Amstel H., Dyke T., Crosker J. Would people with a disability in the highlands benefit from a communiti -based rehabilitation program // Mendi General Hospital., 1993, 25 p

    15. Международная классификация функционирования, ограничений жизнедеятельности и здоровья: Финальный проект ВОЗ. Женева, 2001, 24 с

    16. Органичение жизнедеятельности у детей вследствие висцеральных и метаболических нарушений / Заболотных И.И., Николаева Н.В., Лобода Т.Б. и др.// СПб, 2001, 110 с.

    17. Чистова Л.В., Шеляпина В.В., Строкова Т.В., Королькова Е.Л. "Виферон" в комплексном лечении хронических вирусных заболеваний печени у детей // Тезисы докладов 2-й Российской научно-практической конференции с международным участием, 14-16 октября, 1997. – С. 241.

    18. Чистова Л.В., Хусайнова Д.Г., Кольцов В.Л. "Виферон" в лечении хронического активного гепатита у детей // II Российский Национальный Конгресс "Человек и лекарство", 10-15 апреля, 1995, Москва. – С. 314.

    19. Строкова Т.В. Динамика проявлений хронических гепатитов у детей при комплексном лечении с использованием альфа-2 интерферона и ридостина: автореф. …канд.мед.наук. – Москва, 2000. - 27 с.

    20. Кузнецов Н.И., Романова Е.С. Беталейкин в лечении вирусных гепатитов B и C // Тезисы докладов 3-й научно-практической конференции с международным участием, 22-24 июня, 1999, Санкт-Петербург. – С. 120.

    21. Antiviral effect of human recombinant interleukin-2 in patients infected with hepatitis C virus / J.H. Lee, G. Teuber, M. Wagner et al. // J. Mes. Virol. – 2000. – V. 60. – P. 264-268.





    1   2   3   4


    написать администратору сайта