Главная страница

Тесты НЦНЭ с ответами. Тест Стом - 1. Созылмалы периодонтит Пульпитті емдегенде олданады электрофорезды


Скачать 25.55 Kb.
НазваниеСозылмалы периодонтит Пульпитті емдегенде олданады электрофорезды
АнкорТесты НЦНЭ с ответами
Дата16.06.2022
Размер25.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест Стом - 1.docx
ТипДокументы
#597881

1.100 мкА дейін токқа реакциясы болмағанда келесі ауру бар деуге болады: созылмалы периодонтит

2. Пульпитті емдегенде қолданады: электрофорезды? диатермокоагуляцияны

3. 35 –жастағы науқас адамға: 45 тістен төменгі жақсүйектің жіті одонтогенді периостит диагноз қойылды. Жасалды: 45 тісті жұлып алған, периостотомия өткізілді және сол күнге физиотерапилық емдеуі белгіленген. Физиоемдеу әдісін көрсетіңіз: электрофорез

4. Электроодонтодиагностика деген не? пульпаның нервтік рецепторлар реакциясын анықтау

5. Науқаста өткізбейтін каналдарда пульпит. Қабынған пульпаны нкротизациялау үшін қандай физиоем әдісі қолданылады? йод электрофорезі

1. Окклюзиялық бастырма болуы қажет: тіс сауытының жалпақтығына 3/1 тең

2. Егер тірек тіс ақау жағына иілсе, сонда окклюзиялық бастырманы орналастырады: екі проксималдық жағынан шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), екі көрші тістерге

3. Бір тіс болмағанда және жақын тұрған тістердің биік емес сауыттарында, пластмассалық тістерді және ершік бекітуі сенімді болмаса: доғалы құрылымнан бас тартады

4. Қос қабатты протез негізін жасауға ұсынады: альвеолярлы өсіндісі атрофияланғанда

5. Алмалы- салмалы пластиналық протезді орнатқаннан кейін дикциясы өзгерсе: үстіңгі жақ сүйекте фронтальды тістердің аумағында түзетуді жүргізеді

1. Ретенциялық құрылғыларды қолдану мақсаты: алынған нәтижені бекіту

2. 5 жастағы баланың анасы емханаға төменгі ортаңғы күрек тістерінің дұрыс емес орналасуына шағымданып келді. Сыртқы қарауда: қайтармалыкүрек тістік жабынды, бүйір тістер қатынасы Энгль бойынша ІІІ класс. Осы жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн? бүйір және фронтальды тістерін таңдамалы жонып тегістеу

3. Емханаға 10 жастағы баласымен анасы келді. Объективті: 11 тіс сауыты мойнына дейін жоқ. Осы тіс маңындағы шырышты қабатта гиперемия, ісінген. Рентгенограммада: 11 тіс түбірі қалыптасқан, өзгерістер жоқ. Балаға қандай құрылым жасау керек? 11 тіске микропротез

4. Ортодонтияда алмалы ортодонтиялық құрылғыларды бекіту үшін неге Адамс кламмерлері кең қолданыладыортодонтиялық құрылғыларды сенімді бекітуіне және универсалдылығына байланысты

5. Ортодонтикалық аппараттар әрекет принципі бойынша бөлінедімеханикалық, функционалды, аралас

1. Таңдай пластикасын оперативті жасауда таңдай пластикасы қай мақсатта жасаладыжараны және таңдай кесіндісін ауыз қуысы ортасына қорғау және кесіндіні таңдай сүйегіне қысу үшін, сонымен қатар таңдай күмбезін қалыптастыру үшін

2. жоғары ерін мен альвеолярлы өсінді ақауымен жоғары жақтың оқ жарақатынан кейін науқасқа жоғары еріннің және ауыз бұрышын пластикасымен реконструктивті операция жоспарлануда. Осы науқасқа қандай құрылғыны қолданған жөнсаусақ тәрізді өсінділері бар Шуром бойынша

3. Лефор-2 (екі) типы бойынша жоғарғы жақ сүйектің сынық жолы: жоғарғы жақ сүйек және мұрын сүйектері

4. Бағыттаушы аппараттардың қолданылуы: сынықтарды дұрыс бағыттау және бекітуі

5. 30 жастағы науқаста төменгі жақсүйекте жабық сынық. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйектің дене аумағында жүмсақ тіңдерінің ісінуінен беттің ассиметриясы анықталады. Жойылған 45 және 46 тістердің аумағында сілемейлі қабығында гематома байқалады. Ортопанторентгенограммада жойылған 45, 46 тістердің арасында төменгі жақсүйектің денесінде жарық сызығы анықталады. Осы жағдайда иммобилизацияны жасау үшін қолданылатын шендеуішті көрсетіңіз: тірек имегі бар шендеуішіме

1. Адамның тісіндегі жетілген шөгінді неден тұрады? ауыз шаюға тұрақты және сілекеймен шайылмайтын, түйіншек матриксін құрайтын бактериялардың тығыз қабатынан

2. Қызылиекүстілік шөгінді алғашында қайда орналасады? тазалауға қолжетімсіз орындарда: тістердің фиссуралары мен ойыстарында, тістің шайнау беткейлерінде, тістің көрінетін сауытының мойындық үштігінде, түбірдің ашық беткейінде

3. Тісжегінің сыртқы (экзогенді) дәрісіз алдын алуына не кіреді? Ақуыздарға, аминқышқылдарға, макро және микроэлементтерге, дәрумендерге бай тамақ жеу

4. Тіс шөткесін таңдауда қандай талаптар қойылу керек? ауыз қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне сай болу керек, шөткенің басы иілген және кең емес болу керек, қылдары сирек шоғырланып орналасу керек, найза тәрізді қиылған болу керек

5. Қандай тіс пасталарының құрамына негізгі компоненттерден басқа биологиялық белсенді қосындылар: дәрумендер, сығындылар, дәрілік өсімдіктердің тұнбалары, тұздар, микроэлементтер, ферменттер кіреді? емдік-профилактикалық

6. Стоматологияда тісжегінің және пародонт ауруларын алдын алуда қандай абразивтілігі жоқ салыстырмалы жаңа дәрілік түр қолоданылады? тіс шайғыштар

1. Кешкі және таңертеңгі уақытта, сонымен қатар тамақ қабылдағаннан кейін ауыз қуысын сергіту және дезодорация мақсатында қолданатын көмекші гигиеналық зат болып табылады: тіс сығындысы

2. Пародонт ауруларын бірінішілк алдын алу қандай аспектілерден тұрады? гигиеналық машықтарды тәрбиелеу, рациональды тамақтану бағдарламасын реализациялау, дәрігер-стоматологқа тұрақты түрде барып тұру

3. Пародонт ауруларын екіншілік алдын алу неге бағытталған? пародонт тіндеріндегі патологиялық өзгерістердің ерте белгілерін жою және олардың үдеуінің алдын алу мақсатына

4. Қандай науқастарға келесі ауыз қуысының өңдеуі көрсетілген: күнделікті ұйқтар алдында ауыз қуысы 3%сутегі тотығына батырылған мақта шарымен өңделеді, кейін 0,003% хлоргексидин ерітіндісімен шаяды және тыныс жолдарына түсудің алдын алу үшін сұйықтық ұрт аймағына бағытталады? төсек тартып жатқан науқастарға

5. Биологиялық жолмен ауыз қуысының өздігінен тазалануында органикалық заттардың ыдырауына не кедергі келтіреді? бактериялар

6. Қандай тамақты өңдеу заманауи әдістері тамақ жеу барысында ауыз қуысының және тістердің өздігінен тазалану мүмкіндігін төмендетуі мүмкін? ұсақтау және жұмсарту

1. Латеральді конденсция кезінде тіс түбірі өзегін пломбылауда келесі эндодонтикалық аспаппен қолданылады: спредер

2. Өздігінен басталатын ұстамалы, түнгі ауырсыну және температуралық пен механикалық қоздырғыштардан күшейетін қысқа мерзімді ауырсынусыз кезең келесі пульпитқа сәйкес: жедел диффузды

3. Созылмалы фиброзды периодонтитпен орташа тісжегіде дифференциалды диагностикада шешуші болып табылады: сүңгілеу

4. 32 жастағы науқас тамақ жеген кезде және температуралық қоздырғыштардан ауырсынуға шағымданады. Обьективті: 17-ші тістің шайнау бетінде терең тісжегі анықталады, тіс жегі қуысының түбін сүңгілеп тексергенде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Диагнозды қою үшін қосымша тексеру әдісін таңдаңыз: электроодонтометрия

5. 30 жастағы науқас тістің ақауына шағымданды. Бұрын тіс емделмеген.Тексергенде 26-шы тістің шайнау бетінде тісжегі анықталған, кіреуке- дентин аралығын сүңгілеп тексерген кезде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз, суық суға реакциясы жоқ. Әсерлі емдеу әдісі: ажыратқыш төсем, тұрақты пломба

6. 12-ші тістің мойын аумағында вестибулярлы жағынан ақ дақ байқалады. Тіс ұлпасының электроқоздырғышы 2мк Дақ 2% көгілдір ерітіндісімен бояланады. Әсерлі емдеуі: реминиралды терапияны откізу

7. Шағымдары: тісті тазалаған кезде қызыл иектің канауы, қызыл иектің ауыруы, жағымсыз иісі бар. Обьективті: қызыл иек және емізікше гиперемияланған, ісінген, аспап тиген кезде аздап қанайды. Кей бөлек тұрған тістерде пародонтты қалталар тереңдігі 3 мм-ге дейін іріңделген. Тістерде аздаған тастар байқалады. Алғашқы диагнозды тандаңыз: асқынған созылмалы шектелмеген пародонтиттің жеңіл дәрежесі

8. Науқас тіс жұлған ұяшығының ауырсынуына, аузынан жағымсыз иіс шығуына, дене қызуынын көтерілуіне шағымданады. Анамнезда 25-ші тіс 3 күн бұрын жұлынған.Тексеріп қарағанда: тіс ұяшығының аумағында қызыл иектің сілемейлі қабығы ісінген және гиперемияланған.Тіс ұяшығы сұрғылт түсті қақпен, тамақ қалдықтарымен толған. Төменгі жақ сүйектің лимфа туйіндері үлкейген және ауырсынады. Клиникалық көрінісі келесі ауруға сәйкес келеді: альвеолит

9. Қозғалмалы тістерді тұрақтандыруға арналған шиналарға талаптар қандай? сенімді фиксация, қызылиек жиегін тітіркендіру болмауы,ең жақсы косметикалық нәтиже

1. Гингивит ауруын бағалау үшін келесі индекс қолданылады: РМА

2. Жақ-бет аймағының актиномикозында иммунотерапияға арналған препаратты атаныз: актинолизат

3. 44 жастағы науқас дәрігерге металл дәмнің болуына және тіл мен ұрт аймағында күйдіру сезіміне шағымданып келді. Қарау кезінде ауыз қуысы гиперемияланған, ісінген. Ауыз қуысында әр түрлі металлдардан жасалған көпір тәрізді протез анықталды: болат, титан және алтын. Диагноз қойыңыз: гальванизм

4.Науқас 16 жаста, ауыз қуысы шырышты қабатының ауырсынуына және бұдырлығына, тамақ қабылдағанда және сөйлегенде қиындыққа шағымданып келді. Ананмнезінен: кешке қарай науқас бумен ингаляция ем-шарасын жасаған. Объективті: жедел катаральды стоматит анықталды. Ауыз қуысының эпителийі бөліктік немесе толық мацерацияланған, қабаттармен түсуі, көпіршіктердің болуы, кеәбір көпіршіктер жарылған: бумен күйу

5. Ауыз қуысы шырышты қабаттарының қышқылмен күйуі қалай аталады? коагуляциялық

6. Науқас К., 40 жаста, оң жақ сүйегінде түзілістің пайда болуына шағымданады. Объективті: беттің конфигурациясы бұзылмаған, оң жақ-бет сүйегінің вестибулярлы беткейінде 23, 24, 25 тістердің альвеолярлы өсінді деңгейінде саңырауқұлаққа ұқсас ісік тәрізді түзіліс, тығыз-эластикалы консистенциялы, қара-қызыл түсті, пальпацияда ауырсынбайды. 23, 24, 25 тістер таңдай жаққа ығысқан, аздап қозғалмалы. Рентгенограммада-альвеолярлы өсіндінің сүйектік тінінің резорбциясы. Диагноз қойыңыз: 23, 24, 25 тістер маңыныңы гигантжасушалы эпулисі

7. Науқас М., 55 жаста, ауруханаға емдеу мақсатында мына диагнозбен түсті: төменгі еріннің ІІ дәрежелі жалпақ жасушалы мүйізденуші ісігі. Осы науқасты емдеуде тиімді әдісті таңдаңыз: негізгі ошақтың сәулелік емі және ерінге және ісіктің метастаздану жолдарына ота жасау

8.Ауыз қуысының кілегейлі қабатында болатын біріншілік морфологиялық элементтерді атаныз? көпіршік, түйін, төмпешік

9.Ауруханаға жүкті әйел қызылиектің қанағыштығына шағымданып келді. Объективті: қызылиек жиегі мен қызылиек емізікшелері ісінген, өлшемінде үлкейген, тіс сауытынын 1/3 бөлігін жауып жатыр, зондтауда қанайды. Тіс-қызылиектік беку бүтіндігі бұзылмаған. Науқасақ қандай дәріні қолданған жөн? гепарин жақпамайы

1.S-тәріздес үшкірлі қысқыштармен жұлады: жоғарғы жақ сүйегінің бірінші, екінші кіші азу тістерін

2. Тістің қатты атипті орналасуы, оның бөліктік жарып шығуы мүмкін емес жағдай қалай аталады? тіс инклюзиясы

3.Қалыпты немесе қалыпты емес дамыған тіс уақытына сай жарып шығу орны күтілген тіс қатарында жарып шықпаса қалай аталады? тіс ретенциясы

4.Науқас Р., 21 жаста, ауруханаға дене температурасының 37-37,5 С жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне және ұйқысының бұзылуына, ретромолярлы аймақтағы интенсивті ауырсынуға, ауырсынудың құлаққа иррадиациясына, ауызды ашудың шектелуіне, жұтыну кезінде ауырсынуға шағымданып келді. Бет конфигурациясы және тері жамылғылары өзгермеген. Ауыз қуысын қарау кезінде алдын ала жүргізілген анестезиядан кейін (Берше-Дубов, Акиноз-Вазирани бойынша) толық жарып шықпаған тіс көрінуде, ісінген және қызарған шырышты-сүйекүстілік лоскут-капюшонмен жабылған. Пальпациялағанда капюшонның астынан серозды-геморрагиялық экссудат шығады. Диагноз қойыңыз: перикоронарит

5.Қай ауруға тән: жалпы жағдай ауыр айқын интоксикациямен және жоғары температурамен, себепші тістің 2-3 дәрежелі қозғалмалылығы, сүйек тіні ошақтарының секвестрациясы, жақасыт аймағында флегмоналардың дамуы, қана-жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігіннің жақ -тілдік науашасының абсцессі? ретромолярлы кеңістіктің остеомиелиті

6.Жедел перикоронариттің созылмалы перикоронитке ауысуы неге негізделген? капюшонды ашқаннан кейін экссудаттың жеткіліксіз ағуы

7.Көз шұңқырының төменгі қырымен шықшыттыжоқғарғы жақ тігісі аймағында қандай тесік пальпацияланады: инфраорбитальды

8.Аподактильды әдіспен мандибулярлы анестезияны жүргізу кезінде болатын анатомиялық бағытты қөрсетініз: қанаттәрізідіжақ қатпары

1. Иек асты аумағындағы одонтогенді флегмонаның даму себебі келесі аумақтағы қабыну процесінен болады: төменгі жақ сүйектің 4321 тістерінен

2. 32 жастағы науқас төменгі жағының сол бұрышы аймағында тығызданудың болуына шағымданады. Объективті: төменгі жақ бұрыш аймағында қалыңдаған, терісінің түсі өзгермеген, аузын жақсы ашады, 38 тіс жоқ. Шырышты қабаты өзгермеген. Төменгі жақтың сол жағының ретнгенограммасында ағару ошақтары, домалақ пішінді, диаметрі 3,5 см дейін, айқын шекарасымен, ошақ қуысына ретенирленген 38 тістің сауыттық бөлігі қараған. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз: төменгі жақтың фолликулярлы жылауығы

3.Аденофлегмонаға түсініктеме беріңіз: теріасты-майлы клетчатканың жайылмалы іріңді қабынуы

4.38 жастағы науқас сол жоғары жағы аймағындағы ауырлық сезімге, сол жоғары жақ тістернің ауырсынуына, сол мұрын жолының бітелуіне, сол ұртының ауырсыуы мен ісінуіне шағымданып келді. Басы ауру,әлсіздік, қалжырау, дене температурасының 38,0 С жо,ғарлауы байқалады. Объективті: сол ұртының ісінуіне байланысты бет конфигурациясы бұзылған. Гаймор қойнауының алдыңғы қабырғасы ауырсынады. Ауық\з қуысын ашуы толық көлемде. 26 тіс сауыты 1/2 бөлікте бұзылған. 24, 25, 26 тістер перкуссиясы ауырсынулы. Болжамды диагноз қандай болуы мүмкін? жедел одонтогенді гайморит

5.Ауруханаға 3 жастағы бала оң жақ төменгі жақ асты аймағының ауырсынатын ісінуіне шағымданып түсті. Тереісі гиперемияланған, ісінген, кернеулі, қатпарға жиналмайды. Дене температурасы 38,5 С. Тістері интактты. Берілген клиникалық сипат қай ауруға тән? оң төменгіжақасты аймағының аденофлегмонасы

6.Берілген сипаттама қай абсцесске тән: қатты таңдай аймағындағы ең басында қатты сыздап, кейін пульсацияланып ауырсыну, қабынулық инфильтрат шырышты қабатты көтеріп тұр, сәйкес жартысының біраз бөлігін алып жатыр, ошақ үстіндегі шырышыт қабат қабынған және оның айналасы қызарған, шырыштыасты қабаттың болмауына байланысты ісіну аз айқындалады? жоғары жақтың бірінші азу тісінен жедел одонтогенді периоститі

7.Тіс жұлғаннан кейінгі жергілікті туындайтын асқынулар: тіс ұяшығынан қан кетуі

8.Иек асты аумағындағы одонтогенді флегмонаның даму себебі келесі аумақтағы қабыну процесінен болады: төменгі жақ сүйектің 4321 тістерінен

1.62 жастағы науқаста төменгі жақсүйекте жабық сынық. Объективті: сол жағынан төменгі жақсүйектің дене аумағында жүмсақ тіңдерінің ісінуінен беттің ассиметриясы анықталады. Ауыз қуысын тексерген кезде: жоғарғы және төменгі жақсүйекте толық адентия, жойылған 36 тістің денгейінде сілемейлі қабығында гематома байқалады. Ортопанторентгенограммада жойылған 36 тістің аумағында төменгі жақсүйектің денесінде жарық сызығы анықталады. Иммобилизация мақсатымен қолданылады: Порта шендеуішімен

2.Жақ сүйектері сынған кезде тасымалдау иммобилизация үшін стандартты таңғыштармен қолданылады: Померанцева-Урбанской сақпанша таңғышын

3.Иекпен құлағанда төменгі жақ сынуының қай түрі жиі кездеседі? төменгі жақтың буындық өсіндісінің сынығы

4.Бет қаңқасының қай сүйектерінің сынықтары жиі кездеседі? төменгі жақ

5.Емханаға 56 жастағы төменгі жақ аймағындағы ауырсынуыға,ауыз қуысынан қан кетуге, шайнау актінің бұзылуына шағымданып келді. Анамнезінде төменгі жақтың тұрмыстық жарақаты болғаны анықталды. Объективті: жоғары жақтың тіс қатары сақталған, төменгі жақ тіссіз, орталықтық сынық анықталады. Осы науқасға қандай құрылғы жасау керек? Тіс-қызылиекке Ванкевич шинасы

6.46 тісті жұлу кезінде дәрігер төменгі жаққа шамадантыс күш салып жіберді. Пациент сонын салдарынан аузын жабалмайды, төменгі жағы сау жаққа ығысып кеткен. Қандай асқыну пайда болды деп ойлайсыз? төменгі жақтың сынуы

7.Ауруханаға 2 ай бұрын жарақат кезінде 11, 12 тістерінің түсуіне шағымданып науқас келді. Осы науқасқа қандай ем тиімді болып табылады? пластмассадан көпір тәрізді протез

8. Көз шұңқырының төменгі қырымен шықшыттыжоқғарғы жақ тігісі аймағында қандай тесік пальпацияланады: инфраорбитальды

9.Аподактильды әдіспен мандибулярлы анестезияны жүргізу кезінде болатын анатомиялық бағытты қөрсетініз: қанаттәрізідіжақ қатпары

1.Ортопедиялық стоматологияда науқасты қарап тексерудің клиникалық әдістері: анамнезді жинау, ауыз қуысын зерттеу, рентгенография

2.Тістеменің түрін анықтағанда келесі қарым – қатынысқа назар аударылады: тіс қатарларының өзара үш перпендикулярлы бағыттарға

3.Коффин серіппесімен қолданылады: тіс қатарын кеңейту үшін

4.Жарақатқа байланысты жоғарғы ортанғы күрек тістерді жұлғаннан кейін 10 жастағы баланы ортодонтқа жіберді. Жарақаттың ықтимал салдарларды анықтаныз: 12, 22 тістердің сауыттары медиальды жаққа иіліскен, 31, 41 тістер аумағында тіс альвеолалық өсінінің ұзаруы, олардын протрузиясы

5. Науқас адамда жоғарғы жақ сүйекте тек қана 13 және 23 тістер бар. Тіс сауыттары 3/1- ке бұзылған, тістер қозғалмайды. Протездің құрылымын және бекіту әдісін ұсыныңыз: алмалы салмалы пластиналық протез аттачмен құлыптарымен

1.Объктінің көрінісін рентген пленкасында сәулендіру шоғырының тікелей әсер ету арқылы алудың рентгенологиялық зерттеу әдісі қалай аталады? рентгенография

2.«Cerec» жүйесі нені білдіреді? фрезирлеу көмегімен ортопедиялық құрылғыларды жасау

3.Одонтопрепарирлеусіз фиксацияланатын винирлер: люминир

4.Бет рельефі туралы ақпаратты санау және оны цифрлік фарматқа ауыстыру жасалуда оптикалық немесе механикалық цифрді құру (дигитайзерлермен) аталады: үш мөлшерлі CAD/CAM

5.Люминир анықтамасын беріңіз: бұл «голливуд күлкісін» құру мақсатында алдынғы қабырға тістеріне салынатын (0,2-0,3 мм) жіңішке керамикалық платинкалар

6.Винир анықтамасын беріңіз: науқастың табиғи тісінің түсіне толығымен сәйке келетін ортаңғы тістерінің вестибулярлы бетін қалпына келтіретін, алынбайтын протез

7.Винирлерді дайындау үшін қолданылатын материалдар: Керамика;шыны керамика,ситаллдар,композиттер

1.Медициналық қызметкердің борышы, міндеттері және тәртібінің қалыптары туралы ғылым қалай аталады? Медициналық деонтология

2.Гректілінен аударғанда деонтология қандай мағына білдіреді? Deon- тиісті, logos-оқу

3.Профессиональдық міндеттерін орындауда медициналық қызметкерлердің, фельдшерлердің, медициналық бикелердің, кіші медициналық қызметкерлердің қақағидалары мен қалыптарын анықтайтын сала қалай аталады? Медициналық этика

1.Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі: Жылдам және атқылаған қан ағу

2.Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады: Ұйқы артериясында пульстің болмауы

3. Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету:  науқастың аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу

4.Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі: 100-120 мин

5.Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда болады: өкпе ісінуі

6.Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеуді анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы ауырғаны, әлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, шулы тыныс алу, ацетонның иісі: Қандағы қант мөлшерін анықтау

7.Глазго шкаласы бағалауға қолданылады: жабырқаулы ес деңгейін

8.Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады: кең және терең Q тісшесі

10.Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады: өкпе артериясының тромбоэмболиясы


написать администратору сайта