АргайлаРобертсон синдромы жлынны арты канатиктеріні заымында дамиды
Скачать 31.45 Kb.
|
Берілген дәрілердің ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн? * маннитол * ревмоксикам * варфарин * теоникол * лазикс # *!С науқас 70 жаста, келесі шағымдармен түсті: бас ауру, бас айналу, құсу, жүрісінің тұрақсыздығы. Ауру жедел АҚ-ң 180 /100 мм сын.бағ. жоғарылауы фонында дамыды. Объективті: мишықтық атаксия, менингеальді синдромы айқын. Рефлекстері біркелкі жанданған, қол-аяқтың тонусы төмендеген. Ликворы қысыммен шығады, тұнық, түсі «ксантохромды», эритроциттер – 1000 1 мм3-та. Берілгендердің ішінен қайсысын тағайындаған жөн? * антикоагулянттар * коагулянттар * антисеротонинді дәрілік заттар * антигистаминді дәрілік заттар * антиконвульсанттар # *!Гипертониялық аурумен ауыратын К науқас 49 жаста, жұмыстан кейін үйіне оралған соң бас ауру, көп реттік құсу пайда болды. Объективті: кома, қарашықтары кеңейген, қарашықтардың жарыққа реакциясы жоқ. Шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі 2 көлденең саусаққа. Оң жақтық спастикалық гемиплегия мен гемигипестезия анықталады. Қандай терапияны ең бірінші кезекте тағайындаған жөн? * плавикс * преднизалон * солу -медрол * сермион * дицинон # *!С есімді науқаста, оң қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы дамыды. Объективті: АҚ - 185/95 мм. сын. бағ. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан. Оң жақтан тонусы мен рефлекстері жоғары. Оң жақтан гемигипестезия анықталады. Ми қан айналымның қандай тамырлық бассейні зақымданған? * алдыңғы ми артериясы * ортаңғы ми артериясы * вертебро – базилярлы артерия * артқы ми артериясы * ұйқы артериясы # *!30 жасар А науқасқа, келесі диагноз қойылды: субарахноидальді қан құйылу. Аталған клиникалық көріністе қандай препарат ең тиімді? * нимотоп * преднизалон * солу -медрол * милдронат * дицинон # *!20 жасар науқаста АҚ-ң жоғарылау фонында кенеттен құсу, психомоторлы қозу, өзін-өзі ұстауы адекватты емес. Объективті: птоз, оң жақтан қарама-қарсы көз қитарлығы, менингеальді симптомдар және парездер жоқ. Науқасқа қажетті препаратты таңдаңыз? * викасол * гепарин * аспирин * трентал * тромбаАС # *!А науқас 57 жаста НСО-ға келесі шағымдармен жеткізілді: кенеттен таңертең АҚ-ң 190 /110 мм.сын.бағ. жоғарылау фонында бас ауру, оң қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы, сөйлеудің бұзылыстары. Анамнезінде: артериальді гипертензия, миокард инфаркт, жыпылықтаушы аритмия. Объективті: есінде, сұрақтарға жауаб бермейді, менингеальді белгілері жоқ. Оң жақтан мимикалық бұлшықеттер мен тілдің орталық парезі және оң жақтық гемипарез анықталады. ЭКГ – жыпылықтаушы аритмия. Науқасқа қажетті препаратты таңдаңыз? * викасол * вазонат * дицинон * мильгамма * нимотоп # *!А науқас 87 жаста НСО-ға жеткізілді. Ауруы стационарға жатқызылғаннан 1 күн бұрын АҚ – ң 180 /100 мм.сын.бағ. жоғарылау фонында дамыды, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болды, келесі күні жұтудың бұзылыстары қосылды, оң қол-аяқтың ұюы. Объективті: бульбарлы және мишықтық синдром, оң жақтан гемигипестезия. Жалпы емдеу жоспарына қандай препаратты қосқан жөн? * циклоферон * эуфиллин * кавинтон * реланиум * пенициллин # *!А науқас, 64 жаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік дамыды, сол көзі жабылмай қалды. Объективті: АҚ – 200/100 мм. сын. бағ., «лагофтальм, желкен, леп белгісі» симптомдары сол жақтан, спастикалық гемипарез оң жақтан. Ликвор: түссіз, қысымы – 140 мм.су.бағ., цитоз - лимфоциттер 5. Қосымша зерттеу әдістерінің ішінде ең бірінші кезекте өткізу керек? * мойын тамырларының УЗДГ * бас миының МРТ * ЭхоКГ * ЭМГ * ЭЭГ # *!К науқас 60 жаста, АҚ–ң 80/40 мм.сын.бағ төмендеуі фонында бас айналу, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болды. Объективті: шетке қарағанда нистагм. Ромберг қалпындағы тұрақсыздық, саусақ-мұпын және тізе-табан сынамасын жасағанда 2- жақтан атаксия анықталады. 1 сағаттан кейін барлық симптомдар регресске ұшырады. Берілген дәрілік заттардың ішінен ең бірінші кезекте қайсысын тағайындаған жөн? * церебролизин * прозерин * антибиотиктер * циклоферон * эуфиллин # *!П науқас 70 жаста атеросклерозбен ауырады, оң қол-аяқта әлсіздік, ұю сезімі дамыды. Объективті: АҚ-170/90 мм.сын.бағ. Есі анық. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа ығысқан. Оң қол-аяқтың күші 3 баллға дейін төмендеген. Оң жақтан тонусы мен рефлекстері жоғарылаған. Берілгендердің ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн? * антикоагулянттар * коагулянттар * антисеротонинді дәрілік заттар * антигистаминді дәрілік заттар * антиконвульсанттар # *!45 жасар науқаста біртіндеп сол қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы, сөлеудің бұзылыстары дамыды. Объективті: АҚ - 180/100 мм. сын.бағ. Есі анық, сол мұрын – ерін қатпары тегістелген, тілі солға ығысқан, дизартрия. Сол жақтық орталық гемипарез. Қандай терапияны тағайындаған жөн? * нимотоп * преднизалон * солу -медрол * тиоцетам * дицинон # *!60 жасар науқаста таңертең жүрек аймағындағы ауру сезімі, оң қол-аяқта қозғалысының жоғалуы дамыды. Объективті: АҚ – 80/50 мм.сын.бағ. Оң жақ мимикалық бұлшықеттер мен тілдің орталық парезі. Оң жақтан спастикалық гемипарез бен гемигипестезия. ЭКГ- коронарлы қан айналымның бұзылыстары. Аталған дәрілік заттардың ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн? * нимотоп * преднизалон * солу -медрол * милдронат * дицинон # *!Қант диабетімен ауыратын 70 жасар науқаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік, көздегі екі еселену, сол көз алмасының ішке және төменге қозғалысының жоғалуы дамыды. Ликворы – түссіз, қысымы – 180 мм.су. бағ., цитоз-5 лимфоцит. Науқасқа қажетті дәрілік затты таңдаңыз? *нимотоп * преднизалон * солу -медрол * цераксон * дицинон # *!Оң бұғана аймағындағы пышақпен жасалған жарақаттан кейін оң аяқтың спастикалық салдануы дамыды, кіндіктен төмен сол жақтың аналгезиясы мен оң аяқтың буын-бұлшықеттік сезімінің бұзылыстары байқалады. Синдромды атаңыз? Не зақымданған? * Броун-Секар синдромы; жұлынның оң жақ жартысы Т7-Т8 деңгейі * Авеллис синдромы; жұлынның жартысы Т1-Т2 деңгейі * Фовилля синдромы; жұлынның оң жақ жартысы Т2-Т8 деңгейі * алдыңғы мүйіздік синдром; жұлынның алдыңғы мүйізі оң жақтан L3- S1 деңгейі * көлденең синдром; жұлынның жартысы Т7-Т8 деңгейі # *!Оң жақтық лагофтальм, Белл симптомы, осы жақтан бет бұлшықеттерінің жиырылуы анықталмайды (қас, маңдай, ұрт, ерін бұрышы). Бет бұлшықеттерінің салдану сипатын анықтаңыз? Не зақымданғанын көрсетіңіз? * оң жақтық мимикалық бұлшықеттердің перифериялық салдануы; оң бет нерві * оң жақтық мимикалық бұлшықеттердің перифериялық салдануы; сол бет нерві * беттің сол жақ жартысының орталық салдануы; сол бет нерві * беттің сол жақ жартысының орталық салдануы; оң бет нерві * сопақша мида бас миының VII жұп жүйкесінің екі жақтан зақымдануы # *!Оң көз алмасының жоғарыға, төменге, сыртқа қозғалысы жоғалған, көз алмасы ішке бұрылған, жоғарғы қабағы көтерілмейді, оң қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Сол жақтан бұлшықет тонусының жоғарылауымен гемипарез, патологиялық рефлекстер, сіңірлік гиперрефлексия анықталады. Синдромды атаңыз; зақымдану ошағы қайда орналасқан? * альтернирлеуші Вебер синдромы; оң ми аяқшасы * Аргайла-Робертсон синдромы; бағанның парамедиальді артериясы * Мийяр-Гублердің альтернирлеуші синдромы; варолиев көпірі (бет нервісінің ядросы мен оң жақ пирамидалық жолдар) * тотальді офтальмоплегия, ми бағаны * тотальді офтальмоплегия, 2 маңдай иірімінің артқы бөлімдері # *!Науқаста оң жоғарғы жақ пен жоғарғы тістер аймағында айқын ұстама түріндегі «электр тогы» тәрізді ауру сезімі байқалады. Ауру сезімі шайнаумен, жуынумен және жай қолын тигізумен өршиді. Беттің сезімталдығы сақталған. Синдромды атаңыз; не зақымданған? * үшкіл нервтің невралгиялық синдромы; оң үшкіл нерві * оң мимикалық бұлшықеттердің перифериялық салдануы; оң бет нерві * сол жақ бет жартысы бұлшықеттерінің орталық салдануы * сопақша мида VII жұп ми жүйкесі ядросының екі жақтан зақымдануы; оң бет нерві * гассеров түйінінің зақымдануы; үшкіл нерві # *!Шүйде аймағындағы ісікті оперативті алып тасатғаннан кейін, науқаста ұзақ уақытқа заттарды тану қабілеті жоғалды. Мысалы: көзілдірік суретін көрсеткенде, оны велосипед деп айтады: дөңгелек пен дөңгелек, үстінде көпірше. Синдромды атаңыз? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * оптикалық агнозия синдромы; шүйде аймағында * есту агнозиясы; самай аймағында * соматоагнозия; төбе аймағында * есту агнозиясы; есту анализаторының екіншілік қыртыс аймағында * көру галлюцинациялары; шүйде аймағында # *!Науқаста қатты бас ауру, қайталамалы құсу, жарыққа, дыбысқа және тактильді тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы. Шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі 4 көлденең саусаққа, Керниг симптомы 120 градус бұрышымен, төменгі Брудзинский симптомы оң. Синдромды атаңыз? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * амиостатикалық синдром немесе паркинсонизм; ошақ паллидонигральді жүйеде * менингеальді синдром; ми қабықшаларының зақымдануы * түбіршектік синдром; жұлынның артқы мүйізі оң жақтан Тh10-L3 деңгейінде * децерабрационды ригидтілік; ми бағанасы * гипертониялық-гипокинетикалық синдром; экстрапимидті жүйеде # *!Геморрагиялық инсульттегі ликвордың түсін атаңыз? * қызыл * түссіз * жасыл * сары * қоңыр # *!Ишемиялық инсульттегі ликвордың түсін атаңыз? * қызыл * түссіз * жасыл * сары * қоңыр # *!Менингеальді синдром дамиды? * геморрагиялық инсультте * ишемиялық инсультте * миастенияда * шашыранды склерозда * миопатияда # *!Ошақтық симптомдар дамиды? * паренхиматозды қан құйылуда * вентрикулярлы қан құйылуда * субарахноидальді қан құйылуда * менингитте * гипертензионды синдромда # *!61 жас Р науқаста таңертең жүрек аймағындағы ауру сезімі, оң қол-аяқта қозғалысының жоғалуы дамыды. Объективті: АҚ – 80/50 мм.сын.бағ. Оң жақ мимикалық бұлшықеттер мен тілдің орталық парезі. Оң жақтан спастикалық гемипарез бен гемигипестезия. ЭКГ- коронарлы қан айналымның бұзылыстары. Аталған дәрілік заттардың ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн? * нимотоп * преднизалон * милдронат * солу -медрол * дицинон # *!Қандай дәрілік зат субарахноидальді қан құйылуында қолданылады? * гепарин * нимотоп * фраксипарин * тромбоАСC * синкумар # *!Қандай дәрілік зат геморрагиялық инсульттің емінде қолданылады? * фраксипарин * тромбоАСC * дицинон * синкумар * гепарин # *!Науқас М 63 жаста, шағымдары: бас ауру, бас айналу, құсу, жүрісінің тұрақсыздығы. Ауруы жедел АҚ-ң 180/100 мм.сын.бағ. жоғарылау фонында дамыды. Объективті: мишықтық атаксия, менингеальді синдром айқын. Рефлекстері біркелкі жанданған, қол-аяқтың тонусы төмендеген. Ликворы қысыммен шығады, тұнық, түсі «ксантохромды», эритроциттер - 1000 1 мм3. Берілгендердің ішінен тағайындаған жөн? * антикоагулянттар * антисеротонді дәрілік заттар * коагулянттар * антигистаминді дәрілік заттар * антиконвульсанттар # *!Ф науқас 74 жаста атеросклерозбен ауырады. Оң қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы дамыды.Қарап тексергеде : АҚ – 170/90 мм.сын.бағ. Есі анық. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан. Оң қол-аяқтың күші 3 баллға дейін төмендеген. Тонус пен рефлекстері оң жақтан жоғары. Берілгендердің ішінен тағайындаған жөн? * коагулянттар * антисеротонинді дәрілік заттар * антигистаминді дәрілік заттар * антикоагулянттар * антиконвульсанттар # *!Науқас жабық көзбен оң қолымен заттарды ұстағанда танымайды, бірақ оның қасиеттерін сипаттай алады. Сезімталдықтың қарапайым түрлері бұзылмаған. Симптом қалай аталады, патологиялық ошақ қайда орналасқан? * апраксия, бұрышты иірімде * анакузия, оң жарты шардың самай бөлігінде * астереогноз; оң жарты шардың жоғарғы төбе бөлігінде * агнозия, оң жарты шардың самай бөлігінде * афазия, оң жарты шардың самай бөлігінде # *!Науқас білезік пен табан аймағының сезімталдығының төмендеуі мен ауру сезіміне шағымданады. Сезімталдықтың барлық түріне «шұлғау мен шұлық» түріндегі гипестезия анықталады. Сезімталдық бұзылысының типін атаңыз, не зақымданған? * полиневритикалық, қол-аяқтың перифириялық нервтері * плексалгиялық, перифериялық нервтер * таламиялық, көру төмпешігі * невритикалық тип, қол-аяқтың перифириялық нервтері * невритикалық тип, аяқтың перифириялық нервтері # *!Науқаста жүрісінің тұрақсыздығы, скандирленген сөйлеу, горизонтальді нистагм, барлық қол-аяқтың бұлшықеттің тонусы төмендеген, саусақ-мұрын және тізе-табан сынамасын жасағанда интенционды діріл байқалады. Синдром қалай аталады? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * маңдай атаксиясы, маңдай бөлігінде * хореялық гиперкинез, қыртыс асты ганглийлерінде * мишықтық атаксия, мишықтың екі жарты шарында * сенситивті атаксия, жұлынның артқы мүйізі оң жақтан Тh10-L3 деңгейінде * агнозия, оң жарты шардың жоғарғы төбе аймағында # *!Науқас жүргенде оңға теңселеді, ас ішкенде оң қолы дірілдейді, жазуы өзгерді. Қарағанда: оң қол-аяқта бұлшықет тонусы төмендеген, адиадохокинез бен оң білезіктің гиперметриясы, саусақ-мұрын және тізе-табан сынамасын жасағанда интенционды діріл байқалады. Синдром қалай аталады? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * сол жақтық мишықтық атаксия, ми бағанасында * оң жақтық мишықтық атаксия, мишықтық оң жарты шарында * маңдай атаксиясы, маңдай бөлігі * мишықтық, мишықтың сол жарты шарында * аралас, мишықтық оң жарты шарында # *!Науқас жүргенде өте жоғары аяғын көтередіп жүреді, және өзгерген күшпен төмен түсіреді. Көзін жұмғанда жүрісінің бұзылыстары айқындала түседі. Жүрісті атаңыз, қандай синдромға тән? Қандай жүйке орталығы зақымданғанда пайда болады? * «штамптаушы» жүріс, типті сенситивті атаксияға, жұлынның артқы канатиктері, перифериялық нервтер, медиальді ілмек, таламус зақымданғанда * аяғын сүйретіп жүру, жұлынның алдыңғы канатиктері, перифериялық нервтер, медиальді ілмек, таламус зақымданғанда * степпаж, жұлынның артқы мүйізі оң жақтан Тh10-L3 деңгейінде * степпаж , қол-аяқтың перифериялық нервтері * «үйректік» жүріс, бұлшықетте # *!Науқас басын бұрғанда «құлау» сезімі, лоқсу, құсу, тахикардия, бозару, тершеңдік, горизонтальді нистагм және жүрісінің тұрақсыздығы пайда болады. Синдром қалай аталады? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * мишықтық атаксия, мишық * вестибулярлы атаксия, вестибулярлы лабиринт * қыртысты атаксия, маңдай бөлігі * аралас, маңдай бөлігі, мишық, артқы бағандар * сенситивті атаксия, артқы бағандар # *!Науқаста дисфагия, дисфония, дизартрия, тілдің атрофиясы жоқ бірақ тілдің қозғалысы шектелген. Жұту рефлексі күшейген. Оральді автоматизм мен «куштеп жылау» симптомдары анықталады. Синдром қалай аталады? Зақымдану ошағы қайда орналасқан? * бульбарлы паралич; сопақша мида * псевдобульбарлы паралич, IX-X-XII жұп нервтерінің қыртыс-ядролық пирамидалық жолдардың екі жақты зақымдануы * акинетико-ригидті синдром, экстрапирамидті жүйе * мимикалық бұлшықеттердің салдануы, ми бағанасаныда VII жұп нерв ядросының екі жақты зақымдануы * мимикалық бұлшықеттердің орталық салдануы, ми қыртысында # *!Альтернирлеуші синдром Вебердің сипаттамасы қандай? *зақымдану ошағында тілдің перифириялық салдануы, контралатералді гемипарез *зақымдану ошағында III жұп жүйкенің зақымы, контралатералді гемипарез *көз қозғалтқыш жүйкесінің перифириялық салдануы *зақымдану ошағында VI жұп жүйкенің зақымы, контралатералді гемипарез *зақымдану ошағында IV жұп жүйкенің зақымы, контралатералді гемипарез # *!Мийяр-Гублер синдромы немен сипатталады? *зақымдану ошағында VII жұп жүйкенің перифириялық салдануы, контралатералді гемипарез *зақымдану ошағында мимикалық бұлшықеттің спазмы, қарама-қарсы жақта гемипарез немесе гемиплегия *зақымдану ошағында IX, X, XI, XII жұп жүйкенің зақымдану симптомдары *зақымдану ошағында VI жұп жүйкенің зақымы, контралатералді гемипарез *зақымдану ошағында IV жұп жүйкенің зақымы, контралатералді гемипарез # *!Клод синдромы немен сипатталады? *зақымдану ошағында – тілдің перифириялық салдануы *гемиплегия *зақымдану ошағында көз қозғалтқыш жүйкесінің перифириялық салдануы *зақымдану ошағында - IX, X, XI, XII жұп жүйкенің зақымдану симптомдары *контралатералді – экстрапирамидті гиперкинез және гемипарез # *!Джексон альтернирлеуші синдромы немен сипатталады? *зақымдану ошағында тіл бұлшықеттерінің перифириялық салдануы, контралатералді гемипарез *зақымдану ошағында IX, X жұп жүйкенің зақымдану симптомдары, контралатералді – орталық гемиплегия *зақымдану ошағында мимикалық бұлшықеттің перифириялық салдануы *орталық гемиплегия *орталық моноплегия |