Тест. тесты 2. Вопросы на казахском языке
Скачать 99.52 Kb.
|
Өкпе артериясы тармағындағы тромбоэмболия | |
31 | Анафилаксияның патогенезінде рөл ойнайды: |
| IgE - жанама гиперсезімталдық жүйелі реакция |
| IgМ - жанама гиперсезімталдық жүйелі реакция |
| IgG - жанама гиперсезімталдық жүйелі реакция |
| гиперсезімталдық реакциясының баяу түрі |
| IgА- жанама гиперсезімталдық жүйелі реакция |
32 | Науқас Э., 45 жаста, 2 таблетка ципрофлоксацин қабылдағаннан соң бетінің, алақанның сыртқы жағының, табанының қышығанын байқаған. Жарты сағаттан соң ерін аймағы, қабағы ісініп, басы айналып, жүрегі айныған. Осы күйдің себебі не болуы мүмкін: |
| Генерализацияланған есекжем |
| Квинке ісінуі |
| Локализацияланған есекжем |
| Аллергиялық ринит |
| Анафилаксиялық шок |
33 | Балалардағы ауыр аллергиялық күйлердегі инфузия мөлшері: |
| 20 мл/кг |
| 50 мл/кг |
| 70 мл/кг |
| 100 мл/кг |
| 300 мл/кг |
34 | Науқас А., 8 жасар, салмағы 25 кг, Ибупрофен қабылдағаннан соң бетінің, алақанның сыртқы жағының, табанының қышығанын байқаған. Жарты сағаттан соң ерін аймағы, қабағы ісініп, басы айналып, жүрегі айныған. Жедел жәрдем бригадасымен есекжем деп диагноз қойылды. Рациональді көмек көлемін көрсетіңіз: |
| Перифериялық көктамырдың катетеризациясы, хлорпирамин 10 мг т/і |
| Перифериялық көктамырдың катетеризациясы, оксигенотерапия, преднизолон 60 мг т/і, хлорпирамин 10 мг т/і |
| Оксигенотерапия, преднизолон 60 мг т/і |
| Оксигенотерапия, кезекші ауруханаға госпитализация |
| Оксигенотерапия, адреналин 2 мг т/і, кезекші ауруханаға госпитализация |
35 | Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға науқас И.-ға келді, 47 жасар. Асқынбаған гипертониялық криз диагностикаланды. Бригада дәрігері көктамырға эналаприл 1,25 мг тағайындады. Дәрісі енгізіп жатқан кезде, науқас бірден пайда болған әлсіздікке, «ыстықтық» сезіміне, тыныс алуы қиындағанына шағымданды. Қарау кезінде дистанциялық сырылдар, акроцианоз, тері жабындылары ылғалды. Жүрек тондары тұйық, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ – 55 рет/мин. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Дәрі енгізуді тоқтату, оксигенотерапия, жедел түрде жақын арадағы ауруханаға госпитализация |
| Дәрі енгізуді тоқтату, преднизолон 120 мг, физ.ерітінді 5-10 мл/кг көктамырға |
| Дәрі енгізуді тоқтату, оксигенотерапия, преднизолон 120 мг, жедел түрде жақын арадағы ауруханаға госпитализация |
| Дәрі енгізуді тоқтату, адреналин 0, 5 мг, преднизолон 90 мг, физ.ерітінді 5-10 мл/кг көктамырға |
| Дәрі енгізуді тоқтату, оксигенотерапия, хлорпирамин 20 мг, жедел түрде жақын арадағы ауруханаға госпитализация |
36 | Науқасқа көмек көрсету кезінде эуфиллин инъекциясына анафилаксиялық шок дамыды. Науқас есін жоғалтардан алдын тыныс шығара алмай жатқанына шағымданды. АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ – 100 рет/мин. Тотальді цианоз. Хлорпирамин мен преднизолон енгізу көмек бермеді. Бригада тактикасын көрсетіңіз? |
| Дофамин 200 мг 400 мл физ.ерітіндімен қосып тамшылатып құю |
| Эуфиллин антидоты – рибоксинді т/і енгізу |
| Жүрек-өкпелік реанимация жүргізу |
| Тиопентал, миорелаксант енгізу, ӨЖЖ өткізу |
| Адреналинді көктамырға енгізу, ол тиімсіз болған жағдайда, миорелаксант енгізіп ӨЖЖ өткізу |
37 | 5 жасар, салмағы 15 кг баланың бетін ара шаққаннан соң Квинке ісінуі дамыды. Глюкокортикоидтың қандай мөлшерін тағайындайсыз? |
| 10 мг в/в |
| 20 мг в/в |
| 30 мг в/в |
| 40 мг в/в |
| 50 мг в/в |
38 | А. есімді науқас 8 жаста, салмағы 25 кг, ибупрофен қабылдағаннан кейін бет терісінің, алақандарының және аяқ басының сыртқы беткейлерінің қышынуын сезді. Жарты сағаттан кейін ерін аймағының, қабақтарының ісінуі пайда болды, оған бас айналу және жүрек айну қосылды. Жедел жәрдем бригадасы есекжем деп баға берді. Дұрыс көмек көлемін анықтаңыз: |
| Перифериялық көктамырдың катетеризациясы, көктамыр ішіне 10 мг хлорпирамин енгізу |
| Перифериялық көктамырдың катетеризациясы, оксигенотерапия, көктамыр ішіне 60 мг преднизолон, көктамыр ішіне 10 мг хлорпирамин енгізу |
| Оксигенотерапия, көктамыр ішіне 60 мг преднизолон енгізу |
| Оксигенотерапия, ургентті ауруханаға жатқызу |
| Оксигенотерапия, көктамыр ішіне 2 мг адреналин, ургентті ауруханаға жатқызу |
39 | Анафилаксиялық шок кезінде қанның орталануы болады. Қандай әдіс арқылы біз жүрекке түсетін күшті азайта аламыз? |
| Сафар әдісі |
| Прон-позиция |
| Тренделенбург күйі |
| Сол жақ қырына жатқызу |
| Селлик тәсілі |
40 | Анафилаксиялық шок дамуының басты патофизиологиялық механизмі: |
| организмнің аллоиммунизациясы, капиллярлар эндотелиіне аутоантиденелердің бөлінуі, капиллярлар өткізгіштігінің ошақты ұлғаюы |
| қанның сұйық бөлімінің тез арада интерстициялық кеңістікке өтуі, артериялық гипотензия, жасушаішілік гиперкалиемия |
| антиген-антидене кешендерінің тура инотропты теріс нәтижесі, тамырлар тонусы сақталуы кезіндегі артериялық гипотензия |
| тамыр арнасының кенеттен кеңеюі, кейінгі жүктеменің азаюы, артериялық гипотензия, брадикардия |
| тамыр арнасының кенеттен кеңеюі, алдыңғы жүктеменің азаюы, артериялық гипотензия, тахикардия |
41 | Науқас С., 30 жаста, жедел жәрдем бригадасы келесідей шағымдарымен тасымалдап жатыр: әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, эпигастральді аймақтағы ауырлық сезімі, екі рет құсқан, тәбеті жоқ, дене қызуының 38°С көтерілуі, зәрінің түсі күңгірттенген. 4 күннен бері ауырады. Анемнезінен: жеміс-жидек базарында сатушы болып жұмыс істейді, гигиена ережелерін толық сақтамайды, кейде жуылмаған жемістер жейді. Соңғы жарты жыл ішінде парентеральді екпелер салынбаған, стоматолог, гинеколог қабылдауында болмаған. Үйленген, күйеуінен басқа қатынастар болмаған |
| А гепатиті |
| калькулезды холецистит |
| гепатоцеллюлярлы рак |
| В гепатиті |
| Жильбер синдромы |
42 | Жедел жәрдем бригадасының 26 жастағы науқас М. шақыртуы. Анамнез жинау барысында дәрігердің анықтағаны: 4 тәулік алдын тамаққа маринатталған саңырауқұлақты қолданған, содан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру сезімі пайда болған, жүрек айнуы, екі рет құсу, ауызы кепкен, көздің көру өткірлігі төмендеген, көз алдында «тұман» пайда болған, көздерін қиыншылықпен ашады(қабақтардың птозы). Қарау кезінде дене қызуы 37°С. Жағдайы ауыр. Науқас әлсіз. ауыз қуысының шырышты қабаты қатты құрғаған, мұрны бітелген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, брадикардия, тамыр соғысы 52 рет/мин. Іші желденген. Зәрі аз порциямен, кіші дәретке қиын шығады. Екі жақты птоз, мидриаз, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы жоқ, конвергенцияның бұзылысы, сөйлеуі мұрын арқылы. Есі анық. Алдын ала диагноз қойыңыз? |
| Ботулизм |
| Сіреспе |
| Құтыру |
| Тағамдық токсикоинфекция |
| Сальмонеллез |
43 | Жедел жәрдем бригадасымен инфекциялық ауруханаға П. есімді 60 жастағы науқас келесідей шағымдарымен тасымалданып жатыр: жалпы айқын әлсіздік, жүрек айнуы, бірнеше рет құсқан, ішінің ұстама тәрізді ауруы, тәулігіне 15 ретке дейін сұйық, су тәрізді, жасыл түсті, шырышы бар үлкен дәрет, балтыр бұлшықеттерінің тырысуы, дене қызуының 39 °С дейін көтерілуі. Жедел ауырған. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Дауысы қарлыққан. Тіндер тургоры төмендеген. Аяқ-қолдарының, құлақ қалқанының, еріннің шырышты қабатының цианозы. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ, желденбеген, тоқ ішек бойымен ауру сезімі бар. Жүрек тондары ритмді, тұйық. Пульс — 150 рет/мин, АҚҚ — 80/40 мм.сын.бағ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Демалу жиілігі 28 рет/мин. Менингеальді белгілер теріс. Жақын арада базардан сатып алынған шикі жұмыртқа ішкені белгілі болды. Алдын ала диагноз қойыңыз.1 |
| Ботулизм |
| Сіреспе |
| Құтыру |
| тағамдық токсикоинфекция |
| сальмонеллез |
44 | Санитарлық авиация бригадасымен 40 жастағы С. есімді науқас тасымалданып жатыр, геолог. Ауырудан алдын 2 ай бойы алшақ далада болған. Жедел ауырған. Қарау кезінде кішкене есеңгіреген, Глазго шкаласы бойынша 14 балл, сөйлеуі анық емес. Дене қызуы 41°С. Физикальді зерттеу кезінде өкпесінде өзгеріс анықталған жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Пульс 130 рет/мин. Тілі қалың ақ жабынмен(«бор тәрізді») қапталған. Оң тізесінің терісінде қатты ауыратын 2–3 см көлемдегі жара бар, жара күңгірт жабынмен қапталған, айналасы қызғылттанып қабынып тұр. Жара жабынынан іріңді-серозды сұйықтық көрініп тұр. Оң жақ шат аймағында көлемі 4х4 см ауырсынатын түйін бар. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Оба |
| Туляремия |
| сібір жарасы |
| Сіреспе |
| Құтыру |
45 | Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Науқас Р., 49 жаста, пошта жұмыскері, конвертты ашқан соң бірнеше сағаттан кейін білектің ішкі жағында күйдіру және қышу сезімін, қызғылт дақ байқаған, бірнеше сағаттан соң бұл дақ мысты-қызыл түсті папулаға айналған. Келесі күні папула орнында іші қанды сұйықтыққа толған көпіршік пайда болған. Қарау кезінде(4 күн өткен соң): түбі қара-қоңыр жара, көлемі 2,5х3 см, жара шеттері көтеріңкі және серозды-геморрагиялық бөліністері бар. Ауырсынбайды. Негізгі зақымдалу аймағынан 10 см қашықтықта диаметрі 0,4 см ашық түсті папула бар. Оң жақ қолтық асты аймағында көлемі 2–2,5 см региональді лимфабезі пальпацияланады, ауырсынбайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Оба |
| Туляремия |
|