Главная страница

Ситковский


Скачать 59.8 Kb.
Название Ситковский
Дата21.12.2022
Размер59.8 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла63a2883d58dbd.docx
ТипДокументы
#856537

#1


*! Ауру сезімінің асқазан аймағында пайда болып, бірнеше сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ығысуы қандай симптом деп аталады?

* Кохер;

* Ровзинг;

* Ситковский

* Воскресенский;

* Бартомье-Михельсон
#2

*! Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасты қарау барысында оң жақ бел аймағында оң бүйірлі каналда ауру сезімі бар екендігін анықтады. Құрт тәрізді өсінді қалай орналасқан жағдайда осы ауру тән болып табылады?

* Құрт тәрізді өсінді жамбастық бөлікте орналасқан жағдайда;

* Құрт тәрізді өсіндінің типтік орналасуы жағдайында;

* Құрт тәрізді өсіндінің медиальды орналасуы жағдайында;

* Құр тәрізді өсіндінің бауыр астында орналасқаны жағдайында;

* Құр тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуы жағдайында;
#3


*! Төменде көрсетәлгеннің қайсысы жедел аппендицит кезінде «Жейде» симптомына сәйкес?

* Кохер симптомы

* Ровзинг симптомы

* Раздольский симптомы

* Воскресенский симптомы

* Щеткин-Блюмберг симптомы

#4


*! Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы қабыну ошағының үстінен перкуссия жасағанда ауру сезімі пайда болады?

* Щеткин-Блюмберг

* Воскресенский

* Раздольский

* Кохер

* Ровзинг
#5


*! Төменде аталғандардың қайсысы қабыну үрдісінің париетальды ішпердеге жайылғандығы жөнінде мәлімет береді?

* Температураның жоғарылауы;

* Жергілікті ауру сезімінің болуы;

* Аурудың ұзақ уақытқа созылуы;

* Қандағы лейкоцитоздың жоғарылауы;

* Бұлшық ет кернелуінің пайда болуы
#6

*! 34 жасар науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды.


Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

* Сан жарығы

* Тік шап жарығы

* Бүйір жарығы

* Спигельді сызығының жарығы

* Туа біткен шап жарығы
#7

*!26 жасар ер адамда қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды.


Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

* Сан жарығы

* Қиғаш шап жарығы

* Тік шап жарығы

* Спигельді сызығының жарығы

* + Туа біткен шап жарығы
#8


*! Жедел аппендицит кезінде ең жиі немен ажырату диагностикасын жүргізу керек?

* Бүйректік шаншу

* Плевропневмония

* Миокард инфаркты

* Геморрагиялық васкулит

* Тағамдық токсикоинфекция
#9


*! Төменде көрсетілгеннің асқынудың қайсысы жедел аппендицит кезінде анағұрлым қауіпсіз?

* Құрсақішілік қан кету

* Аппендикулярлы инфильтрат

* Периаппендикулярлы абсцесс

* Жайылмалы перитонит

* Пилефлебит
#10

*! Қабылдау бөліміне хирургқа 25 жасар ер адам жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды.Қарап тексергенде дәрігер бауыр тұйықтығының жоғалуын анықтады.


Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы симптомға сәйкес?

* Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының

* Құрсақ қуысында сұйықтықтың

* Ішектің айқынауаға толуының

* Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының

* Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының
#11

*! Төмендегілердің қайсысының жедел аппендицит пен 12-елі ішектің перфоративті ойық жарасының ажырату диагностикасында анағұрлым маңыздылығы аз?

* Бауыр тұйықтығының болмауы

* Щеткин-Блюмберг симптомының анықталуы

* Анамнезінде гастрит пен ойық жараның болуы

* Асқазан аймағында ауру сезімінің пайда болу сипаты

* Диафрагманың оң жақ күмбезінің астында ауаны анықтау
#12


*! Төмендегілердің қайсысын жергілікті жансыздандырумен аппендэктомия жағдайында жасауға болады?

* 10 жасқа дейінгі балаларда

* Семіздігі бар науқастарда

* Перитонитпен асқынғанда

* Асқынбаған аппендицит кезінде

* Эмоциональді-лабильді науқастарда
#13


*! Төменде көрсетілген ота тіліктердің қайсысы асқынбаған жедел аппендицитте қолданылады?

* Леннандер бойынша параректальді

* Орта-ортаңғы лапаротомия

* Мак- Берней нүктесі бойынша қиғаш

* Төменгі ортаңғы лапаротомия

* Жоғарғы ортаңғы лапаротомия
#14


*! Аппендэктомияның қай кезеңі барлық науқастарда міндетті емес болып табылады?

* Операция тілігін таңдау

* Құрсақ қуысының санациясы

* Құрсақ қуысын дренаждау

* Құрттәрізді өсіндінің мобилизациясы

* Құрттәрізді өсіндінің тұқылын өндеу

#15


*! Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің операцияға дейінгі асқынуына жатады?

* Жедел пилефлебит

* Жараның іріңдеуі

* Периаппендикулярлы абсцесс

* Құрсақ қуысынан қан кету

* Жабыспалы ішек өтімсіздігі
#16


*! Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің асқынуына жатпайды?

* Құрсақ арты флегмона

* Қақпа венасының тромбофлебиті

* Аппендикулярлы инфильтрат

* Меккель дивертикулының қабынуы

* Тікішек-жатыр кеңістігінің абсцессі

#17


*! Аппендикулярлы инфильтрат әдетте қай уақытта қалыптасады?

* 1-2 тәулік

* 2-3 тәулік

* 3-5 тәулік

* 7-9 тәулік

* 1#-12 тәулік
#18

*! Жедел аппендициттің деструктивті түрі себебінен болған типті аппендэктомиядан кейін Дугласов кеңістігінің абсцессінің дамуының негізгі себебі?

* Дәкелік тампонның қойылмауы

* Антибиотикотерапияның болмауы

* Құрсақ қабырғасын толық тігіп тастау

* Антибиотиктерді аз мөлшерде тағайындау

* Құрсақ қуысының санациясын жүргізбеу
#19


*! Қандай жағдайда аппендэктомия жасалмай, тек дренаждау жасап операцияны бітіреді?

* Абдоминальді сепсис кезінде

* Жайылмалы перитонит кезінде

* Науқастың жағдайы аса ауыр болғанда

* Тығыз аппендикулярлы инфильтрат кезінде

* Диссеминирленген тамырішілік қан ұю кезінде
#20

*! Төменде көрсетілген смптомдардың қайсысы оң жақтан бұғана үстінде төс-бұғана бұлшектінің аяқшаларының арасын басқанда аурусынудың пайда болуының себебі?

* Мюсси

* Мерфи

* Ровзинг

* Курвуазье

* Воскресенский
#21


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел холециститтің консервативті терапиясының кешенді еміне кірмейді?

* Антибиотиктерді тағайындау

* Спазмолитиктерді тағайындау

* Бауырдың жұмыр байламының блокадасы

* Оң жақ қабырға асты аймағына суық басу

* Оң жақ қабырға асты аймағына жылу басу
#22


*! Постхолецистэктомиялық синдромның қай себебі бірінші болған оперативті емнің ақауымен байланысты болады?

* Түбінен жасалған холецистэктомия

* Шағын тілікпен жасалған холецистэктомия

* Жалпы өт өзегінде резидуальді тас

* Өт кабының өзегін кетгутпен байлау

* Өт кабының өзегін капронмен тігу
#23


*! Қысылған жарық өздігінен қайта жазылса, хирург тактикасы қандай болуы тиіс?

* Лапароцентез жасау

* Тазалағыш клизма жасау

* Науқасты емханаға жіберу

* Стационар жағадйында науқасты бақылау

* Лапаротомия, құрсақ қуысының қарап тексеру
#24


*! Егде және қарт жастағы адамдарда біріншілік гангренозды холециститтің дамуы немен байланысты?

* Қосалқы созылмалы гепатитпен

* Қақпа жүйесінде жоғарғы қысыммен

* Өт қабының қанайналымының бұзылуымен

* Гепатикохоледохтың терминальді бөлігінің бөгеті

* Қақпа жүйесінде лимфа айналымының бұзылуымен
#25


*! Төменде көрсетілгеннің жағдайдың қайсысы эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография көрсетілмеген?

* Себебі белгісіз сарғаю кезінде

* Паренхиматозды сарғаю кезінде

* Бауырдан тыс өзектердің кеңеюі кезінде

* УДЗ нәтижелері бойынша холедохолитиазға күмәнданғанда

* Бауырдан тыс және бауыр ішілік өзектердің кеңеюі кезінде
#26


*! Төменде көрсетілген оталардың қайсысы 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы кезінде ең жиі қолданылады?

* Асқазанның 2/3 резекциясы

* Тесілген ойық жараны тігу

* Бағаналы ваготомия және тігу

* Ойық жараны кесіп алу және тігу

* Бағаналы ваготомия және пилоропластика
#27


*! Панкреонекроз кезінде полиорганды жетіспеушілік дамуы мен жүйелі гемодинамиканың бұзылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Калликреин-кинин жүйесінің және цитокиндердің белсенденуі

* Протеолиттік ферменттер белсенденуі

* Липолиттік ферменттердің белсенденуі

* Ішкі секреция бездерінің қызметінің белсенденуі

* Үдемелі эндогенді интоксикация

#28

*! 28 жасар ер адам жуықта хирургияның қабылдау бөліміне іштің ауру сезіміне шағымданып келгенде үйіне қайтарылған.18 сағаттан кейін тесілген ойық жара, перитонит клиникасымен қайта түсті. Дәрігер ойық жарақатты тұжырымдап, бос газы бар, құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады.


Перфоративті жараның қандай түрінде диагностикада қателіктер неден туындайды?

* Бос құрсақ қуысына перфорациясы

* Аузы жабылған және шарбы қалтасына тесілгенде

* Перфорацияның қан кетумен қосарланғанда

* Перфорацияның қалтқы стенозбен қосарланғанда

* Ойық жара перфорациясы мен малигнизациясы қосарланғанда
#29


*! Тесілген ойық жаралар ең жиі қай жерде орналасады?

* 12 елі ішектің артқы қабырғасы

* 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасы

* Асқазанның кіші иіні

* Асқазанның үлкен иіні

* Асқазанның түбі

#30


*! Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрінде төмендегілердің қайсысы бірінші дамиды?

* Ішектің сіңіріп алу қызметінің бұзылуы

* Ішек қабырғасының қанайналымының бұзылуы

* Ішек қабырғасының лимфа ағысының бұзылуы

* Ішектің эвакуаторлы қызметінің бұзылуы

* Ішек қабырғасының нервтенуінің бұзылуы
#31

*! Патофизиологиялық өзгерістер ішек өтімсіздігінің клиникалық симптомдарын: шөлдеу, терінің құрғауы, АҚ түсуі, олигоурияны шақырады.


Осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Ішекте механикалық кедергі

* Ішектің динамикалық бұзылыстары

* Дамыған гиповолемия және дегидратация

* Ішек қанайналымы мен нервтенуінің бұзылуы

* Ішек реабсорбциясының бұзылуы
#32

*! 43 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздікке, бас айналуға, кофе тұнбасы тәрізді құсуға шағымданып жеткізілді. Ауырғанына 1 тәулік болған.


Қан кету фактісін орнату үшін қандай зерттеу түрі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

* Жалпы қан анализі

* Асқазанды зондтау

* Коагулограмманы зерттеу

* Альговершок индексін анықтау

* Тік ішекті саусақпен зерттеу

#33


*! Төменде аталған әдістердің қайсысы науқаста шат жарығының қысылуына күмәнданғандыған диагностикалау үшін қолданбайды?

* Барий әкпен ішекті рентгенографиялау;

* Іш пердені шолулық рентгенографиялау;

* Жөтел түрткісін анықтау;

* Іш қуысының мүшелеріне УДЗ жасау;

* Диагностикалық лапароскопия;
#34


*! Шап жарығы кезінде қандай мүше ең жиі қысылады?

* Шарбы

* Жіңішке ішек

* Шәует өзегі

* Қуық

* Жуан ішек
#35


*! Төмендегілердің қайсысы қысылған жарық кезінде ішек қабырғасының өмірге қабілеттілігін көрсетпейді?

* Белсенді перистальтика

* Ишемиялық ошақтардың болмауы

* Ішек қуысында сұйықтықтың жиналуы

* Шажырқай тамырларының пульсациясы

* Сірлі қабаттың жылтыр түсі
#36


*! Төмендегілердің қайсысы жедел деструктивті панкреатит кезінде шок пен коллапсты шақыруы мүмкін?

* Холедохтың дистальді бөлігінің қысылуымен

* Билиарлы гипертензия

* Ферментті токсемия

* Ұйқы безінің ісінуі

* Ауру реациясы

#37

*! Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел панкреатит кезінде сол қабырға-омыртқа бұрышының пальпациясы кезінде ауру сезімін туғызады?

* Мондор

* Грей-Тернер

* Грюнвальд

* Мейо-Робсон

* Воскресенский
#38


*! Жедел панкреатит кезінде бетте цианоз дақтарының пайда болуы қандай симптом болып табылады?

* Керте

* Мондор

* Грей-Тернер

* Мейо-Робсон

* Воскресенский

#39


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы панкреатиттің ісінген түріне не тән?

* Перитониттің дамуы

* Іштегі қатты ауру сезімі

* Дене температурасының айқын жоғарлауы

* Парапанкреатикалық инфильтраттың түзілуі

* Көздің шырышты қабаты мен терінің сарғаюы
#40


*! Жедел панкреатит дамуында басты рольді не алады?

* Микробты агрессия

* Аутоферментті агрессия

* Веналық ағыстың бұзылуы

* Плазмоцитарлы инфильтрация

* Микроциркуляторлы бұзылыстар
#41


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы майлы панкреонекроз ненің нәтижесінде дамиды?

* Каллеккреин-кинин жүйесінің белсенденуі

* Протеолиттік ферменттердің бесенденуі

* Липолиттік ферменттердің бесенденуі

* Гликолиттік ферменттердің бесенденуі

* Цитокиндердің белсенденіп

#42


*! Жедел панкреатит кезінде компьютерлі томография мүмкіндік бермейді?

* Аурудың түрін анықтау және көршілес құрылымдардың патологиясы

* Динамикалық бақылау жүргізу

* Үрдістің орны мен таралуын анықтау

* Ұйқы безінің зақымдануын диагностикалау

* Ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігін анықтау
#43


*! Қандай байламды кесу ұйқы безін қарау үшін, сондай-ақ дренирлеу үшін ең ыңғайлы бару жолын қамтамасыз етеді?

* Асқазан-диафрагмалық

* Асқазан-көкбауырлық

* Асқазан-тоқ ішектік

* Бауыр-асқазандық

* Бауыр-бүйректік

#44


*! Жедел панкреатит кезінде антибактериальді терапияны қандай мақсатпен қолданады?

* Ұйқы безінің секреторлы белсенділігін басу

* Іріңді-септикалық асқынулардың алдын-алу

* Панкреатогенді токсемия синдромын емдеу

* Иммунокоррегиялық терапия

* Ферментке қарсы терапия
#45


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит кезінде шұғыл оперативті ем көрсетілген?

* Геморрагиялық панкреонекроз;

* Ісінген панкреатит кезінде

* Дамыған перитонит

* Парапанкреатикалық инфильтрат кезінде

* Ұйқы безінің жалған торсылдағы кезінде
#46


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы ойық жара перфорациясы кезінде ауру сезіміне тән?

* Пышақ сұққандай ауру сезімі

* Толғақ тәрізді ауру сезімі

* Белдемелі ауру сезімі

* Тұйық сыздаған ауру сезімі

* Арқаға берілетін ауру сезімі
#47


*! Асқазанның стресстік ойық жарасы жиі немен көрінеді?

* Малигнизациямен

* Перфорациямен

* Қан кетумен

* Пенетрациямен

* Стенозбен
#48

*! Дәрігер науқасты тексерген кезде сол жақ бүйірге жатқызған кезде оң жақ мықын бөлігінде ауру сезімі бар екендігін анықтады. Төменде аталғандардың қайсысы көрінісі осы белгіге тән болып табылады?

* Ровзинг;

* Ситковский;

* Раздольский;

* Воскресенский;

* Бартомье-Михельсон;
#49


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы Меллори-Вейс синдромы тән?

* Эрозивті гастрит

* Эрозивті-ойық жаралы эзофагит

* Асқазан мен өңештің шырышты қабатының сызаттары

* Кардиалды жомның толықтай жабылмауы

* Асқазан мен өңеш веналарының варикозды кеңеюі
#50


*! Қандай ауру кезінде көп реттік құсу жиі гастродуоденальді қан кетуге алып келеді?

* Меллори-Вейс синдромы

* Золлингер- Эллисон синдромы

* Жедел панкреатит

* Асқазан қалтқысының стенозы

* Жедел гастроэнтерит

#51

*! 23 жасар ер адам, хирургиялық бөліміне оң жақ шатының кенеттен ауырғандығына шағымданып түсті. Осыған қоса науқаста жүрегінің айнуы, құсу, жоғарғы температура болған. Ауырғандығына 18 сағат болған. Дәрігер қарау барасында іштің кепкендігін, шат аймағында басқан кезде ауру сезімі бар, жайылған ісік, қызарған, жері айқындалды. Осы жағдайда төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
* Ішектің жедел тарылуы;

* Оң жақ бөлігінде іріңдеген шат лимфадениті;

* Оң жақ бөлігінде жедел іріңді паранефрит;

* Оң жақта іріңдеген жедел эпидидимит;

* Қысылған шап жарығы және флегмонасы;
#52


*! Төмендегілердің қайсысы странгуляциялық ішек өтімсіздігінің себебіне жатады?

* Түйін түзілу

* Нәжістік қысылу

* Ішкі қысылу

* Рихтерлік қысылу

* Жедел өңеш дилатациясы
#53


*! Ішек өтімсіздігінің қай түрінде шажырқай қан тамырларындағы қанайналым бұзылмайды?

* Ішектің бұралуы

* Түйін түзілу

* Инвагинация

* Обтурация

* Жабысқақтық өтімсіздік

#54


*! Ішек өтімсіздігінің қай түрінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады?

* Бұралу

* Жабысқақты

* + Инвагинация

* Спастикалық

* Обтурациялық
#55


*! Странгуляциялық ішек өтімсіздігіне күмән туған науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілмеген?

* Ішек бойынша барий пассажы

* Шолу рентгенографиясы

* Құрсақ қуысының УДЗ

* Рентгеноскопия

* Диагностикалық лапароскопия

#56

*! 48 жасар әйеладам қысылған шат жарығы бар науқасты оталау кезінде хирург жарық мүшегін ашқан уақытта шажырқайға қарсы шеті бойынша аш ішектің азғантай ғана бөлігінің қысылғандығын анықтады.


Хирург осы жағдайда қысылудың қандай түрімен соқтығысты?
* Сырғанаған қысылу;

* Ішектің іш жағынан қысылуы;

* Ішектің шажырқай бөлігінің қысылуы;

* Ішектің Рихтерлік қысылуы;

* Меккелев дивертикулының қысылуы;
#57

*! Дәрігер жедел аппендицитке күдіктенген науқастың ішін сипап тұрып, қолыңды дереу тартып қалғанда, іштің алдынғы бетінде ауру сезімнің күшеюі болды. Дәрігер науқаста қандай симптом анықталды?

* Розвинг

* Ситковский

* Воскресенский

* Щеткин-Блюнберг

* Раздолский

#58


*! Инфицирленген панкреатит кезінде қандай операция кезінде қандай жол анағұрлым тиімді?

* Асқазан-диафрагмальді байламды кесіп бару

* Асқазан-көкбауырлық байламды кесіп бару

* Бауыр-асқазандық байламды кесіп бару

* Асқазан-тоқ ішектік байламды кесіп бару

* Бауыр-бүйректі байламды кесіп бару
#59


*! Блейкмор-Санстегкен зондын қоюға көрсеткіш не болады?

* Қанмен тоқтаусыз құсу

* Асқазан жарасынан қан кету

* Асқазан жедел эрозияларынан қан кету

* 12-елі ішектің шырышты қабатының жыртылуы

* Өңештің варикозды тамырларынан қан кету
#60

*! Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуі бар науқастарда портальды қысымды төмендету үшін төмендегілердің қайсысы анағұрлым орынды?
* Викасолды қолдану

* Гептралды қолдану

* Пропранололды қолдану

* Окситоцинді қолдану

* Октреотидті қолдану

#61


*! Қысылған сан жарығында төменде көрсетілген операцияларлың қайсысы анағұрлым орынды?
* Мейо операциясы

* Сапежко операциясы

* Греков операциясы

* Руджи-Парлавеччио операциясы

* Жирара-Спасокукоцкого операциясы
#62


*! Төмендегілердің қайсысы шажырқай тамырлары эмболиясының себебі болуы мүмкін?
* Қант диабеті, ауыр ағымы

* Жедел энтеровирусты инфекция

* Созылмалы алкогольді кардиомиопатия

* Абсцесстеушіекі жақты пневмония

* Сүйелді ревматикалық эндокардит
#63

*! Науқастың жалпы жағдайы, іштегі айқын ауру сезімі және перитонеальді симптомдардың болмауы арасындағы сәйкессіздік қандай патологияға тән?
* Жедел миокардинфарктының абдоминальді түріне

* Асқазанның ойық жарасының тесілуінің атипті түріне

* Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозына

* Аортаның қабатталған аневризмасына

* Сигма тәрізді ішектің бұралуына
#64


*! Төмендегілердің қайсысы құрт тәрізді өсіндінің бауыр асты орналасуына анағұрлым тән емес?
* Жұрек айну және

* Оң қабырға астында тұрақты ауру сезімі

* Оң жауырынға ауру сезімінің берілуі

* Дене температурасының көтерілуі

* Оң қабырға астында бұлшықеттердің қатаюы
#65


*! Төмендегілердің қайсысы жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдерде жедел аппендицит кезінде тән?
* Донелли

* Михельсон

* Ситковский

* Воскресенский

* Щеткин-Блюмберг

#66

*! 24 жасар ер адамда қысылған шап жарығына ота жасалған кезде хирург, жарық қапшығының қынап қабықшасында орналасқанын қиыцндықтарын байқады. Жарық қапшығы шап байламынан төмен орналасқан.


Төменде көрсетілгеннің қайсысы операциялық тапқышқа осы жағдайға сәйкес?
* Сан жарығы;

* Сырғымалы жарығы;

* Қиғаш шап жарығы;

* Тік шап жарығы;

* Спигелді сызық жарығы;

#67

*! 15 жасар жасөспірім жедел аппендицит клиникасымен операцияға алынды. Құрттәрізді өсіндінің тұқылын өндеудің анағұрлым тиімді әдісі қандай?
* Негізін жібек жіппен байлау және кисет тігісіне енгізу;

* Байланбаған тұқылды кисет тігісіне енгізу;

* Негізін кетгутпен байлау және кисет тігісіне енгізу;

* Өсінді негізін жібек жіппен байлап енгізбей қалтыру

* Өсінді негізін кетгутпен байлап енгізбей қалтыру
#68

*! Жедел аппендициті бар жүкті әйелді емдеу тактикасын таңдағанда Төменде аталған ағдайдың қайсысы анағұрлым қиындататын факторға жатады?
* Жүктілікті үзу қаупі жоқ жедел аппендицит;

*Алдыңғы операциядан кейінгі жатырдағы тыртық;

* Босанғаннан кейінгі жедел аппендицит;

* Жедел аппендицит босану периоды;

* Жүктіліктің бірінші триместрі
#69


*! Жедел гастродуоденальді қан кетудің шарықтау кезеңінде науқастарда ауру сезімінің азаюы қалай аталады?
* Бергман симптомы;

* Ровзинг симптомы;

* Ортнер симптомы;

* Керте симптомы;

* Мюсси симптомы

#70

*! Науқасты зерттеп тексергенде Грегерсен сынамасы тағайындалды.


Бұл зерттеу әдісі қандай мақсатпен тағайындалды?
* Нәжістегі жасырын қанды анықтау;

* Иммунодефицитті жағдайды анықтау;

* Зәрде атипті клеткалардың барын анықтау;

* Қан кету кезінде сұйықтық жеткіліксіздігін анықтау;

* Қан кету кезінде қышқыл-сілті тепе-теңдігін анықтау
#71

*! 43 жасар науқас К. хирургиялық бөлімшеде «Жедел панкреатит» диагнозымен консервативті ем қабылдаған. Аурудың 18-күнінде жоғары температура, қалтырау, 1 мин 100 ретке дейінгі тахикардия, лейкоцитоз 20,0х109, формуланың солға ығысуымен, эпигастрий аймағында инфильтрат пайда болды.


Осы науқаста төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?
* Холангит

* Жедел холецистит

* Құрсақ арты флегмона

* Шарбымай қалтасының абсцессі

* Ұйқы без торсылдағы
#72

*! Жоғарғы дәлелдеу негізі бар детоксикацияның қай әдісі ауыр панкреонекоз фонында жайылған іріңді перитониті бар науқасқа көрсетілген?
* Перитониальді диализ;

* Форсирленген диурез;

* Спленосорбция;

* Плазмаферез;

* Гемосорбция

#73

*! Операциядан кейін науқасқа жедел геморрагиялық панкреонекроз диагнозы қойылды. Операция үстіндегі қандай белгілер бұны дәлелдейді?
* Шарбымай қалтасында іріңді экссудаттың болуы;

* Париетальді ішастардың жасылға боялуы;

* Ұйқы безінің қою қара түсі мен ісінуі;

* Көлденең тоқ ішек шажырқайының ісінуі;

* Серозды сүйықтық және бздегі стеатонекроздар
#74


*! Төмендегілердің қайсысы өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету кезінде портальді қысымды төмендету үшін қолданылады?
* Этоксисклерол;

* Фамотидин;

* Сандостатин;

* Пантопрозол;

* Варикоцид;

#75

*! 53 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне, аз уақытқа ес-түсін жоғалтуына, суық терге, бір реттік құсуға шағымданып жатқызылды. Анамнезінен:10 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауырады. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, пульс 100 соғу минутына, АҚ 100/70 мм рт.ст.Операцияға алынды. Операция кезінде алдыңғы қабырғада ойық жара диаметрі 2,0 см, 0,3 см перфоративті тесігі бар. Буылтықтың айқын тыртықты деформациясы, қабыну сипатындағы стеноз белгілері, сондай-ақ артқы қабырғасында 1,5 см дейінгі ойық жара бар. Жіңішке ішектің ішінде қан.


Осы науқаста ауру ағымының ерекшелігі қандай?
* 12 елі ішектің гигантты ойық жарасы

* Ойық жарақатының перфарациясы қанкетумен байланысты

* Ойық жарақатының перфарациясы стенозбен байланысты

* 12 елі ішектің сүйіскен ойық жарақаты бар

* Қанкетуі, перфорация және стеноздың қосарланған асқынуы
#76


*! 12 елі ішек ойық жарасының қандай асқынуына науқастың аяғын ішке тартып мәжбүр қалыпта болуы және тақтай тәрізді іш тән?
* Стенозға;

* Пенетрацияға;

* Перфорацияға;

* Қан кетуге;

* Малигнизацияға

#77


*! Төмендегілердің қайсысы жедел аппендицит пен аналық без апоплексиясының ажырату диагностикасы үшін шешуші роль атқарады?
* Қынаптық зерттеу

* Тік ішекті саусақпен зерттеу

* Воскресенский симптомын анықтау

* Щеткин-Блюмберг симптомын анықтау

* Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
#78


*! Жедел аппендицит кезінде қабыну үрдісі қай қабаттан басталады?
* Құрттәрізді өсіндінің сірлі қабатынан;

* Құрттәрізді өсіндінің шырышты қабатынан;

* Құрттәрізді өсіндінің бұлшықетті қабатынан;

* Құрттәрізді өсіндінің шырышасты қабатынан;

* Құрттәрізді өсіндінің сірлі-бұлшықет қабатынан;
#79

*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит пен жедел ішек өтімсіздігі арасында ажырату диагностикасын жүргізу үшін қандай зерттеу әдісі мәліметті емес?

* Диагностикалық лапароскопия

* Венаішілік холангиография

* Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

* Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі

* Ішек бойынша барий пассажын рентгенологиялық бақылау
#80


*! Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатиттің негізгі себебі болады?
* Дұрыс тамақтанбау;

* Іштің жабық жарақаты;

* Өт тас ауруы және алкоголь;

* Ұйқы без тамырларының тромбозы;

* 12 елі ішектің ойық жарасы.;
#81

*! Жедел іш клиникасымен 45 жасар ер адамда диагностикалық лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық бөлініс және ішастарда майлы некроз ошақтары анықталды. Осы табылған өзгерістер қандай патологияға тән?

* Бауырдың жыртылуы

* Жедел панкреатит

* Мезентериальді тромбоз

* 12 елі ішектің перфоративті ойық жарасы

* Ферментті емес терапия
#82

*! Дәрігер 58 жасар ер адамда шағымы мен анамнезін анықтағаннан кейін 12 елі ішектегі жараның тесілгендігіне күмәнданды. Бірақ қарау барысында, кенеттен ауру сезімі байқалғандығын, оң мықын тұсында бұлшық еттің кернелгендігін анықтады.


Оң жақ мықын тұсында тесілген жара кезінде бұлшық еттің кернелуі немен байланысты?

* Ішектің айқын метеоризмі;

* Іш қуысында ауаның жиналуы;

* Қышқыл асқазан сөлінің құрсақ куысына қүйылуынан;

* Жұлын жүйкесі арқылы рефлекторлық байланыс;

* Құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцеральды байланыс;
#83

*! Ер адам 65 жаста оң шап аймағындағы жиі қысылатын жарықтың барына шағымданады. 1 сағат бұрын қысылу сезімі пайда болды. Жедел көмекті шақырды. Қысылғанда шат үстіндегі аймақта тартып ауырады және жиі зәр шығарғысы келеді. Осы науқаста анағұрлым ықтимал жарық түрі қандай?

* Сан жарығы

* Қиғаш шап жарығы

* Жылжымалы жарық

* Жапқыш тесік жарығы

* Спигелий сызығының жарығы
#84

*! Ер адам 63 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ұстамалы түрде ауруына, іштің кебуіне, үлкен дәретінің болмауына шағымданды. Ауырғанына 4 тәулік болған. Өзінің ауырғандығын сүт өнімдерін пайдаланғандығымен байланыстырады. Қарау барысында: іші кепкен, ассиметриялы, перкуторлы дыбыста тимпанит жоғары, ішінде көкшіл таңбалар байқалады, ішектің перситальтикасы естілмейді.


Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым ықтимал?
* Жедел аппендицит;

* Жедел панкреатит;

* Асқазанның тесілген жарасы;

* Ішектің өтімсіздігі;

* Тағамдық токсикоинфекция;
#85

*! Ер адам 67 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік болды. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы анықталады, барлық бөлімдерінде жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді. Науқасқа консервативті ем кешені жасалуда. Сифонды клизма жасағанда 0,5 л сұйықтықтан артық енгізу мүмкін емес.


Осы симптом автор бойынша қалай аталады?
* Цеге - Мантейфель

* Спасокукоцкий

* Скляров

* Шланге

* Валь

#86

*! Қабылдау бөлімшесіне хирургқа 45 жастағы әйел адам оң жақ қабырға астының ауру сезімен, жүрегінің айнуына, және құсуға шағымданды түсті. Жедел ауырған. Анамнезінде: 3 жыл бойына калькулезды холециститтен зардап шегуде. Қарау барысында тері жабындысы қалыпты түсінде, дәрігер пальпациялау барысында өт қапшығының ұлғайғандығын анықтады.


Төменде аталғандардың қайсысы өт қабының ұлғайуына әкеп соққан?
* Холецисто және холедохолитиаз;

* Гепатикохоледохтың жедел бітелуі (блок);

* Өт қапшығының жедел бітелуі (блок);

* Оң жақ бауыр өзегінің жедел бітелуі (блок);

* Сол жақ бауыр өзегінің жедел бітелуі (блок).

#87

*! 67 жастағы ер адам іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуіне шағымданады. Ауырғанына 2 тәулік болды. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы іш қату мазалайды, 10 кг-ға жүдеген. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, барлық бөлімдерінде тимпанит, перистальтикалық шулар аса әлсіреген.


Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орында орындалуы тиіс?
* Жедел ирригоскопия

* Диагностикалық лапароскопия

* Биопсиямен колоноскопия

* Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

* Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
#88

*! Ер адам 64 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағымданып, жатқызылды.. Анамнезінде 1 апта бойы ауырған. Қарап тексергенде: ауру сезімі және интоксикация синдромдарына, су-электролит бұзылыстарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Ішті қарап тексергенде Валь, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң.


Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
* Жедел панкреатит

* Жедел холецистит

* Асқазанның тесілген ойық жарасы

* Жатырдан тыс жүктілік

* Жедел ішек өтімсіздігі

#89

*! 60 жасар ер адамда, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде үлкейген бауыр пальпацияландаы, тері жамылғысының сарғаюы байқалады, УДЗ-де гепатоспленомегалия, құрсақ қуысы ішінде бос сұйықтық бар. 1 тәуліктен кейін науқаста профузды гастродуоденальді қан кету болды. Қан кетудің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Маллори-Вейсс синдромы

* Асқазанның жедел ойық жарасы

* Асқазанның гепатогенді ойық жарасы

* Өңеш веналарының варикозды кеңеюі

* Эрозивті геморрагиялық гастрит.
#90

*! Әйел адам Е.; 65 жаста хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 2 тәулік өткеннен соң перитонит клиникасымен жатқызылды. Лапаротомия кезінде науқаста бүкіл құрсақ қуысында серозды бөлініс, үлкен шарбыда, шарбы қалтасында, ұйқы безі денесінде стеатонекроздар анықталды. Ұйқы безі ісінген, көлемі үлкейген.


Ұйқы безінің осы патоморфологиялық өзгерістері немен байланысты?
* Жедел панкреатиттің ісінген түрімен

* Инфицирленген панкреонекрозбен

* Геморрагиялық панкреонекрозбен

* Панкреатогенді абсцесспен

* Майлы панкреонекрозбен

#91

*! 56 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ауыр жағдайда іштегі айқын ауру сезіміне, құсуға, әлсіздікке шағымданып түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Анамнезінен: 2 тәулік бойы алкоголь қабылдаған. Қарап тексергенде: пальпация кезінде іші жұмсақ, эпигастрия аймағында қатты ауырсыну байқалады, пульс 100 соғу 1 мин., АҚ 100/70, лейкоциттер 11,0х109, температура 37,60С, диастаза 512 Бірлік , қан амилазасы 268 ммоль/л.


Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
* 12 елі ішек перфоративті ойық жарасы

* Жедел деструктивті холецистит

* Жедел панкреатит

* Ішімдік сурагаттарымен улану

* Жедел токсикалық гепатит

#92

*! 35 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып келді. Жағдайы нашарлағаннан 1 апта бұрын науқасты эпигастрий аймағындағы ауру сезімі мазалаған, алмагель ішкен.


Осы жағдайда төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым мәліметті?
* Асқазанды зондтау

* Диагностикалық лапароскопия

* Құрсақ қуысының рентгенографиясы

* Фиброэзофагогастродуоденоскопия

* Өңеш, асқазан және он екі елі ішек рентгеноскопиясы
#93

*! 58 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ас ішкеннен кейін құсуға, әлсіздікке, тырысуларға, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. 12 елі ішек ойық жарасымен 18 жыл ауырады.


Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?
* Қышқылдық пен рН анықтаумен асқазанды зондтау

* Эзофагогастродуоденоскопия және толық қан талдауы

* Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және жалпы белокты анықтау

* Асқазан рентгеноскопиясы, плазманың электролиттік құрамын анықтау

* Құрсақ қуысының рентгенографиясы және коагулограмманы анықтау
#94

*! 34 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. 1 тәулік бұрын эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі, суық тер болған, бірақ бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі басылған. Дәрігерге бармаған.


Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
* Жедел аппендицит

* Тесілген ойық жара

* Жедел панкреатит

* Қысылған жарық

* Ішек өтімсіздігі

#95

*! 69 жасар ер адам, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған.Соңғы уақытта іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Жоғарыда айтылған шағымдармен стационарға келді. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде жоғары тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орындалуы тиіс?
* Жедел ирригоскопия

* Диагностикалық лапароскопия

* Ректороманоскопия

* Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

* Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы
#96

*! 76 жасар әйел адам, хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру пайда болғанына 10 сағаттан кейін ауру сезіміне, ауыз кебуі мен бірнеше рет іш өтуіне шағымданып түсті. Анамнезінде: ИЖА, АГ. Қарағанда: тілі құрғақ , науқас мазасыз, акроцинозы бар, пульс минутына 110 рет, АҚ 90/60. Қан анамнезінде: лейкоциттер29,0х109. Құрсақ қуыс рентгенограммасында: тік ішекте ауа бар.


Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
* Жедел панкреатит;

* Асқазаның тесілген жарасы;

* Тамақ токсикоинфекциясы;

* Жедел ішек өтімсіздігі;

* Мезентериальді қантамыр тромбозы;
#97

*! 79 жасар әйелде операция кезінде бүкіл жіңішке ішектің және тоқ ішектің оң бөлігінің ишемиялық некрозы анықталды.


Ішектегі осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
* Төменгі шажырқай венасының тромбоэмболиясы

* Төменгі шажырқай артериясының тромбоэмболиясы

* Жоғарғы шажырқай артериясының I сегмент деңгейінде тромбоэмболия

* Жоғарғы шажырқай артериясының II сегмент деңгейінде тромбоэмболия

* Жоғарғы шажырқай артериясының III сегмент деңгейінде тромбоэмболия
#98

*! 49 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздік, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінде: 1 апта бойы алкоголь қабылдаған. 7-тәулікте үйінде көп реттік құсу болғанын айтады. Түскеннен 3 сағат бұрын қан аралас құсу және қара нәжіс болады.


Бұл жағдайда қанкетудің негізгі себебі болуы анағұрлым ықтимал ?
* Асқазанның немесе 12 елі ішек ойық жарасы

* Өңештің варикозды кеңейген веналары

* Эрозивті-геморрагиялық гастрит

* Мэллори-Вейсс синдромы

* Рефлюкс-эзофагит

#99

*! 30 жасар ер адам жедел панкреатит клиникасымен ауырғаннан 5 тәулік өткеннен кейін хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Тұрақты ауру сезімі, 37,5-38,00С шамасындағы температура мазалайды. Қарап тексергенде: эпигастрий аймағында контурлары айқын емес, тығыз түзіліс пальпацияланады.


Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?
* Ұйқы безінің жалған торсылдағы

* Парапанкреатикалық инфильтрат

* Инфицирленген панкреонекроз

* Өт қабынның шынайы кистасы

* Өт қабының абцессі
#100

*! 39 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге ойық жара этиологиялы асқазан-ішек жолынан қан кетумен ауыр жағдайда жатқызылған, инфузионды-трансфузионды терапия жасалуда.


Төменде көрсетілгеннің қайсысы Науқаста өткізілген емнің адекватты екенін көрсетеді?
* Тахикардияның сақталуы

* Гипергликемияның төмендеуі

* Орталық веналық қысым мен сағаттық диурездің жоғарлауы

* Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы

* Гемоглобин мен гематокриттің жоғарлауы.


написать администратору сайта