Хиругия тест. ВИРУСТЫҚ_В_ЖӘНЕ_С_ГЕПАТИТТЕРІМЕН_НАУҚАС_БАЛАЛАРҒА_МЕДИЦИНАЛЫҚ_РЕ. р денсаулыСАтау министрлігі араанды мемлекеттік медицина академиясы
Скачать 355 Kb.
|
БАЛАЛАРДАҒЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІНДЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ МЕН РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ БОЛЖАМ Реабилитациялық потенциал – бұл бұзылыстарға ұшыраған функцияларды қалпына келтірудің мүмкіндігін бағалайтын көрсеткіш, оның ішінде медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені негізінде еңбекке жарамдылығын анықтау да кіреді. РП бағалау кезінде функциональдік бұзылыстардың қайтымылығы ескеріледі: мүгедектің реабилитацияға психологиялық даярлығы, қосалқы патологияның болуы және оның айқындық дәрежесі, техникалық құралдардың көмегімен патологияны компенсациялау мүмкіндігі, сондай-ақ негізгі аурудың прогрессирлеуші ағымында патологиялық жағдайдың динамикасы. Жоғары, орташа, төмен реабилитациялық потенциалдарын ажыратады. РП анықтау үш топтағы факторларды кешенді бағалауға негізделеді. 1) Медициналық факторлар (аурудың клиникалық ағымының ерекшеліктері және ағзаның функциональдік қорының жағдайы, сондай-ақ клиникалық-еңбекке жарамдылығының болжамы). 2) Психологиялық факторлар (мүгедек баланың жеке психологиялық ерекшеліктері). 3) Әлеуметтік факторлар (баланың айналасындағылар, өмір сүру орасын ескергенде, өзінің ауруына байланысты таңдайтын мамандығы, рациональді еңбекке орналасуы). В және С гепатитімен науқас балалардағы жоғары РП, біздің популяцияда 18,9% жағдайында байқалды (көбінесе жедел ағымы, жеңіл дәрежесі) және гепатиттің минимальді белседілігімен және аздаған функциональдік бұзылыстармен сипатталды. Диспепсия симптомдары аса көрініссіз, тұрақсыз және сирек, клиникалық-лабораторлық және клиникалық-аспаптық тексеру көрсеткіштері бойынша ас қорыту функцияларының айқын бұзылыстарынсыз; бауыр жетіспеушілік симптомдары жоқ, бауыр функцияларының көрсеткіштерінің аздаған ауытқулары мен зат алмасу бұзылыстары; портальдік гипертензияның өтпелі белгілері, қақпалық көктамыр жүйесіндегі қысым көрсеткіштерінің және АІТ функцияларының аздаған ауытқулары, бауырдың және зат алмасу бұзылыстары; постваготомиялық бұзылыстар симптомдары; трофика бұзылыстары жоқ немесе аздаған сипатта. Жоғары РП жататын науқастар: функциональдік класы ФК 1 (0 - 25%). Реабилитациялық болжамы қолайлы. Орташа РП В және С гепатиттерімен науқастардың 22,1% байқалды. Бұл РП шамалы бұзылыстармен сипатталады – клиникалық-функциональдік тексеру әдістерінің көрсеткіштері бойынша асқорытудың шамалы бұзылыстары анықталды; бауыр жетіспеушілігінің клиникалық симптоматикасы, интоксикация және зат алмасудың бұзылыстары болмайды немесе өтпелі болады; бауыр функциясының ауытқуының; алғашқы стадияға сәйкес портальдік гипертензия; қақпалық көктамыр жүйесіндегі қысым көрсеткіштерінің және АІТ функцияларының айқындығы шамалы ауытқулары, бауырдың және зат алмасу бұзылыстары; постваготомиялық бұзылыстар симптомдары – өтпелі клиниалық симптоматика; трофиканың бұзылыстары аздаған. Орташа РП науқастардың ФК-2 (26-50%) жатады. Реабилитациялық болжам салыстырмалы түрде қолайлы. В және С созылмалы формаларымен науқастардың жартысынан көбінде 58,1%), төмен РП. Науқастардың бұл категориясында бауыр жетіспеушілігінің айқын белгілері байқалды, декомпенсация стадиясы. Балаларда интоксикацияның және зат алмасу бұзылыстарының айқын клиникалық симптоматикасы; бауыр функциясының ауытқуларының айқын көрсеткіштері байқалды. Портальдік гипертензия белгілері айқын көрінісінің стадиясына сәйкес келді, астения тұрақты және айқын сипатта болды, спеленомегалия, өңештің, асқазанның қан тамырларының, геморроидальдік көктамырлардың кеңеюі, жүйелі қан кетулерсіз. Вегетативтік-тамырлық бұзылыстар орын алды, анемия, астения, тұрақты сипатта болды; асқорыту мүшелерінің функцияларының айқын ауытқулары, қан айналуының, ОЖЖ, қан түзілу функцияларының шамалы немесе айқын бұзылыстары, зат алмасудың бұзылыстары; нарушения трофиканың бұзылуы шамалы немесе айқын сипатта. Төмен РП ағза функцияларының айқын бұзылыстары бар науқастарда ФК-3 (51-75%). Реабилитациялық болжамы күмәнді. Науқас балалардың 0,9% жағдайында РП болған жоқ және анағұрлым айқын бұзылыстармен сипатталды, олардың көрінісі: асқорыту мүшелерінің функцияларының бұзылыстарының айқын белгілерімен, сонымен қатар интоксикация, басқа мүшелердің зақымданулары мен функцияларының бұзылыстары тәрізді асқынулармен; бауыр жетіспеушілігінің белгілерімен, терминальдік, дистрофиялық стадияларына сәйкес келетін бауыр жетіспеушілігі. Басқа мүшелер мен жүйелердің функцияларының бұзылыстары мен бауыр функциясының көрсеткіштерінің аса айқын ауытқулары; портальдік гипертензия белгілері, күрт айқындалған клиникалық белгілері бар стадиясы – ауырсыну, абдоминальдік синдром, диспепсиялық синдром, астения тұрақты және айқын сипатта, іштің көктамырларының кеңеюі, асцит, спленомегалия, өңештің, асқазанның көктамырының кеңеюі, геморроидальдік көктамырлардың, ішкі мүшелердің кеңіген көктамырларынан әредік қан кетулердің болып тұруы, интоксикация, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануы; қақпалық көктамыр жүйесіндегі қысым көрсеткіштерінің айқын және өте айқын ауытқулары, бауыр функциясының және зат алмасуының бұзылыстары, басқа мүшелер мен жүйлердің функцияларының – ОЖЖ, қан түзілуінің; постваготомиялық бұзылыстары – ауырсыну, абдоминальдік синдром, диспепсиялық синдром, вегето-тамырлық бұзылыстар, анемия, астения тұрақты және айқын сипат қабылдайды, трофиканың бұзылыстары айқын сипатта. Мұндай адамдарға ФК-3-4 (76-100%) ағзаның функцияларының айқын бұзылыстары жатады. Реабилитациялық болжамы қолайсыз. В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТТЕРІМЕН НАУҚАС БАЛАЛАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ Вирусты гепатиттерді емдеу сұрақтары ВВГ сырқаттанған 102 балада және ВСГ ауырған 47 балада зерттеуге алынды. Гепатиттің барлық түрлерінде емдік шаралар кешеніне кіреді: 1. Базистік ем, оған рационалды қозғалыс тәртібі, емдік тамақтандыру, минералды сулар, поливитаминдер, дезинтоксикациялық. 2. Бауырды қосымша энергетикалық ауыртпалықтардан және артық медикаменттерден сақтау. Ол үшін тағайындалатын медикаменттерді минимумға жеткізуге тырыстық, полипрагмазияны шектедік. 3. Науқасқа физикалық және психологиялық тыныштық қажет, иммундық жүйенің қызметін тежейтін, сонысымен вирустардың элиминациясына кедергі болатын стресстік жағдайлардан қорғау. 4. Медикаментоздық терапия 5. Вирусқа қарсы терапия Қозғалу тәртібі Айқын интоксикациясыз вирусты гепатиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы ағымында жартылай төсектік тәртіп тағайындалады. Пациентке тұруға, дәретханаға баруға, отыруға рұқсат етіледі. Қатаң төсектік тәртіп тек қана айқын интоксикациямен және асқынулардың дамуымен аурудың ауыр формаларында қажет. Төсектік тәртіп балаларға аурудың ауыр және орташа ауырлықтағы формаларында, сарғаю кезеңінің алғашқы 3-5 күндері тағайындалады. Интоксикация симптомдарының жойылуына қарай балалар ауруханадан шығарар алдында жартылай төсектік тәртіпке ауыстырылды. Аурудың жеңіл формаларында сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінен бастап жартылай төсектік тәртіп тағайындалды. Біздің байқауымыз бойынша, қозғалу тәртібінің оптималды варианты мынадай: айқын интоксикациямен сарғаю кезеңінде 3 күннен бірнеше күнге дейін төсектік тәртіп. Әрі қарай, ауруханадан шығарғанға дейін – тәртіп жартылай төсектік. Ауруханадан шыққаннан кейін 1 айға дейін аялау қажет. Емдік тамақтандыру Бауыр зат алмасу процесінде басты рольді атқаратын болғандықтан, вирусты гепатиттердің кешенді еміне баланстандырылған тамақтануды тағайындауға үлкен мән бердік. Аурудың бастапқы және өршу кезеңінде науқастардың барлығына №5а столы тағайындалады, ал клиникалық және биохимиялық көрсеткіштерінің жақсаруына қарай - №5 стол. № 5 стол - қорғаушы диета, асқазан-ішек трактісін химиялық және механикалық зақымданулардан сақтауды қарастырады. Экстрактивті компонентті тамақтар толығымен менюден алынады: ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, окрошка, еруі қиын майлар (сало), еттің майлы сорттары, оның ішінде майлы құс еті де бар (үйрек, қаз), майлы балық, ысталған тамақтар, өткір ащы дәмдеуіштер, тәтті нандар, эфир майлары бар тағамдар, қуырылған тамақтар, торттар, тоқаштар, саңырауқұлақтар, балмұздақ, маринадтар, ащы соустар, дәмдеуіштер (қыша, бұрыш, сірке қышқылы). Тамақтандыру рационалды, баланстандырылған. Тамақтандыру белгілі бір уақытта, күніне 4-6 рет. Пациент жеткілікті мөлшерде көмірсуларды (көбінесе әртүрлі ботқалар түрінде, қайнатпалар, бал, қант), құнды жануар текті ақуыздар (тәулігіне 100 г кем емес), эмульгирленген майлар (күніне 30-40 г сары май). Ұсынылған (қолдануға болатын) тағамдар: - жеміс сорпасына пісірілген көжелер әртүрлі жармалар қосылған, сүттен жасалған, жидектерден жасалған; - қайнатып пісірілген майлы емес ет (сиыр еті, тауық), қайнатылған балық, буға пісірілген котлеттер, тефтельдер (стол № 5а) немесе кесектеп пісірілген (стол №5); - жемістер шикідей, қайнатылған түрде (стол №5а) - ұсатылған: сәбіз, орамжапырақ, қызылша, асқабақ, картоп, пияз (қайнатылған); - жидектер тәтті сорттары: алма, алмұрт, шие, өрік, қара өрік, қарбыз, жүзім (сүйексіз), құлпынай, қарақат, бүлдірген; - компоттар, кисельдер, жидектер шырыны, итмұрын мен сұлы қайнатпалары; - сүт, айран, қаймақ, ірімшік, ацидофилин; - сырлар (стол №5); - қайнатпалар, бал, джемдер, конфеттер (шоколад емес), печенье майсыз; - сары май, өсімдік майы (дайын болған тамаққа қосылады); - жармалар, әсіресе қарабидай, сұлы, күріш, бидай; - жұмыртқалар – күніне 1 артық емес, ақуыз омлеті; - бидай наны, ақ нан (аздап кептірілген); аржа наны (тек стол №5); - ащы емес шәй, кофе табиғи, ащы емес, сүтпен. №5а столының №5 айырмашылығы, тамақтар ұсақталып беріледі және буға пісіріледі. Барлық вирустық гепатиттерде интоксикация болған жағдайда детоксикациялық терапия жүргізілді мүмкіндігінше per os., анорексия, жүрек айну, құсу себептерімен жеткілікті мөлшерде сұйықтық іше алмаған жағдайда, оны көк тамырдан тамшылатып құйды. Дезинтоксикациялық терапия негізгі үш бағытта жүргізілді: кристаллоидтармен, коллоидтармен және глюкокортикостероидтармен интоксикация симптомдарын жою мақсатында. Кристаллоидтардан глюкозаның 5%-10% ерітіндісі көк тамырдан тамшылатып берілді. Коллоидтар тобынан реополиглюкин тәулігіне 10-15 мл/кг есептеліп қоданылды. Көк тамырдан берілетін сұйықтық көлемі физиологиялық қажеттілікке есептелді. Вирустық гепатиттің айқын интоксикация симптомдарымен ауыр ағымында және бауыр жетіспеушілігінің даму қауіпі болғанда глюкокортикостероидтар қолданылды, жиі преднизолон тәуліктік мөлшері 5-10 мг/кг, көк тамырдан тамшылармен, әрі қарай ауыздан беруге ауыстырылды, курсы 5-7 күн. Дезинтоксикацияны энтеросорбенттер тағайындаумен де жүргізілді. Активирленген көмір, смекта жас мөлшерінде ауыздан берілді, 3 күннен 5 күнге дейін. Аурудың жедел кезеңінде барлық науқастарға холестатикалық компонентке холекинетикалық әсері бар дәрілер қолданылды магний (сульфаты, фламин және т.б.), ал сауығу кезеңінде – холеретиктер (холензим, аллахол). Гепатит кезінде патогенетикалық спазмолитиктерді қолдану дәлелді, әсіресе холестаз дамыған жағдайда: жиі но-шпа жас мөлшерінде. Гепатит кезінде витаминдер кешенін тағайындау қажет, олар зат алмасуда коферменттер бола тұрып, метаболиттік өзгерістердің қалыпты ырғағын қамтамасыз етеді. Емдеу процесінде В тобындағы витаминдер тағайындалады В (В1, В2, В6), С, олар пероральді физиологиялық мөлшерде тағайындалады (витамин В1 – балаларға 3-тен 8 жасқа дейін 10 мг тәулігіне 2 рет, 8 жастан және одан жоғары 15 мг мөлшерде тағайындалды (витамин В1 – балаларға 3-тен 8 жасқа дейін 10 мг тәулігіне 2 рет; витамин В2 – 1,4-тен 2,5 мг-ға дейін жасына қарай; витамин В6 – 1,3 - 2 мг 2 рет тамақтан соң; витамин С – тәуліктік мөлшері 45 - 75 мг мөлшерде тағайындалды (витамин В1 – балаларға 3-тен 8 жасқа дейін 10 мг тәулігіне 3 рет). Витаминдер тамақтан соң 7-10 күн бойы беріледі. Витаминдерді тағайындауға, өзіміздің клиникалық тәжірибемізден аса ұқыптылықпен қарадық, олардың нәтижелілігі әлі де толық шешілмеген, оларды тағайындау шектеулі болуы керек. Сондықтан біз науқастарымызға витаминдерді табиғи түрде қолдануды ұсындық. Витаминдерге қажеттілік табиғи тағамдармен қамтамасыз етіледі. А витамині Сары майда, жұмыртқаның сарысында болады. Каротин түрінде- А провитамині – сәбіздің пюресінде, қара қарақатта, шабдалыда, өрікте болады. Е витамині - өсімдік майында, етте, сүтте, жармаларда, жұмыртқада. Десенсибилизациялық дәрілер науқастарға терінің қышуымен жүретін айқын холестаз белгілері болған жағдайда көрсетілген. Бұл жағдайда супрастин, тавегил тәулігіне 1-2 мг/кг 3-5 күн бойы тағайындалады. Реконвалесценция кезеңінде және әсіресе созылыңқы түрінде гепатопротекторлар (карсил, эссенциале, гепабене, гептрал) жас мөлшерінде 2 апта бойы. Вирусты гепатитпен науқастарда регулярлы физиологиялық бөліністер болуы қажет. Біздің бақылауымыздағы ересек жастағы 5 балада іш қату болды. Бұл жағдайларда біз науқастарға таңертең аш қарынға бөлме температурасында бір стақан қайнаған су ішуге нұсқаулар бердік. Қайнатылған жемістер (сәбіз, қызылша, орамжапырақ), салаттар өсімдік майымен, айран. Лактулоза тағайындау жақсы нәтиже береді – бұл қауіпсіз дәрілік зат, оны балаларға да, ересектерге де аптасына 3-5 рет нәжіс қалпына келгенге дейін беріледі. Соңғы жылдары парентералдық вирусты гепатиттерге, атап айтқанда В гепатитінде вирусқа қарсы ем қолданылатын болды – бұл жаңа болашағы бар бағыт, вирусты В және С гепатиттерінің еміне қолданылып жүр. Дегенмен, интерферон қатарындағы дәрілердің тиімділігінің жоғары болғанына қарамастан, олардың бірқатар жеткіліксіздіктері бар (тұмаутәрізді синдром, диспепсиялық белгілер, ұйқының бұзылуы, салмақ жоғалту, әлсіздік, лейкопения, тромбоцитопения, тиреотоксикоздың дамуы). Сонымен қатар, Бұл емнің нәтижелігі аса жоғары емес — 10% -дан 40% дейін, емдеу курсының қымбаттығы да маңызды [1]. Педиатриялық тәжірибеде этиотропты емнің нәтижелі әдісі интерферонның индукторларын қолдану болып табылады, атап айтқанда – циклоферон. Эндогендік ИФН, енгізілген интерфероногендерге жауап ретінде пайда болады, антигендік қасиеті жоқ, оның синтезі ағзада баланстандырылған және ол ағзаға артық түсуден сақтауын қамтамасыз ететін бақылау механизмдерімен реттеледі. Циклоферонның вирусқа қарсы әсері интерферонның өндірілуін күшейтумен ғана байланысты емес, басқа да интерлейкиндерге (ИЛ) иммундық реттеуші әсері бар. Циклоферон ИЛ-1 және ИЛ-6, ИЛ-6 үшін матрицалық РНҚ өндірілуін күшейтеді, гепатоциттерді регенерациялау процесін реттеуші факторлардың бірі. Бұл цитокиннің белсенуі вирустың репликативтік белсенділігін төмендетуі мен НВеAg антиденелер бөлінуін күшейтуші қасиетімен тығыз байланысты және клиникалық маңызды патологиялық процесті шектеу мен бауыр жасушаларының регенерациясы үшін. Біздің бақылауымызда 20 (19,6%) бала: вирусты В гепатиті, сарғаюлы формасы, оларға этиотропты ем ретінде, кешенді еммен бірге циклоферон қолданылды. Циклоферон дене салмағына 6–10 мг/кг тәулігіне 1 рет интервалы 2-3 күн, 1 ай бойы барлығы 10 инъекция тағайындалады. Циклоферонды тағайындағанға дейін науқастарда күрт әлсіздік, жүрек айну, қайталап құсу, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі мен басып ауырсынуы байқалды, артралгиялар. ДВС-синдромының симптомдары мұрыннан қан кетулер мен геморрагиялық бөртпелермен, егулер орнында гематомалардың болуымен сипатталады. Науқастардың барлығында гепатомегалия болды, бірен-саранында ғана – спленомегалия. Трансферазалардың жоғарылауы барлық науқастарда байқалды - аланинаминотрансфераза (АлАТ) 2800 нмс/л дейін; аспартатаминотрансфераза (АсАТ) – 1000 нмс/л дейін жоғарылады. Циклоферонмен бір курс ем алғаннан кейін науқастардың 100% мына симптомдардың қайтқандығы байқалды: әлсіздік, жүрек айну, құсу, оң жақ қабырға астының ауырсынуы және оң жақ қабырға астында ауырсыну, артралгия. Бауыр мөлшерінің қалпына келуі 60,0% науқаста. Клиникалық тиімділігімен биохимиялық көрсеткіштері тығыз корреляцияда. Сонымен, АлАТ және АсАТ толығымен қалпына келуі науқастардың 50,0%, қалғандарында төмендеуге бейімділік байқалды. Науқастарды қайталап серологиялық тексергенде HBsАg табылуы тек қана 45,0% науқаста болды. Циклоферонды қолданғанда қосымша реакциялар болған жоқ. Бақылау мәліметтері бойынша қорытындыласақ: 1. циклоферон балалардағы вирусты В гепатитін емдеуде тиімділігі жоғары және қауіпсіз вирусқа қарсы дәрі болып табылады; 2. циклоферон ВВГ ағымын жеңілдетіп, қолайсыз аяқталуының алдын алуға қабілетті. Қазіргі кезеңдегі гепатологияда созылмалы ВСГ емі приоритетті мәселе, өйткені ол әлі шешілмеген сұрақтардың бірі. Бұл сұрақтың шешілуінің қиындығы созылмалы НСV-инфекциясының бірқатар ерекшеліктерімен байланысты: симптомсыз формаларының үлестік салмағының жоғарылығы, қоздырғыштың генотиптерінің өзгергіштігі, цирроз және гепатоцеллюлярлық карцинома дамуы. Созылмалы ВСГ еміне қолданылатын белгілі этиотропты дәрілер интерферон қатарындағы дәрілер. Жедел ВГ этиотропты дәрілер көрсетілмеген, бірақ, ВВГ созылыңқы түрге, прогрессирлеуші ағымда өте алатындығын жүре алатындығын ескеріп, ал ВСГ көбінесе созылмалы формасына өтеді, парентералдық ВГ жедел сарғаюлы формалары интерферондар мен интерферонның индукторларын тағайындауға көрсетілген. Дегенмен, біріншіден, бірқатар қарсы көрсеткіштер мен қосымша нәтижелер бар: температураның жоғарылауы, миалгиялар, артралгиялар, бас ауыруы, тромбоциттер мен лейкоциттердің төмендеуі, тәбеттің төмендеуі және дене салмағын жоғалту, ағзаға токсикалық әсер етуі, депрессия. Екіншіден, монотерапия тиімділігі төмен — 10 -дан 40%-ға дейін. Үшіншіден, емдеу курсының қымбаттығы маңызды. Біз өз алдымызға ССГ науқастарға комбинирленген вирусқа қарсы емнің клиникалық-лабораторлық тиімділігін зерттеуді міндет етіп қойдық. Бақылауда ССГ науқас 37 бала болды. ССГ 7 науқастан 1в генотипі, 21 – 3а және 9 – 2а генотиптері анықталды. Науқастардың барлығынан вирустық жүктеме анықталды. Емдеу әдістері бойынша науқастар 3 топқа бөлінді. 9 (19,2%) науқас – бірінші топ, базистік емге Пегасис және Рибавирин, 10 (21,2%) – екінші топ, Реоферон және Рибоверин, ал 6 (12,8%) – үшінші топқа, Интрон-А және Рибавирин. Әрбір топта науқастар әртүрлі генотиптермен болды. Жүргізіліп отырған зерттеудің мақсаты клиникалық-лабораторлық көрінісін жақсарту және қоздырғыштың элиминациясы. Вирусқа қарсы емнің тиімділігі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланды: ерте вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы емнің басталуынан 12 аптадан кейін анықталды) біріншілік вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы ем курсы аяқталғаннан кейін) тұрақты вирусологиялық жауап (вирусқа қарсы ем курсы аяқталғаннан кейін 24 аптадан соң) Созылмалы СГ 3 топтағы әр түрлі емдеу кестелерін салыстыра талдау жүргізгенде, пегасис + рибоверин емін қабылдаған 2а және 3а генотиптерімен науқастарда, клиникалық-лабораторлық тиімділігі жоғары болды. 1в генотипті науқасқа келетін болсақ, салыстырылып отырған үш топта да вирустың элиминациясы байқалмады, ал клиникалық-лабораторлық көрсеткіштерде оң динамика болған жоқ. Сонымен, тұрақты вирусологиялық жауап пегасис + рибоверин емін алған бірінші топтағы науқастарда байқалды. Вирусқа қарсы емнің тиімділігін гепатопротекторлар тағайындау арқылы көтеруге болады. Барлық үш топта белгілі бір қосымша реакциялар - бас ауыруы, депрессиялар, қызба, бұлшық еттің ауырсынуы, анорексиялар түрінде байқалды. Асқынулар пайызы, басқа емдік топтарға қарағанда, пегасис + рибоверин қабылдаған бірінші топтағы науқастарда вирустың генотипіне байланыссыз анағұрлым төмен болды. Сонымен, ВВГ вирусқа қарсы емге қазіргі этапта интерферон индукторын, атап айтқанда – циклоферонды тағайындау қажет. Созылмалы СГ этиотропты еміне келетін болсақ, онда тұрақты вирусологиялық нәтиже беретін және қосымша реакциялар саны аз болатын комбинирленген пегасис + рибоверин емі тиімді. |