Главная страница

Апта 8.Стоцизм және гедонизм. Ахметұлы Диас. Стоя философиясы


Скачать 17.18 Kb.
НазваниеСтоя философиясы
Дата31.03.2023
Размер17.18 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАпта 8.Стоцизм және гедонизм. Ахметұлы Диас.docx
ТипДокументы
#1027715

Стоя философиясы

Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардын жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уакыт өмір сүрген. Оны Кене Стоя , Орта Стоя Сонгы Стоя деп үш уакытқа бөледі. Көне жэне Орта Стоя мектебі екілдерінің толық 6ip шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған(космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктілер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сйәкес өмір салтын ұстайды.

Гедонизм

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д.V-Viғғ кең етек алған екі философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

Гедонизм (гр. hedone – көңілділік, рахаттану) – адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын (подпочва) "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм).

Қорытынды

Халқымыздың ұлттық зердесінде сақталған, жадында жатталған інжу-маржандай көркем ойларға толы даналық сөздердің мазмұны негізінен ұлағаттылық пен жаксылыкка жетелейтін кісілік асыл касиеттерді іздестіру және сол негізде тәрбиелеу сияқты құндылыктарға толы. Адамгершілікке тән құнды дүниелерді, идеяларды ұсына отырып, талап-жігер мен ыкылас-ынтаны арттыруда халык даналығы мен дала кемеңгерлері, дара тұлғалардыңаткарған рөлі өте зор болды. Демек, даналық адамгершіліктен жоғары, яғни ақыл мен зейін-зерделілік адамдықтың ең жоғары белгісі. Бұл туралы Бөлтірік ділмар былай толғапты: «Дүниеде азбайтын байлық біреу. Ол - ақыл.


написать администратору сайта