Главная страница
Навигация по странице:

  • ЭЛЕКТР

  • жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды


    Скачать 1.84 Mb.
    НазваниеСтанцияларды
    Анкоржылу жуйелерин жобалау
    Дата21.12.2022
    Размер1.84 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖылу жүйелерін жобалау.docx
    ТипДокументы
    #856728
    страница1 из 25
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

    Коммерциялық


    емес акционерлік қоғам

    Электр станциялары және электр энергетикалық жүйелері кафедрасы


    ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖОБАЛАУ
    5В071800 Электр энергетика мамандығы бойынша студенттер үшін дәріс конспектісі

    Алматы 2018

    ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Е.Қ. Үмбетқұлов, С.Е.Соколов, Е.Г. Михалкова. Электр станцияларды жобалау. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы үшін дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2018. -76 б.

    Бұл дәрістерде электр станцияларды жобалау, негізгі құрылыстары және ғимараттарды жобалау және жайғастыру бойынша жұмыстар мазмұны, тарату құрылғыларының сұлбаларын және құрылымдық сұлбаларын таңдау, қысқа тұйықталу токтарын есептеу және электр қондырғыларды таңдау, электр станциялардың өздік мұқтаждықтары жөнінде негізгі сұрақтары қарастырылған. Олардың барлығы да оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.
    Без.35, кесте2, әдебиет көрсеткіші12атау.

    Пікір беруші: т.ғ.к, ЭЖЭК кафедрасының меңгерушісі Тергемес Қ.Т.

    «Алматы энергетика және байланыс университеті», коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2018 жыл жоспары бойынша басылады.


    © «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2018
    1. ші дәріс. Жобалау мазмұны және даму тарихы



    Дәріс мазмұны: жобалау мазмұны және электрэнергетикадағы жобалау тарихы

    Дәріс мақсаты: жобалаудың негізгі кезеңдерімен және электрэнергетикадағы жобалау тарихымен танысу

      1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар



    Электрлік станцияларды, қосалқы станцияларды, электр тораптарды жобалау дегеніміз өндіруге, тасымалдауға және таратуға арналған әлі пайда болмаған объектінің сипаттамасын жасау процесі. Бұл сипаттау графикалық және мәтіндік түрде жобаның мазмұнын құрайды, яғни жаңа энергетикалық жабдықтар мен қондырғылар құру үшін қажетті құжаттар жиынтығы болып табылады.

    Электрлік станциялар бірыңғай энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) немесе аудандық электрэнергетикалық жүйесінің (АЭЖ) құраушылар болып жобаланады. Бұл электрэнергетикалық жүйелердің жай-күйі мен дамуына тығыс байланысты және жүйелік шешімдер қабылдауға ықтимал. Жобалаудың перспективалық және нақты жобалау кезеңдері бар.

    Бірінші кезеңде техникалық-экономикалық баяндамаларды (ТЭБ) немесе региондардың және тұтастай елдің энергетиканы дамытудың техникалық-экономикалық негіздемелерін қарайды. Энергетикалық жұйенің даму перспективасы қарастырылады және сол немесе басқа типті электр станциялардың құрылысының қажеттілігі мен орындылығы анықталады. Қаралып отырған кезеңдегі алынған нәтижелер кейіннен нақты жобалауға ба- стапқы ақпарат есебінде қызмет етеді.

    Екінші кезеңде нақты жобалау жүзеге асырылады. Ол екі сатысында жұргізіледі. Бірінші саты – осы жоба. Екінші саты - құрылыс, монтаж және іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша жүргізілетін жұмыс құжаттамасы.

    Жобалық құжаттама орналастыру алаң туралы бекітілген шешім, инвестициялардың орындылығын негіздеу, тапсырысшы мен мердігер ұйымдар арасында шарт болған жағдайда орындалады. Жобалауға арналған тапсырма шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    Фрагменттер мен элементтерден тұратын электрлік станция жоғарғы және төменгі деңгейлері бар иерархиялық құрылымды техникалық жүйеге жатады. Элемент– бұл белгілі бір зат: машина, құрылғы, өткізгіш және т.б. Элементтің параметрін таңдау, жобалық операция деп аталатын әректетпен жүзеге асады. Фрагмент деп байланысқан элементтер (мысалы, ТҚ) және параметрлермен мінезделетін элементтер жиынтығы мен олардың арасындағы құрылымдық байланыстарды атайды. Фрагменттің таңдалуы операциялар цикілінен тұратын жобалық процедурамен анықталады. Қосалқыжүйедегеніміз, басқа, қосалқы жүйелермен нашар байланысқан,

    фрагменттерден тұратын жүйенің жекеленген бөлігі (мысалы, өздік мұқтаждың құрылғылары).

    Көптеген фрагменттерге сай жобалау нәтижесінде, көптеген жергілікті жобалық шешімдер табылады, ал олардың жиынтығы, қосалқы жүйенің толық сипаттамасын беретін соңғы шешім болып табылады. Әр жобалық шешім берілген форма бойынша орындалған жобалық құжат ретінде дайындалады. Барлық жобалық құжаттар жиынтығы жобаның өзін құрайды.

      1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


    написать администратору сайта